Урокиназа медак (100000 МЕ)

МНН: Урокиназа
Производитель: Грин Кросс Корпорейшн
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Urokinase
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017165
Информация о регистрации в РК: 01.07.2016 - 01.07.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 37 561.34 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Урокиназа медак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Урокиназа

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 100 000 ХБ, 500 000 ХБ

Құрамы

белсенді зат 100 000 ХБ, 500 000 ХБ урокиназа,

қосымша заттар: адам сарысуы альбумині, натрий гидрофосфат додекагидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты.

Сипаттамасы

Лиофилизацияланған ақ масса немесе ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Қан түзілуіне және қанға әсер ететін препараттар. Антикоагулянттар.

Ферменттік препараттар. Урокиназа

АТХ коды В01AD04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бөлініп шығуы

Көктамыр ішіне енгізуден кейін урокиназа жүйелі қан айналымынан тез шығарылады. Урокиназаның жартылай шығарылу кезеңі 10-20 минут құрайды.

Урокиназа белсенділігінің жойылуы (ферментативтік ыдырауы), ең алдымен, бауырда жүреді. Урокиназа ыдырауының белсенді емес өнімдері өтпен және бүйрек арқылы шығарылады.

Клиникалық тиімділігіне тән жартылай шығарылу кезеңі белсенділенген плазмин әсерінің ұзақтығына байланысты, сондықтан да ұзағырақ сақталуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Урокиназа әртүрлі молекулалық пішіндерде кездесетін серин протеазасы түрінде болады. Урокиназаның төмен молекулалы және жоғары молекулалы түрлерінің арасына шек қою қажет.

Урокиназаның жоғары молекулалы (ЖМУ) түрінің орташа молекулалық салмағы 54 000 дальтонға жуық, ал урокиназаның төмен молекулалы (ТМУ) түрінде 33 000 дальтонға жуық құрайды.

Бұл фермент негізінен бүйректе түзіледі және несеппен бөлінеді. Урокиназаны адам несебінен немесе адамның бүйрек жасушалары өсіріндісінің супернатанттарынан бөліп шығарады немесе рекомбинантты түрде өндіреді.

Белсенділігі ДДҰ белгілеген стандартты препараттар негізінде халықаралық бірліктерде айқындалады.

Бұл бірліктер урокиназаның фибринолиздік белсенділігіне негізделген.

Проурокиназа (SCUPA) урокиназа зимогені түрінде болады. Ол плазмин немесе тромбин сияқты трипсин типті серин протеазаларының көмегімен урокиназаға (HUK) айналады.

Урокиназа плазминоген молекуласымен ерекше тектес және аргинин-валин байланысының гидролизі арқылы плазминогенді тікелей плазминге айналдырады.

Фибриндік тромбтардың еруі плазмин протеазасының фибринолиздік әсері есебінен жүреді.

Урокиназаның әсер етуімен плазминнің белсенділенуі фибрин мен фибриноген (FDP) ыдырау өнімдерінің көп түзілуіне байланысты плазминоген мен фибриноген деңгейінің дозаға тәуелді төмендеуіне әкеледі, бұл антикоагулянтты әсерімен қатар гепариннің әсерін күшейтеді.

Урокиназа медак препаратты енгізіп біткен соң 12-24 сағат бойы белсенді күйде қалады.

Урокиназаның ықпал етуімен плазминогеннің плазминге айналуы аминокапрон қышқылының, транексам қышқылының және p-аминобензой қышқылының бәсекелі тежелісіне әкелуі мүмкін. Алайда, осы фибринолиз тежегіштері айналымдағы фибриноген/фибрин ыдырау өнімдерінің антикоагулянтты әсерін жоя алмайды.

Апротинин (мысалы, қан плазмасындағы ɑ2-антиплазмин) плазминге тікелей тежегіш әсер көрсетеді.

Урокиназа белсенділігі урокиназаны бәсеңдететін плазма ақуыздарының ықпал етуімен әртүрлі дәрежеде (мысалы, уремияда) тежелуі мүмкін.

Қолданылуы

- шеткергі артериялар тромбозы

- жедел және жеделге жуық терең көктамырлар тромбозы

- диагностикалық расталған, әсіресе, тұрақсыз гемодинамикамен қатар жүретін өкпе артериясының жедел эмболиясы

- артериялық-көктамырлық шунт тромбозы

Қолдану тәсілі және дозалары

Шеткергі артериялар тромбозы

Жүйелік лизис:

Артериялық окклюзияны емдеуге ұсынылатын урокиназаның бастапқы дозасы көктамыр ішіне 10-20 минут бойы 250000-600000 ХБ құрайды. Демеуші доза сағатына 80000-150000 ХБ урокиназаны құрайды.

Қайталанатын тромбоздан қорғануды қамтамасыз ету үшін бір мезгілде гепарин енгізу қажет болады. Гепарин инфузиясының басталу уақыты және ұзақтығы қалып шегіндегі ІБТУ-мен салыстырғанда 1,5-2,5 есе ұзартылуы тиіс ІБТУ-ге байланысты болады. Фракцияланбаған гепариннің сағатына к/і 500-1000 ХБ дозасы, әдетте, жеткілікті.

Жергілікті лизис:

Алдымен урокиназа ерітіндісімен тромб инфильтрациясын жүргізеді. Салмағы 70 кг пациенттерде сағатына 100000-120000 ХБ дозадан асыру ұсынылмайды. Жергілікті лизис өткізгіштік қалыпқа келгенше (48 сағаттан көп емес) жүргізіледі.

Урокиназамен емдеу ұзақтығы клиникалық көрініске және диагностикалық емшаралар нәтижелеріне байланысты. Орташа емдеу ұзақтығы 4-5 күн құрайды.

Терең көктамырлар тромбозы

Урокиназаның бастапқы дозасы көктамыр ішіне 10-20 минут бойы 250000- 600000 ХБ урокиназаны құрайды. Демеуші доза 40000-100000 ХБ/сағат құрайды.

Қайталанатын тромбоздан қорғануды қамтамасыз ету үшін бір мезгілде гепарин енгізу қажет болады. Гепарин инфузиясының басталу уақыты және ұзақтығы қалып шегіндегі ІБТУ-мен салыстырғанда 1,5-2,5 есе ұзартылуы тиісті ІБТУ-ге байланысты болады. Фракцияланбаған гепариннің сағатына к/і 500-1000 ХБ дозасы, әдетте, жеткілікті.

Жан-жақты расталған емдеудің сәтті нәтижесіне қарай емдеу ұзақтығы 7-14 күн құрайды.

Өкпе артериясының эмболиясы

Урокиназаның бастапқы дозасы көктамыр ішіне 10-20 минут бойы дене салмағына 2000-4400 ХБ урокиназа/кг құрайды. Демеуші доза 24 сағат ішінде бір мезгілде гепарин енгізумен бірге дене салмағына 2000 ХБ урокиназа/кг немесе 12 сағат ішінде гепаринсіз енгізілетін 4400 ХБ урокиназа/кг құрайды. Гепарин инфузиясының басталу уақыты және ұзақтығы ІБТУ-ге байланысты.

Қайталанатын тромбоздың дамуын болдырмау үшін кейіннен гепарин енгізу қажет болады. Гепаринді инфузиялық енгізудің басталу уақыты және ұзақтығы қалып шегіндегі ІБТУ-мен салыстырғанда 1,5-2,5 есе ұзартылуы тиісті ІБТУ-ге байланысты болады. Фракцияланбаған гепариннің сағатына к/і 500-1000 ХБ дозасы жеткілікті болады.

Емдеу ұзақтығы урокиназа/гепариннің төмен дозасын енгізуден кейін 24 сағат немесе урокиназаның жоғары дозасын енгізуден кейін 12 сағат құрайды.

Артерия-көктамырлық шунт тромбозы

5000-25000 ХБ/мл концентрациядағы урокиназа ерітіндісін шунт түтіктерінің екі жинағына да енгізеді.

Қажет болса, урокиназаны әр 30 минут сайын қайта енгізуге болады. Алайда емдеу ұзақтығы 2 сағаттан аспауы тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны азайту қажет болуы мүмкін. Ондай жағдайларда фибриногеннің сарысулық концентрациялары 100 мг/дл-ден төмен болмауы тиіс. Урокиназа ауыр бүйрек және/немесе бауыр аурулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Егде жастағы пациенттер

Урокиназаны 65 жастан асқан пациенттерде қолдануға қатысты деректер шектеулі, сондықтан олардың препаратқа жауабының жастау пациенттер жауабынан ерекшеленуі белгісіз. Егде жастағы пациенттер аса жоғары бассүйекішілік қан құйылу қаупіне де бейім. Осылайша, Урокиназа медак препаратын пациенттердің осы тобында сақтықпен қолдану керек.

18 жасқа дейінгі пациенттерде қолдану

Урокиназаны тамырларының тромбоэмболиялық окклюзиясы бар туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Осылайша, балаларда бұл ауруды емдеуге қолдану ұсынылмайды.

Ерітіндіні дайындау әдісі

Инфузиялық ерітіндіні дайындау үшін алдымен бір құтының ішіндегісін төмендегі нұсқауларға сай инъекцияға арналған суда ерітеді, ал артынан глюкоза ерітіндісімен (5% немесе 10%) немесе физиологиялық ерітіндімен 50 мл көлемге дейін жеткізеді.

Урокиназа медактың 10000 ХБ, 50000 ХБ, 100000 ХБ бір құты ішіндегісін инъекцияға арналған 2 мл суда ерітеді. Урокиназа медактың 500000 ХБ бір құты ішіндегісін инъекцияға арналған 10 мл суда ерітеді.

Жағымсыз әсерлері

(препаратты инфузиялық енгізу кезінде дамитын)

Қолайсыз әсерлерінің туындау жиілігін бағалау үшін мына жіктеме қолданылады:

Өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100, < 1/10), жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100), сирек (≥ 1/10 000, < 1/1000), өте сирек (< 1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі: қан кетудің клиникалық анықталуынсыз гематокриттің төмендеуі

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі: бассүйекішілік қан құйылу

Жиі емес: өмірге қатерлі бассүйекішілік қан құйылу

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Өте сирек: көздің шыны тәрізді денесіне қан құйылу

Тамырлар тарапынан бұзылулар

Жиі: эмболия

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жиі: асқазан-ішектен қан кету, ішперде артындағы кеңістіктен қан кету

Жиі емес: өмірге қатерлі асқазан-ішектен қан кету, өмірге қатерлі ішперде артындағы кеңістіктен қан кету

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Өте жиі: трансаминазалар белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы

Жиі емес: өмірге қатерлі бауырішілік қан кету

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Өте жиі: микрогематурия

Жиі: несеп-жыныс жүйесі ағзаларынан қан кету

Жиі емес: несеп-жыныс жүйесі ағзаларынан өмірге қатерлі қан кету

Терідегі және аллергиялық реакциялар

Өте сирек: «қан кернеулермен», есекжеммен, ентігумен және гипотензиямен болатын аллергиялық реакциялар

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылулар

Өте жиі: пункция салған, жарақаттанған жерлерден қан кету, гематомалардың немесе көгерулердің түзілуі немесе көлемдерінің ұлғаюы, мұрыннан қан кету және қызылиектерден қан кету.

Жиі: қызба

Жиі емес: паренхиматозды ағзаларда және бұлшықеттерде өмірге қатерлі қан кету

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді затына немесе кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • гипокоагуляция, атап айтқанда, өздігінен болатын фибринолиз, геморрагиялық диатез, ішуге арналған антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдау

  • ми қан айналымының жедел бұзылулары (мысалы, геморрагиялық және/немесе ишемиялық инсульт, ишемия тектес ми қан айналымының өтпелі бұзылулары (МҚӨБ), атап айтқанда, бассүйекішілік қан құйылулар

  • бассүйекішілік жаңа түзілімдер, аневризма және ми артерияларының артерия-көктамырлық мальформациялары

  • қалталанған аневризма

  • айқын клиникалық мәні бар қан кетулер

  • мына себептерден жоғары қан кету қаупі:

- қатерлі ісіктер, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, жедел ойық жаралы колит сияқты асқазан-ішек жолының аурулары

- қатерлі ісіктер, несеп-тас ауруы сияқты несеп-жыныс жолдарының аурулары

- белсенді түрдегі өкпе туберкулезі, бронхоэктазды ауру

- бауыр циррозы, өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі сияқты бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары

  • таяуда өткерген ауыр жарақаттан немесе ауқымды хирургиялық араласудан (қолқа-коронарлық шунттау, бассүйекішілік немесе жұлынішілік операциялар немесе жарақаттар) кейінгі соңғы 3 ай ішінде қатты қан кетулер (асқазан-ішектік немесе бассүйекішілік қан кетулер)

  • босанудан кейінгі алғашқы төрт апта

  • жасанды түсік жағдайында

  • түсік тастау қатері

  • плацентаның алдымен келуінен күдіктену

  • тамырды басып таңу мүмкіндігі болмаған жағдайларда қан тамырларының пункциясы

  • ішкі ағзалар биопсиясы, люмбальді пункция, жүрекке тікелей емес ұзақ жасалатын массаж, соңғы 10 күнде салынған бұлшықетішілік инъекциялар

  • ауыр, бақыланбайтын артериялық гипертензия (систолалық қысым

> 200 мм сын. бағ., диастолалық >100 мм сын. бағ.)

  • III немесе IV сатыдағы гипертониялық ретинопатия

  • геморрагиялық ретинопатия немесе қан құйылуларға бейімдейтін басқа да көз аурулары

  • жедел панкреатит, перикардит, бактериялық эндокардит

  • сепсис

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Келесі препараттарды осының алдында немесе қатарлас қолдану кезінде қан кетудің жоғары даму қаупі болады:

- антикоагулянттар, гепарин немесе кумарин туындыларын қоса;

- тромбоциттер түзілу функциясына әсер ететін препараттар (ацетилсалицил қышқылы, аллопуринол, фиброй қышқылы туындылары, клопидрогель, индометацин, дипиридамол, фенилбутазон, тиклопидин, тетрациклин, вальпрой қышқылы, тиоурацил, сульфонамидтер, цитостатикалық препараттар, декстрандар, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД).

Урокиназа медактың фибринолиздік әсері апротинин, пара-аминбензой қышқылы, эпсилон-аминокапрон қышқылы, транексамды қышқыл сияқты гемостаздық дәрілермен бір мезгілде тағайындағанда төмендейді.

Айырықша нұсқаулар

Урокиназа медак мына жағдайларда ерекше сақтықпен қолданылу қажет:

- «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімінде көрсетілгендерден басқа цереброваскулярлы бұзылулар немесе сыртартқыдағы цереброваскулярлы бұзылулар

- орташа артериялық гипертензия

- жүректің сол жақ қарынша тромбозы (мысалы, жүрекшелер фибрилляциясымен қатар жүретін митральді стеноз)

- сепсистік тромбофлебит немесе жұқпаланған артерия-көктамырлық жыланкөз тромбоздық окклюзиямен

- жету қиынға түсетін ошақтардан қан кетудің даму қаупі

- орташа тромбоцитопения және/немесе гемостаз бұзылуын айғақтайтын көрсеткіштердің (тромбин уақытының ұзаруы, ішінара белсенділенген тромбопластин уақыты, Квик бойынша протромбин және т.б.) өзгеруі

- егде жас (65 жастан асқан)

Фибринолиздік ем аясында ІБТУ және фибриноген деңгейін, қажет болса, тромбин уақытын өлшеу арқылы препараттың жоғары дозаларын алатын пациенттерге мониторинг өткізу қажет.

Керісінше, 40000 ХБ/сағаттан төмен дозалануында зертханалық параметрлердің болымсыз өзгерістері байқалады, осы жағдайда эуглобулиннің еру уақытының азаюы және фибрин ыдырау өнімдерінің көп түзілуі фибринолиздік белсенділік өзгерістерін айғақтайды.

Урокиназамен емделу кезінде бұлшықетішілік инъекциялардан және қатқыл катетерлер қолданудан аулақ болу керек.

Жүрек-өкпені қайта жандандыру мақсатында жасалған жүрек массажынан соң қан кетумен астасатын асқынулар қаупі артады.

Қан кету дамыған жағдайда «Артық дозалану» бөлімінде атап көрсетілген тиісті шаралар жасалу қажет.

Адам тектес өнімдерден дайындалған препараттардың, бұрын анықталмаған қоздырғыштармен жұқпалануды қоса, инфекциялық агенттерді тасымалдау қабілеті зор. Инфекция тасымалын болдырмау үшін арнайы емшаралар қолданылады, бұл осындай тасымал қаупін елеулі азайтады, алайда оның мүмкіндігін толық жоққа шығармайды.

Егде жастағы пациенттерде бассүйекішілік қан құйылулар қаупі артады. Демек, ондай пациенттерде емнің қауіп/пайда арақатынасын аса мұқият бағалау қажет.

Бүйрек функциясы және/немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны азайтуды ұсынуға болады. Ондай жағдайларда фибриноген деңгейі 100 мг/дл-ден төмен болмауы тиіс.

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану

Қазіргі уақытқа дейін Урокиназа медакты жүктілік кезінде пайдалану үшін ешқандай тиісті деректер жоқ. Урокиназаның төмен молекулалы фрагменттері және белсенді плазмин плацента арқылы өтеді. Жануарларда жүргізілген зерттеулер препараттың тұқым өрбітуге уыттылық дәлелдерін көрсетпесе де, енелік бейімділік жеткіліксіз болды.

Жүктілік кезінде Урокиназа медак өмірлік маңызды көрсеткіштер мен қауіптің тиянақты бағалануы бойынша қолданылу керек.

Қан кету мен мезгілінен бұрын босанудың, сондай-ақ Урокиназа медакқа қарсы ана антиденелерімен шарананың бәсең иммунизациялануының туындауын жоққа шығаруға болмайды.

Босанудан соң алғашқы төрт аптада, жасанды түсік немесе түсік тастау қатері жағдайында немесе егер плацентаның алдымен келуі күдік тудырса, Урокиназа медак қолдану қарсы көрсетілімді.

Лактация кезеңі

Урокиназа медактың адамда емшек сүтімен бөлінуіне қатысты ешбір жеткілікті деректер жоқ. Урокиназа медак, егер бұл ана денсаулығы үшін абсолютті қажеттілік болса, бала емізу кезінде қолданылу керек. Бұл жағдайда ем ұзақтығы бойына емізу тоқтатылуы тиіс.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Урокиназа медак көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне мардымсыз ықпал етеді.

Артық дозалануы

Симптомдары - қан кету.

Емі: таңғышты қысып байлау арқылы тоқтатуға болатын қан кету дамыған жағдайда урокиназамен емдеуді мұқият бақылаумен жалғастыруға болады.

Ауыр қан кету туындағанда урокиназамен емдеуді тоқтатып, қажет болған жағдайда, апротининмен немесе фибринолизге қарсы басқа препараттармен ем жүргізген жөн. Бұл орайда апротининнің бастапқы дозасы көктамыр ішіне 500 000 – 1 000 000 КББ/сағат, гемостаздың қалыпты көрсеткіштері қалыпқа келгенше демеуші дозасы 50 000 – 100 000 КББ/сағат құрауы тиіс (Назар аударыңыз: анафилаксиялық реакция болуы мүмкін!).

Елеулі артық дозалану салдарынан ауыр немесе өмірге қатерлі қан кету дамыған жағдайда урокиназамен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс. Құрамында фибриноген бар гемостаздық препараттармен және басқа да қан препараттарымен орын басу емін жүргізген жөн. Емдеу гемостазиология саласында тәжірибесі бар трансфузиялық медицина маманының кеңесі негізінде жүргізілуі тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Түссіз шыны (I ЕФ типті) құтыда 100 000 ХБ, 500 000 ХБ.

Құты бутилді резеңке тығынмен тығындалған және қорғағыш полимер қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған.

Препараты бар 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сұйылтқаннан кейін дайын ерітіндіні тез арада пайдалану қажет.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Өндіруші

Грин Кросс Корпорейшн, Корея

Қаптаушы және тіркеу куәлігінің иесі

медак ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«медак фарма» ЖШС, Алматы, 050060, Гагарин даңғылы 258 В, 318 кеңсе, телефон, факс: +7 7273962037,

эл. пошта: info_kаz@medac.de.

Прикрепленные файлы

135677681477976214_ru.doc 107.5 кб
215906721477977477_kz.doc 111 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники