Тромбекс

МНН: Клопидогрел
Производитель: Санофи Винтроп Индустрия
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clopidogrel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019341
Информация о регистрации в РК: 06.11.2012 - 06.11.2017

Инструкция

Саудалық атауы

ТРОМБЕКС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клопидогрел

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 75 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 97,875 мг клопидогрел гидросульфаты

(75 мг клопидогрел негізіне баламалы),

қосымша заттар, өзегі: микрокристалды целлюлоза, маннитол, орын алмастыруы төмен гидроксипропилцеллюлоза, гидрогенизирленген майсана майы, макрогол,

қабықтың құрамы: Опадрай 32 K 14834, II типі (лактоза, гипромеллоза, титанның қостотығы E171, триацетин, темірдің қызыл тотығы (Е172), карнауб балауызы.

Сипаттамасы

Қызғылт түсті қабықпен қапталған, бір жақ бетінде «75» таңбасы және басқа жақ бетінде «1171» таңбасы бар дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Антикоагулянттар. Тромбоциттердің бірігуін тежегіштер.

АТХ коды ВО1АС04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Күніне 75 мг дозада бір рет және қайталап қолданғаннан кейін клопидогрел тез сіңеді. Өзгермеген клопидогрелдің орташа ең жоғары плазмалық концентрациясы (75 мг дозада бір рет ішу арқылы қабылдағаннан кейін шамамен 2,2-2,5 нг/мл) препаратты қабылдағаннан кейін шамамен 45 минуттан соң білінді. Несеппен бірге бөлініп шыққан клопидогрелдің метаболитіне қарайтын болсақ, сіңуі 50%-дан кем емес.

Таралуы

Клопидогрел және оның қан ағысындағы негізгі (белсенді емес) метаболиті адам плазмасының протеиндерімен қайтымды байланыс түзеді (тиісінше, 98% және 94%). Байланысуы концентрацияның ауқымды диапазонында қанықпаған болып табылады.

Метаболизмі

Клопидогрел бауырда қарқынды метаболизмге ұшырайды. Клопидогрел екі негізгі жолмен метаболизденеді: біреуі эстеразалар арқылы және гидролизденіп, карбон қышқылының белсенді емес туындысын түзеді (қан ағысындағы 85% метаболит), басқасы әртүрлі Р450 цитохромдар арқылы болады. Алдымен клопидогрел аралық метаболит 2-оксо-клопидогрелге дейін метаболизденеді. Кейінгі аралық метаболит 2-оксо-клопидогрелдің метаболизмі белсенді метаболиттің, клопидогрелдің тиолды туындысының түзілуіне әкеледі. Метаболизмнің бұл жолы CYP3А4, CYP2С19, CYP1А2 және CYP2В6 арқылы жүреді. Белсенді тиол метаболиті тромбоциттердің рецепторларымен тез және қайтымсыз байланысып, осылайша тромбоциттердің бірігуін басады.

Белсенді метаболиттің Cmax мәні 4 күн бойы клопидогрелдің бір реттік 300 мг жүктеме дозасын қабылдағаннан кейін де, сондай-ақ демеуші 75 мг дозасын қабылдағаннан кейін де 2 есе артады. Препаратты қабылдағаннан кейін шамамен 30-60 минуттан соң Cmax байқалады.

Шығарылуы

Клопидогрелді қабылдағаннан кейін 120 сағат ішінде шамамен 50%-ы несеппен бірге және шамамен 46%-ы нәжіс заттарымен бірге бөлініп шығады. Ішу арқылы бір реттік 75 мг дозаны қабылдағаннан кейін клопидогрелдің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 6 сағатты құрайды. Негізгі айналымдағы (белсенді емес) метаболиттің жартылай шығарылу кезеңі бір рет және қайталап қабылдағаннан кейін 8 сағатты құрайды.

Фармакогенетикасы

CYP2С19 белсенді метаболиттің де, сондай-ақ аралық метаболит 2-оксо-клопидогрелдің де түзілуіне қатысады. Клопидогрелдің белсенді метаболитінің фармакокинетикасы және антитромбоцитарлы әсерлері CYP2С19 генотипіне байланысты өзгереді.

CYP2С19*1 аллель функциональді метаболизмге толық сәйкес келеді, онда CYP2С19*2 және CYP2С19*3 аллельдері ретінде функциональді емес болып табылады. CYP2С19*2 және CYP2С19*3 аллельдері еуропалықтарда (85%) және азиаттықтарда (99%) баяу метаболизаторлар қызметі төмендеген аллельдердің үлкен бөлігін жүзеге асырады. Метаболизмінің жоқтығымен немесе төмендігімен астасқан басқа да аллельдер аз жиілікте кездеседі және CYP2С19*4, *5, *6, *7 және *8 қамтиды. CYP2С19 аллельдерінің басым болуының нәтижесі CYP2С19-дың орташа және баяу метаболизмі болып табылады, ол нәсілге/этникалық түрге байланысты әртүрлі болды.

Метаболизатор жағдайы баяу емделушіде жоғарыда айтылғандай қызметі жоғалған екі аллель болады. Баяу CYP2С19 метаболизаторы генотиптерінің жиілігі еуропалықтар үшін шамамен 2%-ға, африкалықтар үшін 4%-ға және қытай тектілер үшін 14%-ға сай келеді. Емделушінің CYP2С19 генотипін анықтауға арналған тесттер бар.

Ультрашапшаң, шапшаң және орташа метаболизаторлар арасында белсенді метаболиттің экспозициясында және тромбоциттер агрегациясының орташа басылуында (ТАБ) айырмашылықтар байқалған жоқ. Баяу метаболизаторларда белсенді метаболитпен экспозициясы шапшаң метаболизаторлармен салыстырғанда 63-71%-ға төмен болды. 600 мг/75 мг дозалық режимді қолданғаннан кейін антитромбоцитарлы жауап реакциясы баяу метаболизаторларда төмен болды, мұндайда 39% ТАБ (24 сағат) және 58% (5 күн) шапшаң метаболизаторлармен және 37% (24 сағат) және 60% (5 күн) - орташа метаболизаторлармен салыстырғанда, орташа ТАБ (5 мкМ АДФ) 24% (24 сағат) және 37% (5 күн) құрады. Баяу метаболизаторлар 600 мг/150 мг режимінде болған кезде, белсенді метаболитпен экспозициясы 300 мг/75 мг режимінен жоғары болды. Бұдан басқа, ТАБ 32% (24 сағат) және 61% (5 күн) құрады, бұл 300 мг/75 мг режиміндегі баяу метаболизаторлардан көбірек болды, бірақ 300 мг/75 мг режиміндегі CYP2С19 метаболизаторларының басқа топтарына ұқсас болды. Науқастардың осы популяциялары үшін тиісті дозалық режим анықталған жоқ.

Белсенді метаболиттің экспозициясы орташа метаболизаторларда 28%-ға және баяу метаболизаторларда 72%-ға төмен болды, сонда тромбоциттер агрегациясының басылуы (5 мкМ АДФ), шапшаң метаболизаторлармен салыстырғанда, тиісінше, ТАБ 5,9% және 21,4% айырмашылықпен төмендеді.

Ерекше популяциялар

Клопидогрелдің белсенді метаболитінің фармакокинетикасы осы ерекше (бауыр және бүйрек қызметтері бұзылған) популяцияларда белгісіз.

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Клопидогрелдің күніне 75 мг дозасын қайталағаннан кейін бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы бар (креатинин клиренсі минутына 5 мл-ден 15 мл-ге дейін) емделушілерде АДФ (аденозиндифосфат) әсерінен тромбоциттер агрегациясының басылуы, дені сау субъектілерге қарағанда, әлсіздеу (25%) болды, алайда қан кету уақытының ұзаруы күніне 75 мг клопидогрел қабылдаған дені сау субъектілерде байқалғандарға ұқсас болды. Бұдан басқа, клиникалық жағымдылығы барлық науқастарда да жақсы болды.

Бауыр қызметінің бұзылуы

Клопидогрелдің күніне 75 мг дозасын қабылдауды 10 күн бойы қайталағаннан кейін бауыр қызметінің бұзылуы ауыр науқастарда АДФ әсерінен тромбоциттер агрегациясының басылуы дені сау субъектілерде байқалғандағыға ұқсас болды. Қан кету уақытының орташа ұзақтығы екі топта да ұқсас болды.

Фармакодинамика сы

Клопидогрел әсер етуші заттың ізашары болып табылады, осы метаболиттердің біреуі тромбоциттер агрегациясының тежегіші болып табылады. Клопидогрел CYP2С19 энзимдері арқылы метаболизмге ұшырайды, нәтижесінде тромбоциттер агрегациясын басатын белсенді метаболит түзіледі. Клопидогрелдің белсенді метаболиті аденозиндифосфаттың (АДФ) оның Р2Y12 тромбоцитарлы рецепторымен байланысын селективті түрде тежейді және кейін АДФ әсерінен GPIIb/IIIa гликопротеин кешенін белсенді етеді, осылайша, тромбоциттедің агрегациясына кедергі жасайды. Әсер етуге ұшыраған тромбоциттер, байланысуының қайтымсыздығы салдарынан, тіршілігінің қалған барлық мерзімінде (шамамен 7-10 күн) зақымданады, ал тромбоциттер қызметінің қалыпты қызметінің қайта қалпына келуі тромбоцитарлы циклге сәйкес жылдамдықпен жүзеге асады. АДФ-тен айырмашылығы бар агонистерден болатын тромбоциттердің агрегациясы да босап шыққан АДФ әсерімен жүзеге асатын тромбоциттер белсенділігінің күшеюінің бөгелуі арқылы басылады.

Белсенді метаболит CYP450 энзимдерінің жәрдемімен түзілетін болғандықтан, олардың ішіндегі кейбіреулері полиморфты немесе басқа дәрілік қосылыстармен басылады, тромбоциттердің тежелу дәрежесі барлық науқастарда бірдей жеткілікті бола бермейді.

Күніне 75 мг-нан қайталанатын дозалар алғашқы күннен бастап-ақ АДФ әсерінен тромбоциттер агрегациясының едәуір тежелуіне әкеп соқты. Тежегіш әсері үдеп күшейді және 3-7 күннен кейін тепе-тең жағдайға жетті. Тепе-тең жағдай сатысында күніне 75 мг дозада байқалған орташа тежелу деңгейі 40%-дан 60%-ға дейін болды. Тромбоциттердің агрегациясы және қан кету уақыты емдеуді тоқтатқаннан кейін әдеттегідей 5 күннен соң бастапқы қалпына оралды.

Қолданылуы

Атеротромбоздық жағдайлардың алдын алуға

- миокард инфарктісіне (бірнеше күннен 35 күннен азға дейін), ишемиялық инсультке (7 күннен 6 айдан азға дейін) шалдыққан ересек науқастарға, немесе шеткергі артериялардағы аурулары анықталған науқастарға

- коронарлық жедел жеткіліксіздігі бар ересек науқастарға:

- ST сегментінің жоғарылауынсыз қоронарлық жеткіліксіздігінің жедел синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесіз миокард инфарктісі), соның ішінде коронарлы қантамырларға тері арқылы араласым барысында коронарлы стент орналастырылған науқастарға ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктіріп;

- дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген, тромболитикалық ем жүргізу үшін жарамды ST сегменті жоғарылаған жедел миокард инфарктісі бар науқастарда АСҚ-мен біріктіріп;

Жыпылықтағыш аритмияларда атеротромбоздық және тромбоэмболиялық жағдайлардың алдын алуға

- жыпылықтағыш аритмиясы, қантамыр ауруларының ең болмағанда қауіпті бір факторы бар ересек науқастарда, К витаминінің агонистері (КВА) жақпайтын және қан кету қаупі үлкен емес науқастарда ми инсультін қоса есептегенде, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық жағдайларға, жол бермеу үшін АСҚ-мен біріктіріп.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған. Оны ас қабылдауға байланыссыз қабылдай беруге болады.

Ересектер және егде жастағы науқастар

Клопидогрелді тәулігіне бір рет 75 мг-нан қабылдаған жөн.

Жедел коронарлы жеткіліксіздік синдромы бар науқастарда:

- ST сегментінің жоғарылауынсыз коронарлы қызмет жеткіліксіздігінің жедел синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесіз миокард инфарктісі): клопидогрелмен емдеу бір реттік 300 мг жүктеме дозадан басталуы тиіс, ал содан кейін тәулігіне бір рет 75 мг дозамен (тәулігіне 75-325 мг доза ацетилсалицил қышқылымен бірге) жалғастырылуы тиіс. АСҚ өте жоғары дозалары қан кету қаупінің жоғарылауымен астасатындықтан, АСҚ дозасы 100 мг-нан аспауы керек. Қолайлы емдеу ұзақтығы формальді түрде анықталған жоқ. Клиникалық зерттеу деректері препаратты 12 айға дейін қолдану үшін негіз болып табылады, ең жоғары оң әсер 3 ай емдеуден кейін байқалады.

- ST сегменті жоғарылаған жедел миокард инфарктісі: клопидогрелді 75 мг-ға тең бір реттік тәуліктік дозада қабылдаған жөн, жүктеме 300 мг дозадан бастап, оны АСҚ және басқа да тромболитикалық дәрілермен бірге немесе оларсыз қабылдаған жөн. 75 жастан асқан науқастарды клопидогрелмен емдеуді жүктеме дозасыз бастаған жөн. Біріктірілген емді мүмкіндігінше симптомдар пайда болғаннан кейін ертерек бастаған және кем дегенде 4 апта бойы жалғастырған жөн. Осы ауруда клопидогрелді АСҚ-мен 4 апта біріктіріп қолданудың оң әсері зерттелген жоқ («Фармакодинамикасын» қараңыз).

Жыпылықтағыш аритмиясы бар науқастарға клопидогрелді 75 мг-ға тең бір реттік тәуліктік дозада тағайындаған жөн. АСҚ (тәулігіне 75-325 мг) қабылдауды бастаған және оны клопидогрелмен біріктіріп қолдануды жалғастырған жөн («Фармакодинамикасын» қараңыз).

Егер дозаны ұмытып өткізіп алса:

- дәріні қабылдаудың әдеттегідей жоспарланған уақытынан бері 12 сағаттан аз уақыт өтсе: науқас дозаны дереу қабылдауы керек және осыдан кейін келесі дозаны дәріні қабылдаудың әдеттегідей жоспарланған уақытында қабылдағаны жөн.

- 12 сағаттан астам уақыт өтсе: науқас келесі дозаны дәріні қабылдаудың әдеттегідей жоспарланған уақытында қабылдағаны жөн, бірақ қос доза қабылдауға болмайды.

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Бүйрек қызметі бұзылған науқастарды емдеу тәжірибесі шектеулі («Айрықша нұсқаулар» тарауын қараңыз).

Жағымсыз әсерлері

Қан кету клиникалық зерттеулерде де, сондай-ақ постмаркетингтік кезеңде де тіркелген ең жиі реакция болып табылады, онда ол негізінен емдеудің алғашқы айы ішінде тіркелді.

Клиникалық зерттеулерде немесе кездейсоқ мәлімдемелерде айтылған жағымсыз реакциялар төменде берілген.

Жиі (≥1/100, 1/10)

- гематома және жарақаттық соғылу

- мұрыннан қан кету

- асқазан-ішектік қан кету, диарея, іштің ауыруы, диспепсия

- пункция жасаған жерден қан кету

Жиі емес (≥1/1000,<1/100)

- тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия

- бас сүйекішілік қан құйылу (өлім-жітіммен аяқталған бірнеше жағдайлар жөнінде мәлімделді), бас ауыру, парестезия, бас айналу

- көзге қан құйылу (конъюнктивальді, окулярлы, ретинальді)

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит, құсу, жүректің айнуы, іш қату, метеоризм

- бөртпе, қышу, терінің қанталауы (пурпура)

- гематурия

- қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофилдер санының азаюы, тромбоциттер санының азаюы

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- нейтропения, соның ішінде ауыр түрі

- вертиго (вестибулярлы бас айналу)

- ретроперитонеальді қан кету

Өте сирек (<1/10000)

- тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), апластикалық анемия, панцитопения, агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопения, гранулоцитопения, анемия

- сарысу құю ауруы, анафилактоидтық реакциялар

- елестеулер, сананың шатасуы

- дәм сезінудің бұзылуы

- ауыр қан кету, операциялық жарадан қан кету, васкулит, гипотензия

- респираторлы жолдан қан кету (қан түкіру, өкпеден қан кету), бронхтың түйілуі, интерстициальді пневмонит

- асқазан-ішектік және ретроперитонеальді қан кетудің өлімге ұласуы, панкреатит, колит (соның ішінде ойық жаралы және лимфоцитарлы), стоматит

- бауыр қызметінің жедел жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр қызметі талдамаларының патологиялық көрсеткіштері

- буллёзді дерматит (уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп пішінді эритема), ангиоэдема, эритематозды бөртпе, есекжем, экзема және жалпақ теміреткі

- қаңқа-бұлшықеттен қан кету (гемартроз, артрит, артралгия, миалгия)

- гломерулонефрит, қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы

- қызба

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- бауыр қызметінің ауыр бұзылуы

- пептикалық ойық жарадан қан кету немесе бас сүйекішілік қан құйылу сияқты жедел қан кету

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттар: клопидогрелді ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл біріктіру қан кетуді күшейтуі мүмкін («Айрықша нұсқауларды» қараңыз). Варфаринмен емді ұзақ қабылдаған науқастарда тәулігіне 75 мг клопидогрелді қабылдау S-варфариннің фармакокинетикасын және халықаралық қалыпты қатынасын (ХҚҚ) өзгертпейтіндігіне қарамастан, клопидогрел мен варфаринді бір мезгілде қолдану, екі препараттың да гемостазға әсер етуіне байланысты, қан кету қаупін артырады.

IIb/IIIа гликопротеині тежегіштері: клопидогрелді IIb/IIIа гликопротеині тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарға қолданғанда сақ болған жөн («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).

Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ): АСҚ клопидогрелдің әсерінен АДФ-мен индукцияланған тромбоциттер агрегациясының тежелуін өзгертпейді, алайда клопидогрел коллагенмен индукцияланған тромбоциттер агрегациясына АСҚ-ның әсерін күшейтеді. Соған қарамастан, тәулік ішінде күніне екі рет 500 мг-нан АСҚ-ны бір мезгілде қабылдау клопидогрелді қабылдаудан болатын қан кету уақытын елеулі арттырған жоқ. Клопидогрел мен ацетилсалицил қышқылы арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін, ол қан кету қаупін арттырады. Демек, осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болған жөн («Айрықша нұсқауларды» қараңыз). Дегенмен, клопидогрел мен АСҚ бір жылға дейін бірге тағайындалды («Фармакодинамикасын» қараңыз).

Гепарин: клопидогрел гепарин дозасын өзгертуді қажет еткен жоқ немесе қанды ұйытатын гепариннің әсеріне ықпалын тигізген жоқ. Гепаринді бір мезгілде қолдану клопидогрелдің әсерінен тромбоциттер агрегациясының тежелуіне ықпал еткен жоқ. Клопидогрел мен гепарин арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін, ол қан кету қаупінің артуына әкеледі. Демек, осы препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықпен жүргізілуі тиіс («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).

Тромболитикалық дәрілер: клопидогрелді фибринге тән және фибринге тән емес тромболитикалық дәрілермен және гепаринмен бірге қолданудың қауіпсіздігі жедел миокард инфарктісі бар науқастарда зерттелді. Клиникалық қан кету жиілігі тромболитикалық дәрілер мен гепаринді АСҚ-мен бірге қолданғанда байқалған кездегіге ұқсас болды («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД): клопидогрел мен напроксенді бірге қолдану асқазан-ішек жолынан жасырын қан кетуді арттырды. Алайда, басқа ҚҚСД-мен өзара әрекеттесуі бойынша жеткілікті клиникалық зерттеулердің жоқ болуы салдарынан, қазіргі таңда асқазан-ішектен қан кетудің жоғары қаупінің барлық ҚҚСД-ге тән болатын-болмайтыны анық емес. Демек, ҚҚСД (соның ішінде (ЦОГ-2 тежегіштерін) және клопидогрелді бір мезгілде қолдану сақтықты қажет етеді («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).

Бір мезгілде жүргізілетін басқа ем: клопидогрел өзінің белсенді метаболитіне ішінара CYP2С19 жәрдемімен метаболизденетін болғандықтан, осы энзимнің белсенділігін төмендететін дәрілік заттарды қолдану клопидогрелдің белсенді метаболитінің дәрілік концентрациясының төмендеуіне әкеледі деп күтіледі. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы анық емес. Сақтық шаралары ретінде CYP2С19 төмендететін дәрілік заттарды бір мезгілде қолданбаған жөн.

Р450 2С19 (CYP2С19) цитохромы

Фармакогенетикасы: CYP2С19 баяу метаболизаторлары болып табылатын науқастарда клопидогрел тиісті дозаларда белсенді метаболиттерді аз түзеді, және оның тромбоциттердің қызметіне әсері аз. Науқастарда CYP2С19 генотипін анықтауға арналған тесттер бар.

Клопидогрел біршама CYP2С19 жәрдемімен өзінің белсенді метаболитіне дейін метаболизденетін болғандықтан, осы энзимнің белсенділігін басатын дәрілік заттарды қолдану клопидогрелдің белсенді метаболитінің дәрілік концентрациясының төмендеуіне әкеледі деп күтіледі. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы анық емес. Сақтық шаралары ретінде айқындылығы күшті немесе орташа әсер ететін CYP2С19 тежегіштерімен бір мезгілде қолданбаған жөн (CYP2С19 тежегіштерінің тізімін «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» тарауынан, сондай-ақ «Фармакокинетикасы» тарауынан қараңыз).

CYP2С19-ды төмендететін дәрілік заттарға омепразол және эзомепразол, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид, вориконазол, флуконазол, тиклопидин, ципрофлоксацин, циметидин, карбамазепин, окскарбазепин және хлорамфеникол жатады.

Протонды помпа тежегіштері (ППТ):

Омепразолдың тәулігіне бір рет 80 мг дозасын клопидогрелмен бір мезгілде қабылдау, немесе екі дәрілік затты қабылдау арасында 12 сағаттық аралықты сақтау белсенді метаболиттің экспозициясын 45%-ға (жүктеме доза) және 40%-ға (демеуші доза) төмендетті. Төмендеу тромбоциттер агрегациясының басылуының төмендеуімен 39% (жүктемес доза) және 21% (демеуші доза) байланысты болды. Клопидогрелмен бір мезгілде қабылданған эзомепразол да белсенді метаболиттің экспозициясын төмендетеді деп күтіледі.

Айрықша нұсқаулар

Метаболит экспозициясының азырақ айқын төмендеуі пантопразол мен лансопразол жағдайында байқалды.

Белсенді метаболиттің плазмалық концентрациялары күніне бір рет 80 мг доза пантопразломен емдеген кезде 20%-ға (жүктеме дозада) және 14%-ға (демеуші дозада) төмендеді. Бұл тромбоциттер агрегациясының орташа тежелуінің, тиісінше, 15%-ға және 11%-ға төмендеуімен қатар жүрді. Бұл нәтижелер клопидогрелді пантопразолмен бірге қолдануға болатындығын көрсетеді.

Асқазанның қышқылдылығын төмендететін Н2-рецепторлардың бөгегіштері (CYP2С19 тежегіші болып табылатын циметидинді қоспағанда) және антацидтер сияқты дәрілер клопидогрелдің антитромбоцитарлы белсенділігіне ықпал етеді деуге айғақтамалар жоқ.

Басқа да дәрілік препараттар:

Клопидогрел атенололмен немесе нифедипинмен немесе осы екі затпен бірге қолданылған кезде клиникалық тұрғыдан фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. Фенобарбиталды немесе эстрогенді бір мезгілде қолдану клопидогрелдің фармакодинамикалық белсенділігіне елеулі ықпалын тигізген жоқ.

Дигоксиннің және теофиллиннің фармакокинетикасы клопидогрелді бір мезгілде қолданғанда өзгерген жоқ.

Антацидтік дәрілер клопидогрелдің сіңу дәрежесін өзгерткен жоқ.

CYP2С9 жәрдемімен метаболизденетін фенитоин мен толбутамидті клопидогрелмен бір мезгілде қауіпсіз қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Қан кетулер және гематологиялық бұзылулар

Емделу кезінде қан кету және гематологиялық жағымсыз реакцияларға байланысты, қан кетуді көрсететін клиникалық симптомдар пайда болған кезде бірден қанға жалпы талдама және/немесе басқа да тиісті талдамалар жасаған жөн («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Басқа да антитромбоцитарлы дәрілер сияқты, клопидогрелді науқастар жарақаттарға, хирургиялық немесе басқа да патологиялық жағдайлармен байланысты күшті қан кету қаупіне бейім жағдайда, сондай-ақ АСҚ-мен, гепаринмен, IIb/IIIа гликопротеин тежегіштерімен немесе қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілермен (ҚҚСД), ЦОГ-2 тежегіштерін қоса есептегенде, емделіп жүрген жағдайда сақтықпен қолданған жөн. Науқастарды, әсіресе емнің алғашқы аптасында және/немесе жүрекке инвазивтік емшаралардан немесе хирургиялық араласымнан кейін қан кетудің кез келген белгілерін, жасырын қан кетуді қоса есептегенде, бар-жоқтығын анықтау үшін мұқият бақылауға алу қажет. Клопидогрелді ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттармен бір мезгілде қолданбау керек, өйткені бұл қан кетуді күшетуі мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз).

Егер науқасқа элективті хирургиялық араласым жасалатын болса, және антитромбоцитарлы әсер уақытша қажет болмаса, клопидогрел қабылдауды операциядан 7 күн бұрын тоқтатқан жөн. Жоспарланған кез келген операциядан бұрын және кез келген дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын науқастар дәрігерге клопидогрел қабылдап жүргенін ескертуі тиіс.

Клопидогрел қан кету уақытын ұзартады және қан кетуге бейім (әсіресе асқазан-ішек жолынан және көзішілік) патологиялық өзгерістері бар науқастарға сақтықпен қолданылуы тиіс.

Тромбексті (бір өзін немесе АСҚ-мен біріктіріп) қабылдаған кезде қанның тоқтауы үшін көп уақыт кететіндігін, егер оларда әдеттен тыс (орналасуы немесе ұзақтығы бойынша) қан кету пайда болса, оны дәрігерге айтуы қажет екендігін науқасқа ескертіп қою керек.

Тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП)

Тромбексті қолданғаннан кейін өте сирек, ал кейде және ұзаққа созылмайтын экспозициядан кейін тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП) жағдайлары білінді. Ол неврологиялық өзгерулер, бүйрек қызметінің бұзылуы немесе қызба қатар жүретін тромбоцитопениямен және микроангиопатиялық гемолитикалық анемиямен сипатталады. ТТП плазмаферезді қоса есептегенде, дереу емдеуді қажет ететін өмірге қауіпті жағдай болып табылады.

Жедел ишемиялық инсульт

Деректер жоқ болғандықтан, жедел ишемиялық инсульттан кейін алғашқы 7 күн ішінде Тромбекс қолданылмауы мүмкін.

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Бүйрек қызметі бұзылған науқастарды Тромбекспен емдеу тәжірибесі шектеулі. Демек, мұндай науқастар жағдайында Тромбексті абайлап қолданған жөн.

Бауыр қызметінің бұзылуы

Геморрагиялық диатезге бейім, бауыр қызметінің ауырлығы орташа дәрежелі бұзылуы бар науқастарға препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі. Осыған байланысты, осы популяцияда Тромбекс сақтықпен қолданылуы тиіс.

Қосымша заттар

Тромбексте лактоза бар. Галактоза жақпаушылығының тұқым қуалаған сирек бұзылулары бар, Лаппа лактаза тапшылығы және глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар науқастар осы препаратты қабылдамағаны жөн.

Бұл дәрілік затта гидрогенизделген майсана майы бар, ол асқазанды бұзуы және диареяны туындатуы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Тромбексті қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі балаларда және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде анықталған жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Клопидогрелдің жүктілік кезіндегі әсері жөнінде клиникалық деректер жоқ болғандықтан, сақтық шаралары ретінде клопидогрелді жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс.

Клопидогрелдің адамда емшек сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Клиникаға дейінгі зерттеулер клопидогрелдің емшек сүтіне өтетіндігін көрсетті. Сақтық шаралары ретінде Тромбекспен емдеу кезінде емшек емізуді жалғастырмаған жөн.

Фертильділігі

Клиникаға дейінгі зерттеулерде клопидогрелдің фертильділікке әсер етуі айғақталған жоқ.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Бас айналу құбылыстары жиі емес немесе жағымсыз әсерлері өте сирек болса да, препаратты автомобильді және жұмыс механизмдерін басқарған кезде абайлап қолданған жөн.

Артық дозалағануы

Симптомдары: клопидогрелдің артық дозада қабылдануы қан кету уақытының ұзаруына және кейіннен қан кетудің асқынуына әкеп соғуы мүмкін.

Емдеу: қан кеткен жағдайда тиісті ем қажет болуы мүмкін. Клопидогрелдің фармакологиялық белсенділігінің у қайтарғысы табылған жоқ. Егер қан кетудің созылу уақытын тез түзету қажет болса, тромбоциттердің трансфузиясы клопидогрелдің әсерін тоқтатуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада қабықпен қапталған 30 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 3 қаптама қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Санофи Винтроп Индустрия, Франция

Тұрғылықты мекенжайы: 1, rue de la Vierge, Ambares et Lagrave, 33565 Carbon Blanc Cedex, France

Тіркеу куәлігінің иесі

Зентива к.с., Чех Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050016 Алматы қ-сы, Қонаев к-сі 21Б

телефон: 8-727-244-50-96

факс: 8-727-258-25-96

e-mail:info@zentiva.kz

 

Прикрепленные файлы

080652241477977043_ru.doc 111.5 кб
840068851477978222_kz.doc 132.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники