Тридат Форте (200 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық
Тридат Форте
Саудалық атауы
Тридат Форте
Халықаралық патенттелмеген атауы
Тримебутин
Дәрілік түрі
Таблеткалар, 200 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 200 мг тримебутин малеаты,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, желатин, магний стеараты, тальк.
Сипаттамасы
Екі беті дөңес, бір жақ бетінде сызығы - сызықтың үстінде «ТМ» деген таңбасы және сызықтың астында «20» деген таңбасы бар, ақ түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Асқазан-ішек функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішектің функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Синтетикалық холиноблокаторлар - үштік амин тобы эфирлері. Тримебутин.
ATХ коды A03AA05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы тримебутин малеаттың ең жоғары концентрациясына 1-2 сағат ішінде жетеді. Бауыр арқылы «алғашқы өту» әсеріне ұшырайды, 4-6% өзгермеген зат жылдам несеппен шығарылады, 24 сағат ішінде шамамен 70% жуығы шығарылады. Негізгі метаболиттің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4 сағатты құрайды. Ас пен қабылдау тримебутин малеатының биожетімділігіне әсер етпейді.
Фармакодинамикасы
Тримебутин ас қорыту жолының жиырылуын реттегіш болып саналады. Қоздыру және бәсеңдету рецепторларының энкефалинергиялық агонисі ретінде әсер ете отырып, ішек тегіс бұлшықеттерінің гипокинетикалық жай-күйлерінде көтермелейтін және гиперкинетикалық кезінде спазмолитикалық әсер береді. Препарат асқазан-ішек жолының барлық өн бойына әсер етеді, моторика бұзылуымен байланысты АІЖ әртүрлі аурулары кезінде ішек бұлшықеттерінің қалыпты физиологиялық белсенділігін қалпына келтіреді.
Қолданылуы
-
“тітіркенген ішек” синдромында (спазмдық ішек)
-
ас қорыту қызметінің бұзылуында
-
гастроэнтерологиялық аурулардың полиморфты симптоматикасында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды.
Ересектерге 1 таблеткадан (200 мг) тәулігіне 3 рет.
Жағымсыз әсерлері
сирек (≥1/10, 000 <1/1, 000 дейін)
- бас айналу, ұйқышылдық
(<1/10, 000)
- тері реакциялары
Болжамды жағымсыз реакциялары туралы деректерді хабарлау
Дәрілік препаратты тіркеуден кейінгі жағымсыз әсерлері туралы деректерді хабарлаудың, препаратты қолданудың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізу үшін маңызы зор. Барлық медицина қызметкерлері мен пациенттер кез келген жағымсыз реакциялар туралы, медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжай мен телефонға хабарлауы керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
- Тридат Форте таблеткасының құрамында лактоза болғандықтан галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарда
- жүктілік, лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Деректер жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлік жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне зерттеу жүргізілмеген.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Santa Farma Ilac San. A.S.
Okmeydani, Boru Сiçegi Sok. No: 16, 34382 Sisli – Istanbul, Стамбул, Түркия
өндірістік учаскесі: GEBKİM Kimya İhtisas Organize San. Bölgesi Çerkeşli Yolu Üzeri Erol Kiresepi Cad. No: 8, 41455 Dilovası – Kocaeli, Коджаэли, Түркия
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Santa Farma Ilac San. A.S.
Okmeydani, Boru Сiçegi Sok. No: 16, 34382 Sisli – Istanbul, Стамбул, Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«WELFAR-KAZAKHSTAN» (ВЭЛФАР-ҚАЗАҚСТАН) ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 2-ші Қастек к-сі 14 үй
Телефон/Факс: +7 727 352 71 36
E-mail: info@welfar.kz