Троксевазин® (гель, 2%) (Troxerutin)

МНН: Троксерутин
Производитель: Балканфарма-Троян АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Troxerutin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010120
Информация о регистрации в РК: 21.06.2017 - 21.06.2022
Номер регистрации в РБ: 1998/96/2000/01/06/11/13/17
Информация о регистрации в РБ: 01.06.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Троксевазин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Троксерутин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 2% гель

Құрамы

100 г гельдің құрамында

белсенді зат - 2 г троксерутин,

қосымша заттар: карбомер, ЭДТА-ның динатрий тұзы, бензалконий хлориді, триэтаноламин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Сарыдан ашық-қоңыр түске дейінгі біртекті гель.

Фармакотерапиялық тобы

Қылтамырлар өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар.

АТЖ коды С05СА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Троксевазин® гелін жергілікті қолданған кезде препараттың құрамына кіретін белсенді зат гельдің құрамындағы суда еритін негізден оңай босап шығады және тері арқылы 30–60 минуттан соң сіңеді, ал теріастылық май қабатына – қабынған тіндерде жоғары концентрациясына жете отырып, бірнеше сағаттан кейін сіңеді.

Фармакодинамикасы

Троксевазин® – биофлавоноидтар жиынтығы, оның құрамында кем дегенде 95% троксерутин бар. Ол қылтамырлардың өткізгіштігін және сынғыштығын төмендетеді, көктамырлардың тегіс бұлшықеттерінің тонусын жоғарылатады, ісінуге қарсы әсер етеді, паравенозды тіндердің қабынуын жояды. Қылтамырлардың қабырғаларын тұрақтандырады және орташа антиагреганттық әсер көрсетеді. Тіндердің трофикасын жақсартады, көктамыр жеткіліксіздігіне байланысты ауыру сезімін және басқа да патологиялық белгілерді басады. Гистаминнің, брадикининнің, ацетилхолиннің вазодилатациялық әсерлерінің антагонисі болып табылады. Соған байланысты Троксевазин® көктамыр тонусын, қылтамыр протекторлық, экссудацияға қарсы және гемостатикалық әсерлерін көрсетеді. Антиоксиданттар түрінде әсер етіп, липидтердің асқын тотықты тотығуын тежейді.

Қолданылуы

- көктамыр жеткіліксіздігінен болған аяқтың ауыруында және ісінуінде

- көктамырлардың варикозды кеңеюінде

- варикозды ойық-жараларда

- беткейлік тромбофлебитте, перифлебитте

- диабеттік микроангиопатияда

- геморроидальді аурулардың кешенді емінде

- сәулемен емдеуден пайда болған жағымсыз тамырлық әсерлерде

- жарақаттан пайда болатын ауыруда және ісінуде, гематомаларда, шығып кетулерде, созылуларда, соғылуларда, бұлшықеттердің түйілуінде.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Гельді терінің зақымданған жеріне таңертең және кешке теріге толық сіңгенге дейін жеңіл уқалай отырып жағу керек. Гельді компресс жасау үшін де қолданады. Адекватты емдік нәтижеге жету үшін гельді ісінулер мен басқа да белгілер толық кеткенге дейін тұрақты қолдану керек. Одан кейін емдеуді үзе тұруға болады. Белгілер қайталанса емді қайта бастау керек. Емдеу курсын дәрігер тағайындайды

Егер препаратты қолданып жүрген кезде ауру белгілерінің айқындығы азаймаса, дәрігермен кеңесу керек.

Жағымсыз әсерлер

Сирек

- аллергиялық тері реакциялары (есекжем, экзема, дерматит)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компоненттерінің біріне жоғары сезімталдықта

- жүктіліктің I триместрінде

- 15 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылының қантамырлары қабырғаларының құрылымына және өткізгіштігіне тигізетін әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Гельді терінің зақымданған жеріне жағады. Ашық жараларға, көзге және шырыш қабығына жағуға болмайды.

Препарат егде жастағыларға да қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңінде

Троксевазинді® жүктілікте (II және III триместрде) және лактация кезеңінде, егер ана үшін күтілген пайда ұрық пен бала үшін болуы мүмкін қауіптен артқан жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді. 

Артық дозаланғанда

Троксевазинді® сыртқа қолданған кезде артық дозалану қаупі жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий немесе ламинат сықпада 40 г препарат.

1 сықпа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдалануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Балканфарма-Троян АД

Болгария, 5600, Троян қ-сы, “Крайречна” к-сі № 1

Тіркеу куәлігінің иесі

Балканфарма-Троян АД, Болгария

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Алматы қаласындағы «Актавис Интернешнл Лтд.» өкілдігі

Мұқанов к-сі 241, кеңсе 1-А

Тел.,факс: +7 727-313-74-30, 313-74-31;

Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

 

Прикрепленные файлы

971943061477977071_ru.doc 46.5 кб
786695071477978236_kz.doc 52 кб
1998_96_2000_01_06_11_13_17_p.pdf 0.17 кб
1998_96_2000_01_06_11_13_17_s.pdf 0.18 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ