Тропикамид (капли глазные, 5 мг/мл)

МНН: Тропикамид
Производитель: Варшавский фармацевтический завод Польфа АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tropicamide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№006153
Информация о регистрации в РК: 27.04.2017 - 27.04.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Тропикамид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тропикамид

Дәрілік түрі

5 мг/мл немесе 10 мг/мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 5 мг немесе 10 мг тропикамид

қосымша заттар: натрий хлориді, динатрий эдетаты, 50 % бензалконий хлоридінің ерітіндісі, сұйылтылған хлорлы сутегі қышқылы (рН түзету үшін), тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Мидриатиктер. Холинобөгегіштер

АТЖ (Х?) коды S01FA06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қарашықтың кеңеюі және салдануы препаратты конъюнктивальді қапқа енгізгеннен сәттен 5 минут өткенде басталады.

Қарашықтың ең үлкен кеңеюі препаратты енгізгеннен кейін 15-20 минут ішінде басталады және Тропикамидтің 5 мг/мл ерітіндісін пайдаланған жағдайда 1 сағат ішінде және Тропикамидтің 10 мг/мл ерітіндісін қолданған жағдайда 2 сағат сақталады. Қарашықтың кеңею симптомдарының толық тоқтауы 3-5 сағаттан соң басталады.

Тропикамидтің 10 мг/мл ерітіндісін екі рет енгізгеннен кейін аккомодацияның ең үлкен салдануы оны конъюнктивальды қапқа енгізгеннен сәттен 25 минуттан соң басталады және 30 минутқа жуық сақталады. Салданудың толық жоғалуы шамамен 3 сағат өткен соң басталады. Препаратты конъюнктивальды қапқа енгізген кезде ол сіңе бастайды, және аздаған дәрежеде, әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарда, жүйелік сіңуге ұшырайды

Фармакодинамикасы

Тропикамид – антихолинергиялық дәрі, нұрлы қабықтың сфинктері мен цилиарлы бұлшық етінің М-холинорецепторларын бөгеп, қысқа мерзімді мидриаз және аккомадация салдануын тудырады. Көзішілік қысымды біршама арттырады.

Қолданылуы

- офтальмологиялық диагностикада: көз түбін зерттеу және көз бұршағын бағалау үшін қарашықты кеңейту қажет болғанда; рефракцияны зерттеу үшін аккомодацияның салдануы қажет болған кезде

- хирургиялық операция жасар алдында: көз бұршағы, торқабық және шыны тәрізді дене хирургиясы, торқабықты лазермен емдегенде

- емдік мақсаттарда: қан тамырлы қабығының алдыңғы аймағындағы қабыну ауруларын емдеуге, көзішілік көз бұршағын имплантациялау хирургиялық операциясынан кейін және глаукомаға жасалған операциядан кейін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты енгізумен бір мезгілде препараттың шамадан тыс сіңуіне жол

бермеу және жағымсыз атропиндік әсерді жою үшін көз жасы өзекшелерін

қысқан жөн

- қарашықты кеңейту мақсатында: Тропикамидтің 1 тамшы 10 мг\мл немесе 2 тамшы 5 мг\мл ерітіндісін 5 минуттық аралықпен енгізеді Егер емделушіні белгіленген уақытта тексеріп-зерттеу мүмкін болмаса (препаратты енгізгеннен кейін 15-30 минут ішінде), қарашықты кеңейтетін әсерді ұзарту үшін 1 тамшы Тропикамидті қайталап енгізуге болады;

- 8 жастан асқан балаларға – 10мг/мл Тропикамид ерітіндісі;

- аккомодацияны салдандыру мақсатында (рефракцияны зертеу үшін): Тропикамид 10 мг/мл ерітіндісінің 1 тамшысын 5 минуттық аралықпен 2 рет енгізу керек. Зерттеуді препаратты соңғы енгізуден кейін 25-50 минут ішінде орындаған дұрыс;

- көз түбін зерттеу мақсатында: 5 мг/мл ерітіндінің 2 тамшысын 1 рет енгізеді. Зерттеудің тиімді уақыты – препаратты енгізгеннен кейін 20 минут өткеннен бастап 2 сағатқа дейін;

- көздің статикалық рефракциясын анықтау үшін Тропикамид ерітіндісін 1 тамшыдан 10 минуттық аралықпен екі рет тамызады және соңғы инстилляциядан кейін 30 минуттан соң зерттеу жүргізеді;

Көзілдірік тағайындау мақсатында рефракцияны алғашқы зерттеу кезінде балаларға атропин сульфаты ерітіндісін қолданған дұрыс.

Жағымсыз әсерлері

Көру органдары тарапынан болатын жергілікті реакциялар:

- көзішілік қысымның жоғарылауы

- өткінші күйдіріп ашыту

- фотофобия

Препаратты ұзақ қолданған кезде пайда болуы мүмкін: жергілікт тітіркену,

гипертермия, ісіну және коньюктивит.

Жүйелік қан ағымына белсенді заттардың сіңуі салдарынан жүйелі

сипаттағы жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін:

  • ауыздың құрғауы

  • гипертермия

  • терінің құрғауы

  • тахикардия

  • кенеттен кіші дәретке отырғысы келу

  • іш қатуға әкелетін асқазан-ішек жолы перистальтикасы жылдамдығының азаюы

  • құсу

  • бас айналу

  • теңселіп жүру (атаксия)

Кейде, әсіресе балаларда және жасөспірімдерде, басталуы мүмкін:

  • бөртпе

  • орталық жүйке жүйесі тарпынан болатын бұзылулар: психотикалық симптомдар, мінез-құлықтың бұзылу симптомдары

  • жүрек-қан тамырлары жүйесі тарпынан болатын бұзылыстар: тыныс алу қызметінің және қан айналымының кенеттен болатын жеткіліксіздігі симптомдары

  • емшектегі балалардағы іштің кебуі.

Нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені күшейіп кетсе, немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- Тропикамидке немесе препараттың басқа компонентіне асқын сезімталдық

- жабық бұрыштыға бейім алғашқы глаукома, алдыңғы көз камерасының тар бұрышты глаукомасы

- препараттың құрамында бензалконий хлоридінің болуына байланысты жұмсақ жанаспалы линзаларды пайдалану кезінде препаратты қолдануға болмайды

- 8 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антихолинергиялық дәрілерді антигистаминді дәрілермен, фенотиазиндермен, үшциклді антидепрессиялық дәрілермен, прокаинамидпен, хинидинмен, моноаминооксидаза тежегіштерімен, бензодиазепиндермен және антипсихотикалық дәрілермен бірге қолданған кезде бір-бірінің өзара әсерін күшейтеді.

Нитраттар, нитриттер, сілтілендіретін дәрілер, дизопирамид, кортикостероидтар және галоперидол тропикамидпен бір мезгілде қолданылған кезде көз камерасының тар бұрышты глаукомасында көзішілік қысымды арттыруы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қолдану жөніндегі арнайы сақтық шаралары

Тек сыртқа қолдану үшін – жергілікті конъюнктивальді қапқа.

Тамшылатқыштың ұшына тиіспеген жөн, өйткені бұл ыдыстың

ішіндегісін ластауы мүмкін.

Қолданар алдында жұмсақ жанаспалы линзаларды шығарып алған жөн.

Оларды препаратты енгізгеннен кейін 30 минут өткен соң қайтадан салуға

болады.

Тропикамидті диагностикалық мақсатта қолданар алдында емделушіге

немесе оны ертіп келген кісіге көрудің уақытша нашарлайтынын және

жарықтан қорқатынын ескерткен жөн.

Көз түбін зерттер алдында көздің қарашығын кеңейту үшін Тропикамидті

қолданған кезде емделушіге көз камерасының тар бұрышты глаукомасына

қатысты диагностика жасау қажет (сыртартқысы, алдыңғы камера тереңдігін бағалау, гониоскопия), өйткені препаратты бір рет енгізгеннен кейін глаукоманың жедел ұстамалары болуы мүмкін. Егер көз түбін зерттеу қажет болса, ал глаукоманы анықтау мүмкін болмаса, зерттеуді жүргізіп болғаннан соң бірден қарашықты тарылтатын препаратты енгізу керек.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезінде тек, егер ана үшін пайдасы ұрық үшін мүмкін болатын қауіптен асып түскен жағдайларда ғана қолдануға болады.

Препаратты лактация кезеңінде қолданғанда сақ болу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тропикамидті қолдану кезінде көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: терінің қызаруы және құрғауы, (8 жастан асқан балаларда

бөртпе болуы мүмкін), көрудің бұзылуы, тамырдың жылдам

және жүйесіз соғуы, гипертермия, құрысулар, елестеулер мен жүйке-

бұлшықет үйлесімдігін жоғалту.

Емі: Симптоматикалық.

Препарат кездейсоқ ішке түсіп кеткен жағдайда құстырту немесе асқазанды шаю керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан тамшылатқышы және кепілдік сақиналы қақпағы бар

полиэтилен құтыға құйылады.

2 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

250С -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі – 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Варшава фармацевтикалық зауыты «Польфа»»АҚ

Карольков к-сі 22/24, 01-207 Варшава, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Варшава фармацевтикалық зауыты «Польфа»» АҚ, Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. Рашидов к-сі 81, т/ф: 8 7252 560882

Телефон нөмірі: 8 7252 (561342)

Факс нөмірі: 8 7252 (561342)

Электрондық поштасы: infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

273607641477977080_ru.doc 60 кб
077334011477978243_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники