Ундевит (драже, 50 шт, Алтайвитамины ЗАО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ундевит
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Драже
Құрамы
Бір драженің құрамында
белсенді затттар:
аскорбин қышқылы (С витамині) |
– 75.00 мг |
никотинамид (РР витамині ) |
– 20.00 мг |
α-токоферол ацетаты (Е витамині) |
– 10.00 мг |
рутин (Р витамині ) |
– 10.00 мг |
кальций пантотенаты (В5 витамині) |
– 3.00 мг |
пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) |
– 3.00 мг |
тиамин гидрохлориді (В1 витамині) |
– 2.00 мг |
рибофлавин (В2 витамині) |
– 2.00 мг |
ретинол пальмитаты (А витамині) |
– 1.817 мг (3300ХБ) |
фолий қышқылы (Вс витамині) |
– 0.07 мг |
цианокобаламин (В12 витамині ) |
– 0.002 мг |
қосымша заттар: сахароза (қант), крахмал сірнесі, бидай ұны, тальк, күнбағыс майы, ара балауызы, «Апельсин 508» тағамдық хош иістендіргіші.
Сипаттамасы
Өзіне тән әлсіз иісі бар, сарғылт-қызыл-сары түсті шар тәрізді пішіндегі драже.
Фармакотерапиялық тобы
Витаминдер. Поливитаминдер.
АТХ коды А11В
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Организмге енгізілген Ретинол (Α витамині), бауырда, Купфер клеткаларында (ретинолдың эфирмен байланысқан түрінде) жинақталады және бауырда қаныққаннан кейін, бауырдан аздаған бөліктермен қан плазмасына босап шығады. Ретинолдың тасымалдануын оны бүйрек шумақтарында сүзілуінен қорғайтын спецификалық глобулиндер немесе преальбуминдер қамтамасыз етеді. Ретинол тіндерде көміртегінің қостотығына және май қышқылдарына, сондай-ақ суда еритін метаболиттерге айналып метаболизденеді. Адамда қалыпты жағдайда несепте Α витамині болмайды.
Тиамин гидрохлориді (В1 витамині) негізінен он екі елі ішек пен аш ішекте сіңеді. Тиамин барлық тіндерге жақсы өтеді және таралады. Күнсайын тиаминнің 1мг-ге жуық мөлшері метаболизденеді. Тиаминнің фосфорлануы бауырда жүреді, депода (бауыр, жүрек, ми, бүйрек, көк бауыр) жинақталып қаныққаннан кейін несепте пайда болады.
Фосфорланған тиаминнің шығарылуы тіндердегі деградациялану жолымен және негізінен бауырда жүреді. Тиаминнің және витаминнің түзілген метаболиттері (олардың саны 10-ға жуық) өзгермеген күйде бүйрекпен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 9.5-18.5 күн.
Рибофлавин (В2 витамині)
В2 витамині және оның белсенді метаболиттері аш ішекте жақсы сіңеді. Рибофлавиннің белсенді түрге дейін фосфорлануы ішек қабырғасында, бауырда және эритроциттерде жүреді. В2 витамині бауырда және бүйректе жинақталады. Ішке қабылданған дозаның 9% ғана несепте анықталады, ал қалған бөлігінің тағдыры белгісіз.
Никотин қышқылы және никотинамид (РР витамині)
РР витамині асқазан-ішек жолдарында (АІЖ) жылдам сіңеді. Барлық ағзалар мен тіндерде біркелкі таралады. Белсенділігі негізінен метилдену арқылы жойылады. РР витамині ағзаға көп мөлшерде келіп түсетін болса, несепте белсенді түрде кездесуі мүмкін.
Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині)
В6 витамині үш түрде кездеседі: пиридоксин, пиридоксаль, пиридоксамин. Витаминнің барлық үш түрі де АІЖ жеңіл сіңеді және бауырда В6 витаминнің белсенді түрі– пиридоксальфосфатқа айналады. В6 витаминінің биологиялық белсенді, коферментті түрі болып оның фосфорланған туындысы: пиридоксаль 5-фосфат және пиридоксамин 5-фосфат болып табылады. Метоболизмнің соңғы өнімі болып бүйрекпен шығарылатын 4-пиридоксил қышқылы болып саналады.
Аскорбин қышқылы (С витамині)
Аскорбин қышқылы ішекте жылдам сіңеді. С витамині сіңгеннен кейін қан плазмасында айналымда болады және безді тіндерде жинақталады. С витаминінің тіндердегі, лимфоциттер және тромбоциттердегі концентрациясы плазмадағы концентрациясынан он есе жоғары. С витамині қымыздық қышқылына дейін немесе суда еритін басқа да метаболиттерге дейін ішінара метаболизденеді, ішінара бос күйінде бүйрек арқылы шығарылады.
Цианокобаламин (В12 витамині)
Асқазанның шырышты қабатының париетальды клеткаларымен өндірілетін ішкі фактор-гликопротеид В12 витаминінің мықын ішектегі сіңетін жеріне тасымалдаушы ролін атқарады және осы үдерісті жеңілдетеді. Ішкі фактордың көмегімен жүзеге асатын ішек шырышты қабаты арқылы белсенді тасымалдануы ішке енгізілген витаминнің 90 % келіп түсуін қамтамасыз етеді. Витаминнің миллиграммен өлшететін жоғары дозалары ішкі фактордың көмегінсіз қарапайым дифузия арқылы сіңе алады. Мұндай сіңу жолының тиімділігі шамалы, өйткені қабылданған дозаның 1,5 % келіп түсуін ғана қамтамасыз ете алады. В12 витаминінің негізгі жинақталатын орны бауыр болып саналады. Көп мөлшері сондай-ақ бүйректе және көк бауырда, одан аз мөлшері бұлшық еттерде жинақталады. Витаминнің метаболизмі өте баяу жүреді. Жартылай шығарылу кезеңі бауырда 12 айға жуық. Тәулігіне В12 витаминінің организмдегі жалпы мөлшерінің 0.2-0.3% өтпен шығарылады. Негізгі бөлігі ішекте энтерогепатикалық циркуляцияға ұшырайды. Βитаминнің бос фракциясы несеппен тәулігіне 0.25мг мөлшерінде сыртқа шығарылады.
Рутин (Р витамині)
Ішке қабылдағаннан кейінгі ең жоғарғы концентрациясына 1-9 сағаттан кейін жетеді. Метаболиттер және өзгермеген күйде негізінен өтпен, аз дәрежеде - несеппен шығарылады.
Кальций пантотенаты ( В5 витамині) асқазан-ішек жолдарында оңай сіңеді және бауырда, жүректе және бүйректе концентрацияланады. Негізінен бүйрекпен шығарылады.
α -токоферол ацетаты (Е витамині ) аш ішектің жоғарғы бөліктерінде жақсы сіңеді және қан ағымына лимфатикалық жүйе арқылы келіп түседі. Қанда β - липопротеидтермен байланысады. Организмге енгізілген токоферолдың 80 % бір аптадан соң өтпен сыртқа шығарылады, ал аздаған бөлігі метаболиттер түрінде несеппен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Организмнің жалпы спецификалық емес төзімділігін жоғарылататын поливитаминдік дәрілік зат. Организмнің тиісті витаминдерге сұранысын қамтамасыз етеді. Алмасу үдерістерін белсенділендіреді, витаминдер тапшылығын жояды, орталық жүйке жүйесінің қызметін көтермелейді, егде жастағы адамдарда және әлсіреген науқастарда тіршілік тонусының және организмнің жалпы төзімділігінің қалпына келуіне ықпал етеді.
Ретинол (Α витамині) липидтер алмасуына, олардың асқын тотығу үдерістеріне әсер етеді; әртүрлі эпителиальді тіндердің құрылымына қажет гликопротеидтер мен гликозаминогликандардың метаболизм үдерісінде маңызды роль атқарады.
В тобы витаминдері тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративтік ауруларында жағымды әсер етеді, қан ағымының күшеюіне ықпал етеді және орталық жүйке жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді, қышқыл-сілтілік жағдайды, көмірсу, ақуыз және май алмасуын реттейді.
Аскорбин қышқылы (С витамині) және оның тотығу өнімдері -дегидроаскорбин қышқылы - тотығу және тотықсызданудың биологиялық реакцияларына қатысады. Аскорбин қышқылы ферменттердің сульфгидрильді тобының функциональды интеграциясы үшін, шеміршек, сүйек, тістердің түзілуіне және жараның жазылуына қажет коллаген және жасушаішілік құрылымдық заттардың түзілуі үшін қажет. Ол гемоглобин түзілуіне, эритроциттердің жетілуіне, фолий қышқылының тетрагидрофолатқа айналуына әсер етеді, көмірсутектер метаболизміне, катехоламиндер биосинтезіне қатысады. Аскорбин қышқылының қатысуымен бос радикалдардың инактивациясы, циклды нуклеидтердің, простагландиндердің және гистаминдердің метаболизмі жүреді. Аскорбин қышқылы антиоксидант ретінде жасуша жарғақшасын, оның ішінде лимфоциттерді асқын тотығудың зақымдаушы әсерінен қорғайды. Бұл әсер С витаминінің иммунитеттің гуморальдық және жасушалық механизмінде, лимфоциттер миграциясында, хемотаксисте, интерферон синтезі және босап шығуында байқалатын иммунитет көтермелейтін әсерінің негізі болып саналады. Аскорбин қышқылы темірдің АІЖ сіңуін жақсартады және темір тотығының темірдің асқын тотығы түріне айналуына әсер етеді.
Фолий қышқылы белсенді емес. Көмірсу тасымалдануының ортақ үдерісіне қатысатын әр түрлі коферменттердің ізашары ретінде әсер етеді. Фолаттар коферменттері нуклеин қышқылдарының синтезіне қажет әртүрлі метаболикалық үдерістерге қатысады.
Цианокобаламин (В12 витамині) фолий қышқылының фолин қышқылына айналуына қажет гомоцистеиннің метионинге метилденуін жүзеге асырады. Фолин қышқылы сүйек кемігіндегі нормобласттық типтегі қан түзілуі үшін және АІЖ қызметінің қалыпты жүруіне қажет. В12 витамині миелиндік тіндегі липопротеид өніміне қажет ферменттің түзілуін қамтамасыз етеді.
Рутин (Р витамині) аскорбин қышқылымен бірге тотығу - тоықсыздану үдерістеріне қатысады, гиалуронидазаның әсер етуін тежейді.
α -токоферол ацетаты (Е витамині ) антиоксиданттық қасиетке ие, яғни жасуша мембранасының көпқаныққан қышқылдары мен липидтерін асқын тотығудан және бос радикалдармен зақымданудан қорғайды. Токоферол биологиялық жарғақшалардың фосфолипидтерімен өзара әрекеттесе отырып, құрылымдық қызмет атқарады.
Қолданылуы
- гипо және авитаминоздарды емдеуде және алдын алуда
- балалар мен жасөспірімдердің қарқынды өсу кезеңінде, орта және егде жастағыларда, жүкті және емізетін әйелдерде витаминге қажеттілік жоғары болғанда
- ақыл-ой және дене жүктемесінде
- стресс факторларының әсеріне төзімділікті жоғарылату үшін
- өткерген аурулардан кейінгі қалпына келу кезеңінде, сәулемен және химиялық емдеуден кейін және ұзақ уақыт антибиотиктермен емдеуден кейін
- толыққанды емес немесе теңдестірілмеген тамақтануда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке қабылдауға, 2 дражеден күніне 3 рет тамақтан кейін, 20-30 күн бойы; Қайталау курстары - 1-3 айдан кейін. Алдын алуд мақсатында - 1 дражеден күніне 2-3 рет.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың жеке компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
С витамині сульфаниламидтер тобындағы микробқа қарсы препараттардың жағымсыз әсерін және фармакологиялық әсер етуін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Несептің түсі сары түске боялуы мүмкін, бұл препараттың құрамында рибофлавиннің болуымен түсіндіріледі, бірақ бұл фактор зиянсыз болып табылады.
Ундевитті қолданғанда витаминдердің, әсіресе суда жақсы еритін витаминдердің дұрыс қорытылуы және алмасуы үшін ақуыздарға бай емдәм қажет.
Ундевитті қабылдау кезінде артық дозалануын болдырмас үшін, басқа поливитаминді препараттарды, әсіресе майда еритін А, Е витаминдерін қабылдау ұсынылмайды, өйткені соңғылары организмде жинақталады. Препаратты бауыр ауруының ауыр сипатты түрлерінде, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруларында, жедел және созылмалы нефритпен науқастарға, жүрек жұмысының қалпына келмейтін жағдайында абайлап қолдану керек.
Қант диабетімен науқастар
Драже құрамына қант кіреді. Инсулин қабылдайтын қант диабетімен ауыратын науқастарға, көмірсу мөлшерін НБ ескере есептеу қажет.
Егде жастағылар, орта жастағы емделушілер
Препарат орта және егде жастағы адамдарға қолдану үшін ұсынылады.
Педиатрияда қолдану
Балалар тәжірибесінде қолданылмайды
Жүктілік
Жүктілік кезеңінде (әсіресе I триместрде) абайлап тағайындайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі
Көлік басқару және зейін шоғырландыруды қажет ететін жұмыстарды орындау қабілетіне препарат әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Қақпақпен тығындалған, полимер банкіге 50 дражеден салынған. Банкілерге өздігінен желімденетін материалдан жасалған заттаңба жапсырылады. Банкілер медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге топтық қаптамаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
1 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қаласы, Заводская к-сі,69.
Телефон: (3854) 326-943
Факс: (3854) 327-640, 327-153
Тіркеу куәлігінің иесі
«Алтайвитамины» ЖАҚ,Ресей Федерациясы
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы:
«Алтайвитамины» ЖАҚ , Ресей Федерациясы
Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қаласы, Заводская к-сі,69.
Телефон: (3854) 326-943
Факс: (3854) 327-640, 327-153
E-mail: office@altayvitamin.ru