Троксевазин (2%) (Троксерутин)

МНН: Троксерутин
Производитель: Балканфарма-Троян АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Troxerutin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026316
Информация о регистрации в РК: 22.10.2024 - 22.10.2029

Инструкция

Саудалық атауы

Троксевазин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Троксерутин

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған гель 2%

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Вазопротекторлар.

Капиллярларды тұрақтандыратын дәрілер. Биофловоноидтар. Троксерутин.

АТХ коды С05СА04

Қолданылуы

Дәрілік препарат ересектерде, 15 және одан жоғары жастағы жасөспірімдерде қолдануға арналған:

  • аяқ веналарының варикозды кеңеюінде;

  • созылмалы веноздық жеткіліксіздіктің симптомдары: ісіну, ауыру, аяқтағы ауырлық, құрысулар;

  • беткейлік тромбофлебит, перифлебит, флеботромбоз;

  • склеротерапиядан кейінгі жағдайлар, веналарға операциядан кейінгі асқынулар профилактикасы;

  • шығып кету, гематома, соғылу, созылу, бұлшықет түйілуі сияқты жарақаттан пайда болатын ауыру мен ісінуді тоқтату.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

  • жүктіліктің I триместрі;

  • 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылының тамыр қабырғасының құрылымы мен өткізгіштігіне әсерін күшейтеді.

Арнайы ескертулер

Гель терінің зақымданбаған бөліктеріне ғана жағылады. Ашық жараларға, көзге және шырышты қабықтарға жағуға болмайды.

Қосымша заттар

Бензалконий хлориді

Бензалконий хлориді тері тітіркендіруін дамытуы мүмкін.

Бала емізу кезінде гельдің сәби организміне енуіне жол бермеу үшін препаратты емізетін ананың кеуде терісіне қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Троксевазин® гелін жүктілік кезінде (II және III триместр) және лактация кезеңінде, егер анасы үшін күтілетін пайда шарана мен бала үшін потенциалды қауіптен жоғары болса ғана қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препарат айрықша назар аудару мен жылдам реакцияларды қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындауға әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Троксевазин® гелін терінің зақымданған бөлігіне таңертең және кешке теріге толық сіңгенге дейін жеңіл уқалайтын қимылдармен жағу керек. Қажет болса, гельді компрессиялық таңғыштардың астына жағуға болады. Талапқа сай емдік әсерін қамтамасыз ету үшін гельді ісіну және басқа симптомдар толығымен жойылғанша тұрақты қолдану керек. Жағдайы жеңілдегеннен және симптомдардың айқындылығы басылғаннан кейін емдеуді тоқтатуға болады, симптомдар қайта пайда болған кезде емді қайта бастау керек. Ем ұзақтығын дәрігер анықтайды. Әсерін күшейту үшін Троксевазин® гелін Троксевазин® капсулаларымен біріктіріп қабылдау ұсынылады.

Егер препаратты қолдану кезеңінде ауру симптомдарының айқындылығы азаймаса, дәрігермен кеңесу керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсын дәрігер тағайындайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

Троксевазин® гель препаратын сыртқа қолданған кезде артық дозалану қаупі жоқ.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Сирек

- терінің тітіркенуі немесе аса жоғары сезімталдық реакциялары (қызару, қышыну, тері бөртпесі), симптомдар емді тоқтатқаннан кейін тез басылады.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г гельдің құрамында:

белсенді зат – троксерутин 2г,

қосымша заттар – карбомер, ЭДТА динатрий тұзы, бензалконий хлориді, триэтаноламин, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сарыдан ашық-қоңыр түске дейінгі біртекті гель.

Шығарылу түрі және қаптамасы

40 г немесе 100 г препараттан алюминий немесе ламинатты сықпаларда.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25C-ден аспайтын температурада.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Балканфарма-Троян АД

Болгария, 5600, Троян қ.,

Крайречна” көш. № 1

(+359)0670 68 104

trooperations@actavis.bg

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Балканфарма-Троян АД

Болгария, 5600, Троян қ.,

Крайречна” көш. № 1

(+359)0670 68 104

trooperations@actavis.bg

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050059 (А15Е2Р), Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17/1, Нұрлы-Тау БО, 5Б, 6 қабат.

Тел.: (727) 3251615 е-mail: info.tevakz@tevapharm.com; веб сайт: www.kaz.teva

Прикрепленные файлы

ИМП_ПРОЕКТ_ТРОКСЕВАЗИН_ГЕЛЬ_рус.docx 0.04 кб
ТРОКСЕВАЗИН_ГЕЛЬ_ЛВ_каз_Рег.2024_.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту