ТиоФлекс® (мазь 0.25%)

МНН: Тиоколхикозид
Производитель: Санта Фарма Илач Санаи А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Тиоколхикозид
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012911
Информация о регистрации в РК: 07.12.2012 - 07.12.2017

Инструкция

Саудалық атауы

ТиоФлекс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тиоколхикозид

Дәрілік түрі

0.25% жақпамай

Құрамы

30 грамм жақпамайдың құрамында

белсенді зат 75.0 мг тиоколхикозид,

қосымша заттар: пропилпарабен, этилпарабен, метилпарабен, диметикон, натрий альгинаты, лаванда эссенциясы, цетилпальмитат, натрий лаурилсульфаты, вазелин майы, полисорбат 80, цетилстеарил спирті, стеарил қышқылы, сусыз ланолин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, ашық сары түсті, біртекті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Орталықтан әсер ететін басқа да миорелаксанттар. Тиоколхикозид.

АТХ коды M03BX05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Тиоколхикозид - табиғи колхицин псевдоалкалоидының және күкірттің жартылай синтетикалық заты.

Тиоколхикозид бұлшықетті босаңсытатын әсер береді (бұлшықет релаксанты). ТиоФлекс шығу тегі орталықтан болатын бұлшықет түйілуін төмендетеді немесе жояды. Бұлшықетті босаңсытатын әсері висцеральді бұлшықеттерде де байқалады.

Кураре тәрізді әсері жоқ. Әсер ету механизмі бойынша орталықтан әсер ететін миорелаксанттарға жатады, бұлшықеттің ұшындағы қозғалыс пластинкасының әсер ету потенциалының амплитудасын салдандырмайды және төмендетпейді. GABA агонисі ретінде тиоколхикозидтің және глицинергиялық рецепторлардың орталықтан бұлшықетті іріктеп босаңсытатын әсері анықталды. Тиоколхикозидтің глициномиметикалық қасиеттері жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейдегі әсеріне себепші болады, бұның ревматизмде немесе жарақаттарда, сонымен қатар этиологиясы церебральді бұлшықет түйілулерінде пайда болатын рефлекторлы түйілулерде аса маңызы бар.

Препарат жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесіне әсер етпейді.

Қолданылуы

- ауыртатын бұлшықет түйілулерін симптоматикалық емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 15 жастан асқан балаларға

Жақпамайдың аздаған мөлшерін ауыратын аймаққа тәулігіне 2-3 рет жағады. Тері аса сезімтал болғанда жақпамайды пайдаланбаған жөн.

Жақпамайды шырышты қабыққа және терінің зақымданған жерлеріне тигізіп алмау қажет.

Жағымсыз әсерлері

- тиоколхикозидке жоғары сезімталдық аясында мына дерматологиялық ракциялар пайда болуы мүмкін: қышыну, бөртпе, беттің, мойынның ісінуі және басқа да аллергиялық және жалған аллергиялық реакциялар

- бас айналу, ұйқышылдық

- жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, іш өту

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тиоколхикозидке және препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бұлшықет гипотониясы және әлсіз сал/парез

- жүктілік және лактация кезеңі

- антикоагулянттармен емдеу және қан кетуге бейімділік

- балалар және 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ. Алайда бірдей әсер ететін препараттарды бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу керек.

Орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін препараттармен, соның ішінде алкогольмен, гипертензияға қарсы препараттармен, кураре тәрізді препараттармен бір мезгілде қолданғанда миорелаксация күшеюі және ОЖЖ бәсеңдеуі, гипотония пайда болуы мүмкін. Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданған кезде қан кету қаупі жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Балаларға қолданылуы

15 жасқа дейінгі балаларға препаратты пайдалануға болмайды.

Егде жастағы емделушілерге қолданылуы

Егде жастағы емделушілерде препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректер жоқ.

Бүйрек/бауыр қызметінің жеткіліксіздігі

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректер жоқ.

Егер Сіз мұның алдындағы дозаны ұмытып өткізіп алсаңыз, Тиофлекс жақпамайының екі еселенген дозасын пайдалануға болмайды.

Препараттың құрамында пропилпарабен, этилпарабен, метилпарабен бар. Бұл заттар бронхтың түйілуін, есекжем, дерматитті тудыруы мүмкін, баяу типті аллергиялық реакциялар болуы ықтимал. Препараттың құрамына кіретін сусыз ланолин, цетилстеарил спирті жергілікті тері реакцияларының (мысалы, жанаспалы дерматит) пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлікті жүргізгенде немесе механизмдерді пайдаланған кезде сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалануы жөнінде деректер жоқ.

Емдеу: артық дозаланған жағдайда симптоматикалық және демеуші ем жүргізген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпаларда 30 г-нан. 1 сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Санта Фарма Илач Санаи А.Ш.

34382 Шишли- Стамбул, Түркия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Берксам Илач Тиджарет А.Ш., Түркия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармактив» ЖШС

050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Қарасай батыр к-сі, 1А

Тел/факс: +7 727 291 81 00

e-mail: info@farmaktiv.com

 

 

Прикрепленные файлы

866214601477976931_ru.doc 53.5 кб
053463381477978086_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники