Триметабол®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Триметабол®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған 3 г ұнтақ, 150 мл ерітіндімен жиынтықта
Құрамы
Бір пакеттің ішінде
белсенді заттар:
микрондалған ципрогептадин ацефилинаты 0.0525 г,
тиамин гидрохлориді 0.9000 г,
пиридоксин гидрохлориді 0.9000 г,
цианокобаламин 0.0300 г,
қосымша заттар: повидон К-30, маннитол.
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар:
DL-карнитин гидрохлориді 7.500 г.
L-лизин гидрохлориді 5.000 г
қосымша заттар: повидон К-30, метилпарагидроксибензоат, натрий сахарині, құлпынай эссенциясы, мальтитол ерітіндісі, тазартылған су
Сипаттамасы
Ұнтақ
Витаминдерге тән иісі бар қызғылт түсті біртекті ұнтақ
Ерітінді
Құлпынай иісі бар сарғыш түсті мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Тәбетті көтермелегіштер
АТХ коды А15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Триметабол® - ішу арқылы қабылдаған кезде жақсы сіңеді. Ішу арқылы қабылданғаннан кейін ципрогептадин, суда еритін витаминдер ішекте жақсы сіңеді, карнитин он екі елі ішекке және мықын ішекке сіңеді.
Препараттың емшек сүтіне енуіне қатысты деректер жоқ. Препаратты ішке қабылдағаннан кейін ең жоғары әсері 2 сағаттан соң білінеді және 6-12 сағатқа созылады.
Фармакодинамикасы
Триметабол® – тәбетті көтермелейтін және организмнің үйлесімді өсуі үшін біріктірілген препарат, астың қорытылу, сіңу және таратылу үдерістерін жақсартады.
МЕТОПИН: (5-(1-метилпиперидилиден-4)-5Р-дибензо[a,d] Ципрогептадин ацефиллинаты) – Триметабол® препаратының негізгі компоненті – тәбетті гипоталамус деңгейінде көтермелейтін ерекше зат. Ципрогептадин ацефиллинатын серотонин антагонисінің қасиеттері бар.
Препарат құрамындағы КАРНИТИН анаболизмдік, антигипоксиялық, май алмасуын стимуляциялайтын, регенерациялық әсер береді. Ол асқазан-ішектік және панкреатиттік секрецияны стимуляциялайды, астың қорытылуына және сіңуіне мүмкіндік береді.
Карнитин өсуге және дененің қалыпты дамуына жағдай жасайды. Май қышқылдарының метаболизміне қатысып, олардың тотығуын стимуляциялайды. Карнитин ұйқы безінің ас қорыту ферменттерінің бөлініп шығуын стимуляциялайды, осылайша, тәбеттің артуына және ас қорытудың жақсаруына мүмкіндік береді. Кальцийдің байланысуын жеңілдетеді және сүйектердің түзілу үдерісін жақсартады.
Препаратта витаминдер (В1, В6, В12) кешені бар, олар липидтердің, ақуыздардың және көмірсулардың метаболизмінде коферменттердің рөлін атқарып, олардың жасушалық деңгейде сіңуіне мүмкіндік береді.
В6 витамині амин қышқылдарының, көмірсулардың және майлардың метаболизмі үшін қажет. Ересектерде пиридоксиннің тапшылығы негізінен шеткергі жүйке жүйесін, теріні, шырышты қабықтарды және қан түзу жүйесін зақымдайды. Балаларда ОЖЖ-ге әсер етеді.
Пиридоксин жеткіліксіздігінің клиникалық симптомдары себореялы дерматит, микроцитарлы анемия, депрессия ұстамалары болып табылады. Цианокобаламин – нуклеопротеиндер мен миелиннің синтезі, репродукция, өсу және қалыпты эритропоэзды демеу үшін қажетті белсенді зат. В12 витаминінің тапшылығы анемияларға, аксон дегенерацияланатын нейробиологиялық зақымдануға әкеп соғады.
L-ЛИЗИН – алмастырылмайтын амин қышқылы, препарат формуласын толықтырады, ақуыздар биосинтезінің негізі болып табылады, гормональді емес анаболизмдік әсер көрсетеді.
Лизин – алмастырылмайтын амин қышқылы. Лизиннің жетіспеу симптомдары: өсудің тежелуі, тәбеттің төмендеуі, шаршау сезімі, жылдам қажығыштық, анемия. Лизин асқазанда тұз қышқылының секрециясын стимуляциялап, ас қорыту қызметін жақсартады. Азоттың катаболизмін стимуляциялайды және протеинемияға әкеледі, гемоглобиннің мөлшерін және эритроциттер санын арттырады, жынысына және жасқа байланыссыз метаболизмді стимуляциялайды.
Триметабол® компоненттерінің біріккен әсері организмде теңдестірілген зат алмасуға жағдай жасайды.
Қолданылуы
- гипотрофияда, анорексияда, астенияда, созылмалы шаршауда, адинамияда, өткерген аурулардан кейінгі қалпына келу кезеңінде тәбетті көтермелеуге
- гормональді емес анаболизмдік дәрі ретінде.
Қолдану тәсілдері
Қолданар алдында ерітіндіні дайындап алу қажет.
Ерітіндіні дайындау.
Пакеттің ішіндегісін ерітіндісі бар құтыға салу керек.
Құтыны жауып, шайқау керек. Дайындалған ерітінді бір ай бойы өзінің белсенділігін сақтайды.
Ерітіндіні тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ.
3 жасқа дейінгі балаларға: 2,5 мл күніне 3 рет.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: 5 мл күніне 3 рет.
6 жастан асқан балаларға және ересектерге: 5-10 мл күніне 3 рет.
Триметаболды® тамақтан 0,5-1 сағат бұрын қабылдау керек.
Емдеу курсын дәрігер әр адамға жеке анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
- ұйқышылдық
- аллергиялық реакциялар
- седативтік әсер
- көрудің бұлдырауы
сирек:
- іш қату
- бас ауыру, бас айналу, әлсіздік, сананың шатасуы, тітіркену және балаларда ұйқышылдық
- несептің іркілуі
- мидриаз, аккомодация проблемалары
- жүрек қағуының жиілеуі, гипотония
- бөртпе, есекжем, фотодерматит.
Дозаны азайта отырып, бұл әсерлерге жол бермеуге болады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакция
- бүйрек және бауыр қызметінің жедел жеткіліксіздігі
- 2 жасқа дейінгі балалар
- глаукома
- қуықасты безінің гипертрофиясы, несептің іркілуі, қуық мойнының және дуоденальді сфинктердің блокадасы
- демікпе ұстамасы
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
- жүктілік және лактация кезеңі.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Алкоголь ішімдіктерімен бір мезгілде қабылдағанда орталық жүйке жүйесінің қызметі алкогольмен бәсеңдеуі мүмкін.
Оксидазаның моноаминдік (МАО) тежегіштері бар препараттар ципрогептадиннің антихолинергиялық әсерін азайтуы мүмкін.
Ципрогептадин Fluoxetine, Phenelzine, Paroxetine депрессияға қарсы әсерін азайтуы мүмкін.
Ұрықтануға қарсы ішілетін дәрілер және аскорбин қышқылы цианокобаламиннің белсенділігін азайтуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Антихолинергиялық әсерлеріне байланысты (әсіресе егде жастағы және жүдеген емделушілерде) гипотония, бас айналу пайда болуы мүмкін, сондай-ақ сыртартқысында бронх демікпесі, гипертиреоз, гипертония, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы бар, көзішілік қысым жоғарылаған және жүрек-қантамыр аурулары бар емделушілерді ерекше бақылауға алу қажет.
Препараттың құрамында маннитол бар және мальтитол ерітіндісі бар, олар орташа әлсіздендіргіш әсер беруі мүмкін.
Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар емделушілер препаратты қолданбауы тиіс.
Препарат құрамында метилпарагидроксибензоат болғандықтан, ол аллергиялық реакцияларды (мүмкін, кештеу) тудыруы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препараттың жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі зерттелген жоқ.
Препараттың емшек сүтіне енуіне қатысты деректер жоқ, алайда препаратта ципрогептадиннің бар болуына байланысты емдеу кезеңінде емшек емізуді тоқтата тұру немесе бұл препаратты қабылдамау керек.
Автокөлікті немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Әлсіздік және ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін екендігіне байланысты көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқаруды тоқтата тұру керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: препарат дозасын төмендеткен кезде 3-4 күннен кейін өздігінен жоғалатын жағымсыз әсерлердің күшеюі, кішкентай балаларда елестеулермен, құрысулармен, ауыз ішінің құрғауымен, қарашықтың ұлғаюымен және асқазан-ішектік бұзылулармен орталық жүйке жүйесінің қозуы түрінде білінуі мүмкін.
Емі: асқазанды шаю, қарқынды диурез, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
3 г ұнтақтан термиялық тәсілмен басылған полипропилен қағаздан жасалған саше-пакеттерге салынған.
150 мл ерітіндіден алғаш ашылуы бақыланатын алюминий қалпақшалармен тығындалған қоңыр түсті ПЭТ ((полиэтилентерефталат) құтыларда.
1 құты және 1 саше-пакет медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Дайындалған ерітінді – 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
J. Uriach & Cia, S.A., Испания., Ав.
Ками Рейаль, 51 – 57, 08184, Палау – Солита және Плегаманс,
Барселона, Испания
Тіркеу куәлігінің иесі
J. Uriach & Cia, S.A., Испания.,
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР өкілдігі: «Медиал Ди энд Пи ЛТД»
Тел +77272954882/83, e-mail: medial.gulzira@gmail.com