Уголь активированный №10 (таблетки, 0.25 г)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Белсенділендірілген көмір
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар 0.25 г
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - белсенділендірілген көмір 0.25 г
қосымша зат - картоп крахмалы 0.047 г
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, аздап кедір-бұдырлы, қара түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Ішек адсорбенттері. Көмір препараттары. Белсенділендірілген көмір.
АТХ коды А07ВА01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат биологиялық сұйық ортада ерімейді, химиялық белсенділік танытпайды және ішектен 24-48 сағат ішінде толық шығарылады.
Фармакодинамикасы
Беткейлік энергияны төмендететін заттарды байланыстыру қабілетіне (олардың химиялық табиғатын өзгертпей) негізделген жоғары беткейлік белсенділігімен сипатталады. Газдарды, токсиндерді, алкалоидтарды, гликозидтерді, ауыр металл тұздарын, салицилаттарды, барбитураттарды және т.б. сіңіріп, олардың асқазан-ішек жолында сіңуін азайтады және организмнен нәжіспен шығарылуына мүмкіндік береді. Сорбент ретінде гемоперфузия кезінде белсенді. Қышқылдарды және сілтілерді (оның ішінде темір тұздарын, цианидтерді, малатионды, метанолды, этиленгликольді) әлсіз сіңіреді.
Қолданылуы
-
шығу тегі әр түрлі экзогенді және эндогенді уыттанулар кезінде уытсыздандыратын дәрі ретінде қолданады
-
тағамдық токсикоинфекцияны, сальмонеллезді, дизентерияны кешенді емдеуде.
-
дәрілік препараттармен (психотропты, ұйықтататын, есірткілік дәрілермен және т.б.), алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен және басқа да улармен уланған кезде
-
диспепсиямен, метеоризммен қатар жүретін асқазан-ішек жолы ауруларында
-
тағамдық және дәрілік аллергияда
-
гипербилирубинемия (вирусты гепатит және басқа да сарғаюлар) және гиперазотемия (бүйрек жеткіліксіздігі) кезінде
-
ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер алдында ішекте газдың түзілуін азайту үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Метеоризм және диспепсияда 1-ден 3 таблеткаға дейін күніне 3-4 рет қабылдайды. Барынша тез және айқын әсерге жету үшін таблетканы ұсақтағаннан кейін сулы қоспа түрінде (1/2 стакан суға) қабылдауға болады. Уланған кезде осындай түрде, бірақ судың мол мөлшерімен ішке қабылдауға 20-30 мг дозада тағайындайды. Әрі көрсетілген қоспа асқазанды шаю үшін де қолданылады. Суда 1-2 г-ден күніне 3-4 рет асқазан қышқылдығы жоғары болған кезде де тағайындайды (сондай-ақ метеоризм кезінде де қабылдауға болады). Бұдан басқа, уыттанған кезде белсенділендірілген көмірді, соңғысының 2 бөлігінен және магний тотығы мен таниннің 1 бөлігінен тұратын қоспа құрамында (2 ас қасық қоспаны бір стакан жылы суға) пайдаланады.
Жедел ауруларда емдеу курсы – 3-тен 5 күнге дейін, аллергия және созылмалы аурулар кезінде – 14 күнге дейін. Қайталап емдеу курсы – екі аптадан кейін дәрігердің ұсынымы бойынша.
Жағымсыз әсерлері
-
диспепсия
-
АІЖ-дан майлар, ақуыздар, витаминдер, гормондар сіңуінің төмендеуі
-
іш қату
-
іш өту
-
нәжістің қара түске боялуы
-
белсендірілген көмір арқылы гемоперфузия кезінде эмболия дамуы мүмкін
-
геморрагия, гипогликемия, гипокальциемия, гипотермия, гипотензия
-
ауыз қуысы шырышты қабығы кандидозы
-
жалған жарғақшалы колит
-
бауыр қызметінің бұзылуы
-
дисбактериоз
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
аса жоғары сезімталдық
-
асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы
-
асқазаннан қан кету
-
әсері сіңгеннен кейін дамитын уытқа қарсы заттарды бір мезгілде тағайындау
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дәрілік препараттардың сіңуін және тиімділігін төмендетеді, асқазан ішінде әсер ететін заттардың белсенділігін азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Сору қабілетінің болуына байланысты, белсенділендірілген көмір өзімен бірге бір мезгілде қабылданған дәрілік заттардың тиімділігін азайтуы мүмкін. Сондықтан қатар жүргізілетін фармакотерапия кезінде белсенділендірілген көмірді дәрілік заттарды қабылдаудан 1-1,5 сағат бұрын немесе дәрілік заттарды қабылдағаннан кейін осындай уақыттан соң қабылдайды.
Жүктілік және лактация
Деректер жоқ
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зейін қоюға, қимыл белсенділігіне және рефлекстерге жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.
Артық дозалануы
Анықталған жоқ
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан пішінді ұяшықсыз қаптамада.
Пішінді ұяшықсыз қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 8-ден 15 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Ирбит химфармзауыты» ААҚ, Ресей Федерациясы
623856, Свердлов обл., Ирбит қ., Киров к-сі, 172
Тел/факс (34355) 3-60-90
Тіркеу куәлігінің иесі
«Ирбит химфармзауыты» ААҚ, Ресей Федерациясы
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Ирбит химфармзауыты» ААҚ, Ресей Федерациясы
623856, Свердлов обл., Ирбит қ., Киров к-сі, 172
Тел/факс (34355) 3-60-90
Электронды поштасы: info@ihfz.ru