Тенофовира дизопроксила фумарат и Эмтрицитабин

МНН: Тенофовир, Эмтрицитабин
Производитель: Mylan Laboratories Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинации противовирусных препаратов, активных в отношении ВИЧ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020654
Информация о регистрации в РК: 18.06.2014 - 18.06.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 685.42 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 300 мг/200 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: эмтрицитабин 200 мг

тенофовир дизопроксилінің фумараты 300 мг,

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, лактоза моногидраты, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза.

қабығының құрамы Опадр көк 31К80956: НРМС2910/гипромеллоза 15сР, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин, FD&C көк №2 (Е 132).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, бір жағында «М117» бедерленген және екінші жағы тегіс, көк түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. АИВ жұқпасын емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар, біріктірілімдер. Тенофовир дизопроксилі және эмтрицитабин.

АТХ коды J05AR03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тенофовир дизопроксил фумараты 300мг + эмтрицитабин 200мг бекітілген біріктірілімінің фармакокинетикасы 300мг тенофовир дизопроксил фумараты және 200мг эмтрицитабиннің жеке дәрілік түрінің фармакокинетикасымен салыстырмалы зерттелген және осылайша олардың биоэквиваленттілігі анықталған.

Сіңуі.

Эмтрицитабин+тенофовир дизопроксил фумаратының біріктірілімі дені сау еріктілермен аш қарынға ішке қабылданғанда тез сіңеді. Эмтрицитабин мен тенофовир дизопроксил фумаратын аш қарынға ішке қабылдағаннан кейін қансарысуындағы ең жоғары концентрациясы (Сmax) 0,5-тен 3,0 сағатқа дейін байқалған. Аш қарынға ішке қабылдағанда тенофовирдің биожетімділігі шамамен 25% құрайды. Тенофовир қансарысуындағы ең жоғары концентрациясына 1,0±0,4 сағаттан кейін жетеді. Аспен бірге қабылдау тенофовирдің ең жоғары концентрациясына жетуінің шамамен 45 минутқа іркілуіне әкеледі, бірақ аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда, майлы немесе жеңіл тағаммен қабылдағанннан кейін қабылдау концентрация-уақыт фармакокинетикалық қисығы (AUC) астындағы ауданның және тенофовир Cmax сәйкесінше 35% және 15% жоғарылауына әкеледі. Тенофовирдің сіңуін жеделдету үшін аспен бірге қабылдау ұсынылады.

Қан плазмасындағы эмтрицитабиннің ең жоғары концентрациясына препаратты қабылдағаннан кейін 1–2 сағаттан соң жетеді.

Таралуы

Ішке қабылдағаннан кейін эмтрицитабин немесе тенофовир дизопроксил фумараты барлық денеге таралады. Тенофовирдің қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы 0,7 % төменді құрайды және 0,01-25 мкг/мл асатын концентрацияға байланысты емес. Эмтрицитабиннің қан плазмасының ақуыздарымен байланысу 4 % кемді құрайды және 0,02–200 мкг/мл шегінен артатын концентрацияға байланысты емес.

Биотрансформация

Эмтрицитабиннің биотрансформациясы 3-сульфоксид диастереомерді (шамамен дозаның 9%) және глюкурон қышқылы - 2-О-глюкуронидпен коньюгаттың (шамамен дозаның 4%) түзілуімен тиолды бөлігінің тотығуын қамтиды. In vitro зерттеулермен анықталғандай, тенофовир дизопроксил фумараты да, тенофовир де CYP450 ферментінің субстраты болып табылмайды және препараттың биотрансформациясына қатысатын CYP450 изоферменттерімен тежелмейді. Сондай-ақ эмтрицитабин глукуронизацияға жауап беретін, уридин-5-дифосфоглукоронил трансферазасын тежемейді.

Шығарылуы

Тенофовир мен эмтрицитабин шумақтық сүзіліс және белсенді өзекшелік сөлініс жолымен шығарылады. Препарат дозасын бір рет пероральді қабылдағаннан кейін тенофовирдің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 17 сағат, эмтрицитабиннің шамамен 10 сағат құрайды. Күніне бір рет 300 мг дозасын (ас қабылдағаннан кейін) қайталап қабылдағаннан кейін қабылданған дозаның 32  10 % 24 сағат ішінде несепте анықталады. Тенофовир мен бүйрекпен шығарылатын басқа да заттар арасында бәсекелестік жүруі мүмкін.

Эмтрицитабин мен тенофовирдің фармакокинетикасы әйелдер мен ерлерде ұқсас. Тенофовир мен эмтрицитабиннің фармакокинетикалық зерттеулері балалар мен жасөспірімдерде (18 жасқа дейін), сондай-ақ егде адамдарда (65 жастан асқан) жүргізілген жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерде эмтрицитабин мен тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімінің фармакокинетикасы

зерттелген жоқ. Фармакокинетикалық параметрлері әртүрлі дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздімен АИВ жұқтырмаған емделушілерде 200 мг эмтрицитабин немесе 245 мг тенофовир дизопроксилінің бір дозасын енгізгеннен кейін анықталды. Бүйрек жеткіліксіздінің дәрежесі креатинин клиренсіне (КК) сәйкес (КК>80 мл/мин болғанда қалыпты, КК = 50-79 мл/мин болғанда орташа, КК = 30-49 мл/мин болғанда орташаға жуық және КК = 10-29 мл/мин болғанда ауыр бүйрек функциясы) болды.

Қалыпты бүйрек функциясымен емделушілермен салыстырғанда сәйкесінше жеңіл, орташа және ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерде эмтрицитабиннің орташа (% CV) экспозициясы 12(25%) мкг*с/мл-ден 20(6%) мкг*с/мл, 25(23%) мкг*с/мл және 34(6%) мкг*с/мл дейін жоғарылаған.

Қалыпты бүйрек функциясымен емделушілермен салыстырғанда сәйкесінше жеңіл, орташа және ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерде тенофовирдің орташа (% CV) экспозициясы 2,185 (12%) мкг*с/мл-ден 3,064 (30%) мкг*с/мл, 6,009 (42%) мкг*с/мл және 15,985 (45%) мкг*с/мл дейін жоғарылаған. Бүйрек жеткіліксіздігімен науқастардағы ұсынылған дозасы бүйректің қалыпты функциясымен емделушілермен салыстырғанда дозалау интервалын ұзартқанда, күтілгендей плазмадағы концентрациясы шыңының жоғарылауына және ең төмен концентрациясының (Сmin) төмен деңгейіне әкеледі. Бұның клиникалық салдары белгісіз. Бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысымен (БЖТС), гемодиализді қажет ететін емделушілерде диализ сеанстарының арасында эмтрицитабин препаратының концентрациясы 72 сағат ішінде 53(18%) мкг*с/мл дейін және тенофовирдің концентрациясы 48 сағат ішінде 42,857(29%) мкг*с/мл дейін айтарлықтай жоғарылаған.

Креатинин клиренсі 30 және 49 мл/мин аралығындағы емделушілерде эмтрицитабин мен тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімін қабылдау аралығын түзету керек. КК <30 мл/мин немесе гемодиализ қажет етілетін емделушілерде эмтрицитабин мен тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімі ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың зақымдануымен емделушілерде эмтрицитабин мен тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімінің фармакокинетикасы зерттелген жоқ. Эмтрицитабиннің фармакокинетикасы бауыр жеткіліксіздігінсіз дені сау тұлғалардағы және АИВ жұқтырғандардағы осындай параметрлерімен ұқсас. Бауыр жеткіліксіздігінің әртүрлі дәрежесімен АИВ жұқтырмаған емделушілерде тенофовир дизопроксил фумаратының фармакокинетикасы айтарлықтай өзгерген жоқ және дозаны түзету қажет болмады. Дені сау тұлғаларда тенофовирдің Cmax және AUCo-∞ орташа мәні (% CV) 289 (46,0%) нг/мл және 2,310 (43,5%) нг*с/мл бауыр функциясының орташа бұзылуымен және 305 (24,8%) нг/мл және 2,740 (44,0%) нг*с/мл бауырдың ауыр жеткіліксіздімен емделушілермен салыстырғанда сәйкесінше 223 (34,8%) нг/мл және 2,050 (50,8%) нг*с/мл болды.

Фармакодинамикасы

Антиретровирусты препараттың бекітілген біріктірілімі тенофовир дизопроксил фумараты мен эмтрицитабиннен тұрады.

Әсер ету механизмі

Тенофовир дизопроксил фумараты – циклдік емес нуклеозидтің фосфонатты күрделі диэфирі, аденозин монофосфаттың аналогы. Тенофовир дизопроксил фумараты тенофовирге айналу үшін алдымен диэфирлік гидролизге және кейіннен тенофовир дифосфаты түзілгенге дейін жасушалық ферменттермен фосфорлануға ұшырайды. Тенофовир дизопроксил фумараты табиғи субстрат дезоксиаденозин 5′-трифосфатпен бәсекелесіп және ДНҚ тіркелгеннен кейін ДНҚ тізбегін үзіп HIV-1 кері транскриптазаның (КТ) белсенділігін басады.

Эмтрицитабин – бұл синтетикалық нуклеозид, цитидиннің аналогы, дезокситидин 5′-трифосфаттың табиғи субстратымен және түзілген вирустық ДНҚ тіркелу арқылы эмтрицитабин 5′-трифосфатқа дейін жасушалық ферменттермен фосфорланады, ол тізбектің үзілуіне әкеледі.

in vitro зерттеулер көрсеткендей, тенофовир де және эмтрицитабин де, егер лимфоциттерде бірге қосылса, толық фосфорлануы мүмкін. Тенофовир дифосфат пен эмтрицитабин трифосфаты ДНҚ тізбегін үзу арқылы АИВ-1 кері транскриптазасын бәсекелес тежейді. Тенофовир дифосфат пен эмтрицитабин трифосфаты адамның жасушалық ДНҚ-полимеразаларының әлсіз тежегіші болып табылады, митохондрийлердің in vitro және in vivo уыттылығы жағдайы болған жоқ.

Вирусқа қарсы белсенділігі

Тенофовир дизопроксил фумараты мен эмтрицитабин біріктірілімі үшін синергиялық вирусқа қарсы белсенділігі байқалды. Қосымша синергиялық әсерлерді протеаза тежегіштерімен, АИВ-нің нуклеозидті және нуклеозидті емес кері транскриптаза тежегіштерінің аналогтарымен біріктірілімі көрсетті.

Тенофовир дизопроксил фумараты - АИВ-1-дің A, B, C, D, E, F, G және О (50-пайыздық тежейтін концентрациясы (ЕК50 0,5-2,2 мкмоль шегінде) қосалқы типтері жасушаларының өсірінділеріне қатысты вирусқа қарсы белсенділік білдірді және АИВ-2-нің (ЕК50 1,6-4,9 мкмоль шегінде) кейбір штамдарына қатысты таңдап белсенділік білдіреді.

Эмтрицитабин - А, В, С, D, E, F және G (ЕК50 0,007-0,075 мкмоль шегінде) қосалқы типтері жасушаларының өсірінділеріне қатысты вирусқа қарсы белсенділік білдірді және АИВ-2-нің (ЕК50 0,007-1,5 мкмоль шегінде) кейбір штамдарына қатысты таңдап белсенділік білдіреді.

Фармакодинамикасы

Төзімділік

Бұрын ем алған емделушілердің жасушалар өсіріндісінен тенофовир мен эмтрицитабиннің біріктіріліміне төзімділікпен АИВ-1 штаммдары бөлініп алынған. Осы штаммдардың генотиптік талдауы вирустық кері транскриптазада M184V/I (эмтрицитабинмен байланысты мутация) және/немесе K65R (тенофовирмен байланысты мутация) аминоқышқылдық орын басуды анықтаған.

Кейбір кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштеріне айқаспалы төзімділік анықталған. M184V/I және/немесе K65R орын басуы жуық арада ламивудин немесе эмтрицитабинмен сондай-ақ абакавир немесе диданозинмен біріктірілімде тенофовирмен емделген емделушілерден алынған АИВ-1 штамдарында байқалған. Осылайша бір немесе екі аминқышқылды орын басумен, вирус жұқтырған емделушілерде осы препараттар арасында айқаспалы төзімділік пайда болуы мүмкін.

Тенофовир дизопроксил фумаратымен байланысты айқаспалы төзімділік : АИВ-1орташа кері транскриптазаның (M41L, D67N, K70R, L210W, T215Y/F немесе K219Q/E/N) 3 зидовудинмен байланысты аминқышқылды мутациясын білдірген емделушілерден алынған АИВ-1 штамдары тенофовирге сезімталдықтың в 3,1 есе төмендеуін білдірді. Мультинуклеозидтерге төзімді, кері транскриптазаның T69S локусында қосарланған мутациямен АИВ-1 штамдары тенофовирге сезімталдықтың төмендеуін білдірді.

Эмтрицитабинге төзімді штамдар (M184V/I) ламивудин мен зальцитабинге айқаспалы төзімді болды, бірақ диданозинге, ставудинге, тенофовирге, зидовудинге және нуклеозидті кері транскриптаза тежегіштеріне (делавирдинге, эфавирензге және невирапинге) сезімталдықты сақтаған.

in vivo туындаған K65R мутациясын иеленген АИВ-1 штамдары абакавирмен, диданозинмен, тенофовирмен және зальцитабинмен эмтрицитабиннің тежегіш әсеріне төмендеген сезімталдық білдірді. Ставудинге және зидовудинге (M41L, D67N, K70R, L210W, T215Y/F, K219Q/E) немесе диданозинге (L74V) сезімталдықтың төмендеуіне әкелетін мутациямен вирустар, эмтрицитабинге сезімталдықты сақтады.

Кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштеріне төзімділікке байланысты K103N мутациямен АИВ штамдары эмтрицитабинге сезімталдық білдіреді.

Қолданылуы

- ересектерде АИВ-1- жұқпаны басқа антиретровирусты препараттармен (кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері немесе протеаза тежегіштері секілді) біріктірілімде емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді АИВ жұқпаны емдеуде тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі керек. Тенофовир дизопроксил фумараты мен Эмтрицитабиннің ұсынылған дозасыішке қабылдауға тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан, сіңуін жеделдету үшін тамақпен бірге.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерге бауыр, бүйрек немесе жүрек функциясының бұзылуының жоғары жиілігін, сондай-ақ қатар жүретін ауруларды немесе басқа дәрілік заттарды қабылдауын ескеріп дозасын сақтықпен таңдау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігінде

Тенофовир дизопроксил фумараты мен Эмтрицитабинді бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілерге тағайындағанда препарат әсерінің айтарлықтай жоғарылауы байқалған. Осыған байланысты Тенофовир дизопроксил фумараты және Эмтрицитабин дозаларын қабылдау аралығын бастапқы креатинин клиренсі 30-49 мл/мин емделушілерде 1 кестеде берілген ұсынымдарға сәйкес реттеу керек.

Осындай емделушілерді емдеуде емге клиникалық реакциясын және бүйрек функциясын қадағалау керек. Креатинин клиренсінің деңгейі 50-80 мл/мин емделушілер үшін дозасын реттеудің қажеті жоқ. Осы емделушілерде қансарысуындағы креатинин клиренсі деңгейі мен фосфаттар деңгейін үнемі бақылау жүргізу керек.

1 кесте. Креатинин клиренсінің өзгеруімен емделушілерде дозаны түзету

 

Креатинин клиренсі (мл/мин)1

 

³50

30–49

<30 (гемодиализ керек емделушілерді қоса)

Қабылдау аралығындағы ұсынылған интервал

Әрбір 24 сағатта

Әрбір 48 сағатта

Тенофовир дизопроксил фумараты мен Эмтрицитабин препаратын тағайындауға болмайды

  • Есептегенде нақты дене салмағын пайдаланады.

    Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтаған.

Жағымсыз әсерлері

Емдеу режимімен байланысты болуы мүмкін және олар туралы тенофовир дизопроксил фумараты мен эмтрицитабиннің ұсынылған дозадағы біріктірілген емінің құрамында клиникалық зерттеулерде хабарланған орташа немесе ауыр жағымсыз құбылыстар төменде келтірілген. Құбылыстардың жиілігі келесі болжамдар көмегімен анықталады: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100); сирек (≥ 1/10000 < 1/1 000); өте сирек (< 1/10000).

Өте жиі (>1/10)

- бас ауыруы, бас айналуы

- диарея, жүрек айнуы, құсу

- креатининкиназаның жоғарылауы, гипофосфатемия

Жиі

- нейтропения, анемия

- гипертриглицеридемия, гипергликемия

- патологиялық түс көрулер, ұйқысыздық

- ас қорытудың бұзылуы, іштің ауыруы, метеоризм

- қансарысулық липаза, амилаза деңгейінің жоғарылауы

- гипербилирубинемия, трансаминазалардың жоғарылауы (жиірек AST және/немесе ALT жоғарылауы), гепатит

- бөртпе, қышыну, макулопапулезді бөртпе, есекжем, везикулобуллезді бөртпе, іріңді бөртулер және тері пигментациясы (негізінен алақан және/немесе аяқтың табанында)Жиі емес

- аллергиялық реакция

Сирек

- сүтқышқылды ацидоз, панкреатит, қансарысуында

панкреатикалық амилазаның жоғарылауы

- бүйрек жеткіліксіздігі (жедел және созылмалы), проксимальді тубулопатия (оның ішінде Фанкони синдромы), креатинин деңгейінің жоғарылауы, өзекшелердің жедел некрозы, нефрогендік қанттық емес диабет, полиурия, интерстициальді нефрит

- миопатия және остеомаляция (проксимальді өзекшелер патологиясымен байланысты)

Өте сирек

- ентігу

- жедел тубулярлық некроз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай-да болмасын компонентіне жоғары сезімталдық

- бүйрек жеткіліксіздігі 30мл/мин төмен креатинин клиренсімен

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі

- туа біткен галактоза/лактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді тәулігіне 400 мг дозада бір мезгілде қолдану диданозиннің жүйелі әсерінің күшеюіне әкеледі. Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қабылдайтын емделушілерде диданозинмен (панкреатит, лактоацидоз) байланысты жағымсыз әсерлеріне қатысты мұқият бақылау керек. Тенофовир дизопроксил фумаратын диданозинмен тәулігіне 400 мг қабылдаған емделушілерде, CD4 лимфоциттер санының супрессиясы байқалған. Дене салмағы 60кг асатын ересектерде диданозиннің дозасын тәулігіне 250мг дейін төмендету керек. Дене салмағы 60 кг кем емделушілерде диданозиннің дозасын түзету туралы деректер жоқ.

Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинді диданозинмен бірге сақтықпен тағайындау керек.

Атазанавир мен лопинавир/ритонавир тенофовирдің концентрациясын жоғарылатуға қабілеттілік білдірді. Атазанавир мен лопинавир/ ритонавирді Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинмен бірге қабылдайтын емделушілердің жағдайын мұқият бақылау керек. Тенофовир дизопроксил фумараты мен Эмтрицитабинмен байланысты жағымсыз әсерлер дамыған емделушілер прпаратты қабылдауды тоқтату керек. Тенофовир фармакокинетикалық қисық астындағы (AUC) ауданды және атазанавирдің қан плазмасындағы ең төмен концентрациясын (Сmin) төмендетеді. Тенофовир дизопроксил фумараты және Эмтрицитабинмен бірге тағайындағанда 300мг атазанавирді 100мг ритонавирмен бірге қабылдау керек. Атазанавирді ритонавирсіз Тенофовир дизопроксил фумараты мен Эмтрицитабинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Эмтрицитабин және тенофовир негізінен бүйрекпен шығарылады. Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинді бүйрек функциясын әлсірететін немесе белсенді өзекшелік сөлініс үшін бәсекелесетін препараттармен бір мезгілде қолдану, қансарысуында

эмтрицитабин, тенофовир және/немесе бүйрекпен шығарылатын басқа препараттардың концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Мысалы ацикловир, адефовир дипивоксилі, цидофовир, ганцикловир, валацикловир мен валганцикловир.

Басқа дәрілік заттармен эмтрицитабин мен тенофовирдің CYP450 өзара әрекеттесуінің пайда болу мүмкіндігі төмен. Эмтрицитабин мен фамцикловир, индинавир, ставудин, тенофовир дизопроксил фумараты, зидовудинмен клиникалық мәні бар өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.

Тенофовир дизопроксилінің фумараты мен абакавир, адефовир дипивоксилі, эфавиренз, эмтрицитабин, индинавир, ламивудин, лопинавир/ритонавир, метадон, нельфинавир, пероральді контрацептивтер, рибавирин, саквинавир/ритонавир арасында клиникалық мәні бар дәрілік өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабин препаратын емдеудің үшкомпонентті нуклеозидті сызбасының қосымша элементі ретінде қолдануға болмайды. Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинді құрамында ұқсайтын белсенді компоненттері бар препараттармен бір мезгілде енгізуге болмайды (мысалы, Атрипламен, Эмтривамен немесе Виреадпен). Ұқсастығына байланысты (эмтрицитабин және ламивудин) Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинді Комбивирді (ламивудин/зидовудин), Эпивир немесе Эпивир-HBV (ламивудин), Эпзикті (абакавир сульфаты/ ламивудин/ зидовудин) қоса, құрамында ламивудин бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинді Хепсерамен (адефовир дипивоксилі) енгізуге болмайды. АИВ жұқтырған емделушілерде жүргізілген клиникалық зерттеулер көрсеткендей, құрамында кері транскриптазаның үш нуклеозидті тежегіші (КТНТ) бар кейбір сызбалар, әдетте құрамында екі КТНТ кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегішімен немесе АИВ-1 протеаза тежегішімен біріктірілімде препараттың үштік сызбасына қарағанда тиімділігі төмен.

Атап айтсақ, ерте вирусологиялық тиімсіздік және төзімділігінің дамуымен мутацияның жоғары жиілігі туралы хабарланды. Сондықтан үштік нуклеозидтер сызбасын сақтықпен қолданыңыз. Үш нуклеозидпен сызбаны қолданумен ем алатын емделушілер, дәрігердің мұқият бақылауымен ем алуы керек және емді өзгерту туралы мәселені қарастыру керек.

Сүтқышқылды ацидоз/ стеатозбен бауырдың айқын үлкеюі

Нуклеозидтер аналогын монотерапия түрінде қолданғанда немесе басқа антиретровирусты препараттармен бірге қабылдағанда өлім жағдайларын қоса, лактоацидоз, стеатозбен бауырдың айқын үлкеюі туралы хабарланды. Осындай жағдайлар көбіне әйелдерде байқалған. Семіру және ұзақ уақыт әсер ететін нуклеозидтерді қабылдау қауіп факторы болуы мүмкін. Бауыр аурулары дамуының қауіп факторымен емделушілерді емдеу үшін, нуклеозидті аналогтарды қолданғанда ерекше сақтық шараларын сақтау керек, әйтсе де осы жағдайлар белгілі қауіп факторынсыз емделушілерде де байқалған. Лактоацидоздың немесе айқын гепатоуыттылықтың (трансаминазалардың белсенділігінің жоғарылауы айқын болмаған жағдайда бауырдың үлкеюі және стеатоз) клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болғанда препаратпен емдеуді тоқтату керек.

АИВ және В гепатиті вирусын бір мезгілде жұқтырған емделушілер

АИВ жұқтырған барлық емделушілерге антиретровирусты емді бастамас бұрын созылмалы В гепатитінің барына талдау жүргізілуі керек.

Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинмен созылмалы В гепатитін емдеуге болмайды. АИВ және В гепатиті вирусын бір мезгілде жұқтырған емделушілерде Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаса да, АИВ және В гепатиті вирусын бір мезгілде жұқтырған, эмтрицитабин немесе тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдауды тоқтатқан емделушілерде В гепатитінің айқын жедел асқынуы туралы хабарланған. Эмтрицитабинмен ем алған кейбір емделушілерде , В гепатитінің асқынуы бауыр декомпенсациясы және бауыр зақымдануымен қатар жүрген. АИВ және В гепатиті вирусын бір мезгілде жұқтырған, Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинді қабылдауды тоқтатқан емделушілерде бауыр функциясын клиникалық және зертханалық әдістермен, кем дегенде бірнеше ай бойы бақылау керек. Қажет болғанда В гепатитін емдеуді бастау керек.

Бүйректер тарапынан бұзылыстар

Эмтрицитабин және тенофовир дизопроксилінің фумараты негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Тенофовир дизопроксил фумаратын қолданумен астасқан бүйрек функциясының жедел бұзылуы мен Фанкони синдромын қоса (айқын гипофосфатемиямен бүйрек өзекшелерінің зақымдануы) бүйрек бұзылыстары байқалған.

Барлық емделушілерге емді бастар алдында, сондай-ақ клиникалық қажеттілігіне қарай препаратпен емдеу кезінде креатинин клиренсін анықтау ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі қаупімен барлық емделушілерде креатинин клиренсін және қансарысуындағы фосфор құрамын бақылау керек. Креатинин клиренсі 30-49 мл/мин барлық емделушілерге Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабиннің дозалары арасындағы аралықты түзету және бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинді

гемодиализ қажет емделушілерге тағайындауға болмайды. Препаратты нефроуытты дәрілік заттармен бір мезгілде немесе жақын арада қабылдағаннан кейін тағайындауға болмайды.

Сүйектер жүйесіне әсері

Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинмен емдеу кезінде бел тұсының сүйектерінде және жамбас сүйектерінде сүйек тінінің минералдық тығыздығының (BMD) салыстырмалы бастапқы деңгейінің азаюы байқалды.

Көп жағдайларда сүйектердің минералдық тығыздылығының азаюы алғашқы 24-48 аптаның ішінде байқалды және зерттеудің 144 аптасы ішінде сақталды.

Сыртартқысында сүйектердің патологиялық сынуымен және остеопения дамуының жоғары қаупімен АИВ жұқтырған емделушілерде сүйек тінінің жағдайын бақылау керек.

Липодистрофия

Антиретровирусты ем қабылдаған емделушілерде іш аймағының семіруі, майдың дорсоцервикальді жинақталуы (“бизон өркеші”), аяқ-қолдағы май тіндерін жоғалту, беттегі май тіндерін жоғалту, кеуденің үлкеюі және “кушинг" типтес семіруді қоса, денедегі май тіндерінің қайта таралуы (липодистрофия) байқалған. Осы құбылыстардың кейінгі салдары және механизмі қазіргі уақытта белгісіз. Липодистрофияның жоғары қаупі егде жас, антиретровирусты препараттармен ұзақ уақыт емделу және солармен байланысты метаболикалық бұзылыстар секілді жеке факторлармен байланысты.

Иммундық реактивация синдромы

Біріктірілген антиретровирусты емнің бастапқы фазасында, иммунды жүйесі емге жауап бермейтін емделушілерде, баяулаған немесе оларды қалдық оппортунистік жұқпаларға (Mycobacterium avium туындаған жұқпалар, цитомегаловирусты жұқпа, Pneumocystis jirovecii (РСР) туындаған пневмония немесе туберкулез) қабыну реакциясы дамуы мүмкін, ол өз кезегінде ары қарай тексерілу мен емдеуді қажет етеді.

Препарат құрамына лактоза моногидраты кіреді, ол туа біткен лактозаны көтере алмаушылықпен, LAPP-лактаза ферментінің тапшылығымен, глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен емделушілерге ұсынылмайды.

Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинді қолдану тиімді контрацепциямен қатар жүруі керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерде бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Тенофовир дизопроксилінің фумараты және Эмтрицитабинді жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

АИВ жұқтырған аналар АИВ-ның постнатальді берілу қаупін алдын алу мақсатында емшекпен қоректендіруге болмайды. Тенофовир дизопроксил фумараты немесе эмтрицитабиннің емшек сүтіне өтуі белгісіз. АИВ жұқпасының берілу қаупі мен жаңа туғандарда ауыр жағымсыз реакциялар туындау қаупіне байланысты препаратпен емделу кезінде емшекпен қоректендіруге болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың жағымсыз әсерін ескеріп автокөліктерді және басқа да әлеуетті қауіпті механизмдерді басқаруда сақтық шараларын сақтау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі (бас айналуы, диарея, жүрек айнуы, құсу, аллергиялық реакция (ентігу, бөртпе, қышыну, есекжем) және т.б.).

Емі : стандартты демеуші емді ұстану керек. Гемодиализбен 30%-ға дейін эмтрицитабин дозасы және 10% тенофовир дозасы шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан ақ мөлдір емес бұралатын қақапағымен, жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған ақ мөлдір емес құтыларға салынған. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

36 ай

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Mylan Laboratories Limited

F-4& F-12, MIDC, Malegaon, Sinnar,

Nashik – 422 113, Маharashtra, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Mylan Laboratories Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«APC Healthcare Limited» өкілдігі

050040, Алматы қаласы, Попов көшесі 19, 301 кеңсе

Тел: (8727) 260-84-33, факс: (8727) 386-82-25

Е-mail:rahulsingh@apchealthcare.com

 

 

Прикрепленные файлы

482557131477976725_ru.doc 122 кб
116770631477977881_kz.doc 151.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники