Толокнянка (листья, Зерде-Фито ТОО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аюқұлақ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жапырақтар 30 г, 50 г
Құрамы
Бір пәшкенің құрамында
белсенді зат – 30 г, 50 г аюқұлақ жапырақтары
Сипаттамасы
Қабықты, тығыз, сынғыш, жиектері тегіс, кері жұмыртқа тәріздес немесе ұзындау-сопақша пішінді, бас жақ ұшы кейде аздап ойыла дөңгелектенетін, түбіне қарай сына тәрізді тарылған, кесіндісі өте қысқа, ұсақ жапырақтар. Жапырақтың ұзындығы 1 – 2.2 см, ені 0.5 – 1.2 см. Торланып талшықтанған. Жапырақтардың үстіңгі жағы қою-жасыл, жылтыр, айқын байқалатын басылған талшықтары бар, астыңғы жағы аздап ақшылдау, күңгірт, жалаңаш жапырақтар.
Иісі жоқ.
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды G04BX
Фармакологиялық қасиеттері
Өсімдік тектес дәрі. Аюқұлақ жапырақтарының құрамында организмде гидрохинон мен глюкоза, метиларбутин, гиперозидке ыдырайтын арбутин; иіткіш заттар, урсол қышқылы мен сары флавонол пигменті бар. Диуретикалық әсері организмде арбутин гидролизі кезінде түзіліп, несеппен шығарылатын гидрохинонға негізделген. Несеп айдайтын әсері де, гидрохинонмен байланысты. Аюқұлақ қайнатпасының құрамындағы иіткіш заттар асқазан-ішек жолына тұтқырлы әсер береді. Диуретикалық әсері флавоноидтардың спазмалитикалық әсерімен күшейе түседі; иіткіш заттар бактерицидті және тұтқырлы әсерге ие. Аюқұлақ жапырақтары биологиялық белсенді заттары кешенінің несеп айдайтын, қабынуға қарсы және антисептикалық әсері бар.
Қолданылуы
Кешенді ем жүргізуде:
- бүйрек, қуық және несеп шығару жолдарының қабыну ауруларында
Қолдану тәсілі және дозалары
10 г (1 ас қасық) препаратты эмальды ыдысқа салып, 200 мл (1стақан) қайнаған ыстық су құяды, қақпақпен жабады да, қайнап жатқан суда (су моншасында) 30 мин қыздырады, бөлме температурасында 10 мин суытып, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған қайнатпаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Дайындалған қайнатпаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтау керек.
1/3 стақаннан жылы күйінде күніне 3 рет тамақтанудан 40 мин бұрын ішке қабылдайды. Емдеу курсы мен дозасын емдеуші дәрігер белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
Жоғары дозада және ұзақ қолданған кезде
- аллергиялық реакциялар
- жүрек айну, құсу, диарея, несеп шығару жолдарында қабыну үдерісінің өршуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- аюқұлаққа жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Дайындалған қайнатпаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтау керек.
Қолданар алдында шайқау қажет.
Несеп күңгірт-жасыл түске боялады.
Аюқұлақты несепті қышқылдандыратын дәрілермен бір мезгілде қолданбаған жөн.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г, 50 г препараттан полиэтилен пакеттерге немесе полимер және біріктірілген материалдан жасалған пакеттерге салынған, оны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың қысқаша аннотациясы жазылған картон пәшкеге салады. Пәшкені полиэтилен үлбірмен жабады, содан соң қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге орналастырады.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 °C -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., Химфармзавод ш.а, 2/1
Тіркеу куәлігінің иесі
«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., Химфармзавод ш.а, 2/1 тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-35-13,
е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz
Сарапшы: Мысықбаева С