Траумель С (Раствор для инъекций)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Траумель С
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 2,2 мл ерітінді
Құрамы
2,2 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: Arnica montana D2 2,20 мг, Calendula officinalis D2 2,20 мг, Сhamomilla recutita D3 2,20 мг, Symphytum officinale D6 2,20 мг, Achillea millefolium D3 2,20 мг, Atropa bella-donna D2 2,20 мг, Aconitum napellus D2 1,32 мг, Bellis perennis D2 1,10 мг, Hypericum perforatum D2 0,66 мг, Echinacea D2 0,55 мг, Echinacea purpurea D2 0,55 мг, Hamamelis virginiana D1 0,22 мг, Mercurius solubilis Hahnemanni D6 1,10 мг, Hepar sulfuris D6 2,20 мг
қосымша заттар: инъекцияға арналған су, натрий хлориді.
Сипаттамасы
Иіссіз, мөлдір түссіз ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды М09АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Препарат қабынуға қарсы, ауыруды басатын, эксудатқа қарсы, геморрагияға қарсы, көктамырларды сергітетін, иммунитетті көтермелеуші және репаративті әсері бар. Препараттың әсері гомеопатиялық сұйылтуларда препараттың құрамына кіретін өсімдік және минерал тектес заттар есебінен организмнің қорғаушы күші мен бұзылған функцияларын қалпына келтіруін белсендіруге негізделеді. Кальций және Aconitum және Arnica сияқты өсімдік тектес компоненттер қантамырлардың қабырғаларын нығайтады, ісінуді және жалқықтардың түзілуін азайтады. Сынаптың гомеопатиялық дозасы қабыну дәрежесін азайтады. Aconitum, Arnica, Hamamelis, Hypericum, Millefolium, Bellis perennis жарақат кезіндегі қан кетуді тоқтатады және гематомалар түзілуіне кедергі болады. Aconitum, Arnica және Hypericum бір мезгілде Chamomilla, Atropa belladonna-мен бірге ауыруды басатын әсер етеді. Hepar sulfur және Arnica, Calendula, Echinaca және Symphytum сияқты өсімдік компоненттері зат алмасу үдерісін белсендіреді және регенерацияны жақсартады, иммунитетті жоғарылатады.
Траумель С рецептурасының жекелеген компоненттерін пайдалануға көрсетілімдердің қысқаша сипаттамасы:
Arnica montana D2 - Қан кету, көктамыр іркілісі, жүктемеден кейінгі миалгия; артериялық және көктамыр тамырлары аурулары. Кез келген жарақат, контузия. Септикалық жағдай: іріңді инфекциялар профилактикасы. Бұлшықетті сергітетін дәрі.
Calendula officinalis, D2 - Тез жазылмайтын жаралар, ойық жаралар, соғылып-жыртылған жаралар, үсу және тері күйіктері. Айқын қабынумен, іріңдеумен және ауырсынумен жарақаттар. Сау грануляциялар қалыптасуына және бастапқы тартылып жазылуының жылдамдауына ықпал етеді. Қан тоқтататын дәрі.
Hamamelis virginiana D2 - Көктамырлардың варикоздық кеңеюі, геморрой, тері мен шырышты қабықтардан қан кету. Көктамырлар ауырсынуының жоғарылауы. Көктамыр қабырғасына (босаңсытатын) әсер етеді. Операциядан кейінгі кезеңде ауыруды басады.
Achillea millefolium D3 - Әртүрлі типті қан кету, құрысу кезіндегі ауыру. Қысылған жарық. Ұзақ уақытқа созылған қызба синдромы. Түйрей шаншып ауыру.
Atropa bella-donna D4 – Қызбамен, әсіресе тері мен буындардың жедел қабыну аурулары. Гиперемия және дәнекер тіндер мен шырышты қабықтың ісінуі. Ауыспалы ревматизмдік ауырулар, аяқ-қолдың тартылып-дірілдеуі. Түйілулер.
Aconitum napellus D3 – Қызбамен жедел қабыну аурулары; ауыру сезімімен білінетін жүйке аурулары. Серозды қабықтардың және бұлшықеттердің зақымдануы (қабынуы).
Mercurius solubilis Hahnemanni D8 - Іріңдеудің кез келген түріне бейімділік. Аппендицит. Тілде өңездер мен тіс дақтары болатын бауыр аурулары, қатты шөлдеу, ауыздың күлімсі иістенуі. Лимфа бездерінің ұлғаюы және қабынуы, жүдеу. Лимфа жүйесінің, сүйектер мен ішкі ағзалардың зақымдануы. Сүйектің ауыруы.
Hepar sulfuris D8 – Тері мен шырышты қабықтардың қабынуы және іріңдеуі.
Chamomilla recutita, D3 - Қатты ауыру, қозу жағдайы, депрессия. Жансызданумен қатар жүретін адам төзгісіз ауыру. Жатырдан қан кету. Люмбаго. Мойын бұлшықеті сіресуі.
Symphytum officinale D8 – Эпителизацияны жылдамдатады. Гастралгия, асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы. Синовиальді қабықтың, сіңірдің зақымдануы. Барлық буындарға жалпы әсер етеді. Сынғаннан кейін сүйектердің бітпеуінде. Сүйекқабының шаншып ауыруы және ауырсынуы.
Bellis perennis D2 - Қантамырларының тегіс бұлшықеттеріне әсер етеді. Қан кету, қан құйылу. Созылу, соғылу. Сыздауық. Экссудация, іркіліс, ісіну. Бұлшықеттің, әсіресе шамадан тыс жүктемеден кейін ауыруы. Көктамырлық іркілу. Жарақаттар, әсіресе терең жатқан тіндерде.
Echinacea D2 – Ауыр қызба инфекцияларын демеуші ем (иммунитетті көтеру). Сепсис симптомдары. Тілме қабынуы және іріңді ойық жара. Сыздауық. Гангрена. Босанғаннан кейінгі инфекциялар.
Echinacea purpurea D2 - Ауыр қызба инфекцияларын демеуші ем (иммунитетті көтеру).
Hypericum perforatum D2 - Жүйкенің, әсіресе қол және аяқ саусақтарының зақымдануы. Өте қатты ауырушаңдық. Операциядан кейінгі ауырғанды едәуір жеңілдетеді.
Қолданылуы
- созылу, буынның шығуы, соғылу, гематома, гемартроз, сынулар сияқты жарақаттарда
- операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі ісіну, жұмсақ тіндер ісінуі
- әртүрлі ағзалар мен тіндердің, оның ішінде тірек-қимыл аппаратының қабынуымен байланысты қабыну және дегенеративтік үдерістерінде (тендовагинит, стилоидит, эпикондилит, бурсит, иық-жауырындық периартрит)
- жамбас-сан, тізе буыны мен кіші буындар артрозында
- мидың шайқалуында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға
Бұлшықет ішіне, тері астына, тері ішіне (тыртықтар жағдайында), көктамыр ішіне, буын ішіне немесе буын айналасына 1 - 2 ампуладан аптасына 1 – 3 рет. Жедел жағдайларда – күн сайын. Емдеу курсы: буынның шығуы мен созылуында – 2 апта және одан көп, қабыну ауруларында – кем дегенде 3-4 апта.
Балаларға осы препаратты пайдалану тәжірибесінің жеткілікті құжаттамалық расталуы жоқ болғандықтан, 12 жасқа дейінгі балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- компоненттерге аса жоғары сезімталдық кезіндегі аллергиялық тері реакциялары (қызару, ісіну және қышыну) (мысалы, Arnica, Calendula, Achillea millefolium, Mercurius solubilis), мұндай симптомдар кезінде препаратты тоқтату керек. Echinacea сығындысы бар препараттармен емдегенде тері бөртпесі және қышыну, сондай-ақ сирек жағдайларда беттің ісінуі, ентігу, бас айналу және қан қысымының төмендеуі байқалады.
- сілекей бөлінудің жоғарылауы (препарат қабылдауды тоқтату және дәрігермен кеңесу)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық: Arnica, Chamomilla, Achillea millefolium немесе Compositae тұқымдас басқа да өсімдіктер
- лейкоз және лейкоз сияқты аурулар
- аутоиммундық аурулар (дәнекер тіннің аурулары, жайылған склероз)
- созылмалы инфекциялық аурулар (туберкулез, АИТВ)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Болған ауру симптомдары уақытша асқынуы мүмкін. Мұндай жағдайда препарат дозасын төмендету және оны қабылдау арасындағы аралықтарды ұзарту немесе препарат қабылдауды уақытша тоқтату керек. Егер симптомдар тоқтамаса, дәрігерден кеңес алу қажет.
Педиатрияда қолдану
Балаларға осы препаратты пайдалану тәжірибесінің жеткілікті құжаттамалық расталуы жоқ болғандықтан, 12 жасқа дейінгі балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдану керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде пайдалануға қатысты клиникалық мәліметтер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2.2 мл препараттан түссіз шыны ампулада, ампуланың үстіңгі бөлігінде – көк нүкте бар. 5 ампуладан ПВХ жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 немесе 20 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Сыртқы картон қорапта 15˚С-ден 30˚С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/Қаптаушы
«Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ», Германия
Д-р Рекевег-Штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ», Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050060, ҚР, Алматы, Әл-Фараби д-лы, 101, 62 пәтер
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83