Тривалумен

Производитель: Борщаговский ХФЗ НПЦ ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012402
Информация о регистрации в РК: 11.04.2014 - 11.04.2019
Номер регистрации в РБ: 8280/07/12/18
Информация о регистрации в РБ: 08.01.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Тривалумен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – тривалумен (құрғақ сығынды: шүйгіншөп тарам тамырлары, бұрыш жалбызының жапырақтары, үшжапырақты сүбеде жапырақтары, құлмақ жемісшесі), 356 мг құрғақ затқа шаққанда,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты

желатинді капсуланың құрамы: титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), «күн батар түстес» сары FCF (Е 110), патентті көк (Е 131), бриллиантты қара BN (қара PN) (Е 151), желатин.

Сипаттамасы

Жасыл қақпағы және сары түсті корпусы бар қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – жұпар иісі бар, ашық-қоңырдан қара-қоңыр түске дейінгі ұнтақ немесе түйіршік түріндегі немесе қалыптасқан баған түріндегі масса.

 

Фармакотерапиялық тобы

Психотропты препараттар. Ұйықтататын және тыныштандырғыш дәрілер.

Ұйықтататын және тыныштандырғыш басқа да препараттар.

АТХ коды N05CM

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Анықталмаған.

Фармакодинамикасы

Тривалумен – өсімдік текті біріктірілген препарат, оның әсері құрамына кіретін компоненттердің синергиялық қасиеттеріне байланысты. Шүйгіншөп құрамындағы борнеол мен изовалериан қышқылының күрделі эфирлері орталық жүйке жүйесі қозғыштығын азайтып, психикалық артық жүктеме жағдайында ширығуды және тітіркенгіштікті төмендетеді, тыныштандыратын, ұйықтататын, түйілуді басатын қасиеттері бар. Сондай-ақ шүйгіншөптің биологиялық белсенді заттарының күрделі фитокешені өт айдайтын әсерге ие, асқазан-ішек жолының шырышты қабығының сөліністік белсенділігін күшейтеді, жүрек ырғағын баяулатады, жүректің тәждік тамырларын кеңейтеді. Құлмақ түйіндерінің белсенділігі эфир майлары және ащы дәмдермен (гумулон, лупулон және алифатикалық терпентинді спирттер), фитонцидті заттармен, В және С тобындағы витаминдермен, токоферол және эстрогенді әсері бар заттармен байланысты. Олар тәбет ашып, өттің бөлінуін жақсартады, несеп айдайтын әсерге ие, қозу және ұйқысыздық жағдайында тыныштандырушы әсер береді, қабынуға қарсы әсерге ие. Орталық жүйке жүйесіне тыныштандырушы әсері лупулиннің белсенділігімен байланысты. Құлмақ түйіндерінің ауыруды басатын қасиеттері олардың құрамында флавоноидтер, гормондар және витаминдердің болуымен жүзеге асырылады.

Бұрыш жалбызының фармакологиялық әсері басты ретте ментол, сондай-ақ терпен, танин, ащы дәмдермен және органикалық қышқылдармен байланысты. Бұрыш жалбызының компоненттері ауыруды басатын, тұтқыр, қабынуға қарсы әсер береді; асқазан-ішек жолы мен бауыр бездерінің сөлінісін стимуляциялай отырып, жүрек айнуды азайтады, тәбетті арттырады, ішек моторикасын бір қалыпқа келтіреді.

Үшжапырақты сүбеде ащы гликозидті қосылыстардың, флавонидтердің есебінен асқазан-ішек сөлінісін күшейтеді, асқорытуды жақсартады, тәбетті ашады, ішек моторикасын бір қалыпқа келтіреді, антигипоксиялық және антиоксидантты әсер береді.

Препарат дәріге тәуелділікті тудырмайды, психомоторлық функцияны әлсіретпейді, жұмыс қабілетін нашарлатпайды.

Қолданылуы

- ашушаңдықта

- ұйықтаудың бұзылуында және ұйқыны демеу үшін

- нейроциркуляторлық дистонияда және климактериялық синдромда кешенді ем құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге күніне 1 капсуладан 2–3 рет.

Ұйқы бұзылған кезде және ұйқыны демеу үшін – ұйықтағанға дейін 1-1,5 сағат бұрын 1 капсуладан. Емдеу ұзақтығы 7–15 күнді құрайды. Емдеу курсын 10 күннен соң қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- енжарлық, әлсіздік, ұйқышылдық, жұмыс жасау және зейін қою қабілетінің төмендеуі

- артериялық гипотензия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- артериялық гипотензия

- депрессиялық жай-күй

- өттас ауруы

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы (препарат құрамында лактоза бар)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат ұйықтататын препараттардың, спазмолитиктердің, орталықтық әсері бар гипотензиялық препараттардың, транквилизаторлардың, нейролептиктердің, алкогольдің әсерін көтермелеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен емделу кезеңінде алкоголь қабылдаудан бас тартқан жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Препаратпен емделу кезеңінде көлік құралдарын жүргізуден және зейін қоюды қажет етумен қатар жүретін жұмыстарды орындаудан бас тартқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, әлсіздік, енжарлық, мәңгіру, бас айналуы, артериялық қысымның төмендеуі.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, пайда болған бұзылуларды қайтаруға бағытталған симптоматикалық емдеу. Артериялық қысым төмендеген кезде – науқас Тренделенбург қалпында болуы тиіс. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті немесе поливинилиденхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптмада, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты» Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы,

03134, Украина, Киев қ., Мир к-сі 17.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты» Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты» Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050043, Алматы қ., «Орбита-2» ы/а, 28 үй, 30 кеңсе

факс: +7(727)20-78-05, +7(727)55-18-53;

E-mail: vadimt58@list.ru

Прикрепленные файлы

239828061477976722_ru.doc 52.5 кб
159856921477977878_kz.doc 82 кб
8280_07_12_18_p.pdf 0.2 кб
8280_07_12_18_s.pdf 0.19 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ