ТиоФлекс® (4 мг/2 мл)

МНН: Тиоколхикозид
Производитель: Санта Фарма Илач Санаи А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Тиоколхикозид
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012680
Информация о регистрации в РК: 21.06.2012 - 21.06.2017

Инструкция

Саудалық атауы

ТиоФлекс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тиоколхикозид

Дәрілік түрі

Бұлшықет ішіне инъекцияға арналған 4 мг/2мл ерітінді

Құрамы

Сипаттамасы

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да орталық әсері бар миорелаксанттар

АТЖ коды М03ВХ05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың миорелаксациялаушы әсері бұлшықетке енгізгеннен кейін 30-40 минуттан соң басталады. Организмнен жартылай шығарылу кезеңі 4 сағатты құрайды. Әсер ету ұзақтығы – 24 сағат. Сау адамдарда тиоколхикозид өзгермеген түрде бүйрек арқылы шығарылады (бүйрек клиренсі шамамен 70 мл/мин) және бүйрек жолына соқпай өтеді (бүйректең тыс клиренсі шамамен 200 мл/мин).

Емдеуді жалғастырған кезде жинақтау әсері байқалады. Заттардың әсері препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы жалғасады.

Фармакодинамикасы

Тиоколхикозид – ТиоФлекс препаратының белсенді заты, колхикозид пен күкірт табиғи жалған алкалоидының жартылай синтетикалық заты болып табылады. Миорелаксациялаушы (бұлшықет релаксанты) әсер береді. ТиоФлекс орталықтан шығатын бұлшықеттер түйілулерін төмендетеді немесе жояды. Висцеральді бұлшықеттерге де миорелаксациялаушы әсері байқалады.

Кураре тәрізді әсер етпейді. Әсер ету механизмі бойынша орталық әсерлі миорелаксанттарға жатады, салдануды және бұлшықеттер ұшы қозғалыс пластинкасы әрекет потенциалының амплитудасы төмендеуін туғызбайды. Тиоколхикозидтің GABA мен глицинергиялық рецепторлар агонисі тұрғысындағы орталық миорелаксациялаушы әсерінің селективтілігі анықталған. Тиоколхикозидтің глициномиметикалық қасиеттері жүйке жүйесінің түрлі деңгейлерінде әсер етуіне байланысты, мұның ревматизм немесе жарақаттарда пайда болатын рефлекторлы түйілулері, шығу тегі церебральді бұлшықеттер түйілулері кезіндегі мәні зор.

Препарат салдануды туындатпайды, жүрек-қантамыры және тыныс алу жүйесіне әсер етпейді.

Қолданылуы

  • ауыратын бұлшықеттер түйілулерін симптоматикалық емдеуде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер

Тәуліктік доза бұлшықет ішіне 2 мл-ден (4 мг) тәулігіне 2 рет.

Бұлшықет жедел түйілулері кезінде (құрысулар) бастапқы тәуліктік доза тәулігіне 2 рет бұлшықет ішіне 2 мл (4.0 мг) құрайды. Ұсынылатын емдеу мерзімі - 3-5 күн. Қажет болғанда емдеуді 5-7 күн бойы жалпы тәуліктік дозасы 16.0 мг тиоколхикозид (2 таблеткадан (8 мг) тәулігіне 2 рет) болатын препараттың ішу арқылы қабылданатын түрлерімен жалғастыру керек.

Физиотерапиялық процедураларға дайындық жүргізгенде бұлшықет ішіне инъекциядан кейін бұлшықеттердің босаңсу кезеңі 30-40 минутты құрайды. Балалар

Тиоколхикозидті 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

  • гипотензия

  • сананың уақытша шатасуы, қозу

  • тиоколхикозидке асқын сезімталдық аясындағы дерматологиялық реакциялар, басқа аллергиялық және жалған аллергиялық реакциялар (аллергиялық васкулит)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тиоколхикозидке жоғары сезімталдық

- бұлшықеттер гипотониясы және әлсіз салдану/парез

- жүктілік пен лактацияда

- антикоагулянттармен емдеу және қан кетуге бейімділік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі туралы мәліметтер жоқ. Алайда терапиялық әсерлері бірдей препараттармен бір мезгілде қабылдағанда сақ болу ұсынылады. Орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттармен, оның ішінде алкогольмен, антигипертензивті дәрілермен, кураре тәріздес препараттармен бір мезгілде қолданғанда миорелаксацияның күшеюі және ОЖЖ бәсеңдеуі, гипотонияның дамуы мүмкін. Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда қан кету қаупі жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр қызметінің бұзылуларында дозасын түзету қажет емес, себебі препарат бауырда метаболизденбейді.

Бүйрек қызметінің бұзылуларында препаратты төмен дозада қолдану ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты жұмысы жылдам психикалық және дене реакциясын қажет ететін адамдарға тағайындағанда сақтық танытқан жөн.

Артық дозаланғанда

Артық дозалау туралы мәліметтер жоқ.

Симптомдары : жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық және демеуші ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

2 мл жасыл идентификациялық сызығы бар түссіз ампулаларға құйылған. Бөлгіш пластик сепаратордағы 6 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Санта Фарма Илач Санаи А.Ш.

34382 Шишли, Стамбул /Түркия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Берксам Илач Тиджарет А.Ш., Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Фармактив» ЖШС

050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қарасай батыр к-сі, 1А

Тел/факс: +7 727 291 81 00

e-mail: info@farmaktiv.com

 

Прикрепленные файлы

440496791477977037_ru.doc 42 кб
971382961477978213_kz.doc 66.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники