Улкарил®

МНН: Ацикловир
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aciclovir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016130
Информация о регистрации в РК: 13.06.2016 - 13.06.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 147.24 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

УЛКАРИЛ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацикловир

Дәрілік түрі

Крем 5%

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат – 50 мг ацикловир,

қосымша заттар: цетостеарил спирті, полоксамер 407, ақ вазелин, минерал майы, пропиленгликоль, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Көрінбейтін қоспаларсыз, өзіне тән иісі бар, ақ немесе ақшыл түсті, біртекті консистенциясымен крем тәрізді жұмсақ гомогенді эмульсиялық крем (судағы май).

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Нуклеозидтер және нуклеотидтер. Ацикловир

АТХ коды D06ВB03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда ацикловир тері және шырышты қабық арқылы шамалы ғана сіңеді.

Фармакодинамикасы

УЛКАРИЛ® кремінің құрамына кіретін Ацикловир тимидин нуклеозидінің синтетикалық аналогы болып табылады. Вирус жұқтырған жасушалардың тимидинкиназасы ацикловирді бірқатар реакциялар арқылы, яғни ацикловирді моно-, ди- және үшфосфатқа айналуына белсенді қатысады. Ацикловир үшфосфаты вирус ДНҚ дезоксигуанозинінің орнын басып, соңғысының ДНҚ-полимеразасын тежейді және репликация үдерісін бәсеңдетеді. Герпес кезінде ацикловир жаңа бөртпелер түзілуінің алдын алады, тері диссеминациясы мен висцералдық асқыну ықтималдығын азайтады, қабықтардың түзілуін жылдамдатады. Белдемелі герпестің жедел фазасындағы ауыруын төмендетуге ықпал етеді. Ерекшелігі және жоғары селективті әсері оның негізінен герпес вирусымен зақымданған жасушаларда жинақталуы арқылы жүзеге асырылады.

Қолданылуы

- 1 және 2 типті Herpes simplex вирусы тудырған ерін мен беттің инфекцияларында

Қолдану тәсілдері және дозасы

Ересектер мен балалар кремді зақымданған жерге әр 4 сағат сайын, түнгі уақытты қоспағанда, күніне 5 рет жағуы керек. Емдеуді инфекцияның алғашқы белгілері байқалғаннан – продромальді кезеңде бастау қажет. Емдеу курсы 4 күннен кем емес.

Кремді жағудан бұрын және одан кейін қолды жуу керек; ауру ағымының нашарлауын және инфекцияның берілуін туындатпау үшін зақымданған жерді ысқыламау және ол жерге сүлгіні тигізбеу маңызды. Терінің басқа жерлеріне вирустың таралуын болдырмас үшін саусаққапты немесе резеңке қолғаптарды пайдалану керек.

Жағымсыз әсерлері

  • жиі емес (≥ 1/1000 және < 1/100): қызару, қышыну, қабыршықтану, препаратты жаққан жерлердегі күйдіру

- сирек (≥ 1/10000 және < 1/1000): эритема, жанаспалы дерматит, көбіне препараттың қосымша компоненттеріне реакциямен байланысты

- өте сирек (< 1/10000): ангионевротикалық ісінуді қоса, шұғыл типті аса жоғары сезімталдық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық немесе жақпаушылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

УЛКАРИЛ® сыртқа қолданғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозаны, аппликация жиілігін және емдеу ұзақтығын асырып жібермеу керек.

5% УЛКАРИЛ® кремін қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялар қайталануының алдын алу үшін қолданбаған жөн.

Ерін ұшығы бар адамдарға (әсіресе ашық зақымданулар болса) басқа адамдарға жұқтырмау үшін қатаң түрде сақтандыру ережелерін сақтау қажет.

5 % УЛКАРИЛ® кремі тек қана тері жабындарына жағуға арналған, оны көздің, ауыздың, гениталийдің шырышты қабықтарына жағуға болмайды, себебі айқын жергілікті қабыну болуы мүмкін.

Кремді қолданғанда емдеудің тиімділігі оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым жоғары болады.

Жүктілік және лактация кезеңінде

УЛКАРИЛ® кремін әйелдерге жүктілік кезеңінде абайлап тағайындап, ана үшін болжамды пайдасын және ұрыққа төнетін ықтимал қаупін бағалау керек.

Жергілікті қолданғанда ацикловирдің емшек сүтіне өтетіндігі белгісіз, сондықтан УЛКАРИЛ® кремін бала емізетін әйелдерге сақтықпен тағайындаған жөн.

Педиатрияда қолданылуы

Балалар жасында қолдануға шектеулер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

5 % УЛКАРИЛ® кремі көлік құралын басқару қабілетіне және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуге әсер етпейді.

Артық дозалануы

5 % УЛКАРИЛ® кремінің артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г препараттан пластмасса қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған. 1 сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

 

Прикрепленные файлы

677794731477976211_ru.doc 50 кб
372932151477977461_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники