Уросепт®

МНН: Брусники листья, Калия цитрата, Натрия цитрат, Околоплодник фасоли, Сухой экстракт травы ромашки, густой сложный экстракт листьев березы
Производитель: Познаньский завод лекарственных трав Гербапол АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019998
Информация о регистрации в РК: 04.04.2019 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 10065/12/18
Информация о регистрации в РБ: 30.05.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Уросепт®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 86.20 мг қайың жапырағының, ақжелкек тамырының, үрмебұршақ жемісқабының қою күрделі сығындысы; 8.00 мг түймедақ шөбінің құрғақ сығындысы; 26.00 мг итбүлдірген жапырағының құрғақ сығындысы; 78.00 мг үрмебұршақ жемісқабының ұнтағы, 19.00 мг калий цитраты; 16.00 мг натрий цитраты,

қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты; сахароза; лактоза моногидраты; картоп крахмалы; магний стеараты; тальк; тозаңданып кептірілген аравия шайыры; индиготин Е 132; ақ ара балауызы Е 901 және карнауб балауызы Е 903 қоспасы.

Сипаттамасы

Көгілдір түсті қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес таблеткалар. Қабығының күңгірттеу болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04BX

Фармакологиялық қасиеттері

Уросепт® орташа несеп айдайтын әсер береді. Несеп шығару жолдарының және несеп-тас ауруының жұқпаларында қосымша дәрі ретінде қолданылады

Препараттың тиімділігі препарат құрамына кіретін компоненттермен анықталады. Қайың жапырағы құрамында эфир майы, флавоноидтар, сапониндер, аскорбин қышқылы, антоциандар, фитонцидтер, каротин бар.

Несеп айдайтын, антисептикалық әсер береді, бұл орайда қайың жапырақтары мен бүршіктерінің қайнатпасы мен тұндырмасы несеп шығару жолдарының шырышты қабығына тітіркендіруші әсері болмайды.

Қайың жапырағының сығындысы қан тамырларының қабырғасын қатайтады, олардың өткізгіштігін азайтады. Кәдімгі үрмебұршақ - ірі бұршақ тұқымдастарына жататын (Fabaceae) бір жылдық шөптесін дақыл. Аса пісіп кетпеген, күзде жиналған, құрамында инозит, фитостеролдар, алаптоин, сахароза, аминқышқылдары — аспарагин, тирозин, триптофан бар үрмебұршақ жемісқабы (жеміссіз) қолданылады; несеп айдайтын, гипотензивті әсері бар.

Ақжелкек тамырының құрамында эфир майы, бергаптен, кумарин, апиол және миристицин бар. Апиол және миристицин эфир майының құрамдас бөлігі ретінде жатырдың қатты жиырылуын туындататын қасиетке ие, сондықтан ақжелкекті жүкті әйелдерде қолданудан абай болу керек. Ақжелкек тамыры құрамында эфир майынан басқа ақуыз, қант, аминқышқылдары, органикалық қышқылдар және басқа да қосылыстар, апиин (несеп айдайтын әсер береді) бар, организмнен несеп қышқылы тұздарының шығарылуына ықпал етеді.

Итбүлдірген жапырағының құрамы әртүрлі заттарға бай, онда мынадай компоненттер бар: гликозид арбутин –жақсы антисептик; органикалық қышқылдар: эллаг, шарап, хин, урсол қышқылдары; танин – тұтқыр заттар болып табылады;  ликопин – табиғи антиоксидант, флавоноидтар.

Калий және натрий цитраты несептің сілтіленуін туындатады және тас түзетін тұздардың кристалдануы үшін жағымсыз орта туындатады (кальций оксалаты, кальций фосфаты және несеп қышқылы). Цитратты ион, кальциймен кешен түзе отырып, белсенділігін және тиісінше кальций оксалаты қалыптасуын төмендетеді. Несептің рН жоғарылауы еруге бейім ураттар түзілуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

Несеп шығару жолдарының және несеп-тас ауруының жұқпаларында кешенді ем құрамында қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке күніне 3 рет 2 таблеткадан стақан сумен іше отырып, қабылдайды. Емдеу курсын емдеуші дәрігер анықтайды, препаратты ұзақ уақыт бойы қолдануға және басқа дәрілік заттармен бірге біріктірілген емде қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Препарат ішінде потенциалды фотосенсибилизациялаушы әсері бар ақжелкек тамырының сығындысы болуына байланысты күн сәулесі астында ұзағырақ болған кезде терісі ашық түсті тұлғаларда тері өзгерістері пайда болу ықтималдығы бар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың барлық компоненттеріне, күрделі гүлді тұқымдастарға жататын өсімдіктерге (Asteraceae) жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрігерге соңғы уақытта қабылдап жүрген барлық дәрілік препараттар туралы, тіпті рецептісіз босатылатын дәрілер туралы да хабарлау керек.

Осы уақытқа дейін басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінен туындаған ісінулер пайда болғанда сақтық жасау керек.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты қауіпсіздігін және тиімділігін нақтылайтын деректер жоқ болуына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты қолданудың қауіпсіздігін нақтылайтын деректер жоқ болуына байланысты препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

  • Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Препаратты қолдану автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозаланған жағдайлары белгісіз. Препаратты ұсынылғаннан жоғары дозаларда қолданған жағдайда жағымсыз әсерлер күшеюі мүмкін, дәрігерге қаралу керек.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 15 таблеткадан салынған.

2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Гербапол» Познань дәрілік шөптер зауыты» АҚ

Товаров к-сі 47-51, 61-896 Познань, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Гербапол» Познань дәрілік шөптер зауыты» АҚ

Товаров к-сі 47-51, 61-896 Познань, Польша

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

«Гербапол» Познань дәрілік шөптер зауыты» АҚ

Товаров к-сі 47-51, 61-896 Познань, Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«TV-Pharma» ЖШС, Алматы қ., Жетісу 3 ы/а, 1 үй, 7 пәтер

Тел/факс: (727) 376-8082

Электронды поштасы:Valera.tv.pharma@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

178263551477976921_ru.doc 70 кб
305551031477978097_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ