Тримол
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Тримол
Халықаралық патенттелмеген атауы
жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
25 г жақпамай
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын және бұлшықет ауырулары кезінде жергілікті қолдануға арналған препараттар. Буын және бұлшықет ауырулары кезінде жергілікті қолдануға арналған басқа препараттар.
АТХ коды М02АХ
Қолданылуы
- ревматоидтық артритте, остеоартритте, подаграда (кешенді ем құрамында)
- белдің, бұлшықеттің, буындардың ауыруында, байламдардың зақымдалуында
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта
- тері жабындарының тұтастығы зақымдалғанда
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Көзге және ауыз бен мұрын қуыстарының шырышты қабаттарына түсуін болдырмау керек.
Көзге және шырышты қабаттарға түскен жағдайда көп мөлшерде сумен жуып тастау керек.
Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу түрлері
Өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілмеді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Зерттеу жүргізілмеді.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Зерттеу жүргізілмеді.
Көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Тримол жақпамайы автокөлік құралдарын немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Сыртқа!
Зақымдалған аймақтың мөлшеріне байланысты жұқа қабатпен жағып және толық сіңгенге дейін жеңіл уқалап күніне 2-3 рет жағады.
Препаратты үлкен аймақтарға жақпаған жөн.
Емдеу курсы 7 күн.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
- аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
100 г-дағы (г) жақпамайдың құрамында
белсенді заттар: Маханарайяна Тайла 0.15, Махамауш Тайла 0.15, қалампыр майы 0.12
қосымша заттар: ақ балауыз, сусыз ланолин, вазелин майы, лаванда хош иістендіргіші.
Сыртқы түрінің сипаттамасы, иісі
Жақпамайдың түсі сарыдан қоңырға дейін, жартылай қатты, жұмсақ консистенциялы өзіне тән хош иісі бар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алғашқы ашылуының ысырма бекіткіші және демегіш қалпақшасы бар ламинациялы жабындалған пластмасса сықпада 25 г-нан.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі қазақша және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Аджанта Фарма Лимитед,
Аджанта Хаус, Чаркоп, Кандивли (3),
Мумбай 400067, Үндістан
тел.: 0091-22- 2868 3625
0091-22-2868 3930/2868 2848
e-mail: info@ajantapharma.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Аджанта Фарма Лимитед
Аджанта Хаус, Чаркоп, Кандивли (3),
Мумбай 400067, Үндістан
Тел.: 0091-22- 2868 3625
0091-22-2868 3930/2868 2848
e-mail: info@ajantapharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Қазақстан Республикасындағы Аджанта Фарма Лимитед филиалы,
Қазақстан Республикасы, 050061,
Алматы қ., Төле би к., 277, 501-504 кеңсе
Тел/факс: +7 727 225 04 94, 225 04 99;
E-mail: puneet.kapur@ajantapharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
ТОО ConsultAsia
Алматы қ., Шевченко к., 165 Б, 204-206 кеңсе
тел: +77051708825/+77051708876 (24 сағат қол жетімділік)
факс: +727-379-42-58
e-mail: pv@consultingasia.kz
info@consultingasia.kz