Трикорт - GC

МНН: Бетаметазон, Гентамицин, Клотримазол
Производитель: Плетхико Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Бетаметазон в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020126
Информация о регистрации в РК: 16.09.2013 - 16.09.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Трикорт GC

Халықаралырқ патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

15 г крем

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді заттар: 0.50% бетаметазон дипропионаты, 1.0% клотримазол, 0.100% гентамицинге баламалы гентамицин сульфаты

қосымша заттар: сұйық парафин, макрогол 1000, ақ сірне, натрий дигидрофосфаты, полиэтиленглюколь 400, тазартылған су.

Сипаттамасы

Көзге көрінетін механикалық қоспаларсыз, жұмсақ консистенциялы, біркелкі ақ немесе ақ дерлік крем.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген глюкокортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген күшті кортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген бетаметазон.

АТХ коды D07XC01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бетаметазон кортикостероидтармен емделінетін дерматоздарды емдеуге қолданылатын кортикостероид болып табылады, өйткені препарат қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және қантамырларды тарылтатын әсер береді. Бетаметазон теріге жергілікті әсер етеді, сондай-ақ ол осы класқа жататын препараттарған тән өзінің фармакологиялық және метаболизмдік сипатының арқасында, жүйелік әсерге де ие.

Кортикостероидтар плазма ақуыздарымен әртүрлі дәрежеде байланысады. Кортикостероидтар негізінен бауырда метаболизденеді, содан кейін бүйректер арқылы шығарылады. Кейбір жергілікті кортикостероидтар және олардың метаболиттері де өтпен бірге шығарылады.

Клотримазол: Препарат эпидермис арқылы өтеді, бірақ жүйелік сіңуі орын алмайды дерлік. Бауырда белсенді емес компонентерге дейін метаболизденіп, нәжіспен және несеппен бірге шығарылады.

Гентамицин: Жергілікті қолданғаннан кейін тері зақымданған немесе күйген жағдайда гентамицин жүйелі түрде сіңеді, және препарат өзгермеген күйінде бүйректер арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген Трикорт GC препараты өзіне клотримазолдың зеңге қарсы белсенділігімен және гентамициннің бактерияларға қарсы ауқымды әсерімен бірге бетаметазонның қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, аллергияға қарсы және антиоксидантты әсерін біріктіреді.

Бетаметазон кортикостероидтармен емдеуге келетін дерматоздарды емдеуге қолданылатын кортикостероид болып табылады, өйткені препарат қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және қантамырларды тарылтатын әсер береді. Бетаметазон теріге жергілікті әсер етеді, сондай-ақ ол осы класқа жататын препараттарға тән өзінің фармакологиялық және метаболизмдік сипатының арқасында, жүйелік әсерге де ие.

Клотримазол әсер ету ауқымы кең, зеңге қарсы дәрі болып табылады, имидазолдар тобына жатады. Р-450 цитохромының бірімен байланысу арқылы зеңдердің ланостеролының 14-α деметилденуін тежейді, бұл 14-α метилстиролдардың жиналуына және зеңді организмдердің қалыпты цитоплазмалық қабыршақтары үшін қажетті эргостерол концентрациясының төмендеуне әкеледі. Метилстиролдар электрондардың тасымалдану жүйесіне әсер ету мүмкін, осылайша, зеңдердің өсуін басады. Клотримазол келесі дерматофиттердің көптеген штаммдарына қатысты, in vitro да, сонымен қатар клиникалық жұқпаларда да белсенді: Epidermophiton Floccosum, Trichophyton Mentagrophytes және Trichophyton Rubrum.

Гентамицин аминогликозидтер тобының бактерицидтік антибиотигі болып табылады. Ақпараттық РНҚ кодонының дұрыс саналмауына әкеп соғатын рибосомалардың 30 S суббірлігімен байланысу есебінен протеиндер синтезін басады. Препарат Staphylococcus aureus, staphylococcus epidermidis, Streptococcus pyogenes, Streptococcus pneumoniea, Enterobacter aerogenes, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae, Neisseria gonorrhoeae, Pseudomona aeruginosa және Serratia marcescens-дерге қатысты in vitro белсенді.

Қолданылуы

- препарат компоненттеріне сезімтал организмдерден туындаған салдарлық жұқпадан асқынған, кортикостероидтарға сезімтал дерматоздардағы қабыну біліністерінде немесе осы жұқпаға күдіктенгенде;

- Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum және Microsporum canis әсерінен туындаған табан микозында, шап эпидермофитиясында, шат трихофитиясында, көмкерілген экземада, тегіс тері трихофитиясында;

- Candida albicans әсерінен туындаған кандидозда;

- Malassezia fufrur (Pityrosporum obiculare) әсерінен туындаған түрлі түсті теміреткіде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Кремді жағар алдында тері аймағын жуып-шаю керек. Трикорт GK терінің зақымданған бетіне және оған жақын аймаққа тәулігіне 2-3 рет жұқа етіп жағылады. Трикорт GK әсер етуі үшін, оны жүйелі түрде қолданған жөн. Емдеу ұзақтығы зақымданған жердің көлеміне және науқастың емге сезімталдығына байланысты. Егер 2 апта ішінде клиникалық әсері байқалмаса, диагнозын қайта анықтаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

- күйдіріп ашу сезімі, эритема, экссудация, пигментацияның бұзылуы (гипопигментация), терінің түссізденуі, қышыну.

Бетаметазонды жергілікті қолданудан болған жағымсыз реакциялар:

- терінің құрғақтығы, фолликулит, гипертрихоз, безеулер, периоральді дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, тері мацерациясы, төзімді флораның екінші қайтара пайда болуы, тері атрофиясы, жолақтар, тер бөртпесі.

Клотримазолдан болатын жағымсыз реакциялар:

- эритема, көпіршіктердің пайда болуы, қабыршақтану, жергілікті ісіну, есекжем, терінің жалпы тітіркенуі.

Гентамициннен болатын жағымсыз реакциялар:

- гиперемия (әдетте емдеуді тоқтатуды қажет етпейді).

Окклюзивтік таңғыштарды пайдаланғанда пайда болатын жағымсыз реакциялар:

- күйдіріп ашу, қышу, бөртпе, құрғақтық

- фолликуланың түзілуі

- гипертрихоз

- безеуге ұқсас біліністер

- гипопигментация

- ауыз маңының дерматиттері, аллергиялық жанаспалы дерматиттер

- тіннің борпылдауы

- салдарлық жұқпа

- тері атрофиясы, тер бөртпесі

Балалардағы жағымсыз реакциялар

- гипоталамо-гипофизарлы-адренал жүйесінің басылуы

- Кушинг синдромы

- өсудің дозаға байланысты кідіруі

- дене салмағының жеткіліксіз қосылуы

- еңбектің ісінуімен, бас ауырумен, көру жүйкелерінің ісінуімен білінетін бассүйекішілік қысымның жоғарылауы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- теріде жаңа түзілімдер

- қант диабеті

- препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тері туберкулезі, мерездің терілік біліністері

- желшешек, қарапайым ұшық, вакцинадан кейінгі тері реакциялары

- флебит, трофикалық ойық жаралар

- глаукома, катаракта

- қызғылт және жасөспірімдік безеулер

- ашық жаралар

Сақтықпен: жүктіліктің I триместрі, 18 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гентамицин: Аминогликозидтер елеулі дәрежеде жүйелік сіңгенде тыныс жүйесіне миорелаксанттардың тежегіш әсерінің күшеюі және ұзаруы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Егер препаратты пайдаланғанда тітіркену немесе сезімталдық күшейсе, емдеу тоқтатылуы және тиісті ем жүргізілуі тиіс.

Бетаметазон:

- құрамында кортикостероидтары бар кремді 18 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды. Гипоталамо-гипофизарлы бүйрекүстілік жүйенің тежелуі, Кушинг синдромының пайда болуы, өсудің кідіруі, дене салмағының төмендеуі, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы сияқты жағымсыз реакциялар пайда болады.

- балаларға кремді жергілікті қолданғанда стероидтар, ересектерге қарағанда, көбірек сіңеді, осыған байланысты балалар жүйелік уыттануға көбірек ұшырайды.

- кремді қолданғаннан кейін, әсіресе егде жастағы емделушілерде, терінің басқа аймақтарына да таңғыш салмау керек.

- жергілікті кортикостероидтардың жүйелік сіңуі препаратты тоқтатқаннан кейін глюкокортикостероидты жеткіліксіздік пайда болатын гипоталамо-гипофизарлы бүйрекүстілік жүйенің қайтымды тежелуін туындатуы мүмкін. Сондай-ақ жергілікті қолданғанда, жүйелік сіңуге байланысты, Кушинг синдромы, гипергликемия, гликозурия пайда болуы мүмкін. Кремнің жүйелік сіңуі кремді терінің ауқымды бөлігіне жаққан кезде, ұзақ қолданғанда, кортикостероидтың біреуінен көбімен бір мезгілде қолданғанда, сондай-ақ крем жағылған тері аймағына қысатын таңғышты пайдаланғанда да күшейеді.

- псориазы бар болғанда жергілікті кортикостероидтарды қолдану қауіпті, өйткені терінің қорғаныш қасиеттерінің бұзылуына байланысты, «рикошет» синдромы, препаратқа төзімділік, пустулезді псориаздың денеге жайылу қаупі, сондай-ақ жергілікті немесе жүйелік уыттылық пайда болуы мүмкін. Псориазы бар емделушілер кортикостероидтық препараттарды дәрігердің бақылауымен ғана қолдана алады.

- крем сыртқа қолдануға ғана арналған.

- препаратты қолданғанда көзге тигізіп алмау керек.

- қысатын таңғыштарды қолдануға немесе терінің қабынған жерлеріне немесе ашық жараларға салуға болмайды.

Гентамицин:

- жергілікті антибиотиктерді ұзақ қолдану микробтардың сезімтал емес штаммдарының, саңырауқұлақтарды қоса есептегенде, өсуін туындатуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде препаратты жергілікті қолданудың қауіпсіздігі айғақталған жоқ, егер ана үшін болжамды пайдасы ұрыққа тигізетін қаупінен басым болған жағдайда ғана, қолдануға болады.

Құрамында кортикостероидтары бар препараттарды жүкті әйелдерге көп мөлшерде немесе ұзақ уақытқа қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Анықталған жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперкортицизм симптомдары.

Емдеу: симптоматикалық ем жүргізіледі. Қажет болғанда электролиттік теңгерімді түзетеді. Уытты әсері созылмалы болған жағдайда кортикостероидтарды біртіндеп тоқтату керек. Төзімді микроорганизмдер шамадан тыс өскен жағдайда препаратпен емдеуді тоқтату және тиісті ем тағайындау керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ине құрылғысы бар қақпақпен бұрап жабылған жұмсақ алюминий сықпаға 15 г кремнен салынған.

1 сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттк және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Plethico Pharmaceuticals Ltd, ҮндістанЗауыттың мекенжайы: Village: Dharavara, Post: Kalaria- 453001, Indore (M.P.), India.

Заңды мекенжайы: 37/37А, Industrial Estate, Pologround, Indore, 452 015

(М .Р.), India

Тіркеу куәлігінің иесі

Плетхико Фармасьютикал Лтд, Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

100009 Қарағанды қ-сы, Ермеков к-сі, 110/2

Тел.: /7212/ 48 16 44, 43 15 34, 43-15-63,48-17-67; тел./факс: /7212/ 48 17 44;

e-mail rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru

Прикрепленные файлы

843974431477976779_ru.doc 64.5 кб
011173381477977943_kz.doc 77.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники