Улькавис®

МНН: Висмута трикалия дицитрат
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Bismuth subcitrate
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022995
Информация о регистрации в РК: 24.01.2022 - 24.01.2032
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 31.66 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Улькавис®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 120 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: висмуттың трикалий дицитраты 303,03 мг (120 мг висмут тотығына баламалы),

қосымша заттар: жүгері крахмалы, повидон К-30, калий полиакрилині, макрогол 6000, магний стеараты,

қабығы: Оpadry II clear (құрамы: поливинил спирті, макрогол 4000, тальк), титанның қостотығы (Е171)

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек пішінді, екі беті аздап дөңес, ойығы бар, иіссіз немесе аздаған аммиак иісі бар үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Ойықжараға қарсы өзге препараттар және гастроэзофагеальді рефлюксті (GORD) емдеуге арналған препараттар. Висмуттың трикалий дицитраты.

АТХ коды А02ВХ05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Абсорбциясы

Улькавис® беткейлік-белсенді агент болып табылады, висмуттың өте аз мөлшері, висмут субцитратының туындылары емдеу барысында абсорбцияланады (0,2 % дозадан кем).

Таралуы

Висмут негізінен бүйректе жинақталады, басқа мүшелерінде де висмуттің іздері бар.

Биотрансформациясы

Улькавис® асқазанда висмуттың ерімейтін кешенді қосылыстары, висмут оксихлориді және висмут цитратын түрінде жинақталуы мүмкін.

Шығарылуы

Висмуттың ішке қабылданатын негізгі бөлігі нәжіспен шығарылады. Несеп клиренсі абсорбцияланған висмуттың аздаған мөлшерінде шамамен 50 мл/мин құрайды. Алайда, абсорбцияланған висмуттың үлкен бөлігі 5-11 күнді құрайтын жартылай ыдырау кезеңінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Улькавис® - Helicobacter pylori қатысты бактерицидті белсенділікке ие ойықжараға қарсы дәрі. Сондай-ақ қабынуға қарсы және тұтқырлаушы әсері бар. Асқазанның қышқылды ортасында ойықжара мен эрозиялардың беткейінде қорғағыш үлбір түріндегі ақуыздық субстратпен хелаттық қосылыстар түзе отырып, ерімейтін висмут оксихлориді және цитрат шөгеді. Е простагландиндерінің синтезін, шырыш түзілуін және гидрокарбонат секрециясын ұлғайта отырып, цитопротекторлық механизмдердің белсенділігін көтермелейді, асқазан-ішек жолы шырышты қабығының пепсин, тұз қышқылы, ферменттер мен өт қышқылдары тұздарының әсеріне төзімділікті арттырады. Ақау аймағында эпидермальді өсу факторының жинақталуына әкеледі. Пепсин мен пепсиногеннің белсенділігін төмендетеді.

Қолданылуы

- асқазан мен он екі елі ішегінің ойықжара ауруында

- өршу сатысындағы созылмалы гастрит және гастродуоденит, оның ішінде Helicobacter pylori астасқан

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке

Ересектерге Улькавис® препаратын тәулігіне 4 рет 1 таблеткадан ас қабылдаудан 30 минут бұрын және түнде немесе тәулігіне 2 рет 2 таблеткадан ас қабылдаудан 30 минут бұрын тағайындайды.

Таблеткаларды тамақтануға дейін 30 мин бұрын қабылдау және аздаған мөлшердегі сумен ішу керек.

Емдеу курсының ұзақтығы 4-8 апта.

Келесі 8 апта ішінде құрамында висмут бар препараттарды қолданбаған жөн.

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін Улькавис® препаратын хеликобактерияға қарсы белсенділікке ие басқа бактерияға қарсы дәрілермен біріктірілімде және квадротерапия деп аталатын протондық сорғы тежегіштерімен қолдану жөн саналады.

Жағымсыз әсерлер

Өте жиі (≥ 1/10)

- висмут сульфидінің түзулуі салдарынан нәжістің қара түске боялуы, алайда оны меленадан оңай ажыратуға болады

Жиі емес (≥ 1/1000, <1/100)

  • жүрек айнуы, құсу, диарея немесе іш қатуы

  • аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышуы

Өте сирек (<1/10000)

  • анафилаксиялық реакциялар

  • жоғарғы дозаларда ұзақ қолданғанда орталық жүйке жүйесінде висмут жинақталуымен байланысты энцефалопатия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

  • гипокалиемия

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Улькавис® қабылдаған соң жарты сағат бойы ішке басқа дәрілік заттарды, сондай-ақ тамақ немесе сұйықтық, атап айтқанда, антацидтер, сүт, жемістер және жеміс шырындарын қабылдау ұсынылмайды. Бұл олар бір уақытта ішке қабылдағанда Улькавис® тиімділігіне ықпал етуі мүмкіндігімен байланысты. Улькавис® тетрациклиннің сіңірілуін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты 8 аптадан артық қолданбаған жөн, сондай-ақ емделу уақытында ересектерге арналған бекітілген тәуліктік дозаны арттыру ұсынылмайды. Препаратпен емделу кезеңінде құрамында висмут бар басқа препараттарды қоланбаған жөн, өйткені жағымсыз әсерлердің даму қаупі ұлғаяды. Ұсынылған дозаларда препаратпен курстық ем аяқталғанда қан плазмасындағы белсенді әсер етуші заттың концентрациясы 3-58 мкг/л аспайды, ал уыттану 100 мг/л жоғары концентрацияда ғана байқалады.

Құрамында висмут бар қосылыстардың үлкен дозаларын ұзақ қолдану ұсынылмаған, өйткені кейбір жағдайларда бұл қайтымды энцефалопатияға әкелуі мүмкін. Энцефалопатия қаупі, алайда, Улькавис препаратын ұсынылған дозаларда қолданған жағдайда өте төмен болып табылады.

Улькависті қолданғанда висмут сульфидінің түзілуі салдарынан нәжістің қара түске боялуы ықтимал. Кейде тілдің қараюы байқалады. Улькависпен емделу уақытында алкоголь қабылдау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: диспепсия, бөртпе, ауыз шырышты қабығының қабынуы, қызыл иекте көгілдір сызықтар түріндегі өзіне тән қараюы, бүйрек функциясының бұзылуы.

Емі: препарат қолдануды тоқтату, асқазанды шаю, белсендірілген көмір, тұзды іш жүргізетін дәрілер қабылдау. Бүйрек функциясын, қандағы және несептегі висмут концентрациясын бақылау көрсетілген. Әрі қарай симптоматикалық ем жүргізеді. Қан плазмасында висмуттың жоғарғы деңгейімен қатар жүретін бүйрек функциясы бұзылғанда кешен түзушілер димеркаптоянтарлық және димеркаптопропансульфон қышқылдарын енгізуге болады. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде гемодиализ қолданылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 таблеткадан ламинацияланған полиамид/алюминий/поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2, 4 немесе 8 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка цеста 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«КРКА Казахстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы 19, 1 б корпус, 2-ші қабат, 207 кеңес

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

Прикрепленные файлы

Улькавис,_инструкция_-ПД!.doc 0.06 кб
улькавис_каз.docx 0.03 кб
332967891498795259_ru.doc 59 кб
016268551498795293_ru.doc 59 кб
599852791498795824_kz.doc 30.63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники