Три-зидин М (Trimetazidine)

МНН: Триметазидин
Производитель: СООО "Лекфарм"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Trimetazidine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022932
Информация о регистрации в РК: 28.03.2022 - 28.03.2032
Номер регистрации в РБ: 18/03/1523
Информация о регистрации в РБ: 26.03.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Три-зидин М

Халықаралық патенттелмеген атауы

Триметазидин

Дәрілік түрі

Модификацияланып босап шығатын үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар,

35 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - 35 мг триметазидин дигидрохлориді,

қосымша заттар: гидроксипропилметилцеллюлоза, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза,

қабық құрамы опадрай II қызғылт (85F34610): поливинил спирті, титанның қостотығы (E171), полиэтиленгликоль, тальк, темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) қара тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Триметазидин.

АТХ коды С01ЕВ15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке қабылдаудан кейін триметазидин тез және толық сіңіріледі. Ең жоғары концентрациясына (Сmax) 5 сағаттан соң жетеді.

Таралуы

Плазмадағы концентрациясы 11 сағаттан соң анықталатын концентрациясының 75% тең немесе одан асып кететін деңгейде 24 сағаттан аса қалады. Тепе-тең концентрациясына (Сss) 60 сағаттан соң жетеді. Ас ішу препараттың фармакокинетикалық қасиеттеріне ықпал етпейді. Таралу көлемі (Vd) 4.8 л/кг құрайды; қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы төмен (16%).

Шығарылуы

Организмнен негізінен несеппен өзгеріссіз күйде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) 7 сағатқа жуық, 65 жастан асқан пациенттерде 12 сағатқа жуық.

Триметазидиннің толық шығарылуы креатинин клиренсімен, аз дәрежеде, жас ұлғаюымен азаятын бауыр клиренсімен тікелей байланысты бүйрек клиренсінің нәтижесі болып табылады. Кинетикалық қауымдық әдіспен талданған, күніне екі қабылдаумен екі таблетка қабылдаған егде жастағы пациенттердің қатысуымен жүргізілген арнайы клиникалық зерттеуде қан плазмасында триметазидин концентрациясының ұлғаюы анықталды.

Фармакодинамикасы

Триметазидин гипоксия немесе ишемия зақымдаған жасушалардағы энергетикалық метаболизмнің сақталуы есебінен жасуша ішіндегі АТФ деңгейінің азаюын болдырмайды, сол арқылы кезінде жасушалық гомеостаз сақталғанда ион сорғыларының және жарғақша аралық натрий- калий ағымының талапқа сай қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Триметазидин ұзын тізбекті 3-кетоацил-КоА-тиолазаны (3-КАТ) іріктеп тежеу есебінен май қышқылдарының β-тотығуын баяулатады, бұл глюкоза тотығуының күшеюіне әкеледі. Май қышқылдары тотығуының глюкоза тотығуына ауысуы триметазидиннің антиангинальді әсерінің негізінде жатады.

Ишемиялық жүрек ауруы (ИЖА) бар пациенттерде триметазидин жоғары энергетикалық фосфаттардың жасушаішілік миокардиальді деңгейін сақтайтын метаболизмдік агент ретінде әрекет етеді. Ишемияға қарсы әсеріне қатарлас гемодинамикалық көріністерсіз жетеді.

ИЖА, соның ішінде стенокардиясы бар пациенттерде препарат коронарлық қорды ұлғайтып, сол арқылы дене жүктемесінен туындаған ишемияның дамуын баяулатып, жүрек ырғағының қандай да бір елеулі өзгерістерінсіз артериялық қысымның (АҚ) күрт ауытқуларын шектейді. Триметазидин ишемиялық дисфункциямен науқастарда стенокардия ұстамаларының жиілігін төмендетеді, нитраттар қабылдау қажеттілігін едәуір азайтады, сол жақ қарыншаның жиырылу функциясын жақсартады.

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Клиникалық зерттеулер стенокардиясы бар пациенттерде басқа антиангинальді препараттар әсері жеткіліксіз болғанда монотерапия ретінде де, біріктірілген түрде де триметазидиннің тиімділігі мен қауіпсіздігін көріністеді.

426 пациент (TRIMPOL-II) қатысқан рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын сынақта 12 апта бойы триметазидинді (60 мг/тәулік) тәулігіне 100 мг (күніне екі рет 50 мг) метопрололмен бірге қабылдау аптаның ішінде, плацебомен салыстырғанда, жүктеме тестілерінің параметрлері мен клиникалық симптомдарды статистикалық мәнді жақсартты: жүктеме тестілерінің жалпы ұзақтығы +20.1 с, p=0.023, жалпы орындалған жүктеме +0.54 МЕТ, р=0.001, ST сегменті депрессиясының дамуына дейінгі уақыт 1мм +33.4 с, р=0.003, стенокардия ұстамасының басталуына дейінгі уақыт +33.9 с, p<0.001, бір аптадағы стенокардия ұстамаларының саны -0.73, р=0.014 және бір апта ішінде гемодинамикалық өзгерістерсіз қысқа әсер ететін нитраттарды тұтыну -0.63, р=0.032.

223 пациент қатысқан (Sellier) рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын сынақта 8 апта бойы 50 мг атенололға (күніне бір рет) қосылған модификацияланып босап шығатын 35 мг триметазидиннің бір таблеткасы (күніне екі рет) препаратты қабылдаудан кейін 12 сағаттан соң, плацебомен салыстырғанда, пациенттердің қосалқы тобында (n=173) жүктеме тестілерін өткізген уақытта 1 мм ST сегменті депрессиясының дамуына дейінгі уақытты едәуір ұзартты (+34.4 с, р=0.03). Елеулі айырмашылық стенокардия ұстамаларының басталу уақыты үшін де дәлелденген (p=0.049). Басқа екіншілік соңғы нүктелерге тән топтар арасында елеулі айырмашылық болмаған (жүктемелік тестілердің жалпы ұзақтығы, жалпы жағымды жүктеме және клиникалық соңғы нүктелер).

1962 пациент қатысқан (Vasco зерттеуі) үш айлық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын сынақта тәулігіне 50 мг атенололға қосымша тағайындалған триметазидин екі дозада (70 мг/тәулік және 140 мг/тәулік) плацебомен салыстырмалы зерттелді. Жалпы қауымда, асимптоматикалық және симптоматикалық пациенттерді қоса, триметазидин эргометриялық (жүктемелік тестілердің жалпы ұзақтығы және 1 мм ST сегменті депрессиясының туындауына дейінгі уақыт және стенокардия ұстамасының білінуіне дейінгі уақыт) және клиникалық соңғы нүктелер бойынша артықшылықтарын көріністемеген. Алайда, симптоматикалық пациенттердің қосалқы тобындағы (n=1574) ретроспективті талдауда триметазидин (140 мг) жүктемелік тестілердің жалпы уақытын (+23.8 с versus плацебомен +13.1 с; р=0.001) және стенокардия ұстамасының білінуіне дейінгі уақытты (+46.3 с versus плацебомен +32.5 с; р=0.005) едәуір жақсартты.

Қолданылуы

- негізгі емдеудің емдік әсері жеткіліксіз немесе бірінші желідегі антиангинальді дәрілік заттар жағымсыз болғанда тұрақты стенокардиясы бар пациенттерді симптоматикалық емдеу үшін қосымша ем ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды сумен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн. Күніне 2 рет – таңертең және кешкілік ас ішу кезінде 1 таблеткадан (35 мг) қабылдау керек.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясының орташа бұзылуы бар (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) пациенттерге таңертең таңғы ас кезінде 1 таблеткадан (35 мг) ұсынылады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде организмнен триметазидиннің шығарылу уақыты жас ұлғаюына қарай бүйрек функциясының төмендеуіне байланысты ұзарады. Ұсынылатын доза – таңертең таңғы ас кезінде 1 таблетка (35 мг). Дозаны сақтанып титрлеу керек.

Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер белгілейді. Емдеу нәтижесі Три-зидин М емінің үш айынан соң бағалануы тиіс және әсері болмаса препарат қабылдау тоқтатылуы тиіс.

Қатаң түрде дәрігер тағайындауы бойынша қолданылады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар олардың пайда болу жиілігіне сай бағаланады: өте жиі (> 1/10), жиі (> 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (≤ 1/10000-нан), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).

Жүйке жүйесі

Жиі

- бас айналу, бас ауыру

Жиілігі белгісіз

- паркинсонизм симптомдары (тремор, акинезия, жоғары бұлшықеттік тонус), тынымсыз аяқтар синдромы, жүру кезіндегі орнықсыздық және Три-зидин М қабылдауды тоқтатудан кейін әдетте қайтымды болатын басқа да қозғалыс бұзылыстары

- ұйқының бұзылуы (ұйқышылдық, ұйқысыздық)

Жүрек-қантамыр аурулары

Сирек

- жүректің жиі соғуы, экстрасистолия, тахикардия

- артериялық гипотензия; әсіресе, гипертензияға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттердегі дімкәстанумен, бас айналумен немесе құлап қалумен байланысты болуы мүмкін ортостаздық гипотензия

- гиперемия

Асқазан-ішек аурулары

Жиі

- абдоминальді ауырулар, диарея, диспепсия, жүрек айну, құсу

Жиілігі белгісіз

- іш қату

Тері және тері асты тіні

Жиі

- бөртпе, қышыну, есекжем

Жиілігі белгісіз

- жедел жайылған экзантематозды пустулез, Квинке ісінуі

Қан және лимфа жүйесі

Жиілігі белгісіз

- агранулоцитоз, тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура

Гепатобилиарлы жүйе

Жиілігі белгісіз

- гепатит

Жалпы бұзылыстар

Жиі

- астения

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- триметазидинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- Паркинсон ауруы, паркинсонизм симптомдары, тремор, тынымсыз аяқтар синдромы және басқа да қозғалыс бұзылыстары

- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі < 30 мл/мин)

- жүктілік және лактация кезеңі

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа медициналық препараттармен өзара әрекеттесуі аталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препарат стенокардия ұстамаларын басуға арналмаған және ауруханаға жатуға дейінгі немесе ауруханаға жатқан алғашқы күндері тұрақсыз стенокардияны немесе миокард инфарктісін бастапқы емдеу курсы үшін көрсетілмеген.

Стенокардия ұстамасында коронарлық тамырлар патологиясы қайтадан бағалануы және қолданылатын ем түзетілуі тиіс (дәрі-дәрмектік ем және мүмкін реваскуляризация).

Триметазидин паркинсонизм симптомдарын (тремор, акинезия, бұлшықет тонусының көтерілуі) туындатуы немесе олардың ағымын нашарлатуы мүмкін, пациентті, әсіресе, егде жаста жүйелі қадағалау керек. Күдікті жағдайларда пациентті тиісінше тексеру үшін неврологқа жолдау қажет.

Паркинсонизм симптомдары, тремор, тынымсыз аяқтар синдромы, жүру кезіндегі орнықсыздық сияқты қозғалыс бұзылыстары дамығанда Три-зидин М қабылдауды тоқтату қажет. Қозғалыс бұзылыстарының даму жиілігі төмен, қайтымды сипатта болады және басылғанда триметазидин қабылдауға рұқсат етіледі. Пациенттердің көпшілігінде қалыпқа келу триметазидинді тоқтатудан кейін 4 ай бойы жүреді. Егер паркинсонизм симптомдары триметазидинді тоқтатудан кейін 4 айдан артық сақталса, невролог кеңесі қажет.

Әсіресе, гипертензияға қарсы дәрілер қолданылғанда, орнықсыз жүріс кезінде немесе бұлшықет тонусы төмен болғанда пациент құлап қалуы мүмкін.

Егер пациентте триметазидиннің организмнен шығарылу уақытының ұзаруы мүмкін болса:

  • бүйрек функциясының орташа бұзылуында

  • 75 жастан асқан егде жастағы пациенттерде сақтық шарасын қадағалау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі.

Жануарларда жүргізілген тәжірибелерде тератогенді әсері анықталмаған. Алайда, клиникалық деректерінің болмауына орай, жүктілік кезеңінде осы препаратты тағайындамау керек.

Препаратпен емдеу бала емізу кезеңінде де ұсынылмайды, өйткені триметазидиннің емшек сүтіне экскрециялануы туралы деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Клиникалық сынақтарда триметазидиннің гемодинамикалық әсері жоқ екені анықталған. Алайда, тіркеуден кейінгі мониторинг барысында пациенттерде бас айналу, ұйқышылдық байқалған, бұл көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Триметазидинмен артық дозалану туралы шектеулі ақпарат бар.

Симптомдары: артериялық гипотензия, қан кернеулер.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Лекфарм» ЖШБҚ, Беларусь Республикасы, 223141, Логойск қ.,

Минская к-сі, 2а үй

Тел./факс: (01774)-53801, e-mail: office@lekpharm.by

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лекфарм» ЖШБҚ, Беларусь Республикасы, 223141, Логойск қ.,

Минская к-сі, 2а үй

Тел./факс: (01774)-53801, e-mail: office@lekpharm.by

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Лекфарм» ЖШБҚ өкілдігі,

050065, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Қазыбек би к-сі, 68/70 үй, Наурызбай батыр к-сі қиылысы, тел. 8(727)-2676670, факс 8(727)-2721178

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасындағы «Лекфарм» ЖШБҚ өкілдігі,

050065, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Қазыбек би к-сі, 68/70 үй, Наурызбай батыр к-сі қиылысы, тел. 8(727)-2676670, факс 8(727)-2721178,

электронды пошта: amangul-62@mail.ru

Прикрепленные файлы

307107621498795308_ru.doc 74.5 кб
260987131498795838_kz.doc 95.5 кб
18_03_1523_p.pdf 0.27 кб
18_03_1523_s.pdf 0.34 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ