ТИЗИН® БИО

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Урсафарм Арцнаймиттель ГмбХ и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021454
Информация о регистрации в РК: 15.06.2015 - 15.06.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Тизин® БИО

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

Дозаланған мұрын спрейі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – ксилометазолин гидрохлориді 1.0 мг

қосымша заттар: глицерол, сорбитол, натрий дигидрофосфатының дигидраты, натрий хлориді, динатрий гидрофосфатының дигидраты, натрий гиалуронаты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір немесе аздап бозаңданатын түссіз немесе аздап сарғыштау ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да назальді препараттар. Симпатомиметиктер. Ксилометазолин.

АТХ коды R01AA07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда іс жүзінде сіңірілмейді, плазмадағы концентрациялары төмендеу болғандықтан, оларды заманауи аналитикалық тәсілдермен анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Ксилометазолин (имидазол туындысы) – альфа-адренергиялық белсенділікке ие симпатомиметикалық препарат. Ол тамыр тарылтатын әсер етеді және шырышты қабықтың ісінуін төмендетеді.

Әсері әдетте 5–10 мин ішінде басталады. Препарат ісінудің және шырышты қабықтың гиперемиясы төмендету есебінен мұрынмен тыныс алуды жеңілетеді, сонымен қатар бөліністердің шығарылуын жақсартады.

Қолданылуы

  • ринит, оның ішінде аллергиялық ринит кезінде, риниттің белгілерімен ЖРА, поллинозда мұрын шырышты қабығының ісінуін азайтады

  • Параназальді синусит және суық тиюден болған ортаңғы құлақтың қабынуы кезінде мұрыннан бөліністің шығуын жеңілдетеді

  • емделушілерді мұрын жолдарындағы диагностикалық манипуляцияларға дайындау.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға – күніне 3 рет әрбір мұрын жолына 1 бүркуден.

Препаратты күніне 3 реттен жиі қолдануға болмайды. Егер дәрігер басқадай емдеу ұзақтығын ұсынбаса емдеу курсының ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс. Доза емделушінің жеке сезімталдығына және клиникалық әсерге байланысты.

Тек бірнеше күннен кейін ғана қайта пайдалануға болады.

Созылмалы ринитте «Тизин® БИО» 0,1% препаратын мұрынның шырышты қабық атрофиясының даму қаупін ескере отырып дәрігердің бақылауымен ғана қолдануға болады.

 

Е нгізу бойынша жалпы ұсыныымдар

Қорғағыш қалпақшаны алып тастаңыз. Бірінші қолданар алдында біркелкі «тұман» бұлт пайда болғанға дейін бүріккіш қондырманы (1 сур.) бірнеше рет басыңыз. Құты әрі қарай пайдалануға дайын.

Қ олданған кезде бір рет басыңыз (2 сур.). Препаратты мұрынмен ішке тартыңыз. Мүмкіндігінше бүріккіш-құтыны тік қалыпта ұстаңыз. Көлденең немесе төмен қаратып шашыратпаңыз. Пайдаланғаннан кейін құтыны қалпақшаымен жабыңыз.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

  • жиі немесе ұзақ қолданғанда мұрын шырышының тітіркенуі немесе құрғауы, мұрын шырышының атрофиясы, шымылдату, түшкіру, тәуелділік, гиперсекреция, созылмалы құрғақ ринит болуы мүмкін

  • препарат әсері тоқтағаннан кейін мұрын шырышты қабығының жоғары деңгейде ісінуі байқалуы (реактивті гиперемия) мүмкін.

Сирек

  • жүрек қағуы, жүрек ырғағының бұзылуы, аритмия, артериялық қысымның жоғарылауы

  • жүрек айнуы, құсу

  • аллергиялық реакция

  • бас ауыруы, ұйқысыздық, көрудің бұзылуы, қажу және депрессия (жоғарғы дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерін немесе артериялық қысымның жоғарылауын тудыруға қабілетті басқа да препараттарды бір уақытта қабылдау

  • жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, тахикардия, артериялық гипертензия, айқын атеросклероз

  • тиреотоксикоз

  • глаукома

  • атрофиялық ринит

  • ми қабықтарындағы (сыртартқыда) хирургиялық араласымдар

  • 6 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен:

  • қуық асты безінің гиперплазиясы, қант диабеті, феохромоцитома.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Транилципромин немесе үшциклдік антидепрессанттар типіндегі МАО тежегіштерін бір уақытта қолдану осы заттардың жүрек-қантамырлық әсерлерінің салдарынан артериялық қысымның артуына әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Деконгестивтік әсер көрсететін симпатомиметиктерді ұзақ қолдану және артық дозалау мұрын шырышты қабығының реактивті гиперемиясына әкелуі мүмкін.

Нәтижесінде мұрынмен тыныс алу қиындайды, бұл емделушінің препаратты қайтадан немесе тіпті үнемі пайдалана бастауына әкеледі.

Бұл созылмалы ісінушілікке (медикаментоздық ринит), ал нәтижесінде мұрын шырышты қабығының атрофиясына (озена) әкелуі мүмкін.

Бұған қарағанда жеңіл жағдайларда емделушінің күйін жақсарту үшін басында симпатомиметиктің бір танауға енгізілуін тоқтатып, ал шағымдар азайғаннан кейін мұрынмен тыныс алуды ішінара қамтамасыз ету үшін оны екінші танауға енгізуді жалғастыруға болады.

Егер дәрілік зат жарамсыз болып қалса немесе жарамдылық мерзімі өтсе – оны ағын суға және көшеге тастамаңыз! Дәрілік затты пакетке салып, қоқыс контейнеріне тастаңыз. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі!

Жүктілік және лактация кезеңі

«Тизин® БИО» жүктілік уақытында қолданбаған жөн, өйткені бұл препараттың ұрыққа қатысты әсері талапқа сай зерттеулерде зерттелмеді. Препаратты бала емізу кезінде қолданбаған жөн, өйткені белсенді зат емшек сүтімен шығу-шықпауы белгісіз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе аса қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

«Тизин® БИО» препаратымен ұзақ емделгенде немесе жоғарғы дозаларда қолданғанда оның жүрек-қантамыр жүйесіне жүйелік әсер ету мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда көлік жүргізу және техниканы пайдалану қабілеті төмендеуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты артық дозалау немесе байқаусызда ішке қабылдау келесі симптомдарға әкелуі мүмкін: қарашықтың кеңеюі, жүрек айнуы, құсу, цианоз, қызба, түйілу, тахикардия, жүрек аритмиясы, коллапс, жүрек тоқтауы, гипертония, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бұзылуы, психикалық бұзылыстар.

Сонымен қоса, келесі симптомдар байқалуы мүмкін: ұйқышылдықпен қатар жүретін орталық жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, шок тәрізді гипотония, апноэ және кома.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан дозалағыш құрылғысы және полиэтилен қақпағы бар ақ түсті тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыларға құяды.

қолданылуы

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі – 1 жыл.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндруші

Урсафарм Арцнаймиттель ГмбХ, Заарбрюкен, 66129, Индустриштрассе 35, Германия.

Қаптаушы-ұйымның атауы және елі

Урсафарм Арцнаймиттель ГмбХ, Германия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Джонсон & Джонсон» ЖШҚ, Ресей, 121614, Мәскеу қ-сы, Крылатская к-сі, 17 үй, 2 корп., тел. (495) 726-55-55.

Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Джонсон & Джонсон» жауапкершілігі шектеулі қоғамының Қазақстан Рсепубликасындағы филиалы

Алматы, 050040

Тимирязев к-сі 42, 23–А павильон

телефон: (+7 7272) 45-88-10

факс: (+7 7272) 45-88-15

эл. поштасы: safetyru@its.jnj.com

 

Прикрепленные файлы

806902961477976480_ru.doc 84 кб
731775091477977644_kz.doc 93.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники