Уролесан (сироп)

МНН: Душицы травы экстракт жидкий, Моркови дикой плодов экстракт жидкий, Мяты перечной масло, Пихты масло, Хмеля шишки
Производитель: Галичфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019920
Информация о регистрации в РК: 22.05.2018 - 22.05.2023
Номер регистрации в РБ: 8289/07/12/18
Информация о регистрации в РБ: 31.01.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Уролесан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

90 мл және 180 мл шәрбат

Құрамы

100 мл препараттың құрамында:

белсенді заттар: самырсын майы – 0.4190 г, бұрыш жалбыз майы – 0.1050 г, жабайы сәбіз жемісінің сұйық сығындысы (1:1) – 1.2040 г, құлмақ бүршігінің сұйық сығындысы (1:1) – 1.7260 г, жұпаргүл шөбінің сұйық сығындысы (1:1) – 1.1950 г;

қосымша заттар: полисорбат-80, лимон қышқылы моногидраты, сорбин қышқылы, қант шәрбаты, динатрий эдетаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, жасылдау реңді ақшыл-сары түсті сұйықтық. Бозаңдануына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат жақсы сіңеді, оның әсері 20-30 минуттан соң басталады және 4-5 сағатқа созылады. Ең жоғары әсері 1-2 сағаттан соң басталады. Ас қорыту жолы мен бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Өсімдік тектес біріктірілген препарат. Уролесан препаратының құрамдастары несеп шығару жолдары мен бүйректегі қабыну құбылыстарын азайтады, бүйрек пен бауырды қанмен қамтамасыздандырудың күшеюіне ықпал етеді, диуретикалық, бактерияларға қарсы, өт айдайтын әсер береді, несепте қорғаныш коллоидын түзеді және жоғары несеп жолдары мен өт қабы тегіс бұлшық еттерінің тонусын қалыпқа келтіреді.

Уролесан мочевина мен хлоридтердің шығарылуын арттырады, қуық және бүйректен майда конкременттер мен құмның шығарылуына ықпал етеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- несеп шығару жолдарының және бүйректің жедел және созылмалы жұқпаларында (циститтер және пиелонефриттер)

- несеп-тас ауруы және несеп-қышқыл диатезде (оларды жойғаннан кейін конкременттер түзілуінің алдын алуда)

- созылмалы холециститтерде (оның ішінде калькулезді), өт жолдарының дискинезиясында, өт-тас ауруында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ас ішкенге дейін ішке қабылдайды.

Ересектерге ұсынылатын доза: 1 шай қасық (5 мл) шәрбаттан тәулігіне 3 рет. Емдеу курсының ұзақтығы емдеудің тиімділігіне байланысты әр адамға жеке анықталады, әдетте жедел жағдайларда 5 күннен 7 күнге дейін және созылмалы жағдайларды 7 күннен 1 айға дейінгі мерзімді құрайды. Бүйрек және бауырдың түйіліп ауыруында бір реттік дозасын 2 шай қасыққа дейін (10 мл бір рет) ұлғайтуға, кейін әдеттегі дозаға (5 мл) қайта оралуға болады. Ең жоғары тәуліктік доза – 15 мл.

Балаларға ұсынылатын доза: 6-14 жас – 4-5 мл-ден тәулігіне 3 рет.

Препарат еккіш-дозатордың көмегімен дозаланады.

Жағымсыз әсерлері

  • ас қорыту жолы тарапынан: диспепсиялық құбылыстар (жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы)

  • аллергиялық реакциялар: қышыну сезімі, беттің қызаруы, тері бөртпесі, ангионевротикалық ісіну (тамақтың жыбырлау сезімі, тыныс алудың қиындауы, беттің, тілдің ісінуі)

  • орталық және шеткергі жүйке жүйесі тарапынан: бас айналу, жалпы әлсіздік

  • жүрек-қантамырлар жүйесі тарпынан: артериялық гипертензия, гипотензия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гастриттер, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Зерттелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Егер конкременттердің диаметрі 3 мм асатын болса, препаратты қолдануға болмайды.

Қант диабеті бар науқастарға, сондай-ақ қандағы глюкозасы жоғары емделушілерге Уролесанды қолданғанда сақ болу қажет (препараттың құрамына қант шәрбаты кіреді).

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде препаратты қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерінің даму мүмкіндігін ескере отырып, сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Артық дозалану кезінде: жүрек айну, бас айналу болуы мүмкін.

Емі: жылы сұйықтықты көп мөлшерде ішу, тыныштық, белсенділендірілген көмір, атропин сульфаты (0,0005 – 0,001 г).

Шығарылу түрі және қаптамасы

90 мл немесе 180 мл-ден алюминий қақпақпен немесе қалпақшамен тығындалған құтыда.

Құтыға заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және еккіш-дозаторымен бірге пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 8 °С-ден 15 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Қаптамасы ашылғаннан соң қолдану мерзімі 8 °С-ден 15 °С-ге дейінгі температурада 28 тәуліктен артық емес.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«Галичфарм» АҚ, Украина, 79024, Львов қ., Опрышковская к-сі 6/8.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Галичфарм» АҚ, Украина, 79024, Львов қ., Опрышковская к-сі 6/8.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

050060,Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: Almaty@arterium.ua

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

259933841477976942_ru.doc 81 кб
025739771477978110_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ