Телзир® (700 мг)

МНН: Фосампренавир
Производитель: Глаксо Оперэйшенс Великобритания Лимитед. Глаксо Вэллком Оперэйшенс, Великобритания
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fosamprenavir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019269
Информация о регистрации в РК: 07.09.2017 - 07.09.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 115.31 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Телзир®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фосампренавир

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 700 мг таблеткалар

Құрамы

белсенді зат – 853.2 мг фосампренавир кальций (700 мг фосампренавирге сәйкес),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, повидон К30, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы,

қабықтың құрамы - Опадрай қызғылт 03K14881 (гипромеллоза (Е464), титанның қостотығы (Е171), триацетин, темірдің қызыл тотығы (Е172)).

Сипаттамасы

Капсула тәріздес пішінді, екі беті дөңес, бір жағында GX LL7 өрнегі бар, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. HIV-протеиназа тежегіштері. Фосампренавир

АТХ коды J05AE07

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фосампренавир бір рет қолданылғаннан кейін плазмадағы ампренавир жоғары шекті концентрацияларына қабылданғаннан кейін шамамен 2 сағаттан соң жетеді. Фосампренавир ішке қабылданғаннан кейін ампренавир мен органикалық емес фосфатқа дейін тез және толық дерлік гидролизденіп, ішек эпителийі арқылы сіңеді.

Ритонавир CYP3A4 тежелісі арқылы ампренавир метаболизмін тежейді, бұл олар бірге қолданылғанда қан плазмасындағы ампренавир концентрациясының шамамен 2 есе ұлғаюына алып келеді. Ритонавир Телзирмен® бір мезгілде тағайындалғанда, Телзир® монотерапия ретінде қабылданғаннан кейінгі дәл осы шамалармен салыстырғанда, ампренавирдің «концентрация – уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC) шамамен 2 есе, ал қан плазмасындағы концентрациясы тепе-тең жағдайда (Сτ, ss) 4-6 есе ұлғаяды.

Сіңуі

Фосампренавир ритонавирмен біріктіріп және ритонавирсіз тәулігіне екі рет 1400 мг дозада ішу арқылы көп рет қайта қабылданғанда ампренавир тез сіңеді. Фосампренавир мен ритонавир бір мезгілде қабылданғаннан кейін ампренавирдің фармакокинетикалық қасиеттері дені сау ересек тұлғаларда және АИВ жұқтырған емделушілерде бағаланды, бұл орайда осы екі топтың арасында елеулі айырмашылық анықталмаған.

Фосампренавирді майы мол тамақпен бірге қабылдау, препаратты аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда, AUC және Сmах мәніне ықпал етпейді, сондықтан фосампренавирді ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Адамдарда фосампренавирдің абсолютті биожетімділігі зерттелмеген.

Фосампренавир қабылданғаннан кейін ампренавир, қан плазмасымен салыстырғанда, төмендеу концентрацияларда болса да, ұрық сұйықтығында анықталады.

Таралуы және қан плазмасы ақуыздарымен байланысы

Фосампренавир қабылданғаннан кейін ампренавирдің болжамды таралу көлемі шамамен 430 литр құрайды (70 кг дене салмағына шаққанда 6 л/кг). Таралу көлемінің ауқымдылығы ампренавирдің жүйелік қан ағымынан тіндерге еркін өтуімен түсіндіріледі. Ампренавир ақуыздармен шамамен 90% байланысады. Ол ά1-қышқылды гликопротеинмен (AAG) және альбуминмен байланысады, бірақ AAG-ге аффинділігі жоғарырақ.

Метаболизмі

Фосампренавир организмде ампренавирге айналады, ол CYP3А4 ферментінің қатысуымен көбінесе бауырда метаболизденеді, осыған орай CYP3А4 тежегіштерін немесе субстраттарын қатарлас тағайындау абайлап атқарылуы тиіс.

Грейпфрут шырынымен бірге тағайындау ампренавир фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбеген.

Шығарылуы

Фосампренавир қабылданғаннан кейін ампренавирдің жартылай шығарылу кезеңі 7.7 сағат құрайды; фосампренавир ритонавирмен бірге қабылданғанда жартылай шығарылу кезеңі 15-23 сағатқа дейін ұзарады. Метаболиттер түрінде (75% жуық) ішек арқылы және 14% жуығы бүйрекпен шығарылады, 1%-дан азы несеппен өзгеріссіз күйде шығарылады.

1 кесте. Ересектердегі ампренавирдің фармакокинетикалық параметрлерінің геометриялық мәндері (95% СА)

Режим

Cmax

(мкг/мл)

Tmax

(сағат)*

AUC24

(мкгсағ./мл)

Cmin

(мкг/мл)

Фосампренавир 1400 мг күніне екі рет

4.82

(4.06-5.72)

1.3

(0.8-4.0)

33.0

(27.6-39.2)

0.35

(0.27-0.46)

Фосампренавир 1400 мг күніне 1 рет + ритонавир 200 мг күніне 1 рет

7.24

(6.32-8.28)

2.1

(0.8-5.0)

69.4

(59.7-80.8)

1.45

(1.16-1.81)

Фосампренавир 1400 мг күніне 1 рет + ритонавир 100 мг күніне 1 рет

7.93

(7.25-8.68)

1.5

(0.75-5.0)

66.4

(61.1-72.1)

0.86

(0.74-1.01)

Фосампренавир 700 мг күніне 2 рет + ритонавир 100 мг күніне 1 рет

6.08

(5.38-6.86)

1.5

(0.75-5.0)

79.2

(69.0-90.6)

2.12

(1.77-2.54)

* орташа көрсеткіштер

Емделушілердің жекелеген қауымдары

Балалар

Ампренавир фармакокинетикасы ол ритонавирмен бірге немесе ритонавирсіз тағайындалғанда, 212 АИВ жұқтырған балаларды қоса, үш клиникалық зерттеуде зерттелді. Фосампренавир ритонавирсіз 30-40 мг/кг дозада 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға тағайындалды. Фосампренавир 30 мг/кг дозада 6 мг/кг дозадағы ритонавирмен біріктіріліп 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне бір рет тағайындалды. Фосампренавир 18-60 мг/кг дозада 3-10 мг/кг дозадағы ритонавирмен біріктіріліп 2 айлықтан 18 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне бір рет тағайындалды. Ампренавир клиренсі дене салмағының және жастың ұлғаюымен азайған. Фосампренавир клиренсі 4 жастан кіші балаларда жоғары болды, бұл препараттың едәуір жоғары дозаларын тағайындауға болатынын білдіреді. Осы үлгіні негізге алып, плазмадағы ересектердікіне ұқсас ампренавир концентрациясын алуға мүмкіндік беретін дозалау режимін таңдау қажет.

2 кесте: Күніне екі рет фосампренавир мен ритонавир алатын педиатриялық қауымдағы ампренавирдің фармакокинетикалық параметрлері

Жасы

Дозасы

(күніне екі рет)

Cmax

AUC12

Cmin

Саны

(мкг/мл)

Саны

(мкгсағ./мл)

Саны

(мкг/мл)

4 аптадан <2 жасқа дейін

Фосампренавир 45 мг/кг +

ритонавир 7 мг/кг

13

6.18

(3.93, 9.74)

13

28.6

(17.0, 48.1)

30

2.07

(1.60, 2.68)

2-ден <3 жасқа дейін

Фосампренавир 30 мг/кг +

ритонавир 3 мг/кг

Зерттелмегенa

3-5 жас

Фосампренавир 25 мг/кг +

ритонавир 3 мг/кг

11

9.80

(6.51, 14.7)

11

59.7

(37.1, 96.2)

15

3.36

(2.44, 4.63)

6-дан

11 жасқа дейін

Фосампренавир 18 мг/кг +

ритонавир 3 мг/кг

12

6.40

(5.02, 8.15)

12

48.4

(38.1, 61.4)

23

2.42

(1.90, 3.07)

12-ден

18 жасқа дейін

Фосампренавир 700 мг +

ритонавир 100 мг

13

4.93

(3.83, 6.34)

13

35.3

(28.2, 44.1)

40

2.01

(1.74, 2.32)

a Фармакокинетикалық деректерді талдау негізінде 2-ден <3 жасқа дейінгі қауымға ұсынылатын доза

3 кесте: Күніне екі рет 30 мг/кг фосампренавир алатын педиатриялық қауымның фармакокинетикалық параметрлері

Параметрлері

2-ден 5 жасқа дейін

n

Фосампренавир 30 мг/кг күніне екі рет

AUC(0- 12)

9

22.3

(15.3, 32.6)

Cmax (мкг/мл)

9

7.15

(5.05, 10.1)

C (мкг/мл)

19

0.552

(0.406, 0.750)

Егде жастағылар

Фосампренавир фармакокинетикасы 65 жастан асқан емделушілерде зерттелмеген. Егде жастағы емделушілерге тағайындалғанда бауыр, бүйрек немесе жүрек функцияларының бұзылуы мүмкін екенін, қатарлас ауруларды, сондай-ақ басқа дәрілік препараттардың қабылдануын есепке алу қажет.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Ампренавирдің аздаған мөлшері (емдік дозадан 1% аз) өзгермеген күйде бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылуының ампренавир шығарылуына ықпалы тым аз болуы тиіс және фосампренавир дозасын түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы

Фосампренавир организмде ампренавирге метаболизденеді. Ампренавир метаболизмі мен шығарылуының негізгі жолы бауыр механизмі болып табылады.

Фосампренавирді ритонавирдің төмен дозаларымен алған, бауыр функциясы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған АИВ-1 жұқтырған ересектерде және бауыр функциясы қалыпты емделушілерде салыстырмалы фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілді.

Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-6 балл) емделушілерде, стандартты сызба бойынша күніне 2 рет 700 мг/100 мг фосампренавир/ритонавир алған бауыр функциясы қалыпты емделушілермен салыстырғанда, плазмадағы ампренавир концентрациясының Cmax (17%) аса жоғары мәндерімен, плазмадағы ампренавирдің едәуір жоғары AUC(0‑) мәндерімен (22 %), осыған ұқсас C мәндерімен байланысты, күніне 1 рет 100 мг дозадағы ритонавирдің төмен дозаларымен біріктірілген күніне 2 рет 700 мг дозада фосампренавир қабылдау ұсынылады.

Бауыр жеткіліксіздігі орташа емделушілерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл) күніне 1 рет 100 мг ритонавирмен біріктірілген күніне 2 рет 450 мг дозада фосампренавир қабылдау ұсынылады. Осы режимде C жалпы мәнінің 35 % дейін төмендеуі жорамалданса да, байланыспаған ампренавирдің C көрсеткіші тәулігіне 2 рет фосампренавир/ритонавирді, тиісінше, 700 мг/100 мг дозада алатын бауыр функциясы қалыпты емделушілердегіден шамамен 67 % жоғары болды.

Мұндай емделушілерде препаратты ішуге арналған суспензия түрінде қолдану ұсынылады.

Бауыр жеткіліксіздігі айқын (Чайлд-Пью бойынша 10-13 балл) емделушілерде фосампренавирді ритонавирсіз тәулігіне 2 рет 350 мг дозада абайлап қолдануға болады.

Мұндай емделушілерде препаратты ішуге арналған суспензия түрінде қолдану ұсынылады.

Фармакодинамикасы

Фосампренавир вирустың репликациясы үшін қажет полипротеинді ізашарлардың ыдырауын болдырмайтын және вирустың толыққанды құрылымдық ақуыздарының синтезін бөгейтін, соның нәтижесінде жетілмеген ақаулы вирустар түзілетін ампренавирдің белсенді емес ізашары болып табылады. Организмде органикалық емес фосфат және фармакологиялық тұрғыдан белсенді ампренавир түзумен гидролизденеді. Ампренавир адам иммунитеті тапшылығы вирусы (АИВ) протеазасының пептидтік емес бәсекелес тежегіштеріне жатады.

Фосампренавирдің вирусқа қарсы белсенділігі, in vitro көрсетілгендей, іс жүзінде жоқ.

Белсенді метаболит – ампренавир – АИВ-1 және АИВ-2 репликациясының тиімді таңдамалы тежегіші болып табылады. Нуклеозидтердің (диданозин, зидовудин, абакавирді қоса) және протеаза тежегіші – саквинавирдің аналогтарымен біріккенде іn vitro ампренавирдің әсер ету синергизмі білінеді. Индинавирмен, ритонавирмен және нелфинавирмен біріктіргенде ампренавир аддитивті әсер көрсетеді.

Күніне 2 рет 700 мг/100 мг немесе күніне 1 рет 1400 мг/200 мг дозалардағы фосампренавирмен біріктірілген ритонавир, фосампренавирді монотерапия түрінде тағайындаумен салыстырғанда, ампренавирдің AUC көрсеткішін және C көрсеткішін 2 есе және ss көрсеткішін 4-6 есе арттырады.

Телзирді® ұсынылған емдік дозалардағы ритонавирмен біріктіріп тағайындау, протеаза тежегіштерін көп рет алған емделушілер (протеинмен байланысуының орташа мәні IC50 = 0.90 мкг/мл) мен протеаза тежегіштерін ешқашан алмаған тұлғаларды (протеинмен байланысуының орташа мәні IC50 = 0.146 мкг/мл) қоса, емделушілердегі жартылай ең жоғары тежеліс концентрациясының (IC50) орта шамаларымен салыстырғанда, плазмадағы ампренавир концентрациясын арттырады.

Төзімділік

Ампренавирге төзімділігіне байланысты негізгі I50V мутациясы табиғи жағдайларда байқалмайды.

Ампренавирге төзімді штаммдарда протеазаның басқа да тежегіштеріне айқаспалы төзімділік болымсыз білінеді, бұл протеаза тежегіштерімен емді жалғастыруға мүмкіндік береді. Ампренавирге төзімділікпен байланысты басқа мутациялар (I54L/M, V32I+I47V және I84V) ампренавирмен емдегенде сирек білінеді.

Ампренавирге төзімділік бейіні протеазаның басқа тежегіштеріне төзімділік бейінінен ерекшеленеді. Іn vitro деректеріне сәйкес, ампренавирге төзімділіктің дамуы I50V локусындағы мутациямен байланысты. Төзімділік дамуының үш баламалы механизмі in vitro және клиникалық тәжірибеде көрсетілген. Ампренавирге төзімділіктің дамуында әлде I50V немесе I54L/M немесе V32I+I47V немесе, одан да сирек I84V мутациясы қамтылуы мүмкін. Төзімділік дамуының төрт генетикалық үлгісінің әрқайсысы қосымша екінші қайтара мутациялармен қатар жүруі мүмкін, атап айтқанда, M46I/L мутациясы ампренавирге сезімталдығы төмендеген вирус бөлшектерінің түзілуіне, ритонавирге аздаған айқаспалы төзімділікке алып келеді, бірақ индинавирге, саквинавирге және нелфинавирге сезімталдық сақталады. Протеаза тежегіштеріне in vivo төзімділік тудыратын мутациялары бар 55 штаммның 55%-ы ампренавирге сезімтал.

Ампренавир мен кері транскриптаза тежегіштері арасында айқаспалы төзімділіктің даму ықтималдығы аз, өйткені бұл препараттар алуан түрлі АИВ ферменттеріне әсер етеді. Телзирді® төзімді вирустардың тез пайда болуы себепті монотерапия ретінде ұсынуға болмайды.

Қолданылуы

- Телзир® ритонавирдің төмен дозасымен бірге басқа да антиретровирустық дәрілермен біріктірілген ем құрамында І типті адам иммунитеті тапшылығы вирусын (АИВ-І) жұқтырған ересектер, жасөспірімдер және 6 жастан үлкен балаларды емдеуге көрсетілген

Телзирді® протеаза тежегіштерін (ПТ) алып жүрген емделушілерде тағайындар алдында жеке вирустық төзімділік пен емдеу тарихын бағалау керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Телзир® препаратын АИВ жұқпасын емдеу тәжірибесі бар дәрігер ғана тағайындайды.

Кез келген тағайындау режимінде Телзир® препараты басқа антиретровирустық препараттармен біріктірілген ем құрамында қолданылуы тиіс. Ампренавир концентрациясын арттыру үшін ритонавирдің төмен дозаларын қатарлас пайдалану қажет.

Ритонавир және фосампренавир препараттарын төмендегі мәтінде ұсынылған дозаларынан арттыру ұсынылмайды. Фосампренавир ампренавирдің ізашары болғандықтан, Телзир® құрамында ампренавир бар басқа препараттармен біріктіріліп тағайындалмауы тиіс.

Бұрын антиретровирустық ем алған балалар мен жасөспірімдерді ритонавирдің төмен дозаларының қатарлас тағайындалуынсыз Телзирмен® емдеу ұсынылмайды.

Телзир® немесе оның ритонавирдің төмен дозаларымен біріктірілімін қолдану кезіндегі бір реттік дозалау режимі бұрын протеаза тежегіштерімен ем алған ересектерде ұсынылмайды.

Тек ішке қабылдауға арналған.

Препаратты ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Егер емделуші жұтынғанда қиналыс сезінсе, Телзирді® суспензия түрінде қолдану ұсынылады.

Ересектер мен жасөспірімдер

Бұрын антиретровирустық ем алмаған емделушілер

- 1400 мг Телзир® күніне екі рет (ритонавирсіз)

- Бір реттік 100 мг немесе 200 мг ритонавирмен біріктірілген бір реттік 1400 мг Телзир®

- тәулігіне екі рет 100 мг ритонавирмен біріктірілген тәулігіне екі рет 700 мг Телзир®

Бұрын протеаза тежегіштерімен ем алған емделушілер

- тәулігіне екі рет 100 мг ритонавирмен біріктірілген тәулігіне екі рет 700 мг Телзир®.

Егде жастағы емделушілер

Телзирді® 65 жастан асқан емделушілерде қолдану зерттелмеген. Егде жастағы емделушілерге тағайындалғанда бауыр, бүйрек немесе жүрек функцияларының бұзылуы мүмкін екенін, қатарлас ауруларды, сондай-ақ басқа дәрілік препараттардың қабылдануын есепке алу қажет.

Балалар

Дене салмағына негізделген дозаны өте мұқият таңдау үшін балаларда Телзирді® ішуге арналған суспензия түрінде қолдану ұсынылады.

Бұрын протеаза тежегіштерімен ем алған, дене салмағы 47 кг-ден көп және жұтыну рефлексі сақталған балаларға Телзирді® күніне екі рет 1400 мг дозада тағайындауға болады.

Бұрын протеаза тежегіштерімен ем алған және алмаған, дене салмағы 39 кг-ден көп және жұтыну рефлексі сақталған балаларға күніне екі рет 100 мг дозадағы ритонавирмен 700 мг дозадағы Телзир® біріктірілімі тағайындалады.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Бауыр функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған емделушілер (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-6 балл):

Тәулігіне бір рет ритонавирсіз немесе 100 мг дозадағы ритонавирмен біріктіріліп, екі қабылдауға бөлінген 1400 мг тәуліктік дозада Телзир® абайлап ұсынылады.

Бауыр функциясы орташа дәрежеде бұзылған емделушілер (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл):

Аталған когортада препаратты ішуге арналған суспензия түрінде қабылдау ұсынылады.

Сақтықпен, тәулігіне бір рет 100 мг тәуліктік дозадағы ритонавирмен біріктірілген тәулігіне екі рет 450 мг доза Телзир® немесе ритонавирсіз тәулігіне екі рет 700 мг доза Телзир®.

Бауыр функциясының бұзылуы ауыр емделушілер (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл):

Аталған когортада препаратты ішуге арналған суспензия түрінде қабылдау ұсынылады.

Сақтықпен, тәулігіне бір рет 100 мг ритонавирмен бірге тәулігіне екі рет 300 мг доза Телзир® немесе ритонавирсіз тәулігіне екі рет 350 мг доза Телзир®.

Ем басталар алдында немесе емделу кезінде, қан плазмасындағы ампренавир мен ритонавир деңгейлерінің жоғарылауы мүмкін екеніне орай, бауыр функциясының көрсеткіштерін әлсін-әлсін бақылау қажет.

Бауыр функциясының бұзылулары бар 12-ден 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерде препаратты дозалау режимі бойынша нұсқаулар берілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Балалар мен ересектерде фосампренавир қауіпсіздігінің жалпы бейіні ұқсас болды. Ересек қауыммен салыстырғанда, фосампренавир қабылдайтын балаларда, әсіресе, Телзирді® ритонавирсіз қабылдау кезінде құсу реакциялары жиірек байқалды. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі құсу жиірек болды, бірақ кейбір жағдайларда препаратты тоқтатуды талап етті.

Бақыланатын клиникалық зерттеулер барысында анықталған ең жиі кездескен жағымсыз реакциялар (5%-дан көп ересек емделушілерде) асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар (жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы), бас ауыру және бөртпе болды.

Фосампренавирмен байланысты байқалған құбылыстардың көпшілігі айқындылық дәрежесі бойынша әлсіз немесе орташа болды, емнің басында байқалды және препаратты тоқтатуды талап етпеді. Тіркелген жағымсыз құбылыстардың көпшілігі үшін препарат қабылдаумен, үйлестірілген еммен немесе аурудың өзінің дамуымен бір жақты байланысы анықталмаған.

Кездесу жиілігі былайша белгіленді: өте жиі (> 1/10), жиі (1/100 және <1/10), жиі емес (1/1000 және < 1/100) және сирек (1/10000 және <1/1000).

Төменде аталған жағымсыз реакциялардың көпшілігі ересектердегі үш ірі клиникалық зерттеу барысында тіркелген. Тізбеде зерттеуге алынған препаратты қабылдаумен байланысты, айқындылығы кемінде орташа дәрежеде (2 дәреже немесе жоғары) және кем дегенде 1% емделушіде пайда болған ең жиі кездескен жағымсыз реакциялар қамтылған.

Өте жиі

- диарея

- гиперхолестеринемия

Жиі

- бас ауыру, бас айналу

- ауыз қуысы шырышты қабығының парестезиясы

- жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы

- гипертриглицеридемия

- қандағы АЛТ деңгейінің (аланинаминотрансфераза), АСТ деңгейінің (аспартатаминотрансфераза), липазаның жоғарылауы

- бөртпе: емдеу кезінде қышынумен немесе онсыз эритематозды немесе макуло-папулёзді тері бөртулері пайда болуы мүмкін. Бөртпе, әдетте, емді тоқтату қажеттілігінсіз өздігінен басылады. Телзир® қабылдауды жайылған бөртпе дамыған жағдайда, сондай-ақ жүйелік симптомдармен немесе шырышты қабықтардың зақымдануымен астасқан орташа бөртулер кезінде тоқтату керек

- қажу (әлсіздік)

Жиі емес

- ангионевротикалық ісіну

- миокард инфарктісі

- нефролитиаз

Сирек

- Стивенс-Джонсон синдромы

Осыған ұқсас жағымсыз реакциялар ритонавирдің төмен дозалары қатарлас тағайындалғанда білінген.

Постмаркетингтік деректер

Жиі емес

- перинефральді майдың және тері асты шелмайының азаюын, құрсақішілік және висцеральді майдың ұлғаюын, кеуде бездерінің гипертрофиясы мен ретроцервикальді май жиналуын (буйвол өркеші) қамтитын липодистрофия (майдың қайта таралуы).

- құрамында протеаза тежегіштері бар препараттармен емделу кезінде гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, инсулинге төзімділік, гипергликемия мен гиперлактатемияны қоса, метаболикалық бұзылулар да тіркелген.

- протеазаның антиретровирустық тежегіштерін қабылдайтын емделушілерде алғаш пайда болған қант диабеті, гипергликемия немесе бұрыннан бар қант диабетінің өршуі байқалды.

- протеаза тежегіштерімен, сондай-ақ нуклеозидтер аналогтарымен емделген жағдайда креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, миалгиялар, миозит, ал сирек жағдайларда - рабдомиолиз білінген.

- протеазаның антиретровирустық тежегіштерін қабылдайтын гемофилиясы бар емделушілерде күрт қан кетулердің күшеюі.

- иммундық қайта белсенділену синдромы: иммунитет тапшылығы күрделі, АИВ жұқтырған емделушілердегі біріктірілген антиретровирустық емнің (БАРЕ) алғашқы бірнеше аптасында симптомсыз немесе қалдықтық шартты-патогенді жұқпаларға қабыну реакциясы дамуы мүмкін. Иммундық қайта белсенділену синдромы кезіндегі аутоиммундық бұзылулар (Грейв ауруы, полимиозит, Джуллиан-Барр синдромы, диффуздық уытты зоб сияқты) пайда болған жағдайлар хабарланған; дегенмен, аурулардың басталатын уақыты емнің басталуынан бірнеше айға дейін мейлінше құбылмалы және типтік емес симптомдармен қатар жүруі мүмкін.

Жиілігі белгісіз

- остеонекроз: остеонекроздың даму жағдайлары, әсіресе, жалпыға белгілі қауіп факторлары бар емделушілерде, АИВ жұқпасының толық таралу сатысында немесе ұзаққа созылған БАРЕ кезінде білінген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фосампренавирге, ампренавирге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне белгілі жоғары сезімталдық

- 39 кг-ден аз дене салмағына Телзир® ритонавирмен біріктіріліп тағайындалғанда

- 47 кг-ден аз дене салмағына Телзир® ритонавирсіз тағайындалғанда

- емдік ауқымы тар CYP3A4 цитохромы субстраттарымен бір мезгілде қолдану, бұл осы препараттар метаболизмін бәсекелі тежеуі және ауыр және/немесе өмірге қатерлі реакцияларды (жүрек аритмиясы, гипотензия, ұзаққа созылатын седация, тыныс алу функциясының бәсеңдеуі, шеткергі вазоспазм) дамытуы мүмкін. Мұндай препараттарға амиодарон, бепридил, хинидин, терфенадин, астемизол, цизаприд, пимозид, альфузозин, ішке қабылданатын мидазолам, ішке қабылданатын триазолам, кветиапин, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин, метилэргоновин жатады («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз)

- силденафилдің жағымсыз әсерлерінің әлеуетті күшеюімен байланысты, оны өкпенің артериялық гипертензиясын емдеуге пайдаланғанда силденафилмен бір мезгілде қолдану

- рабдомиолизге дейін апаратын миопатияның дамуына әкелуі мүмкін ловастатин мен симвастатиннің плазмалық концентрацияларының жоғарылауымен байланысты симвастатинмен немесе ловастатинмен бір мезгілде қолдану

- плазмадағы ампренавирдің елеулі төмендеуімен байланысты рифампицинмен бір мезгілде қолдану («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз)

- ампренавирдің плазмалық концентрациясының төмендеуімен және оның клиникалық тиімділігінің азаюымен байланысты шілтерленген шайқурай (St. John тұндырмасы) препараттарын бірге қолдану

- ритонавирмен біріктіргенде аритмияға қарсы пропрафенон мен флекаинид препараттарын пайдалану қарсы көрсетілімді. Оның басқа препараттармен өзара әрекеттесуімен танысу үшін ритонавирді қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фосампренавир мен ритонавир бірге қолданылғанда, ритонавирдің метаболикалық өзара әрекеттесу бейіні басым мәнге ие болады, өйткені ритонавир аса қуатты CYP3А4 тежегіші болып табылады. Телзирді® ритонавирмен біріктіріп тағайындар алдында ритонавирдің қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен толық танысып шығу қажет. Ритонавир CYP2D6-ның, бірақ CYP3А4-ке қарағанда аз дәрежедегі тежегіші болып табылады. Ритонавир CYP3А4, CYP1А2, CYP2С9 және глюкуроназилтрансфераза индукторы болып табылады.

Бұдан басқа, ампренавир (фосампренавирдің белсенді метаболиті) де, ритонавир де көбінесе CYP3А4 арқылы бауырда метаболизденеді. Сондықтан дәл солай метаболизденетін немесе CYP3А4 белсенділігін өзгертетін препараттар ампренавир мен ритонавир фармакокинетикасын өзгерте алады. Осыған ұқсас, фосампренавир метаболизмі сол жолмен жүретін басқа да препараттардың фармакокинетикасына ықпалын тигізуі мүмкін.

Дәрілік өзара әрекеттесулері бойынша зерттеулер тек қана ересектерге жүргізілген.

Төменде фосампренавир мен ритонавирдің, тиісінше, 700 мг және 100 мг дозадағы біріктірілімін зерттеу деректері берілген, өзара әрекеттесулері 10-нан 21 күнге дейін қолдану ұзақтығы кезінде бағаланған.

Емдік тобы бойынша препарат

Өзара әрекеттесуі

Орташа геометриялық мәні (%)

(Болжамды механизм)

Бірге қолдану жөніндегі нұсқаулар

Антиретровирустық препараттар

Кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері:

Эфавиренз

600 мг күніне бір рет

Клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі жоқ

Дозаны түзету қажет емес

Невирапин

200 г күніне екі рет

Клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі жоқ

Дозаны түзету қажет емес

Этравирин

(зерттеу 8 емделушіде жүргізілген)

Ампренавир

AUC ↑ 69%

Cmin ↑77%

Cmax ↑ 62%

Этравирин

AUC ↔a

Cmin↔ a

Cmax↔ a

a Салыстыру тарих деректеріне негізделген.

Телзир® дозасын түзету қажет болуы мүмкін (суспензия қолдану)

Кері транскриптазаның нуклеозидті/нуклеотидті тежегіштері:

Абакавир

Ламивудин

Зидовудин

Зерттеу тек ампренавир қолданумен жүргізілген.

Клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі күтілмейді

Дозаны түзету қажет емес

Диданосин шайнайтын таблеткалары

Өзара әрекеттесулері бойынша зерттеулер жоқ

Клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі күтілмейді

Дозаны түзету қажет емес

Диданосин ішекте еритін капсулалары

Өзара әрекеттесулері бойынша зерттеулер жоқ

Клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі күтілмейді

Дозаны түзету қажет емес

Тенофовир

300 мг күніне бір рет

Клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі жоқ

Дозаны түзету қажет емес

Протеаза тежегіштері:

Емдеуге қатысты қазіргі замандық нұсқауларға сәйкес – протеаза тежегіштерімен бірге қолдану ұсынылмайды

Лопинавир/ритонавир

400мг/100мг күніне екі рет

Лопинавир:

Cmax ↑ 30%

AUC ↑ 37%

Cmin ↑ 52%

Ампренавир:

Cmax  58%

AUC  63%

Cmin  65%

Лопинавир:

Cmax *

AUC *

Cmin *

* күніне екі рет 400 мг/100 мг лопинавир/ритонавирмен салыстыру бойынша

Бірге қолдану ұсынылмайды

Лопинавир/ритонавир

533мг/133мг күніне екі рет

(Телзир® 1400 мг күніне екі рет)

Ампренавир:

Cmax  13%*

AUC  26%*

Cmin  42 %*

*күніне екі рет 700 мг/100 мг фосампренавир/ритонавир-

мен салыстыру бойынша

Бірге қолдану ұсынылмайды

Индинавир

Саквинавир Нелфинавир

Өзара әрекеттесулері бойынша зерттеулер жоқ

 

Дозалануы туралы нұсқаулар жоқ

Атазанавир

300 мг күніне бір рет

Атазанавир:

Cmax  24%*

AUC  22%*

Cmin *

* күніне бір рет 300 мг/100 мг атазанавир/ритонавирмен салыстыру бойынша

Ампренавир

Cmax 

AUC 

Cmin 

Дозаны түзету қажет емес

Интеграза тежегіштері

Ралтегравир

400 мг күніне екі рет

Ампренавир:

Cmax  25% (-41%; -4%)

AUC  25% (-42%; -3%)

Cmin  33% (-50%; -10%)

Ралтегравир:

Cmax  56% (-70%; -34%)

AUC  54% (-66%; -37%)

Cmin  54 % (-74%; -18%)

Бірге қолдану ұсынылмайды

CCR5-рецепторлар антагонистері:

Маравирок

300 мг күніне екі рет

Маравирок

AUC12 ↑ 2.49

Cmax ↑ 1.52

C12 ↑ 4.74

Ампренавир:

AUC12  0.65

Cmax  0.66

C12  0.64

Ритонавир

AUC12  0.66

Cmax  0.61

C12  0.86

Бірге қолдану ұсынылмайды

С гепатитін емдеуге арналған препараттар

Телапревир

(нұсқаулықтан алынған телапревир фармакокинетикасының деректері)

Ампренавир 

AUC 0.53 (0.49-0.58)

Cmax 0.65 (0.59-0.70)

Cmin 0.44 (0.40-0.50)

Телапревир 

AUC 0.68 (0.63-0.72)

Cmax 0.67 (0.63-0.71)

Cmin 0.70 (0.64-0.77)

Механизмі белгісіз.

Бірге қолдану ұсынылмайды

Боцепревир

Зерттелмеген.

Фосампренавир/ритонавир-

мен бір мезгілде тағайындау фосампренавир мен боцепревирдің емдік концентрацияларын төмендетуге әкелуі мүмкін деп жорамалданады.

Бірге қолдану ұсынылмайды

Аритмияға қарсы препараттар

Амиодарон

Бепридил

Хинидин

Флекаинид

Пропафенон

Амиодарон ↑ күтіледі

Бепридил ↑ күтіледі Хинидин ↑ күтіледі

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Флекаинид ↑ күтіледі

Пропафенон ↑ күтіледі

(ритонавирмен CYP2D6 тежелісі)

Қарсы көрсетілімді!

(Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз)

Эрготамин туындылары

Дигидроэрготамин

Эрготамин

Эргоновин

Метилэргоновин

Дигидроэрготамин ↑ күтіледі Эрготамин ↑ күтіледі

Эргоновин ↑ күтіледі

Метилэргоновин ↑ күтіледі

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Қарсы көрсетілімді!

(Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз))

АІЖ моторикасын көтермелейтін дәрілер

Цизаприд

Цизаприд ↑ күтіледі

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Қарсы көрсетілімді!

(Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз)

Антигистаминдік дәрілер

Астемизол

Терфенадин

Астемизол ↑ күтіледі

Терфенадин ↑ күтіледі

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Қарсы көрсетілімді!

(Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз)

Нейролептиктер

Пимозид

 

Қарсы көрсетілімді!

(Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз)

Антипсихоздық дәрілер

Кветиапин

Кветиапин ↑ күтіледі

(Телзирмен CYP3A4 тежелісі)

Қарсы көрсетілімді!

(Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз)

Антибиотиктер

Кларитромицин

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

Кларитромицин орташа ↑ күтіледі

(CYP3A4 тежелісі)

Сақтықпен қолдану керек

Эритромицин

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

Эритромицин ↑ күтіледі

(Телзирмен CYP3A4 тежелісі)

Сақтықпен қолдану керек

Туберкулезге қарсы дәрілер

Рифабутин

150 мг күн сайын

Рифабутин Cmax  14%

Рифабутин AUC(0-48) *

25-O-дезацетилрифабутин: Cmax ↑ 6 есе*

25-O-дезацетилрифабутин: AUC(0-48) ↑ 11 есе*

*күніне бір рет 300 мг рифабутинмен салыстырғанда

(аралас CYP3A4 тежелісі)

25-O-дезацетилрифабутиннің (белсенді метаболит) арттырылуы жағымсыз реакциялар санының, әсіресе, увеиттердің артуына әкелуі мүмкін.

Рифабутиннің стандартты дозасын 75% азайту (яғни, күніне 150 мг дейін) ұсынылады. Дозаны әріқарай азайту қажет болуы мүмкін.

Рифампицин

600 мг күніне бір рет

Ампренавир ритонавирсіз

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

Ампренавир AUC  82 %елеулі емдік әсері

(рифампицинмен CYP3A4 индукциясы)

Қарсы көрсетілімді!

Ампренавир деңгейінің төмендеуі тиімсіздікке және төзімділіктің дамуына әкелуі мүмкін. Ритонавирмен біріктірілген протеазаның басқа тежегіштерінің дозаларын арттырғанда бауыр зақымдануының жоғары жиілігіне әкелді

Зеңге қарсы дәрілер

Кетоконазол

 

Итраконазол

Кетоконазол

Cmax ↑ 25%

AUC ↑ 2,69 есе

Ампренавир

Cmax 

AUC 

Cmin 

Итраконазол ↑ күтіледі

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Кетоконазол немесе итраконазолдың жоғары дозалары (күніне >200мг) ұсынылмайды

Антацидтер, протон помпасының тежегіштері, Н2 гистаминді рецепторлар антагонистері

Антацид суспензиясының 30 мл бір реттік дозасы (3,6 г алюминий гидроксидіне және 1,8 г магний гидроксидіне баламалы)

Телзир 1400 мг бір реттік дозасы

Ампренавир

Cmax  35 %

AUC  18 %

Дозаны түзету қажет емес

Ранитидин

300 мг бір реттік дозасы

Телзир 1400 мг бір реттік дозасы

Ампренавир

Cmax  51%

AUC  30 %

Cmin (C12) 

Дозаны түзету қажет емес

Эзомепразол

20 мг күніне бір рет

Ампренавир

Cmax 

AUC 

Cmin (C12) 

(асқазанда рН артады)

Дозаны түзету қажет емес

Құрысуға қарсы дәрілер

Фенитоин

300 мг күніне бір рет

Фенитоин

Cmax  20%

AUC  22 %

Cmin  29 %

Ампренавир

Cmax 

AUC ↑ 20 %

Cmin ↑ 19 %

Фенитоин дозасын түзету және плазмалық концентрациясының деңгейіне мониторинг жасау ұсынылады

Фенобарбитал, карбамазепин

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

Ампренавир  күтіледі

(CYP3A4 орташа индукциясы)

Сақтықпен қолдану керек

Лидокаин

(парентеральді қолдану)

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

Лидокаин ↑ күтіледі

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Бірге қолдану ұсынылмайды

Галофантрин

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

Халофантрин ↑ күтіледі

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Бірге қолдану ұсынылмайды

PDE5 тежегіштері

Силденафил

Варденафил

Тадалафил

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

PDE5 тежегіші ↑ күтіледі

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Бірге қолдану ұсынылмайды

Ингаляциялық және мұрынішілік стероидтар

Флутиказон пропионаты

50 мкг мұрын ішіне 7 күн бойы күніне 4 рет

(Ритонавир 100 мг капсулалар 7 күн бойы күніне екі рет)

Флутиказон пропионаты: ↑

Кортизол деңгейі:  86 %

Жүйелі қолдану кезінде флутиказон пропионаты жоғары дозаларының ритонавирдің плазмалық деңгейіне ықпалы белгісіз.

Флутиказон пропионатын ингаляциялық енгізу кезіндегі аса айқын әсері

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Бірге қолдану ұсынылмайды

Альфа1-адренорецепторлар антагонистері

Афлузозин

Алузозин концентрациясының әлеуетті жоғарылауы гипотензияның дамуына әкелуі мүмкін.

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Қарсы көрсетілімді!

Өсімдік препараттары

Шілтерленген шайқурай (Hypericum perforatum)

«St.John» тұндырмасы

Ампренавир  күтіледі

(St.John тұндырмасымен CYP3A4 индукциясы)

Шайқурай препараттарын Телзир® емімен бір мезгілде қолдануға болмайды. Шайқурайдың индукциялау әсері оны тоқтатқаннан кейін 2 апта бойына сақталуы мүмкін.

Гидроксиметилглутарил-КоА-редуктаза (ГМГ-КоА-редуктаза) тежегіштері:

Ловастатин

Симвастатин

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

Ловастатин ↑ күтіледі

Симвастатин ↑ күтіледі ((фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Қарсы көрсетілімді!

Аторвастатин

10 мг 4 күн бойы күніне бір рет

Аторвастатин

Cmax ↑ 184%

AUC ↑ 153 %

Cmin ↑ 73 %

Ампренавир

Cmax 

AUC 

Cmin 

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Күніне 20 мг-ден асып кететін аторвастатин дозалары аторвастатин уыттылығын мұқият қадағалаумен қабылдануы тиіс.

Иммунодепрессанттар

Циклоспорин

Рапамицин

Такролимус

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

Циклоспорин ↑ күтіледі

Рапамицин ↑ күтіледі

Такролимус ↑ күтіледі (фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Тұрақтануға жеткенше иммунодепрессанттардың емдік концентрацияларына жүйелі мониторинг жасау ұсынылады.

Бензодиазепиндер

Мидазолам

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

Мидазолам ↑ күтіледі (мидазолам парентеральді енгізілгенде 3-4 есе)

(фосампренавир/ритонавир-мен CYP3A4 тежелуі)

Бірге қолдану ұсынылмайды

Үш циклды антидепрессанттар

Дезипрамин

Нортриптилин

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

Үш циклды антидепрессанттар ↑күтіледі

(ритонавирмен CYP2D6 орташа тежелуі)

Антидепрессанттардың емдік және жағымсыз әсерлеріне мұқият мониторинг жасау ұсынылады.

Апиындар

Метадон

< 200 мг күніне бір рет

(-R) метадон

Cmax  21%

AUC  18%

(фосампренавир/ритонавир-

мен CYP индукциясы)

Метадонның белсенді энантиомерінің (-R) төмендеуі клиникалық мәнді емес. Алдын ала сақтану шаралары ретінде, абстинентті синдромның даму мүмкіндігіне байланысты, емделушілерді қадағалау ұсынылады.

Ішуге арналған антикоагулянттар

Варфарин және басқа антикоагулянттар

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген

Мүмкін  немесе ↑ тромбозға қарсы әсері

(ритонавирмен CYP2С9 индукциясы және/немесе тежелісі)

Халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) қадағалау қажет

Ішуге арналған контрацептивтер

Этинилэстрадиол 0,035/норэтистерон

0,5 мг күніне бір рет

Этинилэстрадиол

Cmax  28%

AUC  37%

Норэтистерон

Cmax  38%

AUC  34%

Cmin  26 %

(фосампренавир/ритонавир-

мен CYP3A4 индукциясы)

Ампренавир:

Cmax 

AUC 

Cmin 

Ритонавир:

Cmax ↑ 63 %

AUC ↑ 45%

Кейбір тұлғаларда бауыр трансаминазалары деңгейлерінің клиникалық мәнді жоғарылау жағдайлары сипатталған

Бала туу жасындағы әйелдерге контрацепцияның гормональді емес басқа әдістері ұсынылады.

Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер

Пароксетин

20 мг күніне бір рет

Пароксетин

Cmax  51%

AUC  55%

Ампренавир:

Cmax 

AUC 

Cmin 

Механизмі белгісіз.

Антидепрессанттың клиникалық әсерін бағалау негізінде пароксетин дозасын титрлеу ұсынылады.

Пароксетин алатын емделушілерде Телзирмен емнің басында антидепрессант әсеріне мониторинг жасау ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Емделушіні Телзирмен® және ритонавирмен біріктірілген емнің, сондай-ақ қандай да бір басқа антиретровирустық емнің АИВ-тан айықтыра алмайтынынан хабардар ету керек.

Ем аясында оппортунистік жұқпалар немесе АИВ жұқпасының басқа да асқынулары дамуы мүмкін.

Қазіргі замандық антиретровирустық ем, фосампренавирді қоса, сексуалдық қатынастар жолымен немесе қан арқылы басқа адамдарға АИВ берілуінен сақтандырмайды, осыған орай, вирус берілісін болдырмау үшін тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет.

Телзир® құрамында сульфонамидті компоненттер бар. Фосампренавир мен сульфонамидтер класы препараттары арасында әлеуетті айқаспалы сезімталдықтың бар екені анықталмаған. Сульфонамидтерге белгілі аса жоғары сезімталдық реакциясы бар емделушілерде, аса жоғары сезімталдығы жоқ емделушілермен салыстырғанда, аллергиялық бөртудің көбеюі анықталмаған. Дегенмен де, Телзир® сульфонамидті препараттарға аса жоғары сезімтал емделушілерде сақтықпен қолданылуы тиіс.

Емделуші препаратты дозалау режиміне қатысты барлық нұсқауларды қатаң ұстануы тиіс.

Бастапқы ем ретінде Телзир® қолдану ұсынылмайды, препаратты антиретровирустық дәрілер қолдану тәжірибесі бұрыннан бар емделушілерде пайдаланған дұрыс.

Педиатрияда қолдану

4 аптаға толмаған балалардағы фармакокинетикасы, тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Педиатрияда препараттың өте дәл дозалануы үшін Телзир® препаратын суспензия түрінде қолдану ұсынылады. Препараттың таблеткаланған түрі Телзир® ритонавирмен біріктіріліп тағайындалғанда дене салмағы 39 кг-ден жоғары және Телзир® ритонавирсіз тағайындалғанда дене салмағы 47 кг-ден жоғары және жұтыну рефлексі сақталған балаларда қолдануға рұқсат етіледі.

Бауыр/бүйрек функциясының бұзылуы

Ауырлығы кез келген дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде

Телзир® қолдану абайлап атқарылуы тиіс. В немесе С гепатитіне бұрын шалдыққан емделушілерде, бауыр аурулары бар емделушілерде немесе трансаминазалар белсенділігі бастапқыда жоғары болған емделушілерде трансаминазалар белсенділігінің жоғарылау қаупі артады. Мұндай емделушілерде ем басталғанша, ал артынан жүйелі уақыт аралықтары өткенде тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу қажет.

Ампренавирдің бүйректік клиренсі препараттың шығарылуында елеулі рөл атқармайтындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде оның плазмада байқалатын концентрациясының арту ықтималдығы аз. Гемодиализдің немесе перитонеальді диализдің, қан плазмасы ақуыздарымен жоғары байланысу дәрежесіне орай, ампренавирді елеулі мөлшерде шығаруға қабілетті болу мүмкіндігі аз.

Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі

Телзир® CYP3А4 субстраттары болып табылатын және бәсекелі әсер ету механизмі бар емдік әсер ауқымы тар препараттармен, сондай-ақ күрделі және/немесе өмірге қатері зор реакциялар туғызатын препараттармен тағайындалмауы тиіс.

Галофаринмен бірге қолдану ұсынылмайды, бұл өмірге қатерлі аритмияның дамуына әкелуі мүмкін.

Екі препараттың да концентрацияларының төмендеуі мүмкін екеніне орай, Телзирді® ралтегравирмен тағайындау ұсынылмайды.

Ампренавир мен телапревир концентрацияларының төмендеуі мүмкін екеніне орай, Телзир®/ритонавир біріктірілімін телапревирмен бірге қолдану ұсынылмайды.

Телзирді® эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттармен (силденафил, тадалафил, варденафил және т.б.) қолдану ұсынылмайды, өйткені соңғыларының қан плазмасындағы концентрациялары жоғарылап, бұл гипотонияның, естен тану жағдайларының, көру бұзылыстарының дамуына және приапизмге әкелуі мүмкін. Силденафилді өкпенің артериялық гипертензиясын емдеу үшін Телзирмен® біріктіріп қолдану қарсы көрсетілімді.

Рифабутин мен ампренавирді бірге қолдану плазмадағы рифабутин концентрацияларының 200% ұлғаюына алып келеді. Дозаны әріқарай азайту мүмкіндігімен және дәрігер тарапынан мұқият бақылаумен рифабутин дозасын Телзирмен® тағайындалғанда кемінде 50% және оны Телзир®/ритонавир біріктірілімімен тағайындағанда 75% азайту ұсынылады.

Телзирді® орын басушы ем ретінде қолданылатын эстрогенмен және/немесе прогестеронмен бірге қолдану жөнінде деректер жоқ; аталған емнің тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Бала туу жасындағы әйелдерге ішуге арналған контрацептивтер пайдалану кезінде бауыр трансферазалары белсенділігінің артуы мүмкін екеніне орай, қалаусыз жүктіліктен қорғану үшін басқа әдістер қолдануға кеңес беріледі.

Телзирді® құрысуға қарсы препараттармен (карбомазепин, фенобарбитал) бірге қолданғанда сақтық шарасын қадағалау қажет, өйткені Телзир® тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Телзир® мен иммунодепрессанттар (циклоспорин, такролимус, рапамицин) бірге тағайындалғанда мұқият бақылау қажет.

Үш циклды антидепрессанттар концентрацияларының деңгейін оларды Телзирмен® қолданған кезде бақылап отыру қажет.

Телзир® мен варфарин бірге қолданылғанда халықаралық қалыптасқан қатынас (INR) көрсеткішін бақылауға алу қажет.

Делавердин концентрациясының едәуір төмендеп кетуіне орай, Телзирді® делавердинмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Боцепревирмен біріктіріп Телзир®/ритонавирді бірге тағайындау ұсынылмайды, өйткені протеаза тежегіштерінің немесе боцепревирдің өзінің концентрациялары төмендеуі мүмкін.

Егер әлеуетті пайдасы Кушинг синдромы мен бүйрек үсті бездері функциясының бәсеңдеуін қамтитын болжамды қауіптерден артық болмаса, ритонавир мен флутиказон және CYP 3А4 изоферментімен метаболизденетін глюкокортикостероидтарды бірге қолдану ұсынылмайды.

Өмірге қатерлі аритмияның даму мүмкіндігіне байланысты, Телзир® мен бепридил сақтықпен қолданылады.

Ампренавир мен амиодарон, лидокаин (жүйелік), үш циклды антидепрессанттар, квинидин мен варфарин арасында күрделі және өмірге қатерлі реакциялар дамуы мүмкін, бұл қан плазмасындағы осы препараттар концентрациясына тұрақты мониторинг жасалуын талап етеді.

Рабдомиолизді қоса, миопатияның дамуы мүмкін екеніне орай, Телзир® ловастатинмен және симвастатинмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды. Аторвастатинмен бірге тағайындағанда сақ болу қажет, осы орайда біріктірілген ем қажет болса, аторвастатин дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру керек.

Құрамында Шілтерленген шайқурай сығындысы бар препараттармен біріктірілген Телзирді® бірге қолдану ұсынылмайды.

Креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігінің жоғарылауы, миалгия, миозит және, сирек сипатта, рабдомиолиз АИВ протеазасы тежегіштерін, атап айтқанда, нуклеозидті аналогтармен біріктіріп қабылдаған емделушілерде білінді.

Фосампренавир емімен байланысты болуы мүмкін зертханалық көрсеткіштердің клиникалық мәнді өзгерістері аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ), липаза белсенділіктерінің, триглицеридтер концентрациялары мен холестериннің жоғарылауын қамтуы мүмкін.

Бөртпе / тері реакциялары

Ауырлық дәрежесі әлсіз немесе орташа тері бөртпесі дамығанда және аса жоғары сезімталдықтың ауыр жүйелік көріністері болмағанда препарат қабылдауды гистаминге қарсы препараттарды бір мезгілде қолданумен жалғастыруға болады. Клиникалық зерттеулерде 1%-дан аз емделушіде аракідік өмірге қатер төндіретін жай-күйлерге әкеп соқтыратын Стивенс-Джонсон синдромын (буллезді көп пішінді экссудаттық эритеманың ауыр клиникалық алуан түрлілігі) қоса, терінің ауыр реакциялары болды. Телзир® мынадай симптомдар дамыған жағдайда тоқтатылуы тиіс:

- ауыр дәрежелі тері бөртпесі;

- шырышты қабықтардағы бөртулер;

- аса жоғары сезімталдықтың басқа да жүйелік көріністерімен қатар жүретін ауырлығы орташа тері бөртпесі.

Гемофилиясы бар емделушілер

Протеаза тежегіштерімен ем алған А және В гемофилиясы бар емделушілерде, өздігінен болатын тері ішіндегі гематомалар мен гемартроздарды қоса, жиілеп кеткен қан кету жағдайлары тіркелген. Осы емделушілердің кейбіреулері VIII қан ұйыту факторымен ем алған. Жағдайлардың жартысынан астамында протеаза тежегіштерімен емдеу жалғастырылды немесе қайта жаңғыртылды (егер ем үзіліп қалған жағдайда). Қан кету жағдайлары мен жүргізілген ем арасындағы өзара байланыс анықталмаған.

Осылайша, гемофилиясы бар емделушілерді қан кетудің жиілеуі мүмкін екенінен хабардар ету қажет.

Гипергликемия

Қант диабетінің алғаш білінуі, гипергликемия немесе бұрыннан бар қант диабетінің өршу жағдайлары АИВ протеазасы тежегіштерін қоса, антиретровирустық ем алатын емделушілерде білінді.

Инсулинді немесе ішуге арналған гипогликемиялық препараттарды дозалау режимін түзету осы құбылыстардың бетін қайтару үшін пайдаланылды. Кетоацидоздың даму жағдайлары тіркелген. Телзирмен®

ем басталар алдында гликемия деңгейін бақылау, сондай-ақ ем кезінде мезгіл-мезгіл мониторинг жасау ұсынылады.

Теріасты-шелмай қабатының қайта таралуы

Протеаза тежегіштерімен ем алған кейбір емделушілерде организмде майдың қайта таралуы (липодистрофия) болды, осы орайда шеткергі және бет аумағындағы теріасты-шелмай қабаты майының азаюы және висцеральді майдың көп жиналуы, кеуде бездерінің гипертрофиясы, сондай-ақ дорсо-цервикальді аумақта майдың шоғырлануы («буйвол өркеші») анықталды.

Липидтер мөлшерінің артуы

Телзирмен® емдеу триглицеридтер концентрацияларының және холестериннің ұлғаюына алып келді. Ем басталғанша триглицеридтердің бастапқы концентрациясы мен холестеринді анықтап, ал артынан Телзирмен® емделу кезеңінде олардың деңгейлерін ұдайы бақылау керек. Дислипидемияны емдеу клиникалық көріністер негізінде жүргізілуі тиіс.

Гемолитикалық анемия

Ампренавир алған емделушілерде жедел гемолитикалық анемия жағдайлары болды.

Иммунологиялық реактивтілік синдромы

Біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ) басталғаннан кейін алғашқы кезде иммунитет тапшылығы ауыр АИВ жұқтырған емделушілерде қабыну реакциялары дамуы мүмкін; сондай-ақ симптомсыз да, күрделі клиникалық көріністермен де өтетін немесе емделушінің жағдайын нашарлататын оппортунистік жұқпалардың (цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе жергілікті микобактериялық жұқпалар және пневмоцисттік пневмония (P.Carinii)) өршуі мүмкін. Әдетте мұндай реакциялар ем басталғаннан кейін алғашқы бірнеше аптаның немесе айдың ішінде байқалады. Қабынудың кез келген белгілерінде тиісті емді шұғыл бастау керек. Аутоиммундық бұзылулар (полимиозит, Джуллиан-Барр синдромы, диффуздық уытты зоб) Телзир® препаратын қабылдау кезінде де кездескен, дегенмен де, ауру ұстамаларының уақыты мейлінше құбылмалы және Телзирмен® ем басталғаннан кейін көп ай өткен соң білінуі мүмкін.

Остеонекроз

Сирек жағдайларда остеонекроздың даму жағдайлары байқалды. Аталған патология мультифакторлы (кортикостероидтар қолдану, шамадан тыс алкоголь тұтыну, иммуносупрессияның ауыр дәрежесі, артық дене салмағы) болып бағаланады және АИВ жұқпасының толық таралу сатысындағы және/немесе ұзақ уақыттық БАРЕ кезіндегі емделушілерде жиірек туындайды.

Емделушілер төменгі жақ аумағындағы ауыру, буынның қарысуы сияқты симптомдардың дамуына көңіл бөліп, олар жөнінде емдеуші дәрігерді дер мезгілінде хабарландыруы тиіс.

Фертильділік

Клиникаға дейінгі зерттеулерде ұрықтандыру қабілетіне және шәуһеттің сапа құрамына ықпалы анықталмаған.

Жүктілік

Жүктілік кезінде Телзир® егер әлеуетті пайдасы болжамды қауіптерден басым болған жағдайда ғана қолданылады.

Лактация

Емшек сүтіне АИВ өтуіне орай, вирустың берілуін болдырмау үшін АИВ жұқтырған әйелдерге бала емізу ұсынылмайды. Егер баламалы қоректендіру мүмкін болмаса, антиретровирустық препараттармен емделу аясында емшекпен қоректендіруге қатысты жергілікті нұсқауларға сүйену қажет. Клиникалық зерттеулер жүргізілмесе де, ампренавир ана сүтіне енеді деп күтіледі.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттеу жүргізілмеген, алайда препараттың қауіпсіздік бейінін және Телзир® қолдану аясында дамуы мүмкін жағымсыз реакцияларды ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: Телзир® препараты үшін белгілі у қайтарғы жоқ. Гемодиализ және перитонеальді диализ арқылы ампренавирді организмнен шығару мүмкіндігі де белгісіз. Артық дозаланған жағдайда емделуші уыттану белгілерінің бар-жоғы тұрғысынан бақылануы, қажет болса, стандартты демеуші ем алуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 700 мг таблеткалар. 60 таблеткадан балалардың құтыны ашып алуына қарсы құрылғысы бар, бұралатын қақпақпен тығындалған, мойыны мөртаспаланған ақ түсті тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыларға салынады. Қақпағына құтыны ашу сызбасы түсірілген.

1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Глаксо Оперэйшенс Ұлыбритания Лимитед. Глаксо Вэллком Оперэйшенс, Ұлыбритания

(Priory Street, Ware, Hertfordshire, SG12 0DJ)

Қаптаушы

Глаксо Вэллком С.А., Испания

(Avenida Extremadura 3, 09400, Aranda de Duero, Burgos)

Тіркеу куәлігінің иесі

ViiV Healthcare UK Limited, Ұлыбритания

(980 Great West Road, Brentford, Middlesex TW8 9GS)

ViiV Healthcare ULC, Канада

(8455 Route Transcanadienne Montreal, Quebec, H4S 1Z1, Канада)

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд өкілдігі

050059, Алматы қ., Фурманов к-сі, 273

Телефон нөмірі: +7 7019908566, +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электронды поштасы: kaz.med@gsk.com

 

Прикрепленные файлы

611632621477977069_ru.doc 265.5 кб
681009241477978248_kz.doc 308 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники