Троксевазин® (капсулы) (Troxerutin)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Троксевазин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Троксерутин
Дәрілік түрі
300 мг капсулалар,
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 300мг троксерутин
қосымша заттар: магний стеараты, лактоза моногидраты
қатты желатинді капсуланың құрамы: сары сансет (E110), хинолин (Е104), титанның қостотығы Е171, желатин.
Сипаттамасы
Қатты цилиндрлі желатинді капсулалар №1, корпусы мен сары түсті қақпақшасы бар.
Капсуланың ішінде – сарыдан сарғыш-қоңыр түске дейінгі ұнтақ, басқан кезде ыдырап кететін конгломераттардың болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Қылтамырлардың өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар.
АТЖ коды С05СА04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Ішке қабылдағаннан кейін ақазан-ішек жолынан (АІЖ) жылдам сіңіріледі, гистогематиялық бөгеттен жеңіл өтеді. Троксерутиннің плазмадағы ең жоғары концентрациясы 2 сағаттан кейін байқалады, қан плазмасындағы емдік концентрациясы 8 сағат бойы тұрады.
Метаболизмі
Бауырда 2 метаболит түзе отырып, метаболизденеді.
Шығарылуы
Жартылай шығарылу кезеңі - 24 сағатқа жуық. Троксерутин көбінесе өтпен шығарылады, тек аз ғана бөлігі несеппен шығарылады. Қан-ми бөгеті арқылы өтпейді. Плацентарлық бөгет арқылы енуі шамалы ғана, аз ғана мөлшерде емшек сүтімен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Венозды қан айналымы бұзылғанда қолданылатын препарат, биофлавоноид. Ол қылтамырлардың өткізгіштігін және сынғыштығын төмендетеді, антиоксидантты, ісінуге қарсы, көктамыр сергітетін, ангиопротекторлық және қабынуға қарсы әсер береді. Созылмалы көктамыр жетіспеушіліктен туындайтын ісінуді, ауру сезімін, трофикалық бұзылуларды және басқа да патологиялық өзгерістерді азайтады. Троксевазин қылтамырлардың тұрақтылығын жоғарылататын әсер көрсетеді және көктамырдың тамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендете отырып, гистаминнің, брадикининнің, ацетилхолиннің венодилатациялық әсерлерін бөгейді. Көктамыр жанындағы тіндердің қабынуына қарсы әсер етеді, қылтамырларға тоникалық белсенділік тән және антиагреганттық әсерге ие. Варикозды көктамырлар дамығанда қызметі үнемі өзгеріп отыратын қан тамырлардың қабырғаларына жағымды әсер етіп, Троксевазин созылмалы веноздық жетіспеушіліктің ағымын жақсартады және оның асқынып кетуінің алдын алады. Препарат тотығу-тотықсыздану үрдістеріне, гиалуронидазаның тежеуіне және антиоксидантты белсенділігінің дамуына қатысады. Антиоксидант ретінде әсер етіп, аскорбин қышқылының және адреналиннің тотығуының алдын алады, липидтердің асқын тотығуын тежейді. Тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Варикозды синдром кезінде трофикалық бұзылыстардың азаюына ықпал етеді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
-
варикоз алды және варикозды синдромдарда
-
беткейлік тромбофлебит, флебит, перифлебит және постфлебитикалық синдромда
-
созылмалы көктамыр жетіспеушілігінде
-
көктамырдың варикозды кеңеюі кезіндегі трофикалық бұзылыстарда
-
геморройда
-
ретинопатияда
-
контузияларды, созылуларды, шығып кетулерді, бұлшықеттердің ауыруларын біріктіре емдеуде
-
жарақаттан және көктамырдың варикозды кеңеюі кезінде пайда болатын ауыру сезімі мен ісінулерде, варикозды дерматитте
Қолдану тәсілі мен дозалары
Троксевазин капсулалары тамақтанғанда ішке қабылданады.
Әдеттегі дозасы – күніне 2 капсуладан. Емдеу симптомдары мен ісінулер басылғанға дейін, әдетте 2 апта, жалғасады. Демеуші ем ретінде – күніне 1 капсуладан 3-4 апта бойы. Бұл емді Троксевазин гелін қолданғанда біріктіруге болады.
Троксевазинмен емдеудің нәтижелі болуы оны қабылдаудың тұрақтылығына, дұрыс дозалануы мен емнің ұзақтығына байланысты. Клиникалық тәжірибе көрсеткендей, кейде қажетті әсері тәуліктік доза 600 мг артық болғанда байқалады.
Ең жоғары тәуліктік доза 900 мг (күніне 3 рет 1 капсуладан) құрайды.
Жіберіп алған қабылдаудың орнын толтыру үшін көрсетілген дозадан жоғары мөлшерде қабылдауға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз құбылыстардың жалпы жиілігін плацебодағымен салыстыруға болады.
Жағымсыз реакцияның туындау жиілігі былайша бағаланады: "өте жиі" - > 1/10, "жиі" – > 1/100-ден < 1/10 дейін, "кейде" – > 1/1000-ден < 1/100 дейін, "сирек" – > 1/10000-ден < 1/1000 дейін, "өте сирек" - < 1/10000.
Кейде
-
жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия
-
есекжем және қышу
Сирек
-
бас ауыруы және ұйқының бұзылуы
-
АІЖ эрозивті-ойық жаралы зақымданулары
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
троксерутинге немесе қосымша заттардың қайсы біріне асқын сезімталдық
-
жүктілік (1 триместр), лактация кезеңі
-
18 жасқа дейінгі балаларға
-
лактоза жеткіліксіздігі, галактоземия немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбция синдромы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тамыр жақтаулары құрылымы мен өткізгіштігіне аскорбин қышқылының әсерін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты ауыр бауыр және өт қабы аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындалады.
Троксевазин асқазанның шырышты қабығын тітіркендіретіндіктен, оны тамақтанғанда қабылдайды.
Құрамында бояғыш зат (Е110) болғандықтан, препаратпен емдеу аллергиялық реакцияларды, оның ішінде демікпені туындатуы мүмкін. Аспиринге сезімталдығы жоғары науқастарда аллергияның даму қаупі арта түседі.
Жүктілік
Троксевазинді жүктілік (ІІ және ІІІ триместрлер) кезінде анасы үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қатерден артық түскен жағдайда ғана қолданылады.
Дәрілік заттардың көлікті жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Троксевазин автокөлік құралы мен қозғалғыш механизмдермен жұмыс істеуді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Симптомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі – симптоматикалық, қажет болғанда перитонеальді диализ тағайындауға болады.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 капсуладан ПВХ үлбірден және баспалы алюминий фольгадан немесе ПВХ/ПВДХ және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
5 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Балканфарма-Разград АД
Апрельское восстание бульвары, № 68
7200 Разград, Болгария
Тел. (+359 84) 660 999
Факс (+359 84) 634 272
E-mail: mainraz@actavis.bg
Тіркеу куәлігінің иесі
Балканфарма-Разград АД, Болгария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Алматы қаласындағы «Актавис Интернешнл Лтд.» өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241, 1-а кеңсе.
Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31, 313 74 32;
Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com