Трависил™ без сахара (леденцы для рассасывания со вкусом лимона)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Трависилтм қантсыз
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Лимон, апельсин, қара қарақат және жалбыз дәмі бар соруға арналған мұзкәмпиттер
Құрамы
Бір мұзкәмпиттің құрамында 5 % сұйық сығынды бар
белсенді заттар: адатода васика жапырақтары 3,25 мг
ұзын бұрыш жемістері 16,14 мг
қара бұрыш жемістері 12,91 мг
дәрілік зімбір тамырсабағы 7,74 мг
жалаң мия тамырлары 6,45 мг
дәрілік эмблика жемістері 10,33 мг
куркума лонга тамырсабағы 9,69 мг
катэчу қарағаны қабығы 10,98 мг
кәдімгі фенхель жемістері 11,62 мг
осимум санктум шөбі 3,2 мг
терминалия чебула жемістері 3,2 мг
терминалия белерика жемістері 3,2 мг
алпиния галанга тамырсабағы 12,91 мг
абрус прекаториус жапырақтары 12,91 мг
ментол 1,29 мг
қантсыз шәрбат негізі
қосымша заттар апельсин дәмі бар мұзкәмпиттер үшін: ацесульфам – К, кармуазин (Е122), сансет сары (Е110), апельсин хош иістендіргіші, тазартылған су;
лимон дәмі бар мұзкәмпиттер үшін: ацесульфам – К, хинолинді сары (Е104), лимон хош иістендіргіші, тазартылған су;
жалбыз дәмі бар мұзкәмпиттер үшін: ацесульфам–К, хинолинді сары (Е104), бриллиантты көк (Е133), жалбыз хош иістендіргіші, тазартылған су;
қара қарақат дәмі бар мұзкәмпиттер үшін: ацесульфам – К, кармуазин (Е122), бриллиантты көк (Е133), қара қарақат хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ақшыл қызғылттан қою қызғылт-қоңыр түске дейінгі, жартылай мөлдір немесе күңгірт, екі беті дөңес сопақ пішінді, салқындататын және өзіне тән апельсин дәмі бар мұзкәмпиттер.
Ақшыл жасылдан қою жасыл түске дейінгі, жартылай мөлдір немесе күңгірт, екі беті дөңес сопақ пішінді, салқындататын және өзіне тән жалбыз дәмі бар мұзкәмпиттер.
Ақшыл сарыдан қою сары-қоңыр түске дейінгі, жартылай мөлдір немесе күңгірт, екі беті дөңес сопақ пішінді, салқындататын және өзіне тән лимон дәмі бар мұзкәмпиттер.
Ақшыл көгілдір-күлгіннен қою көгілдір-күлгін түске дейінгі, жартылай мөлдір немесе күңгірт, екі беті дөңес сопақ пішінді, салқындататын және өзіне тән қара қарақат дәмі бар мұзкәмпиттер.
Мұзкәмпиттердің барлық түрі үшін беткейінің кішкене жарықшақпен тегіс емес және кедір-бұдырлығына, карамель массасында ауа көпіршіктерінің болуына, мұзкәмпиттер шеттерінің жарылуы мен бірыңғай боялмауына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Қақырық түсіргіш препараттармен біріктірілген жөтелге қарсы препараттар.
АТХ коды R05FВ02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жөтелге қарсы Трависил қантсыз мұзкәмпиттері соруға арналған және ауыз қуысында және жұтқыншақта жергілікті антисептикалық әсер береді. Жүйелік сіңуінің төмендігіне байланысты және препараттың компоненті көп болғандықтан, фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.
Фармакодинамикасы
Жөтелге қарсы ТрависилТМ қантсыз мұзкәмпиттері қақырық түсіретін, антисептикалық, қабынуға қарсы және ауыз қуысын иіссіздендіретін әсер береді.
Адатода васиканың қақырықты түсіретін, бронхты кеңейтетін және антигистаминді әсері бар.
Пипер лонгум қақырықты түсіретін және муколитикалық әсер етеді.
Пипер нигрумның қақырықты түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар, ауыз қуысын иіссіздендіретін әсер береді.
Дәрілік зингибер қабынуға қарсы және жөтелге қарсы әсер етеді.
Глицирриза глабра жөтел жиілігін азайтады, қақырықты түсіретін және терлететін әсері бар.
Дәрілік эмблика – жөтелге қарсы дәрі, қабынуға қарсы, иммуномодуляциялайтын және жалпы нығайтушы әсерге ие, құрамында С витамині бар.
Куркума лонга қабынуға қарсы және антигистаминді әсер етеді.
Акация катэчу антигистаминді және тұтқыр әсер береді, ауыз қуысы демін сергітеді.
Фоникулум вульгаренің қақырықты түсіретін және жөтелге қарсы әсері бар, тамақтағы ауыруды жеңілдетеді, асқазан-ішек жолының функциясын жақсартады.
Осимум санктумның жөтелге қарсы, қақырықты түсіретін, ыстықты төмендететін және ауыруды басатын әсерлері бар.
Терминалия чебула гистаминге қарсы, микробтарға қарсы және жөтелге қарсы әсер етеді.
Терминалия белериканың жөтелге қарсы және иммуномодуляциялайтын әсер береді.
Алпиния галанга салқын тиюге қарсы және жөтелге қарсы әсер етеді.
Абрус прекаториус қабынуға қарсы және гистаминге қарсы әсер етеді.
Ментол антисептикалық және жергілікті ауыруды басатын әсері бар, ауыз қуысының иісін кетіреді және сергітеді.
Қолданылуы
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялық қабынуы, жөтелмен және тамақтың ауруымен қоса
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге: 2-3 мұзкәмпиттен тәулігіне 3 рет немесе дәрігердің тағайындауы бойынша.
Емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, терінің қышуы)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация
Препараттың жүктілік барысына және лактация кезеңінде әсер етуі туралы деректер жоқ.
Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары – жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емі – симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
6 мұзкәмпиттен ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады.
2 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Плетхико Фармасьютикалз Лтд»
Дхаравара, Калария - 453 001, Индор (М.П.), Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
«Плетхико Фармасьютикалз Лтд», Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Резлов Лтд» ЖШС, 100009, Қарағанды қ., Ермеков к-сі 110/2
Тел. +7 (212) 48-16-44, факс +7 (212) 48-17-44
Электронды поштасы: rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru