Травопассит (сироп со вкусом апельсина)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Травопассит
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Апельсин дәмі бар және өрік дәмі бар 100 мл шәрбат
Құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар:
2.25 мг шашақты древогубец тұқымының құрғақ сығындысы
12.0 мг азия центелласы шөбінің құрғақ сығындысы
22.5 мг ұйықтататын витания тамырының құрғақ сығындысы
45.0 мг дәрілік эмблика жемістерінің құрғақ сығындысы
қосымша заттар: сахароза, пропиленгликоль, ацесульфам-К метилпарабен, пропилпарабен, натрий цитраты, натрий хлориді, апельсин хош иістендіргіші (апельсин дәмі бар шәрбатқа арналған), өрік хош иістендіргіші (өрік дәмі бар шәрбатқа арналған), тазартылған су.
Сипаттамасы
Апельсин дәмі бар қоңыр түсті шәрбат
Өрік дәмі бар қоңыр түсті шәрбат
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды N07
Фармакологиялық қасиеттері
Витаноидтар, азиатикозидтер және т.б. сияқты жүйке жүйесіне қатысты алғанда стресске қарсы, анксилитикалық және өзіне тән антиоксидантты әсері бар күшті фитоингридиенттер біріктірілімін білдіреді.
Препараттың әсері құрамына кіретін сығындылардың жиынтық әсеріне негізделген:
Ұйықтататын витания тамыры (Withania somnifera, Ashwagandha) гипоталамустың қызметін белсендіреді, витанияның нейродегенеративті ауруларды емдеуге қолдануға болатыны анықталған. Оның белсенді ингредиенті – витанолидтің стресске қарсы әрекет ететіні, сондай-ақ организмнің қартаюы кезінде емдік әсерін байқататыны дәлелденген. Витания гипергликемия, глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, плазма кортикостероидтары деңгейінің жоғарылауы, асқазан шырышты қабығының ойық жаралануы, еркектердің жыныстық бұзылулары, когнитивті қабілеттердің төмендеуі, иммунитеттің төмендеуі және депрессия түрінде көрінетін созылмалы стресстің эксперименттік үлгісінде стресске қарсы адаптогенді әсерді иеленеді.
Шашақты древогубец тұқымын (Celastrus paniculatus. Jyotismati) үнді халық медицинасында есте сақтау қабілеті, ұйқы бұзылғанда, эпилепсия кезінде кең қолданады. Осы өсімдіктің, дәрілік эмблика мен азия центелласының (тритерпеннің болуы) антиоксидантты қасиеттері, оның ішінде нейродегенеративті аурулар кезінде нейропротекторлы әсерінің болатыны эксперимент жүзінде расталған. Древогубецтің де, препарат құрамына кіретін басқа да өсімдіктің, ұйықтататын витания мен дәрілік эмбликаның антиоксиданттық қасиеттерін стресске қарсы, иммунитет модулдеуші, жадыны жақсартушы қасиеттері түсіндіре алады. Есте сақтауға қабілеттілікті жақсартады, оның ішінде амнезия кезінде, сондай-ақ стресс, инсульт кезінде нейропротекторлық, миокард инфарктісінде – кардиопротекторлық әсер береді.
Дәрілік эмблика жемістерін (Emblica officinalis) үнді халық медицинасында кеңінен қолданады, дәрілік эмблика жадыны жақсартып, холестерин деңгейін төмендететіндіктен және антихолинэстеразды белсенділігі болғандықтан Альцгеймер ауруын емдеуде емдік әсері бар. Азия центелласы шөбінің (Centella asiatica, Madukparni or brahmi) құрамында гликозидтер бар: индоцентеллозид, брахмозид, брахминозид, азиатикозид, танкунизид және изотанкунизид. Жадыны жақсарту үшін және тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Азия центелласы шөбі нейрондар морфологиясына әсер етеді және мидың қызметін жақсартады. Азия центелласы жасартатын әрі тыныштандыратын әсер береді, сондай-ақ жүйке жүйесін көтермелеп, организмнің ақыл-ой қабілеттілігін жоғарылатады.
Қолданылуы
-
ашушаңдық, үрей, қорқынышпен қатар жүретін неврастения және неврастениялық реакцияларда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге – 2 шай қасықтан (10 мл) тәулігіне 2-3 рет. Емдеу курсы – 4 аптаға дейін. Қолданар алдында жақсылап шайқау керек.
Жағымсыз әсерлері
Препаратты әдетте емделушілер жақсы көтереді.
Болуы мүмкін
- аллергиялық реакциялар
- жүрек айну, құсу, түйілу, іш қату, диарея
- бас айналу, ұйқышылдық, шаршау сезімі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік уақытында және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емделу кезеңінде жоғары зейін шоғырландыруды қажет ететін механизмдермен жұмыс істеген кезде сақ болған жөн.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
100 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы алюминий қақпақпен тығындалып жабылған қызғылт-сары – қоңыр түсті полиэтилентерефталаттан жасалған құтыға құйылған.
1 құтыдан өлшеуіш қасығымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалаған жерде, 25ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Өндіруші
Plethico Pharmaceuticals Ltd, Үндістан
Зауыттың мекенжайы: Village: Dharavara, Post: Kalaria- 453001, Indore (M.P.), India.
Заңды мекенжайы : 37/37А, Industrial Estate, Pologround, Indore, 452 015 (М .Р.), India
Тіркеу куәлігінің иесі
Plethico Pharmaceuticals Ltd, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
100009 Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 110/2
Тел.: /7212/ 48 16 44, 43 15 34, 43-15-63,48-17-67; тел./факс: /7212/ 48 17 44;
e-mail rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru