Тенотен
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Тенотен
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: Аффинді тазартылған миспецификалық S-100 ақуызына антиденелер – 0,003г*
қосымша заттар: лактоза моногидраты 0,267 г, микрокристалды целлюлоза 0,03 г, магний стеараты 0,003 г.
құрамы
Сипаттамасы
Ақтан дерлік ақ түске дейінгі жайпақ цилиндр пішінді сызығы мен ойығы бар таблеткалар. Сызығы бар жайпақ бетінде MATERIA MEDICA деген жазуы бар, екінші жайпақ бетінде TENOTEN деген жазуы бар.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да анксиолитиктер.
АТХ коды N05BX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат құрамында белсенді ингрединттердің дозасының өте аз болуына байланысты, фармакокинетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік жоқ.
Фармакодинамикасы
Препарат тыныштандырғыш, үрейге қарсы (анксиолитикалық) әсер етіп, гипногенді және миорелаксантты жағымсыз әсерлерді шақырмайды. Психоэмоциональді жүктемелерге төзімділігін жақсартады. Стресс-протекторлы, ноотропты, антиамнестиялық, гипоксияға қарсы, нейропротекторлы, антиастениялық, жабығуға қарсы әсерге ие.
Уыттану, гипоксия жағдайында, ми қан айналымы жедел бұзылғанда нейропротекторлы әсер етеді, зақымдану аймағын шектейді, ОЖЖ-дегі үйрену және жады үдерісін қалпына келтіреді.
Липидтердің асқын тотығу үдерісін тежейді.
Мидағы синапстық (ақпараттық) және метаболиздік үдерістердің түйісуін жүзеге асыратын S-100 ақуызының функционалды белсенділігін өзгертеді.
ГАМК-миметикалық және нейротрофикалық әсер ете отырып, стресс-шектейтін жүйелердің белсенділігін арттырып, нейрональді иілгіштік үдерістерінің қалпына келуіне ықпал етеді.
Қолданылуы
- невротикалық және невроз тәрізді бұзылуларда, психосоматикалық ауруларда; вегетативтік реакциялар және үрей, ашуланшақтық, жоғарғы жүйке қозуымен стрестік бұзылыстарда
- тұрақты емес эмоциональдік аясымен, ашуланшақтықпен, жадының төмендеуімен, вегетативтік бұзылулармен бірге жүретін ОЖЖ-нің орташа айқындықтағы органикалық, сонымен қатар травматикалық және дисциркуляторлық шығу тегімен зақымдануларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Бір рет қабылдауға – 1 немесе 2 таблеткадан (толығымен ерігенше ауызда ұстау керек – тамақ қабылдағанда болмайды). Күніне 2 рет қабылдау керек; қажет болған жағдайда – тәулігіне 4 қабылдауға дейін. Емдеу курсы – 1-3 ай; қажет болған жағдайда емдеу курсын 6 айға дейін созуға немесе 1-2 айдан соң қайталауға болады.
Емдеуді бастаған соң 3-4 апта ішінде жағдайдың тұрақты жақсаруы болмаса, дәрігерге хабарласу керек.
Жағымсыз әсерлері
Аталған қолдану көрсетілімдері мен аталған дозалары бойынша қолданғанда жағымсыз әсерлері байқалған жоқ.
Препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдықта
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Осы уақытқа дейін басқадай дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары тіркелмеген.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың құрамына лактоза моногидраты кіреді, сондықтан оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы, не болмаса туа біткен лактаза жетіспеушілігімен емделушілерге тағайындауға болмайды.
Тенотен препаратының әсерінде белсенділендіретін қасиетінің болуына байланысты қабылдаудың соңғы мерзімі ұйықтар алдында 2 сағаттан кеш емес жүзеге асырылу керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде Тенотенді қолдану қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда қауіп/пайда арақатынасын ескеру керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары анықталмаған.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Соруға арналған таблеткалар. Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 20 таблеткадан. 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылу жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ; Ресей,127473, Мәскеу
қаласы, 3-ші Самотечный қысқа көшесі, 9 үй. Тел./факс: (495) 684-43-33.
Тіркеу куәлігінің иесі:
«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ; Ресей.
Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның атауы және мекен-жайы
ҚР-дағы «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ өкілдігі
Алматы қ-сы, Жібек жолы к-сі 64, 206 кеңсе.
Тел./факс: 2734713
E-mail: materiamedica.kz@mail.ru