Тутукон

Производитель: Мигуэль И Гаррига А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020215
Информация о регистрации в РК: 11.11.2013 - 11.11.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Тутукон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішілетін ерітінді 300 мл, 600 мл

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: *дала қырықбуыны сабақтары 570 мг, *қызыл іргешөп 330 мг, *болдо (пеумус) жапырақтары 280 мг, *үнді опунциясы гүлдері 170 мг, *жіңішке жапырақты сарышолақ гүлдері 170 мг, *дәрілік розмарин жапырақтары 170 мг, *салалы қарашағыр тамырсабағы 170 мг, *дәрілік сермене жапырақтары 170 мг,

қосымша заттар: натрий бензоаты, калий сорбаты, сусыз лимон қышқылы, тазартылған су.

* - өсімдік тектес ингредиенттер дистилляциясында алынатын гидролат

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар жартылай мөлдір, ақшыл сары немесе сәл бозаңданатын сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған спазмолитиктерді қоса, басқа да препараттар

АТХ коды G04BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Біріктірілген препарат, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Тутукон – өсімдік тектес біріктірілген препарат. Препарат белсенді компоненттерінің диурездік, түйілуді басатын, литолитикалық, қабынуға қарсы, бактерияларға қарсы, өт айдайтын және антиоксидантты әсерлері бар. Тутукон организмнен несеп қышқылы тұздарының, токсиндердің, ауыр металл тұздарының шығарылуын күшейтеді, бұл несеп жолдарына кристалдардың түсуін, түзілген тастардың өсуі мен жаңаларының қалыптасуын болдырмайды; несепті сілтілендіреді және оның рН-ын 6,2-6,8 шегінде ұстап тұрады, бұл да тастар түзілуіне бөгет болады. Несеп шығару жолдары инфекциялары кезінде препарат антибиотиктермен емдеудің тиімділігін арттырады, ауырудың азаюына ықпал етеді, несеп шығаруды қалыпқа келтіреді, қайталап өршу қаупін төмендетеді. Препараттың көтерімділігі жақсы және бактерияға қарсы препараттармен үйлесімде ұзақ уақыт қолдану мүмкіндігі бар.

Қолданылуы:

Кешенді ем құрамында

- бүйректе тұздың шамадан тыс түзілуінде (ураттар, оксалаттар, фосфаттар, карбонаттар)

- ұсақ уролитиаз

- тастарды алып тастағаннан кейін қайталап тас түзілудің профилактикасында

- подаграда

- несеп шығару жолдарының жұқпаларында: цистит, уретрит, пиелонефрит

- дизуриялық құбылыстарда

- несеп- және өт шығару жолдарының түйілуінде

- түйілумен жүретін колитте

- уыттанудың әр қилы түрлерінде (дәрілік, алкогольдік, есірткілік, тағамдық улану)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат күніне 3 рет тамақтануға дейін 30 минут бұрын ішке қабылданады.

Емдік доза мынадай:

Жасы

Дозалау

2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар

5-10 мл күніне 3 рет

6-дан 18 жасқа дейінгі балалар

15 мл күніне 3 рет

Ересектер

45 мл күніне 3 рет

Жүктілер

20 мл күніне 3 рет

Препаратты қабылдау ұзақтығы 2-4 апта. Балаларға тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану ұсынылады. Дәрігер дозаны түзетуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

- болуы мүмкін: препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен өзара әрекеттесулері анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қабылдау уақыты өтіп кетсе, келесі қабылдауда дозаны екі еселеуге болмайды.

Педиатрияда қолдану

12 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек қана дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Жүктілік

Жүктілік кезінде Тутукон препаратын тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

300 мл немесе 600 мл препараттан алюминий қалпақшамен тығындалған полипропилен құтыда. 1 құтыдан пластик өлшеуіш стақанымен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 21 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Мигуэль И Гаррига А.О.,

Жоаким Коста, 181а08390 Монгат (Барселона), Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

Гранд Медикал Групп АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Гранд Медикал Групп АГ» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Мамыр-4, 297а үй, 3 кеңсе

Тел/факс: 8 (727) 228 17 83

моб.: +7701 – 991-74-35

Прикрепленные файлы

558354981477976854_ru.doc 50.5 кб
194229551477978005_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники