Тромбоштад® (500 МЕ + 4 мг +3 мг)

МНН: Аллантоин, Гепарин натрия, Декспантенол
Производитель: Хемофарм А. Д.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гепарин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020920
Информация о регистрации в РК: 27.12.2019 - 27.12.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Тромбоштад

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

(300 ХБ + 4 мг + 3 мг) және (500 ХБ + 4 мг + 3 мг) сыртқа қолдануға арналған крем, 40 г

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді заттар: 300 ХБ немесе 500 ХБ натрий гепарині

3 мг аллантоин

4 мг декспантенол,

қосымша заттар: динатрий эдетаты, бронопол, хостафат KW-340-N, лунацера М, карбомер 934, левоментол, ақшыл сұйық парафин, глицерол моностеараты 40-55 (тегин 515), пурцелинол, жұмсақ ақ парафин (ақ вазелин), троламин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ментолға тән иісі бар ақ гомогенді крем

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған құрамында гепарин бар препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген гепарин.

АТХ коды С05ВA53

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гепарин теріге жылдам өтеді және терінің мүйізгекті қабатында жинақталады, осылайша тек жергілікті әсер көрсетеді. Алантоин мен декспантенол гепариннің тез босап шығуына және терінің терең қабаттарына жақсы өтуіне ықпал етеді.

Фармакодинамикасы

Жергілікті қолдануға арналған біріктірілген препарат.

Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт. Ұюды болдырмайды, сол арқылы, қантамырлық жүйеде тромб түзілуінің алдын алады. Тек жергілікті әсер береді.

Аллантоин мен декспантенол тіндердің эпителизациясын, грануляциясын және регенерациясын жақсартады.

Қолданылуы

  • тромбоздардың, тромбофлебиттердің, көктамырдың варикозды кеңеюінің, варикоз алдындағы синдромның, флебиттен кейінгі синдромның алдын алу және емдеуде

  • қан айналымның жергілікті бұзылуларында, спорттық және басқа жарақаттарда (гематома, шығып кету, созылу), тендовагинитте, бурситте, қабыну инфильтраттарында

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Емдеуді Тромбоштад®, крем (500 ХБ + 4 мг + 3 мг) препаратынан бастау ұсынылады, Тромбоштад®, крем (300 ХБ + 4 мг + 3 мг) препаратын емдеу мен алдын алуды жалғастыру үшін қолдану керек.

Кремді зақымдалған аймаққа, сондай-ақ, терінің айналасындағы бөліктерге, күніне 2-3 рет жағады және мұқият ысқылайды. Флебит кезінде препаратты теріге ысқылап жақпайды, зақымдалған жерге 1-2 мм қабатпен жағады және окклюзиялық немесе созылғыш таңғышпен жабады. Трофикалық ойық жараларда кремді ойық жара ақауының айналасына сақина түрінде жағады. Емдеу курсы – 10-14 күн. Ұзағырақ емдеу курсын жүргізу мүмкіндігін дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • жаққан жерде қызару, шаншу және күйдіру сезімі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • қанап тұрған трофикалық ойық жаралар

  • терінің ашық немесе жұқпаланған зақымданулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Теріге жағылатын басқа дәрілік заттармен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктіліктің ІІІ триместрінде қолдануға болады. Препаратты жүктіліктің І және ІІ триместрінде және лактация кезеңінде сақтықпен (әйел үшін күтілетін пайдасы мен ұрық пен бала үшін ықтималды қауіп арақатынасын алдын ала бағалап алып) тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Жарғақшаны тесуге арналған құрылғысы бар пластмассадан жасалған бұрандалы қақпақпен тығындалған қорғағыш алюминий жарғақшасы бар алюминий сықпада 40 г-ден.

Сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хемофарм А.Д., Сербия

26300 Вршац қ.,

Белград жолы н/ж

тел.: 13/803100

факс: 13/803424

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Хемофарм А.Д., Сербия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e-mail: almaty@stada.kz

Прикрепленные файлы

287436421477976634_ru.doc 52 кб
647017871477977780_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники