Тиотриазолин (10 мг/мл)

МНН: Тиотриазолин
Производитель: Опытный завод ГНЦЛС ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018733
Информация о регистрации в РК: 15.02.2012 - 15.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Тиотриазолин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 мг/мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат –100 % затқа шаққанда 10 мг тиотриазолин

қосымша заттар: натрий хлориді, суда еритін метилцеллюлоза МЦ-100, тазартылған су

Сипаттамасы

Сәл бозаңданатын, түссіз немесе сәл ғана сарғыштау реңді сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТЖ коды S01X A

Фармакологиялық қасиеттері

Тиотриазолиннің фармакологиялық әсері көз тіндерінің ишемияланған бөліктерінде ферменттердің антиоксидантты жүйесін белсенділендіру мен липидтердің асқын тотықты тотықтану үдерістерін тежеуге, жүйке трофикалық бұзылулардың ауырлығын азайтуға, репаративті үдерістердің қарқындылығы мен жылдамдығын арттыруға, тіндер қабыну реакцияларын төмендетуге, көздің микроциркуляторлы арнасында қан ағысын жақсартуға негізделген. Препарат мөлдір қабық сезімталдығының ерте қалыпқа келуіне, барынша нәзік бұлыңғырланулар түзілуіне, әр қилы асқынулар мөлшерінің елеулі төмендеуіне ықпал етеді, көру астенопиясының пайда болуын азайтады, торқабықтың аккомодациялық бұлшықеттері мен орталық бөлімдерінің функционалдық көрсеткіштерін жақсартады, бұл көздің функционалдық қабілеттілігін жақсартады.

Қолданылуы

  • көз алмасының жарақаттары мен күйіктік зақымдануларында

  • мөлдір қабықтың қабынбалы дистрофиялық ауруларында

  • вирусты конъюнктивиттерде

Дербес компьютерде жұмыс істейтін адамдарда көз қабынуларының алдын алуға, көру астенопиясының пайда болуын азайтуға арналған.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратты аурудың алғашқы күнінен бастап инстилляция түрінде зақымданған көздің конъюнктивалды қабына күніне 2 тамшыдан 3 - 4 рет тағайындайды. Тиотриазолин инстилляциялары 14 - 15 күн бойы жүргізіледі. Қажеттілігіне қарай емдеу курсын 30 күнге дейін жалғастыруға болады.

Дербес компьютерде жұмыс істейтін адамдарға препаратты инстилляция түрінде тікелей жұмыс басталар алдында 2 тамшыдан, ал кейіннен әр 2 сағат сайын тағайындалады.

Қолдану ұзақтығын дәрігер жеке белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Анықталмаған

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрия

Балаларда қолданудың тәжірибесі жоқ болғандықтан препаратты осы жас санатындағы емделушілерге тағайындамаған дұрыс.

Жүктілік, лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек.

Көлік немесе басқа механизмдерді басқаруға әсер ету қабілеті.

Әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Ұсынылған дозаларды сақтанғанда артық дозалануы мүмкін емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы 5 мл резеңке тығындармен саңылаусыз тығындалып, алюминий қалпақшалармен қапталған дәрілік заттарға арналған шыны түтікшеден жасалған құтыларға құйылған. Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және полиэтилен қақпақ-тамшылатқышпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 0С-ден 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Ашылғаннан кейін – құты 4 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада 3 тәулік сақталады.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ДЗМҒО» тәжірибелік зауыты» ЖШҚ, Украина, Харьков қ.,

Воробьев к-сі, 8.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ДЗМҒО» тәжірибелік зауыты» ЖШҚ, Украина, Харьков қ.,

Воробьев к-сі, 8.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: «ДЗМҒО» тәжірибелік зауыты» ЖШҚ

Украина, Харьков қ., Воробьев к-сі, 8

Телефон: (057) 752-30-17

Факс: (057) 752-30-17

Электронды поштасы: office@gncls.com.ua

 

Прикрепленные файлы

322446591477977120_ru.doc 44 кб
286791541477978292_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники