Тромблесс®

МНН: Гепарин натрия
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Heparin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011858
Информация о регистрации в РК: 07.06.2013 - 07.06.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Тромблесс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натрий гепарині

Дәрілік түрі

1000 ХБ/г сыртқа қолдануға арналған гель

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді зат – 1000 ХБ (0.00833 г) натрий гепарині (натрий гепарині белсенділігі 120 ХБ/мг),

қосымша заттар: этанол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, диэтаноламин, карбомер, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе сәл сарғыш реңді, өзіне тән иісі бар мөлдір гель

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған құрамында гепарин бар препараттар. Гепарин.

АТХ коды С05ВА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гепариннің аздаған мөлшері тері бетінен жүйелі қан ағымына сіңеді. Препараттың қандағы ең жоғары концентрациясы аппликациядан кейін 8 сағаттан соң байқалады. Гепарин негізінен бүйрек арқылы шығарылады, жартылай шығарылу кезеңі 12 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Тікелей антикоагулянт, қабынуға қарсы, антипролиферативті, ісінуге қарсы және ауыруды басатын әсері бар. Тромбоциттер агрегациясын азайтады, протромбиннің тромбинге ауысуының алдын ала отырып, III антитромбинмен байланысады. Тромбиннің белсендігін бәсеңдетеді. Гиалуронидаза белсендігін төмендетеді, қанның фибринолитикалық қасиеттерін арттырады. Тромблесс® микроциркуляцияны жақсартады және тіндік алмасуды белсендіреді. Осының арқасында гематомалар мен тромбтардың таралу үдерісін жеделдетеді, нәтижесінде көктамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіреді. Клиникалық тұрғыдан бұл ауыруды айқын басатын және қабынуға қарсы әсермен қатар жүреді.

Қолданылуы

  • беткейлік көктамырлар тромбофлебитін алдын алу және емдеуде

  • инъекциядан кейінгі және инфузиядан кейінгі флебит, беткейлік перифлебитте

  • геморройда (оның ішінде босанудан кейінгі)

  • лимфостазда («күпсектік»)

  • лимфангитте

  • беткейлік маститте

  • жергілікті инфильтраттар мен ісінулер, жарақаттар мен соғылулар

(оның ішінде бұлшықет тінінің, сіңірлердің, буындардың), тері асты гематомасында (оның ішінде флебэктомиядан кейінгі)

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа: гельдің ұзындығы 3-10 см (0,5 - 1 г) сығындысын аздап ысқылай отырып, зақымданған жерге (диаметрі 3 - 5 см) тәулігіне 1-3 рет жағады.

Геморроидальді көктамырлар тромбозында: гель жағылған ректальді тампондар немесе бөз төсеніштерді тікелей геморроидальді түйіндерге қояды да, таңғышпен ұстатады. Емдеу курсы – 3-4 күн.

Ойық жаралы үдерісте гельді ойық жара айналасындағы қабынған теріге абайлап жағады.

Жағымсыз әсерлері

  • тері гиперемиясы, аллергиялық реакциялар түріндегі жергілікті реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • ойық жаралы-некроздық, іріңді үдерістер

  • тері жабындары бүтіндігінің жарақаттық бұзылулары

  • қанағыштыққа жоғары бейімділік, тромбоцитопения

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гельді ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттармен бірге қолдану протромбинді уақыттың ұзаруын туындатуы мүмкін.

Тромблесс қабынуға қарсы стероидті емес дәрілермен, тетрациклиндермен, антигистаминді дәрілік заттармен бір мезгілде жергілікті тағайындалмайды.

Айрықша нұсқаулар

Тромблесс, сыртқа қолдануға арналған гелін шырышты қабыққа жақпаған жөн.

Қанауға бейімділік жоғары болғанда, тромбоцитопенияда сақтықпен қолдану керек.

Тромблесс® жергілікті-тітіркенуші әсер етпейді.

Балаларда қолданылуы

Әр түрлі жастағы балаларға қолдану ерекшелігі мен шектеулер жоқ. Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың сіңуі төмен болуына байланысты, артық дозалану мүмкіндігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан алюминий немесе полиэтиленді ламинатты сықпаларға салынған.

Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайты: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 271-99-68

факс: (727) 255-33-78

e–mail: almaty@stada.kz

Прикрепленные файлы

489356001477976928_ru.doc 46.5 кб
927270051477978096_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники