Трансулоза

МНН: Лактулоза
Производитель: Лаборатории Шемино
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lactulose
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016779
Информация о регистрации в РК: 19.01.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Трансулоза

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдауға арналған паста 150 г

Құрамы

100 г пастаның құрамында

белсенді заттар: 35,0 г лактулоза

21,45 г ақ жұмсақ парафин

42,91 г сұйық парафин,

қосымша заттар: аспартам, холестерол, сүт қышқылы, биксин майы (Е 160b), мандарин майы, лимон майы, тәтті апельсин майы.

Сипаттамасы

Сарыдан қызғылт-сары түске дейінгі, мөлдір емес, құрамында ұсақ түйіршіктері бар, өзіне тән иісі бар жылтырайтын жылтыр паста.

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізетіндер. Осмостық іш жүргізетіндер. Лактулоза.

АТХ коды А06AD11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Лактулоза – синтетикалық дисахарид, ас қорыту жолдарының жоғары бөлігі арқылы өзгеріссіз және сіңбей өтеді. Жуан ішекте қант ыдырататын флораның әсерімен дефекация кезінде организмнен шығарылатын органикалық қышқылдарға (сүт және сірке қышқылдары) дейін өзгереді. Бүйрекпен шығарылуы – 3 %.

Сұйық парафин организмге сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Трансулоза – біріктірілген препарат. Іш жүргізетін әсерге ие.

Лактулоза гидратацияны жоғарлатады, осмостық әсердің салдарынан ішек перистальтикасын күшейтеді, фосфаттар және кальций тұздарына сіңірілуін жақсартады, аммоний иондарының шығарылуына ықпал етеді. Препараттың әсерімен ішекте Lactobacillus acidophilus, Lactobacillus bifidus көбеюі жүзеге асады, оның әсерімен лактулоза сүт қышқылын (негізінен) және ішінара құмырсқа және сірке қышқылын түзу арқылы ыдырайды. Бұл кезде осмостық қысым артып, жуан ішек саңылауындағы pH төмендейді, ол аммиактың қаннан ішекке көшуіне, оның иондалуына және қармалуынан, сондай-ақ нәжіс массаларының ұлғаюына және ішек перистальтикасы күшеюіне әкеп соқтырады. Байланысқан аммоний иондарының шығарылуы іш жүргізгіш әсер дамығанда жүзеге асады. Әсері енгізгеннен кейін 24-48 сағаттан соң орын алады (кешігуі препараттың АІЖ арқылы өтуіне байланысты). Жуан ішектің проксимальді бөлігіндегі құрамында азот бар уыттардың түзілуі мен сіңуін бәсеңдетеді. Қандағы аммоний иондарының концентрациясын 25-50%-ға төмендетеді, бауыр энцефалопатиясының айқындылығын азайтады, психикалық жағдайда жақсартады әрі ЭЭГ қалыпты етеді. Сальмонеллалардың көбеюін төмендетеді.

Сұйық парафин – механикалық іш жүргізгіш зат, ол шаншу ошақтарын майлау және нәжісті жұмсарту арқылы әсер етеді.

Препараттың әсері ішке қабылдағаннан кейін 6-8 сағат ішінде байқалады.

Қолданылуы

- ересектерде іш қатуын симптоматикалық емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған. Препаратты қабылдау үшін өлшегіш қасықты қолданады.

Ересектерге ұсынылатын тәуліктік доза – 5-тен 15 мл дейін (өлшегіш қасықтың 1-ден 3 дейін) кешке бір реттік доза ретінде.

Препаратты шалқасынан жатқан күйде және тікелей ұйықтар алдында қолдануға болмайды.

Ең жоғары бір реттік доза күніне 3 өлшегіш қасық, ең жоғары тәуліктік доза күніне 3 өлшегіш қасық.

Емдеу курсын пациенттің ерекшеліктеріне қарай дәрігер жекелей анықтайды.

Емдеу ұзақтығы 8 күнмен шектеледі.

Егер диарея пайда болса, дозаны қысқарту қажет. Диарея жалғасатын болса, ТРАНСУЛОЗА-мен емдеуді тоқтату ұсынылады. Препараттың бір өлшегіш қасығында 1,75 г лактулоза және 3,2 г қатырылған сұйық парафин болады.

Жағымсыз әсерлері

- іштің кебуі, емдеудің басында болатын диарея, дозаны түзеткеннен кейін басылады

- қышыну

- анальді ауырулар

- салмақты орташа жоғалту

- ұзақ қолданған кездегі су-электролит алмасуының бұзылуы

- парафин майы нәжістің ағып кетуін және кейбір жағдайларда перианальді аймақтың тітіркенуін туындатуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да бір компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- ішектің органикалық қабыну аурулары (ойық жаралы проктоколит, Крон ауруы), уытты мегаколон, ішек бітелісі немесе субокклюзиялық синдром, асқазан-ішектің тесілуі немесе асқазан-ішектің тесілу қаупі, шығу тегі белгісіз құрсақ қуысының ауыруы

- спецификалық емес ойық жара колиті

- ішектен, оның ішінде геммороидальді қан кету

- жедел іштеспе симптомдары

- коло-, плеостома

- тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы

- фенилкетонурияда (құрамында аспартам (Е951) бар)

- жүктілікте және лактация кезеңінде

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да дәрілік заттармен қабылдағаннан кейін 2 сағат бойы Трансулозды қабылдауға болмайды.

Трансулоза бір мезгілде ішекте еритін дәрілік заттардың pH-тәуелді босап шығуын өзгертеді (мысалы, құрамында месалазин бар препараттар).

Антибиотиктер (неомицин) және антацидтер препараттың емдік тиімділігін төмендетеді.

Препаратты ұзақ қолдану препарат құрамында парафин болғандықтан майда еритін дәрумендердің (A, D, E, K) сіңуін азайтуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Дәрігердің тағайындауынсыз іш қатуларды ұзақ емдеу ұсынылмайды (8 күннен астам).

Үлкен дәретке рефлекс бұзылуымен байланысты созылмалы іш қатуларды емдеу үшін препаратты ұзақ қолдануға болмайды.

Препаратты қант диабеті бар науқастарға тағайындауға болады, өйткені оның құрамында глюкоза жоқ.

Препаратты ұзақ қолдану майда еритін дәрумендердің (A, D, E, K) сіңірілуінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

Трансулозаны қолдану кезінде К, Cl, CO2 иондарына бақылау жүргізу керек.

Лактулоза туындатқан диарея электролиттік теңгерімсіздікке әкелуі мүмкін болғандықтан, препаратты электролиттік теңгерімнің бұзылуына бейім пациенттерге (мысалы, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге немесе диуретиктер қабылдайтын пациенттерге) сақтықпен пайдалану қажет.

Төсек тартып жатқан немесе бронхтық ингаляция мен майлы пневмония қаупіне байланысты жұтуда қиындығы бар адамдар парафин майын қабылдағанда сақ болулары қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: іштің ауыруы, метеоризм, диарея.

Емі: препаратты тоқтату, су-электролитті алмасуды түзету.

Шығарылу түрі және қаптамасы

150 г препараттан алғаш ашылуы бақыланатын полипропиленді ақ қалпақшамен тығындалған, полипропиленді ақ түсті банкада. Банка сыйымдылығы 5 мл пластмасса өлшегіш қасығымен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Құты ашылғаннан кейін 4 апта бойы пайдалану керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Лаборатории ШЕМИНО»

93 рут де Монне, 37210 Вувре, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лаборатории МАЙОЛИ-СПИНДЛЕР»

6, авеню де Л’Европ 78400 ШАТУ, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Майоли Қазақстан» ЖШС

Байзақов к-сі, 125/185, тұрғын емес үй-жай 1

050026, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

Тел.: +7 (727) 331 49 45, Факс: +7 (727) 331 49 44

E-mail: office@mayoly.kz

Прикрепленные файлы

Трансулоза_ИМП_рус.doc 0.05 кб
Трансулоза_ИМП_каз.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту