Тирфенс (сироп) Продажа приостановлена

МНН: Фенспирид
Производитель: Зентива Саглык Юрюнлери Сан. ве Тидж. А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fenspiride
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022817
Информация о регистрации в РК: 27.02.2017 - 27.02.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Тирфенс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенспирид

Дәрілік түрі

Шәрбат, 2 мг/мл

Құрамы

1 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат – 2 мг фенспирид гидрохлориді,

қосымша заттар: сахароза, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, кристаллданбайтын сорбитол ерітіндісі, «Лимон» хош иістендіргіші, «Құлпынай» хош иістендіргіші, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз аздап тұтқыр сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Фенспирид.

АТХ коды R03DX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы фенспиридтің ең жоғарғы концентрациясына орташа 0,5 сағаттан 8 сағатқа дейін жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12 сағатты құрайды.

Негізінен бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Тирфенс антибронхоконстриктивті және қабынуға қарсы әсер етеді.

Фенспирид Н1-гистаминдік рецепторларды тежейді, бронхтың тегіс бұлшықеттеріне антигистаминдік, спазмолитикалық әсер етеді және ісінудің дамуына кедергі келтіреді, мұрыннан шырыштың бөлінуін және бронх секретінің мөлшерін азайтады.

Препараттың қабынуға қарсы әсері қабыну факторлары (цитокиндер, TNF-α, арахидон қышқылының туындылары, простагландиндер, лейкотриендер, тромбоксан, бос радикалдар) секрециясын және пайда болуын тежеумен шартталған.

Қолданылуы

- ЛОР-ағзалары және тыныс алу жолдарының жедел және қабыну үдерістерін емдеу (отит, синусит, ринит, ринофарингит, трахеит, ринотрахеобронхит, бронхит)

- кешенді емнің құрамында бронх демікпесі

- маусымдық және жыл бойы созылатын аллергиялық ринит және респираторлық жүйе мен ЛОР-ағзалары тарапынан аллергияның басқа белгілері

- қызылшаның респираторлық белгілері

- қызылша, көкжөтел, тұмау кезінде респираторлық құбылыстары (жөтел, дауыстың қарлығуы, тамақтың жыбырлауы)

Қолдану тәсілі мен дозалары Тирфенсті тамақтанғанға дейін ішке құтының ішіндегісін алдын ала шайқап, тағайындайды.Ересектер мен жасөспірімдерге күніне 2-3 рет 20-30 мл шәрбатты тағайындайды. 2 жастан асқан және дене салмағы 10 кг астам балаларға – күніне 2-3 рет 10-20 мл шәрбат.2 жастан асқан және дене салмағы 10 кг кем балаларға – күніне 2-3 рет 5-10 мл шәрбат.Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды және қолдану көрсетілімдері мен ауыру ағымына байланысты.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- препарат дозасын азайтқан кезде айқындылығы төмендейтін қалыпты тахикардия

- ұйқышылдық

- эритема, бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну, белгіленген пигментті эритема

Жиі

- асқазан-ішек бұзылыстары, жүрек айну, эпигастриядағы ауыру

Анықталмаған жиілік

- диарея, құсу

анықталмаған жиілік – бас айналу

- тері қышынуы

- астения, қатты шаршау

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фенспирид гидрохлоридіне және/немесе препараттың басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенспиридтің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.

Дегенмен фенспиридтің антигистаминдік әсерін ескере отырып,

- барбитураттармен;

- басқа антигистаминдік, анальгетиктер, есірткі, тыныштандыратын дәрілік заттармен, МАО тежегіштерімен, алкогольмен өзара әрекеттесуін күтуге болады.

Айрықша нұсқаулар

Тирфенсті фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза/галактоза мальабсорбция синдромы, сахараза/изомальтаза тапшылығы бар пациенттерге, сондай-ақ қант диабеті бар (шәрбаттың құрамында сахароза болғандықтан) пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн. Өлшеуіш стақанда (15 мл) 3,75 г сахароза бар, бұл 0,3125 НБ баламалы.

Препаратпен емдеу антибиотикпен емдеуді алмастырмайды.

Педиатрияда қолданылуы

2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Трифенсты лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат автомобиль және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық немесе қозу, жүрек айну, құсу, синустық тахикардия.

Емі: асқазанды шаю, электрокардиограмма мониторингі. Симптоматикалық емі.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

150 мл препараттан бұралатын пластмасса қақпағы бар шыныдан жасалған құтыда.

1 құтыдан 15 мл өлшеуіш стақаны бар (5 мл, 10 мл, 15 мл бөлінісі бар) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Зентива Саглык Юрюнлери Сан. ве Тидж. А.Ш.», Түркия

(Кючюккарыштыран Мевкии, 39780 Люлебургаз, Кыркларели)

Zentiva Sağlık Ürünleri San. ve Tic. A.Ş.”, Turkey

(Küçükkarıştıran Mevkii, 39780 Lüleburgaz, Kırklareli).

Тіркеу куәлігінің иесі

«УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.», ТҮРКИЯ

("WORLD MEDICINE İLAÇ SAN. VE TİC. A.Ş.", TURKEY).

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«РИН Фарм» ЖШС, ҚР, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы, Сүйінбай д-лы 222-б

Ұялы тел +7 701 786 33 98, (24-сағаттық қол жеткізу).

е-mail: pvpharma@worldmedicine.kz

Прикрепленные файлы

Тирфенс_инструкция_рус.doc 0.05 кб
Тирфенс_инструкция_каз.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники