Трависил™ (сироп от кашля без сахара, 100 мл)

Производитель: Plethico Pharmaceuticals Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противокашлевые препараты в комбинации с отхаркивающими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013527
Информация о регистрации в РК: 24.06.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Трависил™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жөтелге қарсы қантсыз шәрбат, 100 мл

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар – шикізаттан 2 мл сұйық сығынды (5%)

Адатода васика жапырақтары

5.0 мг

Ұзын бұрыш жемістері

25.0 мг

Қара бұрыш жемістері

20.0 мг

Дәрілік зингибер тамырсабағы

12.0 мг

Жалаң мия тамырлары

10.0 мг

Дәрілік эмблика жемістері

16.0 мг

Ұзын куркум тамырсабағы

15.0 мг

Акация катеху қабығы

17.0 мг

Қарапайым аскөк тұқымы

18.0 мг

Базилик шөбі

5.0 мг

Терминалия хебула жемістері

5.0 мг

Терминалия белерика жемістері

5.0 мг

Үлкен калган тамырсабағы

20.0 мг

Абрус тілек жапырақтары

20.0 мг

Ментол

2.0 мг

қосымша заттар: сорбитол ерітіндісі 70 %, глицерин, натрий сахарині (Е954), моноаммоний глицирризинаты (Е958), натрий метилпарагидроксибензоаты (Е215), натрий пропилпарагидроксибензоаты (Е216), хинолинді сары (Е104), бриллиантты көк (Е133), Т-хош иістендіргіш, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жағымды өсімдік және жалбыз иісі бар жасыл түсті сұйықтық. Сақтау үдерісінде шайқағаннан кейін еритін шөгіндінің түзілуіне жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел симптомдарын қайтаруға арналған препараттар.

Жөтелге қарсы препараттар қақырық түсіретін препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды R05FB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың көп компоненттілігіне байланысты фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Жөтелге қарсы Трависил™ шәрбаты қақырық түсіретін, антисептикалық, қабынуға қарсы, жалпы нығайтатын және ауыз қуысын сергітетін әсер көрсетеді.

Адатода васика қақырық түсіретін, бронх кеңейтетін және антигистаминдік әсерге ие.

Ұзын бұрыш жемістері қақырық түсіретін және муколитикалық әсер көрсетеді.

Қара бұрыш қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсерге ие, ауыз қуысында сергітетін әсер береді.

Дәрілік зингибер қабынуға қарсы және жөтелге қарсы әсер көрсетеді.

Жалаң мия жөтелдік тітіркенуді азайтады, қақырық түсіретін және тер шығаратын әсері бар.

Дәрілік эмблика – жөтелге қарсы дәрі, қабынуға қарсы, иммуномодуляциялайтын және жалпы нығайтатын әсері бар, құрамында С витамині бар.

Ұзын куркума қабынуға қарсы және антигистаминдік әсер көрсетеді.

Акация Катеху антигистаминдік және тұтқыр әсерге ие, ауыз қуысын сергітеді.

Қарапайым фенхельдің қақырық түсіретін және жөтелге қарсы әсері бар, тамақ ауыруын жеңілдетеді, асқазан-ішек жолы функциясын жақсартады.

Базилик жөтелге қарсы, қақырық түсіретін, ыстық түсіретін және анальгетикалық әсерге ие.

Терминалия Хебула антигистаминдік, микробқа қарсы және жөтелге қарсы әсер көрсетеді.

Терминалия Белерика жөтелге қарсы және иммуномодуляциялайтын әсер көрсетеді.

Үлкен Калган суық тиюге қарсы және жөтелге қарсы әсер береді.

Абрус тілек жапырақтары қабынуға қарсы және антигистаминдік әсер көрсетеді.

Ментол тиімді антисептикалық және қақырық түсіретін дәрі болып табылады, ауыз қуысын залалсыздандырады және сергітеді.

Қолданылуы

- шылым шегумен, тітіркенумен, жұқпалармен және тамақтың ауыруымен туындаған құрғақ және ылғалды жөтелді, сондай-ақ, шығу тегі белгісіз жөтелді жеңілдету үшін

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге: 1-2 шай қасықтан күніне үш рет.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакция

- жүрек айнуы, ауыздың құрғауы, асқазан-ішек ауырулары, диарея, құсу, дәмнің өзгеруі

- бас ауыруы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, бас айналуы, мазасыздық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік ағымына және лактация кезеңінде препараттың әсер етуі туралы деректер жоқ.

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды (құрамында бояғыштар бар).

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптодармы – жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі– симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы алюминий қақпақпен тығындалған полиэтилентерефталаттан жасалған қоңыр түсті құтыларда 100 мл препараттан.

1 құтыдан өлшейтін қалпақшасымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаларға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл. Құтыны ашқаннан кейін – 4 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Plethico Pharmaceuticals LTD.

Дхаравара, Калария – 453 001, Индор (М.П.), Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Plethico Pharmaceuticals LTD., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Резлов ЛТД» ЖШС, 100009, Қарағанды қ.,  Ермеков к-сі 110/2

тел.+7(212) 48-16-44, факс +7(212)48-17-44

Электронды поштасы: rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru

Прикрепленные файлы

907479881477976652_ru.doc 49 кб
083239931477977814_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники