Телпрес (80 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Телпрес
Халықаралық патенттелмеген атауы
Телмисартан
Дәрілік түрі
Таблеткалар 20, 40 мг, 80 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – телмисартан 20,40 немесе 80 мг сәйкес,
қосымша заттар: меглюмин, натрий гидроксиді, повидон (K25), маннитол, магний стеараты, кросповидон
Сипаттамасы
Бір жағында «LC» өрнектелген, ақ түсті дөңгелек пішінді таблеткалар (20 мг доза үшін).
Бір жағында «LC» өрнектелген және екінші жағы тегіс, ақ түсті, ұзынша пішінді таблеткалар (40, 80 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар. Ангиотензин II антагонистері. Телмисартан.
АТХ коды C09CA07
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Ішке қабылдағанда асқазан-ішек жолдарынан жылдам сіңеді. Биожетімділігі 50 %-ға жуықты құрайды. Тамақпен бір мезгілде қабылдағанда AUC төмендеуі (қисық астындағы аудан «концентрация–уақыт») 6 % -дан (40 мг дозада) 19 % -ға дейін (160 мг дозада) ауытқиды. Қабылдағаннан кейін 3 сағаттан соң қан плазмасындағы концентрация тамақ ішуге байланыссыз теңеледі.
Таралуы
Қан плазмасындағы ақуыздарымен байланысы - 99,5 %, негізінен альбуминмен және альфа-1 гликопротеинмен байланысады. Көзге көрінетін таралу көлемінің орташа мәні тепе-тең концентрацияда - 500 л.
Метаболизмі
Глюкурон қышқылымен конъюгациялану жолымен метаболизденеді. Метаболиттері фармакологиялық белсенді емес.
Шығарылуы
Жартылай шығарылу кезеңі (Т ½) - 20 сағаттан астам. Ішек арқылы өзгермеген күйде шығарылады, бүйрекпен шығарылуы – қабылданған дозаның 2 %-дан азы. Жалпы плазмалық клиренсі «бауыр қан ағынымен» салыстырғанда (1500 мл/мин жуық) жоғары (900 мл/мин).
Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы
Гендерлік айырмашылығы
Еркектер мен әйелдердегі плазмалық концентрациялардың айырмашылығы байқалады. Сmax (ең жоғарғы концентрация) және AUC тиімділігіне елеулі ықпалсыз еркектермен салыстырғанда әйелдерде тиісінше шамамен 3 және 2 есе жоғары болды. Доза түзету талап етілмейді.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттердегі телмисартан фармакокинетикасының жас пациенттердегіден айырмашылығы болмайды. Доза түзету талап етілмейді.
Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттер
Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде
телмисартанның дозасын түзету талап етілмейді.
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар және гемодиализдегі пациенттерге ұсынылатын төменірек бастапқы доза – тәулігіне 20 мг.
Телмисартан гемодиализ көмегімен шығарылмайды.
Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттер
Фармакокинетика зерттеулері бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде телмисартанның абсолюттік биожетімділігі іс жүзінде 100 %-ға дейін ұлғаятындығын көрсетті. Бауыр жеткіліксіздігінде Т½ өзгермейді
Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде
(Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А және В класы ) препараттың тәуліктік дозасы 40 мг аспауы тиіс.
Фармакодинамикасы
Телмисартан – ангиотензин II рецепторларының спецификалық антагонисі (AT1 типті), ішке қабылдағанда тиімді. Ангиотензин II әсері арқылы жүзеге асатын ангиотензин II рецепторларының AT1 қосалқы типіне жоғары тектестігі бар. Ангиотензин II байланыстан рецепторымен шығарады, бұл рецепторларға қатысты агонистік әсері жоқ. Телмисартан тек ангиотензин II рецепторларының AT1 қосалқы типімен ғана байланысады. Байланыс ұзақ мерзімді сипатта. Басқа рецепторларға, оның ішінде АТ2 рецепторларына және басқа да аз зерттелген ангиотензин рецепторларына тектестігі жоқ. Бұл рецепторлардың функциялық мәні, сондай-ақ телмисартан тағайындағанда концентрациясы артатын олардың ангиотензин II -мен болжамды шамадан тыс стимуляциясының әсері зерттелмеген. Қандағы альдостерон концентрациясын төмендетеді, қан плазмасында ренинді тежемейді және иондық өзекшелерді бөгемейді. Телмисартан ангиотензин өзгертуші ферментті (кининаза II) (сондай-ақ брадикининді бұзатын фермент) тежемейді. Сондықтан брадикининнен туындайтын жағымсыз әсерлер күтілмейді.
Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде телмисартан 80 мг дозада ангиотензин II гипертензиялық әсерін толық бөгейді. Гипертензияға қарсы әсерінің басталуы телмисартанды ішке бірінші қабылдағаннан кейін 3 сағат ішінде анықталады. Препараттың әсері 24 сағат ішінде сақталады және 48 сағатқа дейін елеулі болып қалады. Гипертензияға қарсы айқын әсері әдетте препаратты ұдайы қабылдағаннан кейін 4 аптадан соң дамиды.
Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде жүрек жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) әсер етпей, телмисартан систолалық және диастолалық артериялық қысымды (АҚ) төмендетеді.
Телмисартанды кенет тоқтатқан жағдайда «тоқтату» синдромы дамуынсыз АҚ біртіндеп бастапқы деңгейге оралады.
Қолданылуы
- эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде
- жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары 55 жастан асқан пациенттерде жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасында (азайту)
Қолдану тәсілі және дозалары
Эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу
Ересектерге арналған ұсынылған доза күніне бір рет 40 мг құрайды.
Болжанған АҚ қол жетпеген жағдайларда Телпрес дозасын күніне бір рет 80 мг ең жоғарғы дозаға дейін ұлғайтуға болады.
Дозаны ұлғайтқанда ең жоғарғы гипертензияға қарсы әсер әдетте ем басталғаннан кейін төрт-сегіз апта ішінде жететінін есте сақтау керек.
Телмисартанды тиазидті диуретиктермен, мысалы, гидрохлоротиазидпен біріктірілімде пайдалануға болады, ол телмисартанмен біріктіргенде қосымша гипотензиялық әсер көрсетеді.
Ауыр дәрежедегі артериялық гипертензиясы бар пациенттерде 160 мг/тәулік телмисартанның (Телпрес 80 мг препаратының екі таблеткасы) дозасы және 12,5-25 мг/тәулік гидрохлоротиазид дозасының біріктірілімі жақсы көтерімді және тиімді болды.
Жүрек-қантамыр ауруларының және өлімнің профилактикасы
Ұсынылған доза күніне бір рет 80 мг құрайды.
Жүрек-қантамыр ауруларын төмендету үшін 80 мг-ден төмен дозалар тиімді болып табылуы анықталмаған.
Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы үшін телмисартанды қолданудың бастапқы сатысында артериялық қысымды (АҚ) бақылау ұсынылады, сонымен қатар АҚ түсіретін дәрілік заттармен АҚ-ды түзету керек болуы мүмкін.
Телпрес препаратын тағам қабылдауға қарамастан қабылдауға болады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, гемодиализдегі пациенттерді қоса дозаны өзгерту қажет емес. Телмисартан гемофильтрация кезінде қаннан шығарылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы жеңіл және орташа бұзылған пациенттерде препараттың тәуліктік дозасы күніне бір рет 40 мг-ден аспауы тиіс.
Егде пациенттер
Дозаны түзету талап етілмейді.
Жағымсыз әсерлері
Негізінен телмисартан үшін анықталған жағымсыз реакциялар туындау жиілігі плацебоға арналған осындаймен салыстырарлық. Жағымсыз әсерлердің бақыланатын жағдайлары пациенттердің жынысына, жасына немесе қай нәсілге жатуына байланыссыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жағымсыз реакциялар жиілігінің жіктеуі: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (>1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (>1/10 000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10 000-нан); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша жиілігі туындауын анықтау мүмкін емес).
Жиі
- бас айналуы
Жиі емес
- несеп шығару жолдарының инфекциялары (оның ішінде цистит)
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, оның ішінде фарингит және синусит
- анемия
- гиперкалиемия
- естен тану
- брадикардия, тахикардия, гипотензия, ортостаздық гипотензия
- бүйрек функциясының бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса
- кеуде қуысының ауыруы, тұмауға ұқсас синдром, астения (әлсіздік)
- депрессия, ұйқысыздық, синкопе, вертиго - ентігу, жөтел - гипергидроз, тері қышынуы, бөртпе - миалгия, арқаның ауыруы (мысалы, ишиас), бұлшықет түйілулері -қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауыСирек
- сепсис (өлім жағдайларын қоса)
- эозинофилия, тромбоцитопения
- аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакциялар
- гипогликемия (қант диабеті бар пациенттерде)
- ұйқысыздық, депрессия, мазасыздық сезімі
- көру бұзылыстары
- ентігу
- асқазан аумағындағы жайсыздық, іш ауыруы, ауыздың құрғауы, құсу, диспепсия, метеоризм, диарея
- бауыр функциясының бұзылуы/бауыр бұзылыстары
- терінің қышуы, гипергидроз, бөртпе, ангионевроздық ісіну (өлім жағдайына дейін), экзема, эритема, есекжем, дәрі-дәрмектен болған бөртпе, уытты бөртпе
- артралгия, арқа ауыруы, бұлшықет түйілуі (балтыр бұлшықетінің құрысуы), аяқ ауыруы, миалгия, сіңір ауыруы (тендинитке ұқсас симптомдар)
- гемоглобин деңгейінің төмендеуі, қандағы несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы, қандағы креатининнің жоғарылауы, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, қандағы креатинфосфокиназа (КФК) концентрациясының жоғарылауы
- тромбоцитопения - естен тану, үрейлену - тахикардия - тұмауға ұқсас жай-күйлер
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-телмисартанға және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық
- өт шығару жолдарының обструктивтік аурулары
- ауыр бауыр жеткіліксіздігі
- қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ < 60 мл/мин/ 1,73 м2) пациенттерде алискиренмен бірге қабылдау
- сирек туа біткен фруктоза жақпаушылығы
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Телмисартан басқа гипертензияға қарсы дәрілердің гипертензияға қарсы әсерін арттыруы мүмкін. Клиникалық мәні бар өзара әрекеттесулердің басқа түрлері анықталмаған.
Дигоксиномен, варфаринмен, гидрохлоротиазидпен, глибенкламидпен, ибупрофенмен, парацетамолмен, симвастатинмен және амлодипинмен үйлесімде қолдану клиникалық елеулі өзара әрекеттесулерге әкелмейді.
Ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйенің қосарлы блокадасы (РААЖ).
Қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (ШСЖ 60 мл/мин аз/1,73 м2 дене беткейінің ауданы) телмисартанды алискиренмен қатарлас қолдану қарсы көрсетілімде және басқа пациенттерге ұсынылмайды. Телмисартанды және АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолдану диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде қарсы көрсетілімде.
Клиникалық зерттеулер деректері АӨФ, АРА II тежегіштерін немесе алискиренді біріктірілімде қолдану салдарынан РААЖ қосарлы блокадасы РААЖ әсер ететін бір ғана дәрілік затты қолданумен салыстырғанда
артериялық гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясы бұзылуы (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) сияқты жағымсыз құбылыстардың жоғары жиілігіне байланысты болатынын көрсетті.
Гиперкалиемия даму қаупі гиперкалиемия туындатуға ықпалды басқа дәрілік препараттармен бірге қолданғанда (құрамында калий бар тағам қоспалары және құрамында калий бар тұз алмастырғыштары және калий жинақтаушы диуретиктер (спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид), қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП, циклооксигеназа-2 (ЦОГ) селективті тежегіштерін қоса), гепарин, иммунодепрессанттар (циклоспорин, такролимус, триметоприм)) артуы мүмкін. Гипокалиемияны құжатпен растау аясында қажет болғанда препараттарды бірге қолдануды сақтықпен жүзеге асыру және қан плазмасындағы калий құрамын ұдайы бақылау керек.
Дигоксин
Телмисартанды дигоксинмен бірге қабылдағанда қан плазмасындағы
Дигоксиннің орташа Сmax49 %-ға және ең төмен концентрациясының 20 %-ға ұлғаюы анықталды. Ем басында, доза таңдағанда және телмисартанмен ем тоқтатқанда емдік диапазон аясында оны демеу үшін қан плазмасында дигоксин концентрациясын мұқият бақылау керек.
Калий жинақтаушы диуретиктер немесе құрамында калий бар тағамдық қоспалар
Телмисартан сияқты ангиотензин II рецепторларының антагонистері диуретиктерден туындаған калий жоғалуын азайтады. Калий жинақтаушы диуретиктер, мысалы, спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид, құрамында калий бар тағамдық қоспалар немесе тұз алмастырғыштары қан плазмасындағы калий құрамының елеулі артуына әкелуі мүмкін. Құжатпен расталған гипокалиемия бар болғандықтан егер қатарлас қолдану көрсетілсе, оларды сақтықпен және қан плазмасындағы калийді ұдайы бақылау аясында қолдану керек.
Литий препараттары
Литий препараттарын телмисартанды қоса, АӨФ және АРАII тежегіштерімен бірге қабылдағанда қан плазмасындағы литий концентрациясының қайтымды жоғарылауы және оның уытты әсері туындаған. Препараттардың бұл біріктірілімін қолдану қажет болған жағдайда қан плазмасындағы литий концентрациясын мұқият бақылау ұсынылады.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттар (ҚҚСП)
ҚҚСП (қабынуға қарсы емге пайдаланатын дозалардағы ацетилсалицил қышқылын, ЦОГ-2 тежегіштерін және селективті емес ҚҚСП қоса) АРАII гипертензияға қарсы әсерін әлсіретуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылуы бар кейбір пациенттерде (мысалы, сусыздануы бар пациенттер, бүйрек функциясы бұзылуы бар егде пациенттер) АРАII және циклооксигеназа-2 бәсеңдететін препараттарды бірге қолдану әдетте қайтымды болып табылатын жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамуын қоса, бүйрек функциясының одан әрі нашарлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан препараттарды бірге қолдануды әсіресе егде пациенттерге сақтықпен жүргізу керек. Сұйықтықтың тиісінше түсуін қамтамасыз ету керек, бұдан басқа бірге қолдану басында және одан әрі қарай мезгіл-мезгіл бүйрек функциясының көрсеткіштерін бақылау керек.
Диуретиктер (тиазидті немесе ілмектік диуретиктер)
Фуросемид (ілмектік диуретик) және гидрохлоротиазид (тиазидті диуретик) сияқты диуретиктердің жоғары дозаларымен бұрын емдеу гиповолемияға және телмисартанмен ем басында артериялық гипотензия даму қаупіне әкелуі мүмкін.
Басқа да гипертензияға арналған дәрілер
Телмисартанның әсері гипертензияға қарсы басқа дәрілерді бірге қолданғанда күшеюі мүмкін. Баклофен және амифостиннің фармакологиялық қасиеттері негізінде телмисартанды қоса, гипертензияға қарсы барлық дәрілерді олардың емдік әсерін күшейтетіні болжануы мүмкін. Бұдан басқа, ортостаздық гипотензия алкоголь, барбитураттар, есірткілік дәрілер немесе антидепрессанттар қабылдау аясында күшеюі мүмкін.
Кортикостероидтар (жүйелі қолдануға арналған)
Кортикостероидтар телмисартанның әсерін әлсіретеді.
Айрықша нұсқаулар
Бауыр функциясының бұзылуы
Телмисартан негізінен өтпен шығарылатындықтан Телпрес препаратын холестазы, өт жолдарының обструкциясы немесе бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С класы) пациенттерде қолдану қарсы көрсетілімде («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Бұндай пациенттерде телмисартанның бауыр клиренсі төмен деп болжанады. Жеңіл немесе орташа дәрежедегі бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А және В класы) Телпрес препаратын сақтықпен қолдану керек «Сақтықпен» бөлімін қараңыз).
Реноваскулярлық гипертензия
РААЖ-не ықпал ететін дәрілік заттармен емделгенде екі жақты бүйрек артерияларының стенозы немесе бір ғана қызмет ететін бүйрек артерияларының стенозы бар пациенттерде ауыр артериялық гипотензияның және бүйрек жеткіліксіздігінің туындау қаупі артады.
Бүйрек функциясының бұзылуы және бүйректі ауыстырып салу
Телпрес препаратын бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде қолданғанда қан плазмасындағы калий және креатинин құрамына мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады. Телпрес препаратын жақында ғана бүйрек трансплантациясын өткерген пациенттерде қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ
Айналмалы қан көлемінің төмендеуі
Артериялық симптоматикалық гипотензия, әсіресе бұның алдында диуретиктермен ем аясында, ас тұзын шектеп қабылдау, диарея немесе құсу болғанда Телпрес препаратын алғашқы қабылдағаннан кейін АҚК және/немесе қан плазмасында натрий құрамы төмендеген пациенттерде туындауы мүмкін. Мұндай жағдайлар (сұйықтық және/немесе натрий тапшылығы) Телпрес препаратын қабылдауды бастағанға дейін жойылуы тиіс.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы
Қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (шумақтық сүзіліс жылдамдығы 60 мл/мин/1.73 м2 төмен) телмисартанды алискиренмен бірге қолдану қарсы көрсетілімде («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде телмисартанды және АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
РААЖ бәсеңдету нәтижесінде мыналар анықталды: осыған бейім пациенттерде, әсіресе осы жүйеге осылай әсер ететін бірнеше дәрілік затты бірге қолданғанда, сондай-ақ артериялық гипотензия, естен тану, гиперкалиемия және бүйрек функциясы бұзылуы (оның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі). Сондықтан РААЖ қосарлы жүйесі (мысалы, телмисартанды РААЖ басқа антагонистерімен қабылдау аясында) ұсынылмайды.
Тамырлар тонусының және бүйрек функциясының көбіне РААЖ белсенділігіне тәуелділігі жағдайында (мысалы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек ауруы бар пациенттерде, оның ішінде бүйрек артериясының стенозында немесе жалғыз бүйрек артериясы стенозында), осы жүйеге әсер ететін препараттар тағайындау жедел артериялық гипотензия, гиперазотемия, олигурия дамуымен және сирек жағдайларда жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамуымен бірге жүруі мүмкін.
Бастапқы альдостеронизм
Бастапқы альдостеронизмі бар пациенттерге әдетте РААЖ бәсеңдету жолымен жүзеге асырумен әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілермен емдеудің әсері болмайды.
Аортальді және митральді клапандар стенозы, обструктивтік гипертрофиялық кардиомиопатия
Аортальді және митральді клапандар стенозы, сондай-ақ обструктивтік гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар пациенттерде Телпрес препаратын (сондай-ақ, басқа да тамыр кеңейтетін дәрілерді) қолданғанда сақ болу керек.
Гиперкалиемия
РААЖ ықпал ететін дәрілік заттар қабылдау гиперкалиемия туындатуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттерде, бүйрек жеткіліксіздігі немесе қант диабеті бар пациенттерде, сондай-ақ қан плазмасында калий құрамы жоғарылауына ықпал ететін дәрілік препараттар қабылдайтын пациенттер және/немесе
гиперкалиемиямен бірге жүретін аурулары бар пациенттерде өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін.
РААЖ әсер ететін дәрілік заттарды қатарлас қолдану туралы мәселені шешуде «қауіп-пайда» арақатынасын бағалау керек.
Гиперкалиемия даму қаупінің ескеру керек негізгі факторлары мыналар болып табылады:
• қант диабеті, бүйрек жеткіліксіздігі, жасы (70 жастан асқан пациенттер);
• РААЖ әсер ететін бір немесе одан көп дәрілік заттармен және/немесе құрамында калий бар тағамдық қоспаларымен үйлесімде. Гиперкалиемия туындатуы мүмкін дәрілік препараттар немесе дәрілік препараттардың емдік класы құрамында калий тұз алмастырғыштары, калий жинақтаушы диуретиктер, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының антагонистері, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП, оның ішіндтар ЦОГ-2 селективті тежегіштері), гепарин, иммунодепрессанттар (циклоспорин немесе такролимус) және триметоприм болып табылады;
• интеркуррентті аурулар, әсіресе сусыздану, жедел жүрек жеткіліксіздігі, метаболизмдік ацидоз, бүйрек функциясы бұзылуы, цитолиз синдромы (мысалы, аяқ-қолдың жедел ишемиясы, рабдомиолиз, ауқымды жарақат).
Қауіп тобындағы пациенттерге қан плазмасындағы калий құрамын мұқият бақылау ұсынылады («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері бөлімін қараңыз).
Этностық айырмашылығы
АӨФ тежегіштері, телмисартан және басқа да АРАII, басқа нәсіл өкілдеріне қарағанда қара нәсілді пациенттерде бұл популяциядағы пациенттерде ренин белсенділігі төмендеуіне бейімділігі жоғары болуы салдарынан артериялық қысымды аз тиімділікпен төмендететін сияқты.
Басқалары
Басқа гипертензияға қарсы дәрілерді қолданғандағыдай, ишемиялық кардиомиопатиясы немесе ишемиялық жүрек ауруларынан зардап шегетін пациенттерде АҚ шамадан тыс төмендеуіне соқтыруы мүмкін, бұл миокард инфарктіне немесе инсультке әкелуі мүмкін
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың автомобиль және механизмдерді басқару қабілетіне әсеріне арнайы клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Автомобиль басқаруда және жоғары зейінділікті талап ететін механизмдермен жұмыста сақ болу керек, өйткені телмисартан қабылдау аясында бас айналуы және ұйқышылдық сирек туындауы мүмкін.
Артық дозалануы
Артық дозалануға қатысты ақпарат шектеулі.
Симптомдары: маңыздылығы жоғарылауы – АҚ айқын төмендеуі және тахикардия, сондай-ақ брадикардия, бас айналуы, қан сарысуындағы креатинин концентрациясының жоғарылауы және жедел бүйрек жеткіліксіздігі бақылануы мүмкін.
Емі: симптоматикалық және демеуші. Ұсынылатын шараларға мыналар жатады: құстыру және/немесе асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, сұйықтық және тұздардың жетімсіздігінің орнын толтыру. Қан сарысуындағы электролиттер және креатинин құрамын тұрақты бақылау. Гемодиализ тиімсіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
14 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 немесе 7 пішінді қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Лабораториос Ликонса С.А.», Авенида Миралькампо, 7, Полигоно Индустриаль Миралькампо, Асукека-де-Энарес, 19200 Гвадалахара, Испания
Тіркеу куәлігінің иесі
Ксантис Фарма Лимитед, Кипр
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы «Xantis Pharma (Ксантис Фарма)» ЖШС, Қазақстан
050008, Қазақстан, Алматы қ., Әуезов к-сі 48, 3 қабат, 3/2 кеңсе
Телефон, факс: +7 (727) 344 93 14
e-mail: info.kz@xantispharma.com info.kz@xantispharma.com