Трависил™ (таблетки для рассасывания со вкусом апельсина)

Производитель: Plethico Pharmaceuticals Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противокашлевые препараты в комбинации с отхаркивающими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014429
Информация о регистрации в РК: 24.06.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ТрависилТМ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар (апельсин, жалбыз, лимон дәмі бар)

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар (5 % сығындылар түрінде):

Адатода васика жапырақтары

5.0 мг

Ұзын бұрыш жемістері

25.0 мг

Қара бұрыш жемістері

20.0 мг

Дәрілік зингибер тамырсабағы

12.0 мг

Жалаң мия тамырлары

10.0 мг

Дәрілік эмблика жемістері

16.0 мг

Ұзын куркум тамырсабағы

15.0 мг

Акация катеху қабығы

17.0 мг

Қарапайым аскөк тұқымы

18.0 мг

Базилик шөбі

5.0 мг

Терминалия хебула жемістері

5.0 мг

Терминалия белерика жемістері

5.0 мг

Үлкен калган тамырсабағы

20.0 мг

Абрус тілек жапырақтары

20.0 мг

Ментол

2.0 мг

қосымша заттар: сахароза, сұйық глюкоза, апельсин майы немесе лимон майы немесе жалбыз майы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Екі жағында да «Т» әрпі өрнектелген, ашық-қызыл сарыдан күңгірт-қызыл сары-қоңыр түске дейінгі, біртекті реңді емес, салқындатылған әсері бар және өзіне тән апельсин дәмі бар дөңгелектенген таблеткалар. Азғантай мөлшердегі ауа көпіршіктерінің болуына және таблетка жиектерінің тегіс болмауына, сондай-ақ, таблеткаларда түйіршік түрінде өнім бөлшектерінің жабысуына жол беріледі (апельсин дәмімен).

Екі жағында да «Т» әрпі өрнектелген, ашық-жасылдан күңгірт-жасыл түске дейінгі, біртекті реңді емес, салқындатылған әсері бар және өзіне тән жалбыз дәмі бар дөңгелектенген таблеткалар Азғантай мөлшердегі ауа көпіршіктерінің болуына және таблетка жиектерінің тегіс болмауына, сондай-ақ, таблеткаларда түйіршік түрінде өнім бөлшектерінің жабысуына жол беріледі (жалбыз дәмімен).

Екі жағында да «Т» әрпі өрнектелген, ашық-сарыдан күңгірт- сары-қоңыр түске дейінгі, біртекті реңді емес, салқындатылған әсері бар және өзіне тән лимон дәмі бар дөңгелектенген таблеткалар. Азғантай мөлшердегі ауа көпіршіктерінің болуына және таблетка жиектерінің тегіс болмауына, сондай-ақ, таблеткаларда түйіршік түрінде өнім бөлшектерінің жабысуына жол беріледі (лимон дәмімен).

Фармакотерапиялық тобы

Жөтелге қарсы препараттар қақырық түсіретін препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды R05FB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жөтелге қарсы Трависил™ таблеткалары соруға арналған және ауы қуысы мен жұтқыншақта жергілікті антисептикалық әсер береді. Төмен жүйелі сіңірілуіне және препараттың көп компоненттілігіне байланысты фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Жөтелге қарсы Трависил™ таблеткалары қақырық түсіретін, антисептикалық, қабынуға қарсы және ауыз қуысын сергітетін әсер көрсетеді.

Адатода васика қақырық түсіретін, бронх кеңейтетін және антигистаминді әсерге ие.

Ұзын бұрыш жемістері қақырық түсіретін және муколитикалық әсер көрсетеді. Қара бұрыш қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсерге ие, ауыз қуысында сергітетін әсер береді.

Дәрілік зингибер қабынуға қарсы және жөтелге қарсы әсер көрсетеді.

Жалаң мия жөтелдік тітіркенуді азайтады, қақырық түсіретін және тер шығаратын әсері бар.

Дәрілік эмблика – жөтелге қарсы дәрі, қабынуға қарсы, иммуномодуляциялайтын және жалпы нығайтатын әсері бар, құрамында С витамині бар.

Ұзын куркума қабынуға қарсы және антигистаминді әсер көрсетеді.

Акация Катеху антигистаминдік және тұтқыр әсерге ие, ауыз қуысын сергітеді.

Қарапайым фенхельдің қақырық түсіретін және жөтелге қарсы әсері бар, тамақ ауыруын жеңілдетеді, асқазан-ішек жолы функциясын жақсартады.

Базилик жөтелге қарсы, қақырық түсіретін, ыстық түсіретін және анальгетикалық әсерге ие.

Терминалия Хебула антигистаминдік, микробқа қарсы және жөтелге қарсы әсер көрсетеді.

Терминалия Белерика жөтелге қарсы және иммуномодуляциялайтын әсер көрсетеді.

Үлкен Калган суық тиюге қарсы және жөтелге қарсы әсер береді.

Абрус тілек жапырақтары қабынуға қарсы және антигистаминдік әсер көрсетеді.

Ментол тиімді антисептикалық және қақырық түсіретін дәрі болып табылады, ауыз қуысын залалсыздандырады және сергітеді.

Қолданылуы

- жөтелмен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы-қабыну ауруларында

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге: 2-3 таблеткадан тәулігіне 3 рет.

6 жастан асқан балаларға: 1-2 таблеткадан тәулігіне 3 рет.

Емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакция (тері бөртпесі, тері қышынуы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар

- қант диабеті

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзінің қоспасыз табиғи шығу тегіне байланысты «Трависил™ таблеткалары» емдік дозаларда қолданғанда қауіпсіз және жақсы көтерімді.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік ағымына және лактация кезеңінде препараттың әсер етуі туралы деректер жоқ.

Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары – жағымсыз реакцияларының күшеюі.

Емі - симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридтен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада (блистер) 8 таблеткадан.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Поливинилхлоридтен және алюминий фольгадан жасалған пакеттерде бір таблеткадан.

250 пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пластик банкілерге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Plethico Pharmaceuticals LTD.

Дхаравара, Калария – 453 001, Индор (М.П.), Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Plethico Pharmaceuticals LTD., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Резлов ЛТД» ЖШС, 100009, Қарағанды қ.,  Ермеков к-сі 110/2

тел.+7(212) 48-16-44, факс +7(212)48-17-44

Электронды поштасы: rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru

Прикрепленные файлы

271480041477976653_ru.doc 72 кб
763420711477977816_kz.doc 76 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники