Трансларна™ (250 мг)

МНН: Аталурен
Производитель: ROVI PHARMA INDUSTRIAL SERVICES S.A.
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024442
Информация о регистрации в РК: 21.01.2020 - 21.01.2025

Инструкция

Саудалық атауы

ТрансларнаTM

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аталурен

Дәрілік түрі, дозасы

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер,125 мг, 250 мг және 1000 мг

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Аталурен.

АТХ коды M09AX03

Қолданылуы

Трансларна 2 жастағы және одан үлкен, жүріп жүрген пациенттерде дистрофин генінің нонсенс-мутациясынан (мәнсіз мутациясынан) туындайтын Дюшенн бұлшықет дистрофиясын емдеу үшін тағайындалады. Төсек тартып жатқан пациенттерді емдеген кездегі тиімділігі көрсетілген жоқ.

Дистрофин генінің нонсенс-мутациясының болуы генетикалық зерттеулер арқылы анықталуы тиіс.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізімі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді зат Аталуренге немесе дәрілік препараттың құрамы бөлімінде берілген кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық

- аминогликозидтер тобының вена ішіне енгізілетін антибиотиктерімен біріктіріп қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

- 2 жасқа дейінгі балаларға.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Нонсенс-мутациялары болмайтын пациенттер

Генетикалық зерттеулер жолымен анықталған дистрофин геніндегі нонсенс-мутация пациенттің анамнезінде болуы тиіс. Егер пациентте нонсенс-мутация жоқ болса, оның аталуренді қабылдамағаны жөн.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар (eGFR <30 мл / мин) емделушілерде аталурен мен аталурен метаболиті әсерінің артуы туралы хабарланды. Метаболиттің уыттылығы белгісіз. Аталуреннің жоғары әсері тиімділіктің әлеуетті төмендеуіне байланысты болды. Сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі ауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар емделушілерді, егер күтілетін клиникалық пайда әлеуетті тәуекелден асқан жағдайда ғана аталуренмен емдеу керек және метаболиттердің ықтимал уыттылығын және тиімділіктің төмендеуін мұқият қадағалау керек. Аталуреннің төменгі дозасын қарастыру керек.

СКФ <30 мл / мин бар бұрын емделмеген емделушілерде емдеуді бастауға болмайды.

Липидтер деңгейлерінің өзгерулері

Клиникалық сынақтар кезінде кейбір пациенттердегі липидтер деңгейлерінің өзгерулері (триглицеридтер және холестерин өлшерінің жоғарылауы) туралы мәлімделгендіктен, нонсенс-мутациясынан туындаған Дюшенн бұлшықет дистрофиясынан (нмДБД) зардап шегіп жүрген және аталурен қабылдап жүрген пациенттерде жалпы холестерин, ТТЛП, ТЖЛП және триглицеридтер деңгейлерін жыл сайынғы негізде бақылау ұсынылады; мониторинг көлемі пациенттің клиникалық жағдайына байланысты арттырылуы мүмкін.

Жүйелік кортикостероидтармен біріктіріп қолдану нәтижесінде болған гипертония

Клиникалық сынақтар кезінде кейбір пациенттерде жүйелік кортикостероидтармен біріктіріп қолдану нәтижесінде болған гипертония туралы мәлімделгендіктен, нмДБД-дан зардап шегіп жүрген және аталуренді кортикостероидтармен біріктіріп алып жүрген пациенттерде тыныш күйінде әрбір 6 ай сайын систолалық және диастолалық артериялық қысымды бақылап отыру ұсынылады; мониторинг көлемі пациенттің клиникалық жағдайына байланысты артуы мүмкін.

Бүйрек функциясына мониторинг

Бақыланатын нмДБД зерттеулерінің барысында қандағы сарысулық креатининнің, мочевина азотының және С цистатиннің орташа деңгейлерінің аздап жоғарылағаны туралы ақпарат түскендіктен, нмДБД-дан зардап шегіп жүрген және аталурен қабылдап жүрген пациенттерде қандағы сарысулық креатининнің, мочевина азотының және С цистатиннің деңгейлерін әрбір 6-12 ай сайын тексеру ұсынылады; мониторинг көлемі пациенттің клиникалық жағдайына байланысты артуы мүмкін.

Басқа дәрілік заттармен потенциалды өзара әрекеттесулер

Аталуренді уридин-дифосфат-глюкоронилтрансфераза, UGT1A9 стимуляторлары немесе OAT1 және OAT3 субстраттары болып табылатын дәрілік заттармен сақтықпен біріктірген жөн.

Аминогликозидтер

Зертханалық зерттеулер барысында аминогликозидтер аталуреннің терминаторларды сезіп байқау қабілетін төмендететіні анықталды. Бұдан басқа, аталуреннің көктамыр ішілік аминоглюкозидтердің бүйректік уыттылығын арттыратыны байқалды. Мұндай дәрілік заттарды аталуренмен біріктіріп қолдануға жол бермеу керек. Көктамыр ішілік аминоглюкозидтердің бүйректік уыттылығын аталуреннің арттыру механизмі белгісіз болғандықтан, өзге нефроуытты дәрілік заттарды аталуренмен біріктіріп қолдану да ұсынылмайды. Егер мұндай жағдай болмай қоймайтын болса (мысалы, метициллин-тұрақты алтын түстес стафилококкті емдеу үшін ванкомицинді пайдаланғанда), бүйрек функциясын мұқият тексеру керек.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері

Аминогликозидтер

Аталуренді көктамыр ішілік аминогликозидтермен біріктіріп қолданбау керек, өйткені клиникалық сынақтар кезінде кистоздық фиброзы бар пациенттерде аталурен бүйрек функциясының бұзылуларын туындатты.

Сондықтан, егер көктамыр ішілік аминогликозидтерді қолдану қажеттілігі туындаса, ТрансларнаТМ жәрдемімен емдеу тоқтатылуы тиіс, және аминогликозидтер курсы аяқталғаннан кейін 2 күн өткен соң жалғастырылуы мүмкін. Аталуренді басқа нефроуыттық дәрілік заттармен біріктіріп қолдану әсері белгісіз.

Нонсенс-мутациясынан туындаған кистоздық фиброзы бар, аталуренді көктамыр ішілік аминогликозидтермен бірге және кистоздық фиброздың асқынуларын емдеуге арналған антибиотиктермен қатар қабылдаған бірнеше пациенттерде сарысулық креатинин деңгейлерінің өсуі байқалды. Барлық жағдайларда сарысулық креатинин көрсеткіштері көктамыр ішілік аминогликозидтерді қолдануды тоқтатқаннан кейін және Трансларна ТМ препаратын қолдануды жалғастырғаннан немесе тоқтатқаннан кейін қалыпқа келді. Осы деректер ТрансларнаТМ мен көктамыр ішілік аминогликозидтерді біріктіріп қолдану аминогликозидтердің нефроуыттық әсерін күшейтуі мүмкін екендігін айтады.

Осы жағдайлардың кейбіреулері сусызданумен күшеюі мүмкін. Пациенттер Трансларна ТМ препаратын қабылдағанда организмдегі су теңгерімін сақтауы керек.

Аталуреннің фармакокинетикасына басқа дәрілік заттардың әсер етуі

Зертханалық зерттеу деректері бойынша, UGT1A9 (уридин-дифосфат-глюкоронилтрансфераза, 1А9 изоформасы) субстраты болып табылады. Рифампицинді, UGT1A9 қоса, метаболизмдік энзимдердің күшті стимуляторын біріктіріп қолдану аталуреннің экспозициясын 29%-ға төмендетеді. Адам үшін осы факторлардың маңызы белгісіз. Аталуренді UGT1A9 стимуляторлары болып табылатын дәрілік заттармен (мысалы, рифампицинмен) бірге сақтықпен қолдану керек.

Басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына аталуреннің әсер етуі

Зертханалық зерттеу деректері бойынша, аталуренде уридин-дифосфат-глюкоронилтрансферазаның, 1А9 изоформаның (UGT1A9), адамның органикалық аниондарын тасымалдайтын ақуыздардың, 1 және 3 типтерінің (OAT1 және OAT3), немесе 1В3 органикалық аниондарды (OATP1B3) тасымалдайтын полипептидтің тежелуіне потенциалы бар. Дені сау ерікті адамдарда аталуренді микофенолат мофетиліммен біріктіріп қолдану оның белсенді метаболитінің, микофенол қышқылының (UGT1A9 субстраты) экспозициясына ықпалын тигізген жоқ. Аталуренді UGT1A9 субстраттары болып табылатын дәрілік заттармен біріктіріп қолданғанда дозаны түзету қажет болмайды.

Аталуреннің 80 мг телмисартанның бір реттік дозасын, OATP1B3 in vitro селективті субстратын пайдалана отырып, OATP1B3 көлік жүйесін тежеу қабілетін бағалау жөніндегі клиникалық зерттеуде аталурен телмисартанның әсерін 28% - ға арттырды. Бұл әсер клиникалық елеусіз деп саналады. Дегенмен, бұл әсердің магнитудасы 40 мг телмисартан дозасы үшін көп болуы мүмкін.

Сондықтан аталуренді OAT1 немесе OATP1B3, субстраттары болып табылатын дәрілік заттармен бірге осы дәрілік заттардың концентрациясының жоғарылау қаупі себебінен (мысалы, оселтамивир, ацикловир, каптоприл, фуросемид, буметанид, валсартан, правастатин, росувастатин, аторвастатин, питавастатин) сақтықпен қолданған жөн. Аталуренді OAT3 субстраттарымен (мысалы, ципрофлоксацинмен), әсіресе емдік ауқымы тар ОАТ3 субстраттарымен де сақтықпен біріктірген жөн. Клиникалық зерттеулердің бірінде ципрофлоксациннің экспозициясы аталуреннің қатысуымен 32%-ға артты. Басқа клиникалық зерттеулерде адефовирдің экспозициясы аталуреннің қатысуымен 60%-ға өсті. Аталуренді адефовирмен бірге абайлап қолдану керек.

Зертханалық зерттеу деректері бойынша, аталурен гликопротеин-Р цитохромының жәрдемімен немесе Р450 жәрдемімен жүретін метаболизмнің жәрдемімен тасымалдау тежегіші болып табылмайды. Дәл сондай-ақ, in vivo аталурен Р450 цитохромы изоэнзимдерінің стимуляторымен әрекет етпейді.

Кортикостероидтарды (дефлазакорт, преднизон немесе преднизолон) аталуренмен біріктіріп қолдану аталуреннің плазмалық концентрациясына ықпалын тигізбейді. Аталуренмен біріктіріп қолданғанда кортикостероидтардың плазмалық концентрацияларында ешқандай клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерістер байқалған жоқ. Осы деректер кортикостероидтар және аталурен арасында айқын өзара әрекеттеулердің жоқтығын көрсетеді, және дозаны түзетудің қажеті болмайды.

Гликопротеин-Р тасымалдаушысына әсер ететін дәрілік заттар

Зертханалық жағдайларда аталурен гликопротеин-Р тасымалдаушысының субстраты болып табылмайды. Аталуреннің фармакокинетикасына гликопротеин-Р тасымалдаушысын тежейтін дәрілік заттар әсер ететін болады деп күтілмейді.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолданылуы

Дене салмағы 12 кг-ден азырақ және жасы 6 айлықтан бастап 2 жасқа дейінгі балалар үшін "Трансларна" препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі қазіргі таңда анықталған жоқ. Деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезі

Жүкті әйелдерге аталуренді пайдалану туралы маңызды деректер жоқ. Сақтық шаралары ретінде, жүктілік кезінде аталуренді қабылдау ұсынылмайды.

Аталуреннің немесе оның метаболиттерінің ана сүтіне бөлініп шығатыны-шықпайтындығы белгісіз. Жаңа туған нәрестелер/сәбилер үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Аталуренмен емдеу кезінде емшек емізуді тоқтату керек.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал ету ерекшеліктері

Автомобильді, велосипедті басқару немесе механизмдерді пайдалану қабілетіне аталуреннің әсер етуі зерттелген жоқ. Бас айналуды басынан өткерген пациенттер автомобильді, велосипедті басқаруды немесе механизмдерді пайдалануды сақтықпен жүргізгені жөн.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ұсынылатын доза таңертең дене салмағына шаққанда 10 мг/кг құрайды, түскі уақытта дене салмағына шаққанда 10 мг/кг, және кешке дене салмағына шаққанда 20 мг/кг құрайды (жалпы тәуліктік доза дене салмағына шаққанда 40 мг/кг құрауы үшін).

Трансларна ТМ дәрілік затына сашедегі 125, 250 және 1000 мг-ден қолжетімді. Кестеде дене салмағын ескеріп, дозаны таңдауға жәрдемдесетін ақпарат берілген.

Дене салмағының ауқымы (кг)

Саше саны

Таңертең

Күндіз

Кешке

125 мг саше

250 мг саше

1000 мг саше

125 мг саше

250 мг саше

1000 мг саше

125 мг саше

250 мг саше

1000 мг саше

12

14

1

1

1

15

16

1

1

1

1

17

20

1

1

1

21

23

1

1

1

1

24

26

1

1

2

27

31

1

1

1

2

32

35

1

1

1

1

1

2

36

39

1

1

1

1

3

40

44

1

1

1

1

1

3

45

46

2

2

1

3

47

55

2

2

1

56

62

2

2

1

1

63

69

3

3

1

1

70

78

3

3

2

1

79

86

3

3

3

1

87

93

1

1

3

1

94

105

1

1

2

106

111

1

1

1

2

112

118

1

1

1

1

1

2

119

125

1

1

1

1

2

2

Енгізу әдісі және жолы

Қолдану тәсілі

"Трансларна" препаратын одан суспензия дайындағаннан кейін сұйық немесе жартылай қатты тамақпен араластырып ішке қолдануға арналған. Сашені дозаны дайындап болу бойына ғана ашу керек. Әрбір сашенің ішіндегісін түгел кем дегенде 30 мл сұйықтықпен (су, сүт, жеміс шырыны) немесе 3 ас қасық жартылай қатты тағаммен (йогурт немесе алма езбесі) араластыру керек. Дайындалған дозаны қабылдар алдында жақсылап араластыру керек. Сұйықтықтың немесе жартылай қатты тағамның көлемін пациенттің қалауымен арттыруға болады. Пациент дозаны түгел қабылдауы тиіс.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Аталурен күніне 3 дозадан, ішке қолдануға арналған.

Алғашқы доза таңертең, екіншісі түскі уақытта, үшіншісі кешке қабылданады. Ұсынылатын аралық таңертеңгі және түскі дозалар арасында 6 сағатты, түскі және кешкі дозалар арасында 6 сағатты және кешкі доза мен келесі таңертеңгі доза арасында 12 сағатты құрайды.

Емдеу ұзақтығы

Емдеуді Дюшенн/Беккер бұлшықет дистрофиясын емдеу тәжірибесі бар маман дәрігердің бақылауымен бастау керек. Өз дәрігеріңізбен талқыламайынша, ТрансларнаТМ қабылдауды тоқтатпау керек. Егер сізде осы дәріге қатысты қосымша сұрақтарыңыз бар болса, өз дәрігеріңізден сұрап біліңіз.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан пациенттер үшін аталуреннің қауіпсіздігі және тиімділігі қазіргі таңда анықталған жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (рСКФ <30 мл / мин) немесе терминалдық бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерді емдеу ұсынылмайды.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауырдың жеңіл, орташа және ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет болмайды.

Бала пациенттер

Дене салмағы 12 кг немесе одан көбірек бала пациенттер дәрілік затты дене салмағының ауқымына сай қабылдауы керек (жоғарыдағы кестені қараңыз). Ұсынылатын доза барлық жас санатында бірдей, яғни таңертең дене салмағына шаққанда 10 мг/кг, түскі уақытта дене салмағына шаққанда 10 мг/кг, және кешке дене салмағына шаққанда 20 мг/кг (жалпы тәуліктік доза дене салмағына шаққанда 40 мг/кг).

Дене салмағы 12 кг және 6 айлықтан 2 жасқа дейінгі балалар үшін "Трансларна" препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Деректер жоқ.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар

Аталуреннің көлемі 200 мг/кг пероральді бір реттік дозасын қабылдаған дені сау ерікті адамдар бас ауыру, жүректің айнуы, құсу және диарея түріндегі өткінші жеңіл симптомдарды басынан өткерді. Күрделі жағымсыз әсерлер білінген жоқ. Ықтимал артық дозалану жағдайында демеуші медициналық күтімді қамтамасыз ету керек және пациенттің клиникалық жағдайын бақылау мақсатында медициналық кеңес алу үшін маманға қаралғаны жөн.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар

Кейінге қалдырылған немесе өткізіп алған доза

Егер аталурен дозасын қабылдаудың кешігуі таңертең немесе түстен кейінгі дозаны қабылдағаннан кейін 3 сағаттан кем болса немесе кешкі дозаны қабылдағаннан кейін 6 сағаттан кем болса, келесі дозаны кестені өзгертпей қабылдау керек. Егер таңертеңгі немесе күндізгі дозаларды қабылдағаннан кейін 3 сағаттан көпті немесе кешкі дозаны қабылдаудан кейін 6 сағаттан көпті құраса, келесі дозаны қабылдамау керек, және пациент қабылдаудың әдеттегі кестесіне оралуы қажет. Пациент, егер кесте бойынша дозалардың біреуін өткізіп алса, қосарланған немесе қосымша доза қабылдамауы тиіс. Дәл өлшенген дозаны қабылдау маңызды. Ұсынылған дозаны арттыру дәрілік заттың тиіміділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Тоқтату симптомдары қаупінің бар-жоқтығына нұсқаулар

Қатысы жоқ

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медициналық қызметкерден кеңес алу жөнінде нұсқаулар

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажеттілік болғанда)

Плацебо-бақыланатын екі зерттеу барсында аталуреннің күніне 40 мг/кг көлемде ұсынылған тәуліктік дозасын қабылдаған, нмДБД бар пациенттердегі жағымсыз реакциялар төменде берілген. Плацебоға қарағанда жиілігі жоғары 40 мг/кг тобындағы 1 пациенттен көбірегінде байқалған жағымсыз әсерлер жағымсыз реакциялардың жүйелік-ағзалық класы, дұрысырақ термині және көрініс беру жиілігі бойынша берілген. Жиілігі бойынша топтастыру келесі қағидаға негізделген: өте жиі ((≥1/10) және жиі ( ≥1/100-ден <1/10 дейін).

Өте жиі

- құсу

Жиі

- бас ауыру

- тәбеттің төмендеуі, гипертриглицеридемия

- гипертония

- жөтел, мұрыннан қан кету

- жүректің айнуы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, метеоризм, асқазанда жағымсыздықтың сезілуі, іш қату

- эритрематозды бөртпе

- аяқ-қолдың ауыруы, кеудеде сүйек-бұлшықет ауыруы

- гематурия, энурез

- қызба, салмақтың төмендеуі

Жиілігі белгісіз

- липидтер деңгейлерінің өзгерулері (триглицеридтің және холестериннің жоғарылауы)

- бүйрек функциясы көрсетілімдерінің өзгерулері (жоғарылаған креатинин, қан мочевинасындағы азот, С цистатин)

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Сарысулық липидтер

Сарысулық липидтердің, яғни холестерин мен триглицеридтер деңгейлерінің жоғарылағаны білінді. Кейбір жағдайларда 4 апта өткен соң ауытқыған жоғары деңгейлер байқалды.

Бүйрек функциясына жүргізілген зерттеулер

Плацебо-бақыланатын зерттеулер кезінде сұрыптау әдісімен сарысулық креатининнің, қандағы мочевина азотының және С цистеиннің орташа деңгейлерінің аздап жоғарылағаны байқалды. Бұл көрсеткіштер зерттеулердің ерте кезеңдерінде тұрақтанды, және емдеу барысында олардың әрі қарай жоғарылауы білінген жоқ.

Жағымсыз күмәнді дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

(жағымсыз реакциялар жөнінде деректердің ақпараттық базасын көрсету керек)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір пакеттің ішінде

белсенді зат: 125 мг, 250 мг немесе 1000 мг аталурен

қосымша заттар: полидекстроза, маннитол, коллифор Р 407 (Полоксамер 407) микро, полиэтиленгликоль 3350, гидроксиэтилцеллюлоза, кросповидон, «Ванилин» жасанды хошиістендіргіші2, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

2 «Ванилин» жасанды хошиістендіргішінің құрамы: 80-90% жүгері мальтодекстрині, 1-5% пропиленгликоль, 5-10% дәмдеуіш қоспа

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік ұнтақ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған герметикалық дәнекерленген пакет-сашеге 500 мг ұнтақтан (125 мг дозасы үшін), 1000 мг ұнтақтан (250 м дозасы үшін) немесе 4000 мг ұнтақтан (1000 мг дозасы үшін) салынған.

30 саше медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30оС-ден аспайтын температурада. Әрбір дайындалған дозаны әзірлеп болуы бойына пайдаланған дұрыс. Дайындалған дозаны тоңазытқышта 2-8°C температурада 24 сағат бойы немесе бөлме температурасында (15-30°C) 3 сағат бойы сақтайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт бойынша

Өндіруші туралы мәліметтер

ROVI PHARMA INDUSTRIAL SERVICES S.A.

Виа Комплутенсе,140, Алькала де Хенарес, Мадрид 28805, Испания

Teл: +34 673988952, e-mail: rovi@rovi.es

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

PTC Therapeutics International Limited

5 қабат, Гранд-Канал-Плаза, 3, Аппер-Гранд-Канал-Стрит,

Дублин 4, D04 EE70, Ирландия

Teл: +353 (0)1 906 8700, e-mail: ahopkins@ptcbio.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасы

«Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет» АҚ

Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Алматы қ., 050042, Жандосов к-сі 98, Навои Тауэрс БО, кеңсе 401

тел.: 8 (727) 3911097, 8 (727) 2434777

тел./факс: 8 (727) 3911097 (ішкі 101)

e-mail: infokz@genilac.com

Прикрепленные файлы

Трансларна_рус.docx 0.08 кб
Трансларна_ЛВ_Есалиева.doc 0.13 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту