Уголь активированный (250 мг, Фармстандарт-Лексредства)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Белсендірілген көмір
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
250 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 250 мг белсендірілген көмір,
қосымша зат: 47,0 мг картоп крахмалы.
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, сәл кедір-бұдырлы, сызығы және ойығы бар қара түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Диареяға қарсы препараттар. Ішек адсорбенттері. Көмір препараттары. Белсендірілген көмір.
АТХ коды А07ВА01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Белсендірілген көмір ішке қабылдаған кезде сіңбейді. Белсендірілген көмірдің АІЖ (асқазан-ішек жолы) арқылы өтуінің орташа уақыты 25 сағатқа жуықты құрайды. Құрылымын өзгертпестен организмнен нәжіспен бірге толық шығарылады.
Фармакодинамикасы
Препараттың сіңіргіш әсері бар. Асқазан-ішек жолында белсендірілген көмір табиғаты әртүрлі эндогендік және экзогендік уытты заттармен байланысады және: оның ішінде микробтарды және микробтық уыттарды, тағамдық аллергендерді, дәрілік препараттарды, уларды, алкалоидтарды, ауыр металл тұздарын, газдарды организмнен шығарады.
Қолданылуы
- табиғаты әртүрлі экзогендік және эндогендік токсикоздарда уытсыздандыратын дәрі ретінде қолданылады
- тағамдық токсикоинфекцияларды, сальмонеллезді, дизентерияны кешенді емдеуге
- дәрілік препараттармен (психотроптық, ұйықтатқыш, есірткілік дәрілермен және басқалармен), алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен және басқа да улармен уланғанда
- диспепсиямен, метеоризммен қатарласа жүретін асқазан-ішек жолының ауруларында
- тағамдық және дәрілік аллергияларда
- гипербилирубинемияларда (вирус гепатиті және басқа да сарғаюлар) және гиперазотемияда (бүйрек жеткіліксіздігі)
- ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер алдында ішекте газдың түзілуін азайту үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Белсендірілген көмірді ішке таблетка түрінде немесе, алдын ала ұсақтап, сулы қоспалар түрінде тамақтан және басқа дәрілік заттарды қабылдаудан бір сағат бұрын қолданады.
Ересектерге дозалау режимі тәулігіне 3-4 рет орта есеппен 1-2 г, ең жоғары бір реттік дозасы – 8 г дейін. Балаларға препарат орта есеппен тәулігіне 3 рет дене салмағының әр кг шаққанда 0,05 г есебінен тағайындалады, ең жоғары бір реттік доза – дене салмағының әр кг шаққанда 0,2 г дейін. Жедел ауруларда емдеу курсы – 3-5 күн, аллергияларда және созылмалы ауруларда – 14 күнге дейін. Қайталанатын курсы дәрігердің нұсқауымен – 2 аптадан соң.
Қатты уланғанда емдеуді белсендірілген көмір қоспаларын пайдаланып, асқазанды шаюдан бастайды, содан кейін ішуге 20-30 г препарат береді. Метеоризмде препаратты ішуге тәулігіне 3-4 рет 1-2 г тағайындайды. Емдеу курсы – 3-7 күн.
Жағымсыз әсерлері
- іш қату
- диарея
Ұзақ қабылдағанда (14 күннен астам)
- нәжіс қара түске боялады
- белсендірілген көмір арқылы гемоперфузияда эмболиялар, геморрагиялар, гипогликемия, гипотермия, гипотензия пайда болуы мүмкін
- бауыр функциясының бұзылуы
- дисбактериоз
- кальцийдің, витаминдердің сіңуі бұзылуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршуі
- спецификалық емес ойық жаралы колит
- асқазан-ішек жолынан қан кету
- ішек атониясы
- препараттың әр адамға жекелей жақпаушылығы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Фармакодинамикалық
Белсендірілген көмір беткейінде сіңіруіне байланысты, онымен бір мезгілде ішке қабылданған барлық дәрілік препараттардың тиімділігін төмендетеді.
Фармакокинетикалық
Белсендірілген көмір жартылай шығарылу кезеңі ұзаққа созылатын препараттардың (карбамазепин, фенобарбитал және дифенилсульфон) шығарылу жылдамдығын арттырады. Белсендірілген көмірді пероральді қабылдау дигоксиннің клиренсін 5 есе арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Белсендірілген көмірді ұзақ қолданған кезде гиповитаминоз пайда болуы, АІЖ-дан тағамдық заттарды (майлардың, ақуыздардың), гормондардың сіңуі төмендеуі мүмкін.
Тез байланысуы үшін асқазанға бір сәтте енуі мүмкін емес адсорбенттің көп мөлшері қажет етіледі. Сондықтан удың мөлшері өте көп болғанда көмірді қолдану тиімді емес.
Нәжістің түсін қарайтады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілім жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қаблетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсерін тигізбейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүректің айнуы, құсу және іштің қатуы.
Емі: препаратты тоқтату, іш жүргізгіш дәрілер тағайындау керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Қаптама қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада немесе поливинилхлоридті түрлі түсті (жасыл, қызыл немесе қызыл сары) үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
Пішінді ұяшықты 1, 3, 5 немесе 10 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Тікелей топтық қаптамаға медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтарын пішінді қаптамалар санымен тең етіп салуға болады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
"Фармстандарт-Лексредства" ААҚ,
305022, Ресей, Курск қ., 2-ші Агрегатная к-сі, 1а/18
Тел/факс: (4712) 34-03-13.
Е-mail: www.pharmstd.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
"Фармстандарт-Лексредства" ААҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
"Қарағанды фармацевткалық кешені" ЖШС,
100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Ботаникалық к-сі, үй 12
Тел/факс: +7 (7212) 437002; тел. + 7 (7212) 507322
Е-mail: kphk@kphk.kz