Тридат Форте

МНН: Тримебутин
Производитель: Санта Фарма Илач Санаи А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Trimebutine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014613
Информация о регистрации в РК: 03.07.2012 - 03.07.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Тридат Форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тримебутин

Дәрілік түрі

200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 200 мг тримебутин малеаты,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, желатин, магний стеараты, тальк.

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, бір жақ бетінде сызығы – сызықтың үстінде «ТМ» деген таңбасы және сызықтың астында «20» деген таңбасы бар, ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ қызметінің бұзылуын емдеуге арналған препараттар. Синтетикалық холикобөгегіштер – үштік амин топты эфирлер.

АТЖ коды А03АА05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы тримебутин малеаттың ең жоғары концентрациясына 1-2 сағат ішінде жетеді. Бауыр арқылы «алғашқы өту» әсеріне ұшырайды, 4-6% өзгермеген зат жылдам несеппен шығарылады, 24 сағат ішінде шамамен 70% жуығы шығарылады. Негізгі метаболиттің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4 сағатты құрайды. Ас қабылдау тримебутин малеатының биожетімділігіне әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Тридат Форте тримебутин малеаты препаратының белсенді заты, синтетикалық энкефалинергиялық опиатты рецепторлар агонисі ас қорыту жолының жиырылуын реттегіш болып саналады.

Тегіс бұлшықет жасушаларына тікелей прокинетикалық әсер етеді.

Опиатты рецепторға ұқсас бола отырып, ішектің тегіс бұлшықетінің гипокинетикалық жағдайында u-ге және d-опиатты рецепторлар қозғыштығына әсер етеді және х-опиатты рецепторларға спазмолитикалық әсер ете отырып моториканы ынталандырады, гиперкинетикалық жай-күйде ішек бұлшықеттерінің гипокинетикалық жағдайында әсерін көтермелейтін ішек моторикасын бәсеңдетеді. Энкефалинергиялық механизмге әсер ете отырып, физиологиялық қозғалыстың белсенділігін қалпына келтіреді, асқазан-ішек жолының моторикасына жергілікті түрлендіргіш (ынталандырғыш) әсер етеді. Осыған байланысты оны асқазан ішек жолының гипо- және гиперкинезиясы бар науқастарға қолдануға болады.

Тридат Форте асқазан-ішек жолының барлық өн бойына әсер етеді, өңеш сфинктерінің қысымын төмендетеді, асқазанның босауына және ішек жиырылуының күшеюіне, сондай-ақ тағам тітіркендіргіштеріне тоқ ішек тегіс бұлшықеттерінің жауап реакциясының пайда болуына ықпал етеді.

Қолданылуы

  • «тітіркенген ішек» синдромында (спастикалық ішек)

  • құрсақ қуысының ауыруы және шаншуында, ішектің түйілуінде, метеоризмде, диарея және/немесе іш қатуда

  • ас қорыту қызметінің бұзылуында

  • гастроэнтерологиялық аурулардың полиморфты симптоматикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Әдетте ересектерге 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет тағайындалады.

Жағымсыз әсерлері

Препарат әдетте жақсы көтерімді.

Сирек жағдайларда дерматологиялық реакцияның дамуы мүмкін. Өте сирек бас айналу және ұйқышылдық түріндегі психоневрологиялық симптомдары болуы мүмкін.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат ингредиенттерінің біріне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытқа дейін өзара әрекеттесулері туралы деректер тіркелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобиль жүргізу және машиналарды пайдалану қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

30°C- ден аспайтын бөлме температурасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Санта Фарма Илач Санаи А.Ш.

34382 Шишли, Стамбул/Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

Берксам Илач Тиджарет А.Ш., Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармактив» ЖШС

050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қарасай батыр к-сі, 1А

Тел/факс: +7 727 291 81 00

e-mail: info@farmaktiv.com

Прикрепленные файлы

317106801477977070_ru.doc 44.5 кб
135940051477978235_kz.doc 67.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники