Тизин® (спрей назальный дозированный, 0,1%)

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Фамар Орлеан
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020240
Информация о регистрации в РК: 12.07.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Тизин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

Дозаланған мұрын спрейі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 0,5 мг (0,05%) немесе 1,0 мг (0,1%) ксилометазолин гидрохлориді; бір дозадағы белсенді компонент мөлшері 0,05 % үшін – 0,035 мг ксилометазолин гидрохлориді; 0,1% үшін – 0,14 мг ксилометазолин гидрохлориді

қосымша заттар: бензалконий хлориді, 70 % сорбитол, натрий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий гидрофосфат дигидраты, динатрий эдетаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Иіссіз немесе өзіне тән әлсіз иісі бар мөлдір, түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Ксилометазолин.

АТХ коды R01АА07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда іс жүзінде сіңірілмейді, плазмадағы концентрациясының аздығы сондай, оларды осы заманғы талдама әдістерімен анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Ксилометазолин (имидазол туындысы) – альфа-адренергиялық белсенділікке ие симпатомиметикалық препарат. Ол тамыр тарылтатын әсер береді және шырышты қабықтың ісінуін азайтады. Әсері әдетте 5-10 минут ішінде басталады. Препарат шырышты қабықтың ісінуін және гиперемиясын азайту есебінен мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді, сондай-ақ бөліністердің шығуын жақсартады.

Қолданылуы

- жедел аллергиялық ринит, ринит белгілерімен ЖРА, синусит, поллиноз, ортаңғы отит кезінде мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының ісінуін және бөліністерді азайту үшін.

- науқасты мұрын жолдарына диагностикалық манипуляцияларға дайындауда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұрын ішіне.

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға арналған 0,05% спрей: әрбір мұрын жолына 1 бүркуден күніне 1 – 2 рет.

Ересектер және 6 жастан асқан балаларға арналған 0,1% спрей: әрбір мұрын жолына 1 бүркуден күніне 2 – 3 рет.

Доза емделушінің жекелей сезімталдығына және клиникалық әсеріне байланысты. Күніне 3 реттен артық қолданбаған жөн.

Препарат 5-7 күннен асырмай қолданылады.

Емдеу аяқталғаннан кейін препаратты тек бірнеше күннен кейін ғана қайталап тағайындауға болады.

Енгізу жөніндегі жалпы ұсынымдар

  • Қорғаныш қалпақшасын алу керек. Алғаш қолданар алдында біркелкі «тұман» бұлттары пайда болғанға дейін бүріккіш қондырманы бірнеше рет басу керек (1 сурет). Құты әрі қарай пайдалануға дайын. Бір рет басып қолдану керек (2 сурет). Препаратты мұрын арқылы деммен тарту керек. Мүмкіндігінше бүріккіш-құтыны тігінен ұстау керек. Көллденең немесе төменге бүркуге болмайды. Қолданудан кейін құтыны қалпақшамен жабу керек.

     

Прикрепленные файлы

435917351477976829_ru.doc 71.5 кб
670328741477977988_kz.doc 71.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники