ТРОКСЕРУТИН-МИК (Troxerutin)

МНН: Троксерутин
Производитель: Минскинтеркапс УП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Troxerutin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024243
Информация о регистрации в РК: 06.08.2019 - 06.08.2024
Номер регистрации в РБ: 23/08/571
Информация о регистрации в РБ: 14.09.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ТРОКСЕРУТИН-МИК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Троксерутин

Дәрілік түрі

200 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 200 мг троксерутин,

қосымша заттар: лактоза, картоп крахмалы, кальций стеараты,

Желатин капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин, тазартылған су, титанның қостотығы Е-171, натрий лаурилсульфаты, бояғыштар: хинолинді сары Е-104, «күн батар түстес» сары Е-110.

Сипаттамасы

Сары түсті, жартылай сфералық ұштары бар цилиндр пішінді қатты

желатин капсулалар.

Капсула ішіндедәмі мен иісі жоқ сары түсті аморфты ұнтақ немесе шыны таяқшамен жеңіл ыдырайтын нығыздалған ұнтақ бағаны.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Вазопротекторлар. Капиллярларды тұрақтандыратын дәрілер. Биофлавоноидтар. Троксерутин.

АТХ коды С05CA04.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

14С-О(β-гидроксиэтил)-рутозидті ішке қабылдаудан кейін адамда қабылданған дозадан 10-15% жуық сіңуі анықталған. Плазмада ең жоғары концентрациялары қабылдаудан кейін 1-9 сағат шегінде басталады. Плазмадағы концентрациялары 120 сағат шегінде анықталатын күйде қалады, осы орайда олардың төмендеуі биоэкспоненциальді сипатта болады. Плазма ақуыздарымен 27-29% байланысады, көбірек мөлшерде эндотелий тінінде жинақталады.

Негізінен бауырда О-глюкурондану арқылы метаболизденеді. Негізінен өтпен және аз дәрежеде несеппен шығарылады. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтуі мардымсыз, аздаған мөлшерде емшек сүтімен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Флавоноид (рутин туындысы) Р-дәрумендік белсенділігін иеленеді; венаны сергітетін, ангиопротекторлық, қабынуға қарсы және ісінуге қарсы әсерін көрсетеді; капиллярлар өткізгіштігін азайтады.

Фармакодинамикалық қасиеттері троксерутин биофлавоноидтарының тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысуымен және гиалуронидазаны тежеуімен байланысты. Гиалуронидазаны бәсеңдетіп, троксерутин жасуша қабықтарында гиалурон қышқылын тұрақтандырады және олардың өткізгіштігін азайтады. Антиоксиданттық белсенділігі бар, соның нәтижесінде аскорбин қышқылының, адреналин мен липидтердің тотығуын болдырмайды. Бұдан басқа, капиллярлардың өтікзгіштігі мен сынғыштығын азайтады, эндотелий жасушаларының базалық жарғақшасының оларға әртүрлі факторлар әсер еткенде зақымдануын болдырмайды. Троксерутин тамыр жақтауындағы экссудаттық қабынуды төмендетіп, оның беткейінде тромбоциттер адгезиясын азайтады. Агрегацияны тежейді және эритроциттердің деформациялану дәрежесін арттырады.

Венаның созылмалы жеткіліксіздігінде троксерутин аяқтағы ауырлық пен ісіну сезімін азайтады, ауыру және құрысу қарқындылығын төмендетеді, тіндер трофикасын жақсартады.

Троксерутин геморроймен байланысты симптомдарды (ауыру, экксудация, қышыну, қан кету) жеңілдетеді.

Қолданылуы

Вена-лимфа жеткіліксіздігінің:

  • аяқтағы ауырлық

  • ауыру

  • ісінуге бейімділік

  • трофикалық бұзылулар

симптомдарын (кешенді ем құрамында) емдеу.

Жедел геморрой ұстамаларымен байланысты симптомдарды (кешенді ем құрамында) емдеу.

Қолдану тәсілі және дозалары

Троксерутин-МИК ас ішу кезінде жеткілікті су мөлшерімен іше отырып, ішке қабылданады.

Бастапқы доза – тәулігіне 3 рет 2 капсуладан. Бір дозасымен емдеуді, әдетте, 2 апта шегінде объективті клиникалық жақсаруға (ісінудің және вена жеткіліксіздігінің басқа симптомдарының азаюына) дейін жалғастырған жөн.

Демеуші доза – тәулігіне 3 рет 1 капсуладан. Емдеу курсы – 2-4 апта.

Симптомдарды редукциялаудан кейін емдеуді тоқтатуға болады, симптоматикасы қайта білінгенде оны жоғарылда сипатталған сызба бойынша қайта жүргізуге болады.

Пациенттердің ерекше санаттары:

Егде жастағы пациенттер: дозаны түзету қажет емес.

Бауыр және бүйрек функциясының декомпенсацияланға жеткіліксіздігі бар пациенттер: дозаны азайту ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Төменде көрсетілген жағымсыз реакциялар жиілігі келесі ескертпені пайдаланумен анықталды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 – <1/10), жиі емес (≥1/1000 – <1/100), сирек (≥1/10000 – <1/1000), өте сирек (<1/10000), жекелеген жағдайларды қоса.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Өте сирек: анафилаксиялық шок; анафилактоидтық реакциялар; аса жоғары сезімталдық реакциялары.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте сирек: бас ауыру, бас айналу.

Тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте сирек: «ысынулар».

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Сирек: гастралгия, асқазанның жайсыздануы, диспепсия, метеоризм, диарея.

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Сирек: бөртпе, қышыну, есекжем.

Жалпы бұзылулар

Өте сирек: шаршау.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

  • созылмалы гастрит (өршу фазасындағы)

  • троксерутинге аса жоғары сезімталдық

  • жүктілік (I триместр)

  • лактация кезеңі

  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар

  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Троксерутин-МИК препаратының дәрілік өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Күтілетін емдік нәтижесіне жету үшін дозалануы мен емдеу ұзақтығы бойынша дәрігер нұсқауын қатаң түрде қадағалау қажет.

Бүйрек функциясының айқын бұзылулары бар пациенттерге ұзақ уақыт пайдалануға кеңес берілмейді.

Препарат бауыр, бүйрек немесе жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының салдарынан болатын ісінулер кезінде тиімсіз.

Препарат құрамында лактоза бар және лактоза жеткіліксіздігі, галактоземиясы немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге ұсынылмайды.

Бояғыштарының (Е-104 және Е-110) болуына орай, препаратпен емдеу аллергиялық типті реакцияны, соның ішінде демікпені туғызуы мүмкін. Аспиринге аллергия бар болса, аллергияның пайда болу қаупі жоғары.

Венадағы қан айналымы бұзылуларында теңестірілген салауатты өмір салтын ұстану емдеудің ең жоғары әсеріне жеткізеді, осы орайда күн астында ұзақ аялдаудан, аяғынан ұзақ уақыт тік тұрудан, дене салмағын қосып алудан, жаяу көп серуендеуден сақтану қажет.

Пациенттер компрессиялық емдік трикотаж (гольфтер, шұлықтар) кию, компресс қою, аяқ аумағына салқын су себезгілеу және т. б. сияқты дәрігер тағайындаған қосымша емдеу шараларын қалтқысыз қадағалау керек.

Егер, аномальді ауыр шағымдары, әсіресе, қабынумен, тері түсінің өзгеруімен, ширығу немесе ысыну сезімімен, терінің қатаюымен, ауырулармен, ойық жаралармен, тромбофлебитпен, бір немесе екі аяқтың ісінуімен сипатталатын аяқтардың жай-күйіне шағынуы болса, шұғыл дәрігерге қаралу керек, өйткені аталған симптомдар күрделі ауру белгілері (аяқ веналарының тромбозы) болуы мүмкін. Жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі белгілеріне де жатады.

Жедел геморрой ұстамаларында осы препаратты қабылдау аноректальді аумақтың басқа ауруларын арнайы емдеуді алмастыра алмайды. Емдеу қысқа курспен тағайындалуы тиіс. Егер симптомдар жылдам басылса, проктологиялық тексеру өткізу және жүргізілген емді қайта қарау қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі – симптоматикалық, қажет болса, перитонеальді диализ тағайындауға болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қатты желатин капсулалар.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

Пішінді ұяшықты 5 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,

220075, Минск қ., а/ж 112, Инженерная к-сі, 26 үй

Тел./факс: (+37517) 276-01-59

Тіркеу куәлігі ұстаушысы

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Private Clinic Farmaceuticals & Technologies» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-2, 58А үй, 11 қабат

Тел. (+727) 266-84-15

E-mail: info@privateCPT.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пшта)

«Рахметова» ЖК, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Байзақов к-сі,

116 үй, 35 пәтер

Тел. 8-777-324-23-37

E-mail: al.rakhmetova@ yandex.kz

6

Прикрепленные файлы

Трокскрутин-МИК_22.07_.2019_.docx 0.04 кб
Троксерутин,_каз._.doc 0.08 кб
16_09_571_p.pdf 0.16 кб
16_09_571_s.pdf 0.24 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ