Тонзилотрен
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Тонзилотрен
Tonsilotren®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың (250 мг) құрамында
белсенді заттар: Atropinum sulfuricum trit. D5- 12,5 мг, Hepar sulfuris trit. D3 - 10,0 мг, Kalium bichromicum trit. D4 - 50,0 мг, Mercurius bijodatus trit. D8 - 25,0 мг, Silicea trit. D2 - 5,0 мг;
қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, магний стеараты.
Сипаттамасы
Иіссіз немесе сәл күкіртке ұқсас иісі бар, ойығымен жалпақ цилиндр пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар, жеке күңгірт-сұр дақтары болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар, басқа да препараттар.
АТХ коды R02АА 20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препаратта белсенді ингредиенттердің аса төмен дозасы болуына байланысты фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Тонзилотрен – бұл кешенді гомеопатиялық препарат; Тонзилотрен құрамына бес компонент кіреді, олар өздігінен қалпына келтіру үдерісінде организмді демеу үшін және ауыру, қызару және жұтқан кезде ауырсыну сияқты симптомдарды жеңілдету үшін бірін-бірі толықтырып тұрады.
Atropinum sulfuricum өз әсерін қызбаның бастапқы фазасында толық дамытады, оны ыстықты сезінудің болуымен тамақтың шырышты қабығының қатты қызаруымен сипатталатын жағдайларда, сондай-ақ, жұтынудың тұрақты нашарлауымен білінетін жұтыну қиындағанда қолданады. Mercurius bijodatus әсіресе гипертрофияланған мұрын-жұтқыншақ бадамша бездерін азайту, сонымен қатар, мойын түйіндері инфильтрациясын төмендету үшін қолайлы. Hepar sulfuris тұрақты және қайталанатын қабынуларда, сондай-ақ, құлақ тұсына таралатын қатты және шаншып ауырғанда оң әсер көрсетеді. Жұтқан кездегі тұрақты ауырсынулар және бадамша бездің ұлғаюы мен полиптер Kalium bichromicum-ге сезімтал. Silicea қабынуды басу үдерісін жеделдетеді және иммуностимуляциялайтын әсері арқылы емделушінің жұқпаларға сезімталдығын төмендетеді. Жалпы алғанда, Тонзилотрен алғашқы шағымдардан бастап созылмалы қайталанатын үдерістерді емдегенге дейін қабынудың барлық фазасын емдеуде тиімді.
Қолданылуы
- жедел, созылмалы тонзиллитте
- бадамша безді хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін (тонзиллэктомияда)
Қолдану тәсілі және дозалары
Басқа нұсқаулар болмағанда Тонзилотренді төмендегідей қолданады:
Жедел тонзиллитте: 6-дан 11 жасқа дейінгі балалар – әр екі сағат сайын 1 таблеткадан (бірақ күніне 6 таблеткадан көп емес) жақсарғанға дейін алғашқы 1-2 күн бойы; содан соң - 1 таблеткадан күніне 3 рет.
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар әр сағат сайын 1 таблеткадан қабылдайды (бірақ күніне 12 таблеткадан көп емес) жақсарғанға дейін алғашқы 1-2 күн бойы; содан соң - 1-2 таблеткадан күніне 3 рет.
Емдеу курсын 10 күннен асырмау ұсынылады.
Емнің алғашқы 2 күнінен кейін жақсару байқалмаса немесе аурудың жаңа симптомдары (мысалы, 38 °С-ден жоғары қызба) пайда болған жағдайда емделуші міндетті түрде дәрігермен кеңесуі қажет.
Созылмалы тонзиллитте: 6-дан 11 жасқа дейінгі балалар 1 таблеткадан күніне 3 рет, ал ересектер мен 12 жастан асқан балалар – 1-2 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды. Емді 6-8 апта бойы жалғастыру ұсынылады.
Таблеткаларды ауызда баяу еріте отырып, тамақтанғанға дейін жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін жарты сағаттан соң қабылдау керек.
Жағымсыз әсерлері
- сілекейдің көп бөлінуі. Мұндай жағдайларда дозаны төмендету немесе препаратты қабылдауды тоқтату ұсынылады.
- жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін (мысалы, тері бөртпесі)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне (мысалы, хромға, сынапқа және т.б.) аса жоғары сезімталдық
- қалқанша бездің аса жоғары функциясы (гипертиреоз)
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
-
Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған. Бұл гомеопатиялық препаратты қабылдау басқа дәрілік препараттармен емдеуді жоққа шығармайды.
-
Рецептурасыз препараттарды қоса, басқа препараттарды қабылдаған жағдайда дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Айрықша нұсқаулар
-
Сирек туа біткен аурулары (фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі) бар емделушілер препаратты қабылдамаулары қажет.
Гомеопатиялық дәрілік заттарды қолданғанда уақытша бастапқыда нашарлау болуы мүмкін. Бұл жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Тонзилотренді егер ана үшін күтілетін пайдасы ұрық және бала үшін ықтималды қауіптен артатын болса ғана жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тонзилотрен көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Қазіргі уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.
Шығарылу түрі және қаптамасы
ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 20 таблеткадан салынған. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
15 ºC-ден 25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші және тіркеу куәлігінің иесі
Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия
Қаптаушы ұйым
Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Альпен Фарма» ЖШС Алматы қ., Жетісу-2 ықш.ауд., 80 үй, 54 пәтер
Тел./факс + 7 727 2265306
E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com