Трамин (500 мг)

МНН: Транексамовая кислота
Производитель: Хилтон Фарма (Пвт.) Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tranexamic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013202
Информация о регистрации в РК: 17.11.2020 - 17.11.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Трамин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Транексам қышқылы

Дәрілік түрі

500 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 500 мг транексам қышқылы ,

қосымша заттар жүгері крахмалы, магний стеараты

Капсуланың құрамы

Желатинді капсула «0»: желатин, тазартылған су, титанның қостотығы Е171, натрий лаурилсульфаты, глицерин, метилпарабен, пропилпарабен,

бриллиантты көк Е133, хинолинді сары Е104, азорубин Е122.

Сипаттамасы

Корпусы ақ және қақпағы күңгірт қызыл, қақпақшасында «TMN 500» және капсула корпусында «HPL» таңбасы бар қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ кристалды ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Гемостатиктер. Амин қышқылдары. Транексам қышқылы

АТХ коды В 02АА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Асқазан-ішек жолынан транексам қышқылының сіңуі толық емес. Қан плазмасында транексам қышқылы концентрациясының шыңына 1 г дозаны енгізгеннен кейін 3 сағаттан соң жетеді. Препараттың биологиялық жинақталуы – шамамен 34; тағамның болуы сіңуіне әсер етпейді.

Қан плазмасындағы концентрациясы 5-тен 10 мг/л болғанда, қан ақуыздарымен транексам қышқылының тек 3%-ы ғана байланысады және толығымен анық түрде плазминогенмен байланысады.

Транексам қышқылының метаболизмі жеткілікті зерттелмеген. Препараттың 2 г дозасын қабылдағаннан кейін 25 сағат ішінде 2% жуығы несепте ацетилденген және дикарбонды қышқылдарының метаболиттері түрінде пайда болады. Көбінесе несеппен - 95 шығарылады.

Фармакодинамикасы

Антифибринолитикалық дәрі. Трамин плазмин және плазминоген белсендіргіштер әсерін арнайы тежейді, нәтижесінде фибриннің деградациясы плазминмен тоқтатылады.

Қолданылуы

Фибринолиздің жалпы және жергілікті жоғарылауына байланысты қан кетуінде:

- гемофилияда

- фибринолитикалық емнен геморрагиялық асқынуларда

- операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңдегі қан кетуде

- өкпеден, мұрыннан, асқазан-ішек жолынан қан кетуде

- мено- және метроррагияларда

- несеп шығару жүйесінің төменгі бөлігінен қан кетуге байланысты макрогематурияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, ас қабылдауға байланыссыз –250-500 мг күніне 3-4 рет.

Мұрыннан қан кету қайталанған кезде – 7 күн бойы 1 г-ден күніне 2 рет. Жатыр мойнына жасалған операциядан кейін – 12-14 күн бойы 1 г-ден күніне 2 рет.

Бүйректің шығару қызметі бұзылған жағдайда дозалау режимін түзету қажет: қанда креатинин концентрациясы 120-250 мкмоль/л кезінде – 15 мг/кг тәулігіне 2 рет; 250-500 мкмоль/л – сондай бір реттік дозада тәулігіне 1 рет; 500 мкмоль/л астам болса – 7.5 мг/кг тәулігіне 1 рет.

Жағымсыз әсерлері

- препаратқа жоғары сезімталдық

- аллергиялық реакциялар (есекжем, қышыну, дерматит)

- ұйқышылдық, бас айналу, әлсіздік

- тәбеттің төмендеуі, диарея, жүрек айнуы, құсу

- түстерді айырудың бұзылуы

  • дімкәстік, гипотензия

  • анафилактикалық шок

  • артериялық немесе көктамырлық тромбоз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді заты немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • субарахноидальді қан құйылу

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • терең көктамырлар тромбозы, тромбоэмболиялық синдром, миокард инфарктісі

  • түстерді айырудың бұзылуы

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • сыртартқыдағы құрысулар

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат урокиназамен, норадреналинді битартратпен, дезоксиэпинефринді гидрохлоридпен, метарминді битартратпен, диниридамолмен, диазепаммен үйлесімсіз. Ішілетін контрацептивтік препараттар бір мезгілде қолданғанда тромбоздардың даму қаупі артады.

Транексам қышқылы фибринолитикалық препараттардың тромболитикалық әсерін әлсіретеді. Гемостатикалық препараттармен және гемокоагулазамен бір мезгілде қолданғанда тромб түзілуді белсендіруі мүмкін.

Эстрогендер қабылдайтын емделушілерде тромб түзілудің әлеуетін ұлғайтудың теориялық қаупі болады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты пайдаланар алдында тромбоэмболиялық аурулар қаупінің факторлары қарастырылуы тиіс. Антикоагулянттармен бір мезгілде емдеу арнайы маман дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында креатинин клиренсін есепке ала отырып доза азайтылады. Бүйрек гематуриясы кезінде уретрада ұйындының түзілуі нәтижесінде механикалық анурия қаупі пайда болады. Бастар алдында және емдеу үдерісінде окулист (көздің өткірлігі, түстерді айыруы, көз түбі) тексеруі қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Транексам қышқылы плацента арқылы өтеді. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде транексам қышқылының тератогенді әсеріне дәлелдер жоқ, алайда жүкті әйелдерге препаратты сақтықпен қолданған жөн. Транексам қышқылы ана сүті концентрациясының шамамен жүзден біріндей концентрациясында емшек сүтіне өтеді. Нәрестедегі антифибринолитикалық әсерінің ықтималдығы аз. Алайда препаратты бала емізетін әйелдерге сақтықпен қолданған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін. Механизмдермен жұмыс істеуді қауіпсіздік факторын ескере отырып жүргізу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу және ортостатикалық гипотензия.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір, суды жеткілікті мөлшерде ішу, симптоматикалық, антикоагулянтты ем жүргізілуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилді үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Күн сәулесінен қорғалған жерде, 250 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Хилтон Фарма (Пвт.) Лтд., Пәкістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Хилтон Фарма (Пвт.) Лтд., Пәкістан

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Стандарт Фарма» ЖШС: Алматы қ., Елебеков к-сі, үй 12/1

Тел: +7(727) 2643915

Электрондық поштасы: info@yellow-pages.kz

 

 

Прикрепленные файлы

939957661477976579_ru.doc 67.5 кб
705648181477977737_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники