Триакутан
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Триакутан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
15 г крем
Құрамы
1 г кремнің құрамында
белсенді заттар: 0,64 мг бетаметазон дипропионаты 100 % затқа шаққанда; 1,0 мг гентамицин сульфаты белсенді сусыз гентамицинге шаққанда; 10 мг клотримазол 100 % затқа шаққанда;
қосымша заттар: 2,0 мг метилпарабен (метилпарагидроксибензоат) (Е 218), пропиленгликоль, динатрий эдетаты (трилон Б), минералды май, ақ жұмсақ парафин, цетостеарил спирті, макрогол 20 цетостеарил эфирі, натрий дигидрофосфаты моногидраты, натрий гидрофосфаты додекагидраты (динатрий фосфаты додекагидраты), тазартылған су.
Сипаттамасы
Түсі ақ немесе ақ дерлік крем
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген глюкокортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген күшті кортикостероидтар.
Бетаметазон басқа препараттармен біріктірілімде.
АТХ коды D07Х C01.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Зерттелмеген
Фармакодинамикасы
Препарат клотримазолдың қабынуға қарсы ауқымды белсенділігі мен гентамицин сульфатының бактерияға қарсы белсенділігінің кең ауқымы бар бетаметазон дипропионатының қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және тамыр тарылтатын әсерін біріктірген.
Клотримазол зеңдердің жасуша жарғақшаларының құрамдас бөлігі болып табылатын эргостерин синтезінің бұзылуы есебінен зеңге қарсы әсер етеді. Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum, Microsporum canis, Candida albicans, Malassezia furtur (Pityrosporum obiculare) қатысты белсенді.
Гентамицин аминогликозидтер тобына жататын, әсер ету ауқымы кең антибиотик. Бактерицидті әсер етеді және терінің біріншілік және салдарлы бактериялық жұқпасын жергілікті емдеудің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Грамтеріс бактерияларға: Pseudomonas aeruginosa, Aerobacter aerogenes, Escherichia coli, Proteus vulgaris және Klebsiella pneumoniae; грамоң бактерияларға: Streptococcus spp. (А тобының β және α-гемолитикалық стрептокогының сезімтал штаммдары), Staphylococcus aureus (коагулазопозитивті, коагулазонегативті және пенициллиназа өндіретін кейбір штаммдар) қатысты белсенді.
Қолданылуы
- глюкокортикостероидтармен емдеуге болатын дерматоздарда, асқынуына күдіктенгенде немесе препарат компоненттеріне сезімтал микроорганизмдерден туындаған екіншілік жұқпамен асқынғанда;
- дерматофиттер мен ашытқы зеңдерден туындаған терінің беткейлік зең ауруларында (табан микоздары, шап эпидермофитиясы, кеуек тәріздес теміреткі және басқа да тегіс терінің зеңдік зақымданулары);
- препаратқа сезімтал қоздырғыштар туындатқан, ағымы бактериялық және зеңдік жұқпалармен асқынған терінің жедел қабыну және созылмалы ауруларында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Триакутанды терінің зақымданған барлық беткейіне және маңындағы аймағына күніне 2 рет, таңертең және кешке жұқа қабатпен жағу керек. Тиімді әсерге қол жеткізу үшін Триакутанды ұдайы қолдану керек. Емнің ұзақтығы зақымданудың орналасуына, аумағына және емнің тиімділігіне байланысты ауытқиды. Кейде, егер 3-4 апта бойына клиникалық әсер байқалмаса диагноз қайта қаралуы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Триакутанмен емдеу кезінде жағымсыз реакциялар сирек байқалады.
Жергілікті реакцялар:
- ашытуды сезіну, эритема, экссудация, пигментацияның бұзылуы (гипопигментация);
- бөрту және қышыну.
Мына жағымсыз реакциялар, сондай-ақ бетаметазонды жергілікті қолданудан (әсіресе окклюзивті таңғыштар астына), клотримазолдан және гентамициннен туындауы мүмкін:
- терінің тітіркенуі, терінің құрғауы;
- фолликулит;
- гипертрихоз;
- акне, периоральді дерматит;
- аллергиялық жанаспалы дерматит;
- тері мацерациясы;
- екіншілік төзімді флораның дамуы;
- тері атрофиясы;
- стриялар;
- баздану;
- күлдіреуіктің пайда болуы, қабыршықтану;
- жергілікті ісіну, гиперемия;
- есекжем.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың кез келген компонентіне немесе басқа да зеңге қарсы дәрілерге, имидазол туындыларына жоғары сезімталдық;
- тері туберкулезі;
- мерездің терілік белгілері;
- вакцинациядан кейінгі тері реакциялары;
- жайылған түйіндақты псориаз;
- көктамырлардың варикозды кеңеюі;
- периоральді дерматит;
- қызғылт безеулер;
- желшешек;
- талапқа сай антибактериялық және зеңге қарсы емсіз бактериялық және зеңдік жұқпалар
- 18 жасқа дейінгі балалар;
Сақтықпен: жүктіліктің I триместрі.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Клотримазол басқа жергілікті зеңге қарсы препараттардың, ішінара нистатин және натамицин сияқты полиенді антибиотиктердің әсерін төмендетуі мүмкін. Клотримазолдың антимикотикалық әсері дексаметазонның жоғары дозаларымен басылады және гидроксибензой қышқылын (оның пронилді эфирімен) жергілікті қолданумен күшейеді.
Айрықша нұсқаулар
Триакутанды офтальмологиялық дәрі ретінде қолданбайды. Антибиотиктерді жергілікті ұзақ уақыт қолдану кейде резистентті микрофлора өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайда, сондай-ақ Триакутанмен емдеу аясында тітіркену, сенсибилизация немесе асқын жұқпа дамуында емді тоқтатып және тиісінше ем тағайындау керек. Аминогликозидті антибиотиктерге айқаспалы аллергиялық реакциялар байқалды.
Жүйелі кортикостероидтарды қолданғанда кездесетін кез келген жағымсыз әсерлер, бүйрек үсті безі қыртысы қызметін бәсеңсітуін қоса алғанда, глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда да байқалуы мүмкін.
Жергілікті қолданғанда глюкокортикостероид немесе гентамициннің жүйелі сіңуі дененің үлкен аумағына ем жасалса немесе окклюзиялық таңғыш қолданса, әсіресе ұзақ қолданғанда немесе теріде сызат болса жоғары болады. Гентамицинді жүйелі қолданғанда жағымсыз әсерлер туындау қатері жоғарылайтындықтан ашық жараға немесе терінің зақымданған бөлігіне жағудан абай болу керек. Мұндай жағдайларда қажетті алдын алу іс-шараларын жасап отыру керек. Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда оны біртіндеп тоқтату керек. Гентамицинді ұзақ уақыт қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану.
Жергілікті глюкокортикостероидтарды жүкті әйелдерге қолданудың қауіпсіздігі дәлелденбеген. Жергілікті глюкокортикостероидтарды жүктілік кезінде қолдану әйел үшін ықтимал пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда ғана ақталады.
Педиатрияда қолданылуы
Препарат қауіпсіздігі бойынша клиникалық деректерінің жеткіліксіздігіне байланысты балаларды емдеу үшін ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер жоқ.
Артық дозалануы
Гентамицин дозасын бір мәрте асырып жіберу артық дозалану симптомдарының пайда болуына әкелмеген. Гентамицинді шамадан тыс немесе ұзақ қолдану антибиотикке сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Жергілікті глюкокортикостероидтарды ұзақ уақыт немесе артық қолданған кезде салдарлы адреналды жеткіліксіздіктің дамуы және гиперкортицизм симптомдарының, оның ішінде Кушинг синдромы көріністері пайда болуы мүмкін. Клотримазолды 6 сағат бойы окклюзивті таңғыш астында қолдану артық дозалану симптомдарының дамуына әкелмеген.
Гентамицин бір рет артық дозаланған кезде артық дозалану симптомдарының пайда болуы күтілмейді.
Емі. Тиісті симптоматикалық ем тағайындайды. Жедел гиперкортицизм симптомдары әдетте қайтымды. Егер қажет болса, электролитті теңгерімге түзету жүргізіледі. Созылмалы уытты әсерлер жағдайында кортикостероидтарды біртіндеп тоқтату ұсынылады. Төзімді микроорганизмдердің артық өсуі жағдайында Триакутанмен емдеуді тоқтату ұсынылады және қажетті ем тағайындайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 г препараттан алюминий сықпаға салынған.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Киевмедпрепарат» ААҚ
Украина, 01032, Киев қ., Саксаганский к-сі, 139
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Киевмедпрепарат» ААҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі
050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе
Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;
Е-mail: Almaty@arterium.ua