Троксерутин Ветпром (2%)

МНН: Троксерутин
Производитель: Ветпром АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Troxerutin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018684
Информация о регистрации в РК: 08.06.2017 - 08.06.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Троксерутин Ветпром

Халықаралық патенттелмеген атауы

Троксерутин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 2 % гель, 40 г

Құрамы

100 г гельдің құрамында

белсенді зат - 2,0 г троксерутин,

қосымша заттар: карбомер, троламин, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Иіссіз, сарыдан сарғылт-жасылға дейінгі біркелкі мөлдір гель.

Фармакотерапиялық тобы

Қылтамырлар өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар.

АТЖ коды С05СА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гельді теріге жаққанда белсенді зат эпидермис арқылы жылдам енеді, 30 минуттан кейін дермада, ал 2 – 5 сағаттан соң тері асты май клетчаткасында анықталады.

2 метаболит түзу арқылы бауырда метаболизденеді. Тәулік ішінде бүйрек және өтпен (11 % өзгермеген түрінде) шығарылады.

Фармакодинамикасы

Троксерутиннің венотоникалық, ангиопротекторлық, ісінуге қарсы, қабынуға қарсы, антиоксидантты әсері бар. Тотықтандыру-қалпына келтіру үрдісіне қатысады, гиалуронидазаны бөгейді, жасуша қабықтарының гиалурон қышқылын тұрақтандырады және қылтамырлар өткізгіштігі мен сынғыштығын азайтып, олардың тонусын жоғарылатады. Тамыр қабырғалары тығыздығын арттырады, плазманың сұйық бөлігі экссудациясы мен қан жасушалары диапедездерін азайтады.

Тамыр қабырғасында беткейіне тромбоциттердің жабысуын шектей отырып, қабынуды төмендетеді. Созылмалы көктамыр жеткіліксіздігімен емделушілерге аурудың бастапқы сатысында да, соңғысында да қолдану ұсынылады. Уытты емес, емдік әсерінің ауқымы кең.

Қолданылуы

  • созылмалы көктамырлық жеткіліксіздікке байланысты ауыру мен ісінулерде

  • аяқта ауырлық пен ауыруды сезіну, тобықтың ісінуінде

  • шаршау, домбығу, құрысулар, парестезияларда

  • жедел беткейлік тромбофлебит және перифлебитте

  • көктамырлық дерматитте

  • жарақат сипатындағы ауырулар мен ісінулерде (оның ішінде байламдардың зақымдануы, бұлшықеттің созылуы немесе соғылуы)

Қолдану тәсілі және дозалары

Гель сыртқа қолдануға арналған.

Гельді таңертең және кешке теріге толық сіңгенге дейін төменнен жоғары қарай жеңіл уқалап, зақымданған аймаққа жағу керек. Емделуші қандай да бір себеппен препаратты пайдалануды өткізіп алған жағдайда, екі емдеу сеансы арасында кем дегенде 10-12 сағат аралықты сақтап, кез келген уақытта жағуына болады.

Қажеттілігіне қарай бинт немесе эластикалық шұлықтың астына жағуға болады.

Емдеу ұзақтығы ісінулер мен басқа да симптомдары толық жойылғанға дейін белгіленеді.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • қызару, қышу, бөрту, дерматит

  • бас ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

- тері жабыны бүтіндігінің бұзылуында

- 15 жасқа дейінгі балаларға

- жүктіліктің I триместрінде, лактация кезеңінде

Бүйрек жеткіліксіздігінде сақ болу (ұзақ пайдалануда) керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Троксерутин Ветпромның жергілікті қолданғандағы дәрілермен өзара әрекеттестігі белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Шырышты қабық пен ашық жараға жағуға болмайды!

Жүктілік

Жүктіліктің ІІ-ІІІ триместрінде, егер анасы үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қатерден артық болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Дәрілік препарат айрықша зейін қою мен жылдам реакцияны талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін атқаруға әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Препаратты қолдану тәсіліне орай артық дозалану қаупі жоқ. Байқамай гельдің көп мөлшерін жұтып қойған жағдайда, ауыз қуысы мен асқазанды шаю керек. Қажет болғанда симптоматикалық ем тағайындалады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

40 г препараттан ішкі лакты жабыны, литографияланған сыртқы беткейі, жарғақша мен нығыздайтын сақинасы, бұрандалы полиэтилен қақпағы бар алюминий сықпаға салынған.

Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздап қатуын болдырмау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ВетПром АД, Болгария

2400 Радомир қ., Отец Паисий к-сі, 26

Тіркеу куәлігінің иесі

ВетПром АД, Болгария

2400 Радомир қ., Отец Паисий к-сі, 26

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: Ұйымның атауы: «MFS Company» ЖШС

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Емцов к-сі, 26,

"ШИПА" әкімшілік ғимараты, 2 қабат, 6 кеңсе

Телефон: +7 727 317 20 30

Факс: +7 727 317 20 30

 

Прикрепленные файлы

400373541477977154_ru.doc 49.5 кб
444024541477978317_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники