Уролесан®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Уролесан®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған 25 мл ерітінді
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: самырсын майы - 67,60 мг, бұрыш жалбызы майы - 16,90 мг, жабайы сәбіз жемісінің сұйық сығындысы (1:1) - 194,35 мг, 278,80 мг құлмақ бүршігінің сұйық сығындысы (1:1) - 278,80 мг, жұпаргүл шөбінің сұйық сығындысы (1:1) - 192,95 мг,
қосымша заттар: динатрий эдетаты, майсана майы.
Сипаттамасы
Жалбызға тән иісі бар, жасыл-қоңырдан қоңыр түске дейінгі сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларға арналған басқа да препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G04B Х
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Эфир майларының жоғары ерігіштігі мен қылтамырлық белсенділігінің нәтижесінде қанға жеңіл сіңеді.
Фармакодинамикаcы
Уролесан несеп конкременттерін (сондай-ақ өт конкременттерін) шығаруға ықпал ететін дәрілік заттар тобына жатады. Препарат құрамына кіретін эфир майының құрамдас бөліктері қабыну үдерістерін азайтады, бауыр мен бүйректі қанмен жабдықтаудың күшеюіне ықпал етеді, диурездік, өт айдайтын және бактерицидті әсер етеді, несепте қорғаныстық коллоид түзеді, сондай-ақ өт қабы мен жоғары несеп жолдарының тегіс бұлшық еттерінің тонусын (түйіліп жиырылуын тоқтатады) қалыпқа келтіреді. Бүйректік және бауырлық қан айналымын көтермелей отырып, несеп пен өттің шығарылуына ықпал етеді. Препараттың қабынуға қарсы айқын әсері бар, өттің ағып шығуына, бүйректен, қуық және өт қаптарынан тас пен құмның шығарылуына ықпал етеді. Препарат сондай-ақ конкременттер шығарылған кезде маңызы зор болатын әлсіз түрде тыныштандырғыш әсер етеді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- несеп шығару жолдарының және бүйректің жедел және созылмалы инфекцияларында (циститтер және пиелонефриттер)
- несеп-тас ауруы және несеп-қышқыл диатезде (оларды алып тастағаннан кейін конкременттер түзілуінің профилактикасында)
- созылмалы холециститтерде (оның ішінде калькулезді), өт жолдарының дискинезиясында.
Қолдану тәсілі және дозалары
1 мл дәрілік заттың ішінде 20 тамшы.
Тамақтың алдында ішке қабылдайды.
Ересектерге: 8 - 10 тамшыдан (қантқа, қант диабеті бар пациенттерге – нанға) тәулігіне 3 рет. Қабылдау ұзақтығы 5-30 күнді құрайды. Қажет болған жағдайда қайталау курстары болуы мүмкін. Бүйрек және бауыр шаншуларында бір реттік доза 15-20 тамшыны құрайды.
7-14 жастағы балалар үшін: 5-6 тамшыдан (қантқа, қант диабеті бар пациенттерге – нанға) тәулігіне 3 рет.
Бір реттік дозаны, қабылдау жиілігі мен ұзақтығын жекелей дәрігер белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
-
ас қорыту жолы тарапынан: диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы)
-
аллергиялық реакциялар: қышыну сезімі, беттің қызаруы, тері бөртпесі, ангионевроздық ісіну (тамақтың жыбырлауын сезіну, тыныс алудың қиындауы, беттің, тілдің ісінуі)
-
орталық және шеткергі жүйке жүйелері тарапынан: бас айналуы, жалпы әлсіздік
-
жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериялық гипертензия, гипотензия.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- гастриттер, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- 7 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Егер тастың диаметрі 3 мм артық болса, қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңіндегі әйелдерге қолдану тәжірибесі жоқ.
Автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер даму мүмкіндігін ескере отырып, сақтық таныту қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айнуы, жеңіл бас айналуы.
Емі: сұйықты көп мөлшерде ішу, тыныштық, белсендірілген көмір, атропин сульфаты (0,0005 – 0,001 г).
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 мл-ден пластмасса қақпақпен және тығынмен тығындалған тамшылатқыш-құтыда.
Құтыға заттаңба жапсырылады. 1 құты тамшылатқыш-тығынмен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын тығын-тамшылатқышпен және бұралып кигізіліп-тығындалатын қақпағы бар немесе «Артериум» корпорациясының логотипі салынған алғашқы ашылуы бақыланатын бұралып кигізіліп-тығындалатын қақпағы бар тамшылатқыш-құтыда.
Құтыға заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
МССТ 17768-90 сәйкес топтық және тасымалдау ыдысы.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құтыны ашқаннан кейін сақтау шарттары сақталғанда препараттың жарамдылық мерзімі өзгермейді.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Галичфарм» ЖАҚ
Украина, 79024, Львов қ., Опрышковская к-сі, 6/8
Тіркеу куәлігінің иесі
«Галичфарм» ЖАҚ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе
Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;
Е-mail: Almaty@arterium.ua
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе
Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;
Е-mail: Almaty@arterium.ua
4