ТЕЛДАЙ

МНН: Долутегравир, Ламивудин, Тенофовира дизопроксила фумарат
Производитель: Хетеро Лабс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ламивудин, тенофовир дизопроксил и долутегравир
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025400
Информация о регистрации в РК: 30.11.2021 - 30.11.2026

Инструкция

Саудалық атауы

ТЕЛДАЙ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Үлбірлі қабықпен қапталған 50мг/300мг/300мг таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы дәрілер. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы дәрілер. АИТВ инфекциясын емдеуге арналған вирусқа қарсы дәрілер, біріктірілімдер. Ламивудин, тенофовир дизопроксилі және долутегравир.

АТХ коды J05AR27

Қолданылуы

адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ-1) жұқтырғандарды басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп емдеу үшін.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе 6.1 бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық.

- 2 (OCT2) органикалық катион тасымалдаушысының субстраттары болып табылатын емдік өрісі тар дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану, дофетилид, пилсикинид немесе фампридинді (далфампридин деп те аталады) қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейді

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Пайдалану бойынша шектеулер

Таблетка түріндегі Телдай препаратын интеграза тежегіштеріне (integrase strand transfer inhibitor, INSTI) резистенттілік болған кезде пайдалану INSTI базалық алмастырулар саны мен түріне негізделуі тиіс.

Интеграза тежегіштеріне резистенттілік болған кезде 50 мг-ден таблетка түріндегі Телдай препаратын күніне екі рет қолдану туралы шешімді бұл ретте Телдай препаратының Т66А, L74I/M, E138A/K/T, G140S/A/C, Y143R/C/H, E157Q, G163S/E/K/Q немесе G193E/R учаскелеріндегі Q148 + ≥2 қайталама мутациялар қоса жүретін вирустық штаммдарға қатысты белсенділігі айтарлықтай төмендейтінін ескере отырып шешім қабылдау қажет

Долутегравир

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Долутегравирді қабылдау кезінде аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы туралы хабарланды, олар бөртпемен, жүйелі бұзылулармен, кейде бауырдың ауыр реакцияларын қоса, ағзалардың дисфункциясымен сипатталды. Мұндай реакциялар клиникалық зерттеулердің 3-фазасында долутегравир қабылдаған адамдардың 1% - дан азында байқалды. Аса жоғары сезімталдық белгілері немесе симптомдары (жедел бөртпе немесе қызбамен бөртпе, жалпы дімкәстану, әлсіздік, бұлшықеттің немесе буынның ауыруы, күлдіреуіктің пайда болуы немесе терінің қабыршақтануы, ауыз қуысында күлдіреуіктің немесе зақымданудың пайда болуы, конъюнктивит, беттің ісінуі, гепатит, эозинофилия, ангионевроздық ісіну, тыныс алудың тарылуын қоса, бірақ олармен шектелмей) пайда болған кезде долутегравирді және осындай реакцияларды туындатуы мүмкін басқа да дәрілік препараттарды қабылдауды дереу тоқтату қажет. Клиникалық статусты, оның ішінде бауыр аминотрансферазаларының көрсеткіштерін бақылаған жөн және лайықты ем тағайындау керек. Таблеткалар түріндегі долутегравирді, ламивудинді және тенофовир дизопроксил фумаратын немесе осындай жағдайларға әкелетін басқа препараттарды қабылдауды тоқтату кезіндегі кідіру жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы басталғаннан кейін өмірге қауіп төндіретін реакциялардың дамуына әкеп соғуы мүмкін. Долутегравирді бұрыннан долутегравирге жоғары сезімталдық реакциясы байқалған пациенттерге қолдануға болмайды.

В немесе С гепатитімен қатарлас инфекция жұқтырған пациенттердегі бауыр сарысуларының биохимиясына әсері

В немесе С гепатитімен қатарлас ауруға шалдыққан пациенттер долутегравирді қабылдаған жағдайда нашарлау қаупі жоғары топта немесе трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы дамыған топта болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы иммунитетті реактивациялау синдромымен немесе гепатиттен емделу тоқтаған жағдайда В гепатитінің ішінара реактивациясымен сәйкес келді.

В және С гепатиті сияқты қатарлас ауруларға шалдыққан пациенттер үшін емдеуді бастар алдында тиісті зертханалық сынақтар жүргізу, сондай-ақ долутегравирді пайдалана отырып емдеу кезінде гепатоуыттылықты қадағалау ұсынылады.

Майдың қайта таралуы

Орталықтық семіру, дорсоцервикальді семіздіктің дамуын («өгіз өркеш»), шеткері жүдеуді, беттің жүдеуін, кеуде ұлғаюын және «кушингоидты бет-әлпетті» қоса, денедегі майдың қайта таралуы/жинақталуы антиретровирустық препараттарды қабылдаған пациенттерде байқалды. Қазіргі уақытта бұл құбылыстардың механизмдері мен ұзақ мерзімді салдары белгісіз. Себепті байланысы анықталмаған.

Иммунитетті реактивациялау синдромы

Иммунитетті реактивациялау синдромы долутегравирді қоса алғанда, біріктірілген ретровирусқа қарсы ем қабылдаған пациенттерде байқалды. Біріктірілген ретровирусқа қарсы емдеудің бастапқы фазасы кезінде иммундық жүйелері нәтижесінде одан әрі бағалау және емдеуді қажет етуі мүмкін, қабыну реакцияларын симптомсыз немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға (мысалы, Mycobacterium avium, цитомегаловирустық инфекциялар, пневмония Pneumocystis jirovecii [РСР], немесе туберкулез) өзгерте алатын пациенттер.

Аутоиммундық бұзылулар (мысалы, базедов ауруы, полимиозит және Гийен-Барре синдромы) иммунитетті реактивациялау кезінде де байқалды; дегенмен, олардың басталу уақыты өте кең ауқымда өзгереді және мұндай құбылыстар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан соң пайда болуы мүмкін.

Ламивудин

Сүтқышқылды ацидоз және стеатозбен ауыр гепатомегалия

Сүтқышқылды ацидоз және өлім жағдайларын қоса алғанда, стеатозбен ауыр гепатомегалия нуклеозид аналогтары мен ретровирусқа қарсы басқа препараттарды пайдалану кезінде байқалды. Мұндай жағдайлардың көпшілігі әйелдерде байқалды. Семіздік пен ұзартылған нуклеозидтер қауіп факторлары болуы мүмкін. Бауыр ауруларының даму қаупінің факторлары белгілі пациенттерге ламивудинді тағайындағанда сақтық таныту керек; алайда, мұндай асқынулардың жағдайлары белгілі қауіп факторлары жоқ пациенттерде де байқалды. Егер пациентте сүтқышқылды ацидозды немесе айқын гепатоуыттылықты көрсететін клиникалық немесе зертханалық белгілер дамыған жағдайда ламивудин қолданылатын емдеуді тоқтата тұру керек (бұл белгілерге трансаминазалар деңгейінің айқын жоғарылауы болмаса да, гепатомегалия мен стеатоз жатады).

В гепатиті вирусының қатарлас инфекциясын жұқтырған пациенттер

Гепатитті емдеуден кейінгі асқынулар

Гепатиттің өршуінің клиникалық және зертханалық дәлелдері ламивудин қабылдауды тоқтатқаннан кейін байқалды. Бұл өршулер негізінен сарысудағы аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауымен, сондай-ақ В гепатиті вирусының ДНҚ қайталама пайда болу есебінен анықталды.

Осы жағдайлардың көпшілігі өздігінен басылғанына қарамастан, кейбір жағдайларда өліммен аяқталған жағдайлар да байқалды. Осыған ұқсас жағдайлар АИТВ-1 және В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттерде ламивудин қолданылмаған емдеу түріне ламивудинді қолдана отырып, АИТВ-1 вирусын емдеу түрін өзгерткеннен кейін постмаркетингтік тәжірибеде тіркелді. Ламивудин қабылдауды тоқтатумен себепті байланыс белгісіз болып табылады. Пациенттерді емдеуді тоқтатқаннан кейін кем дегенде бірнеше ай бойы клиникалық және зертханалық белгілерге мұқият бақылау керек.

Құрамында ламивудин бар препараттар арасындағы маңызды айырмашылықтар

Оральді қолдануға арналған ламивудин таблеткалары мен ерітінділерінің құрамында В гепатиті вирусына қарсы оральді қолдануға арналған ламивудин таблеткалары мен ерітінділеріне қарағанда әсер етуші заттың дозасы (ламивудиннің) анағұрлым жоғары. В гепатиті вирусына қарсы қолданылатын ламивудин созылмалы В гепатитіне шалдыққан пациенттер үшін әзірленді. В гепатиті вирусына арналған ламивудиндегі ламивудиннің дозалануы мен тұжырымдамасы АИТВ-1 вирусы мен қатарлас В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттер үшін қолданылмайды. Ламивудиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі АИТВ-1 вирусын және қатарлас В гепатиті вирусын жұқтырған созылмалы В гепатитіне шалдыққан пациенттерді емдеу үшін анықталған жоқ. Егер В гепатиті вирусына арналған ламивудин қолданылған емдеу АИТВ-1 вирусы диагноз қойылмаған немесе инфекциясы емделмеген пациентке тағайындалса, субтерапиялық дозалар мен АИТВ-1 вирусын емдеуге арналған монотерапияның жарамсыздығы себебінен АИТВ-1 вирусы резистенттілігінің тез дамуы ықтимал. Егер ламивудинді АИТВ-1 вирусын және В гепатиті вирусын қатарлас жұқтырған пациенттерге тағайындау туралы шешім қабылданса, біріктірілген емдеудің қолайлы түрі ретінде оральді қолдануға арналған ламивудин таблеткалары мен ерітінділері немесе құрамында ламивудиннің анағұрлым жоғары дозалары бар басқа препараттар қолданылуы керек.

Ламивудинге резистентті В гепатиті вирусының пайда болуы

Ламивудиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі АИТВ-1 вирусын және В гепатиті вирусын бір мезгілде жұқтырған пациенттерде созылмалы В гепатитін емдеу үшін анықталған жоқ. Ламивудинге резистенттілікпен байланысты В гепатиті вирусы нұсқаларының пайда болуы, сондай-ақ В гепатиті вирусының қатарлас инфекциясы болған кезде ламивудин қолданылған ретровирусқа қарсы ем алған АИТВ-1 пациенттерінде де байқалды.

Интерферон мен рибавиринді қолдануға негізделген емдеу типтерінде қолдану

In vitro зерттеулері рибавирин ламивудин сияқты нуклеозидтің пиримидиндік аналогтарының фосфорлануын төмендетуі мүмкін екенін көрсетті. АИТВ-1 вирусын/адам гепатиті вирусын қатарлас жұқтырған пациенттерде ламивудинмен рибавиринді қатар қабылдағанда фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесудің (мысалы, АИТВ-1 вирусын/В гепатиті вирусын басудан айырылу) ешқандай дәлелі байқалмағанымен, АИТВ-1 вирусымен/адам гепатиті вирусы қатар жұқтырған пациенттерде АИТВ-1-ден біріктірілген ретровирусқа қарсы ем қабылдаған және интерферон альфа рибавиринмен бірге немесе онсыз, бауыр декомпенсациясының жағдайлары (кейде өліммен аяқталған) байқалды.

Ламивудинмен біріктіріп рибавиринмен немесе онсыз интерферон альфаны қабылдайтын пациенттер емдеумен байланысты уытты реакциялар, әсіресе бауыр декомпенсациясы тұрғысынан мұқият бақылануы тиіс. Ламивудин қабылдауды тоқтатуды клиникалық талапқа сай әдіс ретінде қарастыруға болады. Егер бауыр декомпенсациясын қоса алғанда, клиникалық уыттылықтың өршуі байқалса, дозаны төмендету немесе интерферон альфаны, рибавиринді немесе екі препаратты қабылдауды тоқтату да қарастырылуы мүмкін (мысалы, Чайлд-Пью жіктеуі бойынша 6-дан астам).

Панкреатит

Ретровирусқа қарсы нуклеозидтердің әсер ету, панкреатит немесе сырқатнамада панкреатиттің даму қаупінің басқа маңызды факторларының әсер ету жағдайлары бар балаларда ламивудинді сақтықпен қолдану керек. Егер панкреатиттің дамуын болжайтын клиникалық белгілер, симптомдар немесе зертханалық ауытқулар байқалса, ламивудинді қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс.

Иммунитетті реактивациялау синдромы

Иммунитетті реактивациялау синдромы құрамында ламивудин бар біріктірілген ретровирусқа қарсы ем қабылдаған пациенттерде байқалды. Біріктірілген ретровирусқа қарсы емдеудің бастапқы фазасы кезінде иммундық жүйелердің реакциялары баяу ағымды немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға деген қабыну реакцияларына әкеп соғуы мүмкін пациенттер (мысалы, Mycobacterium avium, цитомегаловирустық инфекциялар, пневмония Pneumocystis jirovecii [РСР] немесе туберкулез) нәтижесінде одан әрі бағалау және емдеу қажет болуы мүмкін.

Аутоиммундық бұзылулар (мысалы, базедов ауруы, полимиозит және Гийен-Барре синдромы) иммунитетті реактивациялау кезінде де байқалды; дегенмен, дамуға дейінгі уақыт әр түрлі болды; даму емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан соң пайда болуы мүмкін.

Майдың қайта таралуы

Орталықтық семіру, дорсоцервикальді семіздіктің дамуын («өгіз өркеш»), шеткері жүдеуді, беттің жүдеуін, кеуденің ұлғаюын және «кушингоидты бет-әлпетті» қоса, денедегі майдың қайта таралуы/жинақталуы антиретровирустық препараттарды қабылдаған пациенттерде байқалды. Қазіргі уақытта бұл құбылыстардың механизмдері мен ұзақ мерзімді салдары белгісіз. Себепті байланысы анықталмаған.

Тенофовир дизопроксил фумараты

Емдеу тоқтатылғаннан кейін гепатиттің өршуі

Тенофовир дизопроксил фумаратын қамтитын В гепатиті вирусына қарсы емді тоқтату гепатиттің ауыр жедел асқынуларымен байланысты болуы мүмкін. В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттер тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдауды тоқтатқан соң кемінде бірнеше ай бойы емдеуді тоқтатқаннан кейін клиникалық және зертханалық белгілер тұрғысынан мұқият бақылануы тиіс.

Мүмкін болса, В гепатитіне қарсы емдеуді жалғастыру керек.

Бүйрек жеткіліксіздігінің жаңа дамуы немесе нашарлауы

Тенофовир негізінен бүйрекпен шығарылады. Бүйрек жеткіліксіздігі, оның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі және Фанкони синдромы (жедел гипофосфатемиямен бүйрек өзекшелерінің дисфункциясы) тенофовир дизопроксил фумаратын қолданғанда байқалды.

Тенофовир дизопроксил фумараты қолданылған емдеу кезінде клиникалық негізделген аралықтарда және емдеуді бастар алдында барлық пациенттерде белгіленген креатинин клиренсіне бағалау жүргізу ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі қаупі бар пациенттерде, әсіресе HEPSERA® қабылдаған кезде бүйрекпен проблемалары бұрын байқалған пациенттерде креатинин клиренсіне, сарысудағы фосфордың, несептегі глюкозаның және несептегі протеиндердің мөлшеріне және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл тенофовир дизопроксил фумаратын қолдана отырып, бағалау жүргізу ұсынылады.

Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдау аралығын түзету және бүйрек функциясының мұқият мониторингі креатинин клиренсі 50 мл/мин-нан кем барлық пациенттер үшін ұсынылады. Дозалау жөніндегі ұсынымдарға сәйкес тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттер үшін қауіпсіздік немесе тиімділік туралы деректер жоқ, сондықтан емдеуде тенофовир дизопроксил фумаратын пайдаланудың әлеуетті пайдасы бүйрек уыттылығының ықтимал қаупіне қарсы бағалануы тиіс.

Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдауды нефроуытты препараттарды (мысалы, жоғары дозаларда немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың (ҚҚСП)) көп мөлшерінде қатарлас немесе жақында қолданған жағдайда болдырмау керек. Жоғары дозаларды немесе ҚҚСП көп мөлшерін қабылдау басталғаннан кейін жедел бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдау кезінде жағдайы тұрақты, бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі факторлары бар АИТВ жұқтырған пациенттерде байқалды. Кейбір пациенттерге ауруханаға жатқызу және бүйректік орын басу ему қажет болды. Бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі бар пациенттерде қажет болса, ҚҚСП баламаларын қарау керек.

Сүйектердің тұрақты немесе өршімелі ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, сынықтар және/немесе бұлшықеттердің ауыруы немесе әлсіздігі проксимальді ренальді тубулопатияның көріністері болуы мүмкін және қауіп факторлары бар пациенттерде бүйрек функциясы дереу бағалануы тиіс.

Сүтқышқылды ацидоз және стеатозбен ауыр гепатомегалия

Өліммен аяқталған жағдайларды қоса алғанда, сүтқышқылды ацидоз және стеатозбен ауыр гепатомегалия нуклеозид аналогтары мен тенофовир дизопроксил фумаратын қоса алғанда, басқа да ретровирусқа қарсы препараттарды жеке немесе басқа ретровирусқа қарсы препараттармен біріктірілімде пайдалану кезінде байқалды.

Егер пациентте сүтқышқылды ацидозды немесе айқын гепатоуыттылықты көрсететін клиникалық немесе зертханалық белгілер дамыса (бұл белгілерге трансаминазалар деңгейінің айқын жоғарылауы болмаса да, гепатомегалия мен стеатоз жатады) тенофовир дизопроксил фумараты қолданылатын емдеуді уақытша тоқтату керек.

Басқа препараттармен қатарлас қабылдау

Тенофовир дизопроксил фумаратын ATRIPLA, COMPLERA, DESCOVY, GENVOYA, ODEFSEY, STRIBILD, TRUVADA немесе VEMLIDY қоса алғанда, құрамында тенофовир дизопроксил фумараты немесе тенофовир алафенамиді бар басқа дәрілік препараттармен бірге пайдалануға болмайды. Тенофовир дизопроксил фумаратын HEPSERA-мен (адефовир дипивоксилі) біріктіріп қабылдауға болмайды.

АИТВ-1 вирусын және В гепатиті вирусын қатар жұқтырған пациенттер

АИТВ-1-ге резистенттіліктің даму қаупі себебінен тенофовир дизопроксил фумаратын АИТВ-1 вирусын және В гепатиті вирусын қатар жұқтырған пациенттерде тек тиісті ретровирусқа қарсы біріктірілген ем бөлігі түрінде ғана пайдалану керек.

АИТВ-1 антиденелеріне тестілеу В гепатиті вирусын жұқтырған барлық пациенттерге тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдауды бастамас бұрын ұсынылады. Сондай-ақ, АИТВ-1 бар барлық пациенттер тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдау алдында созылмалы В гепатитінің бар болуына тестілеуден өту ұсынылады.

Сүйекке әсер ету.

Сүйек тіндерінің минералды тығыздығы:

АИТВ-1 инфекциясын жұқтырған ересек пациенттерге жүргізілген клиникалық зерттеулерде тенофовир дизопроксил фумаратын сүйек тіндерінің минералды тығыздығының төмендеуі аздап үдегенін, сондай-ақ сүйек метаболизмінің биохимиялық маркерлерінің санының артуымен байланысты көрсетті, бұл аналогтармен салыстырғанда сүйек қалпына келуінің артқанын көрсетеді. Қан сарысуындағы паратироидты гормондарының деңгейі және 1, 25 D дәрумені де тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған адамдарда жоғары болды.

Балалар мен жасөспірімдерде тенофовир дизопроксил фумаратын бағалау бойынша клиникалық зерттеулер жүргізілді. Қалыпты жағдайда сүйектердің минералды тығыздығының тез артуы байқалды. АИТВ-1 жұқтырған 2 жастан 18 жасқа дейінгі пациенттерде сүйектерге әсер ересек пациенттерде байқалғанға ұқсас болды және сүйек қалпына келтірудің жоғарылағанын көрсетеді. Дененің сүйек тінінің минералды тығыздығының жалпы жиынтығы бақылау топтарымен салыстырғанда тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған АИТВ-1 жұқтырған балаларда аз болды. Осындай үрдістер созылмалы В гепатитіне шалдыққан 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде байқалды. Балаларға арналған барлық зерттеулерде қаңқа бұлшықеттерінің дамуы (биіктігі) өзгеріссіз қалды.

Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаумен байланысты сүйек тінінің минералды тығыздығындағы және биохимиялық маркерлердегі өзгерістердің сүйектердің ұзақ мерзімді саулығына әсері және болашақта сынықтардың пайда болу қаупі белгісіз болып табылады. Сүйек тінінің минералды тығыздығын бағалауды ересектер мен сүйектердің патологиялық сынуы немесе остеопороздың немесе сүйек массасының жоғалуының басқа қауіп факторлары бар балалар үшін қарастырған жөн. Кальций мен D дәруменін қолдану әсері зерттелмегеніне қарамастан, мұндай қосымша қолдану барлық пациенттерге пайда әкелуі мүмкін. Егер сүйек ауытқулары байқалса, тиісті кеңес алу керек.

Минералдану ақаулары:

Проксимальді ренальді тубулопатиямен байланысты сүйектердің жұмсаруы сүйектің ауыруы немесе аяқ-қолдың ауыруы түрінде көрінді және сынуға әкеп соғуы мүмкін, бұл тенофовир дизопроксил фумаратын қолдану кезінде байқалды. Сондай-ақ, проксимальді ренальді тубулопатия жағдайында артралгия, бұлшықет ауыруы немесе әлсіздік жағдайлары байқалды. Құрамында тенофовир дизопроксил фумараты бар препараттарды қабылдау кезінде сүйек немесе бұлшықет симптомдарының өршуі немесе тұрақты түрінде байқалатын бүйрек дисфункциясы қаупі бар пациенттерде проксимальді ренальді тубулопатияның салдарынан гипофосфатемияның даму және сүйектердің жұмсару мүмкіндігін ескеру керек.

Иммунитетті реактивациялау синдромы

Иммунитетті реактивациялау синдромы құрамында тенофовир дизопроксил фумараты бар біріктірілген ретровирусқа қарсы ем қабылдаған АИТВ жұқтырған пациенттерде байқалды. Біріктірілген ретровирусқа қарсы емдеудің бастапқы фазасы кезінде иммундық жүйелердің реакциялары баяу ағымды немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға деген қабыну реакцияларына әкеп соғуы мүмкін пациенттер (мысалы, Mycobacterium avium, цитомегаловирустық инфекциялар, пневмония Pneumocystis jirovecii [РСР] немесе туберкулез) нәтижесінде одан әрі бағалау және емдеу қажет болуы мүмкін.

Аутоиммундық бұзылулар (мысалы, базедов ауруы, полимиозит және Гийен-Барре синдромы) иммунитеттің реактивация жағдайында да байқалды; дегенмен, дамуға дейінгі уақыт әр түрлі болды; даму емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан соң пайда болуы мүмкін.

Ерте вирологиялық жеткіліксіздік

АИТВ жұқтырған пациенттерге жүргізілген клиникалық зерттеулер кері транскриптазаның тек үш нуклеозидті тежегіші - не кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегішімен немесе АИТВ-1 протеаза тежегішімен біріктірілген кері транскриптазаның екі нуклеозидті тежегіші пайдаланылатын белгілі бір емдеу түрлері, әдетте, үш препараттан тұратын емдеу түрлеріне қарағанда азырақ тиімді болып табылатынын көрсетті. Атап айтқанда, ерте вирологиялық жеткіліксіздік және орын басу резистенттілігі байқалды. Сондықтан үш нуклеозидті тежегішпен емдеу түрлерін сақтықпен қолдану керек.

Тек үш нуклеозидті тежегішті қолдана отырып ем алатын пациенттер мұқият бақылануы тиіс; сондай-ақ олар үшін емдеуді түзету қарастырылуы тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Таблетка түріндегі Телдай препаратын келесі препараттармен біріктіріп қолдануға болмайды: ATRIPLA®, COMPLERA®, DESCOVY®, GENVOYA®, ODEFSEY®, STRIBILD®, TRUVADA®, немесе VEMLIDY®

Долутегравир

Долутегравирдің басқа препараттардың фармакокинетикалық қасиеттеріне әсері

In vitro зерттеулерінде долутегравир органикалық катиондардың бүйрек ақуыз-тасымалдаушыларын, ОСТ2 (IC50 = 1,93 микроМ), сондай-ақ көптеген резистенттілік ақуызын және токсиндерді шығару (МАТЕ) 1 (IC50 = 6,34 микроМ) тежеді. In vivo зерттеулерінде долутегравир креатининнің өзекшелік секрециясын ОСТ2 және ықтимал МАТЕ1 тежелуі арқылы тежеді. Долутегравир ОСТ2 немесе МАТЕ1 (дофетилид және метформин, 6-кесте) көмегімен шығарылатын дәрілік препараттардың плазмасындағы концентрациялардың жоғарылауына әкелуі мүмкін.

In vitro зерттеулерінде долутегравир бүйректің базальді бүйір ақуыз-тасымалдаушыларын, органикалық аниондардың ақуыз тасымалдаушыларын (ОАТ) 1 (IC50 = 2,12 микроМ) және ОАТ3 (IC50 = 1,97 микроМ) тежеді. Алайда, in vivo зерттеулерінде долутегравир тенофовир немесе пара-амин гиппураты плазмасында, ОАТ1 және ОАТ3 субстраттарында концентрациялардың өзгеруіне себеп болған жоқ.

In vitro зерттеулерінде долутегравир (IC50 50 микроМ астам) келесіні тежемеді: P450 (CYP)1A2 цитохромы, CYP2A6, CYP2B6, CYP2C8, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6, CYP3A, уридиндифосфат-глюкуронозилтрансфераза 1А1 (UGT1A1), UGT2B7, Р-гликопротеин (Р-gp), сүт безі обырының резистенттілік ақуызы (breast cancer resistance protein, BCRP), өт қышқылдарын шығаратын помпа (bile salt export pump, BCEP), органикалық аниондардың полипептидті транспортері (ОАТР)1В1, OATP1B3, OCT1, көптеген дәрілік резистенттілік ақуызы (MRP)2 немесе MP4. In vivo зерттеулерінде долутегравир CYP1A2, CYP2B6 немесе CYP3A4 индукцияламады. Осы деректердің және дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу нәтижелерінің негізінде долутегравир осы энзимдердің немесе транспортерлердің субстраттары болып табылатын дәрілік препараттардың фармакокинетикасына әсер етеді деп күтілмейді.

Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесу зерттеулерінде долутегравир мынадай дәрілік препараттардың фармакокинетикалық қасиеттеріне клиникалық тұрғыдан релевантты әсер еткен жоқ: даклатасвир, тенофовир, метадон, мидазолам, рилпивирин және құрамында норгестимат және этинилэстрадиол бар оральді контрацептивтер. Әрбір өзара әрекеттесетін дәрілік препарат үшін фармакокинетикалық қасиеттері туралы тарихи деректермен зерттеулерді айқаспалы салыстыруды пайдалану кезінде долутегравир мынадай дәрілік препараттардың фармакокинетикалық қасиеттеріне әсер етпейтіні анықталды: атазанавир, дарунавир, эфавиренц, этравирин, фосампренавир, лопинавир, ритонавир және боцепревир.

Басқа дәрілік препараттардың долутегравирдің фармакокинетикалық қасиеттеріне әсері

Долутегравир CYP32A қатысуымен UGT1A1 арқылы метаболизденеді. Долутегравир сонымен қатар UGT1A3, UGT1A9, BCRP және P-gp in vitro субстраты болып табылады. Осы энзимдер мен тасымалдағыштарды индукциялайтын дәрілік препараттар плазмадағы долутегравирдің концентрациясын төмендетуі және долутегравирдің емдік әсерін төмендетуі мүмкін.

Осы энзимдерді тежейтін долутегравирді және басқа дәрілік препараттарды қатар қабылдау плазмадағы долутегравир концентрациясының ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Этравирин плазмадағы долутегравирдің концентрациясын едәуір төмендетеді, бірақ этравириннің әсері лопинавирді/ритонавирді қатар қабылдау арқылы төмендеген және атазанавирді / ритонавирді қатарлас қабылдау арқылы төмендейді (6-кесте).

In vitro зерттеулерінде долутегравир OATP1B1 немесе OATP1B3 субстраты болған жоқ.

Дарунавир/ритонавир, лопинавир/ритонавир, рилпивирин, тенофовир, боцепревир, даклатасвир, преднизон, рифабутин және омепразол долутегравирдің фармакокинетикалық қасиеттеріне клиникалық тұрғыдан елеулі әсері жоқ.

Дәрілік препараттардың белгіленген және басқа да ықтимал елеулі өзара әрекеттесуі

17-кестеде дәрілік препараттардың долутегравирмен өзара әрекеттесу нәтижесі түріндегі клиникалық ұсынымдар берілген. Бұл ұсынымдар не дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуін зерттеуге, не өзара әрекеттесудің күтілетін күші, елеулі жағымсыз әсерлердің даму әлеуеті немесе тиімділігін жоғалту салдарынан болжамды өзара әрекеттесуге негізделеді.

17-кесте. Дәрілік препараттардың белгіленген және басқа да әлеуетті маңызды өзара әрекеттесуі: Дозаны немесе қабылдау режимін төмендету дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуін немесе болжамды өзара әрекеттесуін зерттеу негізінде ұсынылуы мүмкін

Қатар қабылданатын дәрілік препараттың класы:

Дәрілік препараттың атауы

Долутегравирдің және/немесе қатарлас дәрілік препараттың концентрациясына әсері

Клиникалық түсініктеме

АИТВ-1-ге қарсы вирусқа қарсы препараттар

Нуклеозидті емес кері транскриптаза тежегіштері:

Этравирина

Долутегравир

Атазанавирді/ритонавирді, дарунавирді/ритонавирді немесе ритонавирді/лопинавирді қатар қабылдамай, этравиринмен долутегравирді пайдалану ұсынылмайды.

Нуклеозидті емес кері транскриптаза тежегіштері:

Эфавиренца

Долутегравир

Бұрын мұндай ем қабылдамаған және қабылдаған пациенттерде, сондай-ақ бұрын интегразаның молекулалық тізбегін тасымалдау тежегіштерін қабылдамаған ересек пациенттерде долутегравирдің дозасын күніне екі рет 50 мг-ға дейін түзетіңіз. Балаларда дене салмағы бойынша анықталған дозаны қабылдауды күніне екі ретке бөлу керек (2-кесте).

Мұндай тежегіштермен байланысты резистентті алмастыру байқалған немесе клиникалық күдікті интегразаның молекулярлық тізбегінің тасымалдау тежегіштерін бұрын қабылдаған пациенттер үшін ықтимал метаболизмдік индукторларды қамтымайтын, баламалы біріктірілімдерді қолданыңыз. b

Нуклеозидті емес кері транскриптаза тежегіштері:

Невирапин

Долутегравир

Невирапинмен қатар қабылдаудан аулақ болыңыз, себебі дозалау бойынша ұсынымдарды қалыптастыру үшін жеткілікті деректер жоқ.

Протеаза тежегіші:

Фосампренавир/ритонавира

Типранавир/ритонавира

Долутегравир

Бұрын мұндай ем қабылдамаған және қабылдаған пациенттерде, сондай-ақ бұрын интегразаның молекулалық тізбегін тасымалдау тежегіштерін қабылдамаған ересек пациенттерде долутегравирдің дозасын күніне екі рет 50 мг-ға дейін түзетіңіз. Балаларда дене салмағы бойынша анықталған дозаны қабылдауды күніне екі ретке бөлу керек (2-кесте).

Мұндай тежегіштермен байланысты резистентті алмастыру байқалған немесе клиникалық күдікті интегразаның молекулярлық тізбегінің тасымалдау тежегіштерін бұрын қабылдаған пациенттер үшін ықтимал метаболизмдік индукторларды қамтымайтын, баламалы біріктірілімдерді қолданыңыз. b

Басқа препараттар

Карбамазепина

Долутегравир

Бұрын мұндай ем қабылдамаған және қабылдаған пациенттерде, сондай-ақ бұрын интегразаның молекулалық тізбегін тасымалдау тежегіштерін қабылдамаған ересек пациенттерде долутегравирдің дозасын күніне екі рет 50 мг-ға дейін түзетіңіз. Балаларда дене салмағы бойынша анықталған дозаны қабылдауды күніне екі ретке бөлу керек (2-кесте).

Мұндай тежегіштермен байланысты резистентті алмастыру байқалған немесе клиникалық күдікті интегразаның молекулярлық тізбегінің тасымалдау тежегіштерін бұрын қабылдаған пациенттер үшін ықтимал метаболизмдік индукторларды қамтымайтын, баламалы біріктірілімдерді қолданыңыз. b

Окскарбазепин

Фенитоин

Фенобарбитал

Шайқурай

(шілтер жапырақты шайқурай, Hypericum perforatum)

Долутегравир

Дозалау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру үшін деректердің жеткілікті саны болмағандықтан долутегравирмен бірге қабылдаудан аулақ болыңыз.

Құрамында поливалентті катиондар бар дәрілік препараттар (мысалы, магний немесе алюминий):

Құрамында а катиондары бар антацидтер немесе іш жүргізетін дәрілер

Сукралфатты буфері бар дәрілік препараттар

Долутегравир

Долутегравирді поливалентті катиондары бар дәрілік препараттарды қабылдаудан екі сағат бұрын немесе алты сағаттан кейін қабылдаңыз.

Құрамында кальций немесе темір бар мультивитаминдерді қоса, құрамында кальций немесе темірі бар оральді тағамдық қоспалара

Долутегравир

Долутегравирді құрамында кальций немесе темір бар тағамдық қоспаларды қабылдағанға дейін екі сағат бұрын немесе алты сағаттан кейін қабылдаңыз. Сонымен қатар, долутегравир мен құрамында кальций немесе темір бар тағамдық қоспаларды тамақпен бірге қабылдауға болады.

Метформин

Метформин

Қатар қолданғанда не метформинді қабылдар басында не долутегравирді қабылдар басында метформиннің жалпы тәуліктік дозасын 1000 мг дейін шектеңіз. Долутегравирді қабылдауды тоқтатқан кезде метформин дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Қандағы глюкоза құрамының мониторингі қатар пайдалануды бастау кезінде де, долутегравирді қабылдауды тоқтатқаннан кейін де ұсынылады.

Рифампицина

Долутегравир

Бұрын мұндай ем қабылдамаған және қабылдаған пациенттерде, сондай-ақ бұрын интегразаның молекулалық тізбегін тасымалдау тежегіштерін қабылдамаған ересек пациенттерде долутегравирдің дозасын күніне екі рет 50 мг-ға дейін түзетіңіз. Балаларда дене салмағы бойынша анықталған дозаны қабылдауды күніне екі ретке бөлу керек (2-кесте).

Мұндай тежегіштермен байланысты резистентті алмастыру байқалған немесе клиникалық күдікті интегразаның молекулярлық тізбегінің тасымалдау тежегіштерін бұрын қабылдаған пациенттер үшін ықтимал метаболизмдік индукторларды қамтымайтын, баламалы біріктірілімдерді қолданыңыз. b

а Өзара әрекеттесу күші Клиникалық фармакология (12.3) бөлімінде, 9-кестеде немесе 10-кестеде келтірілген.

b Белгілі бір индукторлармен қатар қабылдағаннан кейін интегразаның молекулалық тізбегін тасымалдау тежегіштерін қабылдаған пациенттерде байқалған долутегравирдің ең төмен әсері (белгілі бір резистентті алмастырумен немесе осындай тежегіштермен байланысты күдікті алмастырумен) емдік әсердің жоғалуына және долутегравирге немесе басқа қатар жүретін ретровирусқа қарсы препараттарға резистенттіліктің дамуына әкелуі мүмкін.

Ламивудин

Органикалық катиондарды тасымалдаушы ақуыздарды тежейтін дәрілік препараттар

Ламивудин негізінен органикалық катиондардың белсенді секрециясына байланысты несеппен шығарылады. Бір мезгілде қолданылатын басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды, атап айтқанда, егер олардың негізгі шығарылу жолы органикалық катиондардың тасымалдау жүйесі арқылы белсенді бүйрек секрециясы болса (мысалы, триметроприм). Ламивудиннің механизмдеріне ұқсас бүйрек клиренсінің механизмдері бар басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіне қатысты деректер жоқ.

Сорбитол

Ламивудин мен сорбитолдың бір реттік дозаларын қатар қабылдау сорбитол дозасына байланысты ламивудин әсерінің төмендеуіне әкеледі. Егер мүмкін болса, құрамында сорбитол бар дәрілік препараттарды ламивудинмен бірге қабылдаудан аулақ болыңыз.

Тенофовир дизопроксил фумараты

Бұл бөлімде тенофовир дизопроксил фумаратымен клиникалық релевантты әсерлер сипатталады. Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуін зерттеу таңбалауда басқа жерде келтірілген.

Диданозин

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді қатар қабылдауды сақтықпен жазып алған жөн; препараттардың осы біріктірілімін қабылдайтын пациенттер диданозинмен байланысты жағымсыз реакцияларға мұқият бақылануы тиіс. Егер пациентте диданозинмен байланысты жағымсыз реакциялар байқалса, диданозинді қабылдауды тоқтату керек.

Тенофовир дизопроксил фумаратымен бірге қабылдаған кезде диданозиннің Cmax және AUC мәндері едәуір артады. Осы өзара әрекеттесудің механизмі белгісіз. Диданозиннің жоғары концентрациясы панкреатит пен нейропатияны қоса, диданозинмен байланысты жағымсыз реакциялар көріністерін күшейтуі мүмкін. Күніне 400 мг диданозинмен тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған пациенттерде CD4+ жасушаларының мөлшерін басу байқалды.

Дене салмағы 60 кг-нан асатын пациенттерде диданозиннің дозасы тенофовир дизопроксил фумаратымен қабылдаған жағдайда күніне бір рет 250 мг-ға дейін төмендетілуі тиіс. Дене салмағы 60 кг-нан аз пациенттерде диданозиннің дозасы тенофовир дизопроксил фумаратымен қабылдаған жағдайда күніне бір рет 200 мг-ға дейін төмендетілуі тиіс. Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді қатар қабылдаған кезде бос асқазанға немесе жеңіл тамаққа (400 кКал-дан аз, 20% май) қабылдауға болады.

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді қатар қабылдау туралы қосымша ақпарат диданозинді тағайындау туралы ақпаратта келтірілген.

АИТВ-1 протеаза тежегіштері

Тенофовир дизопроксил фумарат атазанавирдің AUC және Cmin мәндерін төмендетеді. Тенофовир дизопроксил фумаратымен қатар қабылдаған кезде 300 мг атазанавирді 100 мг ритонавирмен қабылдау ұсынылады. Тенофовир дизопроксил фумаратын ритонавирсіз атазанавирмен қабылдауға болмайды.

Лопинавир/ритонавир, ритонавирмен атазанавир және ритонавирмен дарунавир тенофовир концентрациясының жоғарылау қабілетін көрсетті. Тенофовир дизопроксил фумараты - Р-гликопротеин (Pgp) транспортері мен сүт безі обырының резистенттілік ақуызының (BCRP) субстраты болып табылады. Егер тенофовир дизопроксил фумараты осы транспортерлердің тежегішімен бірге қабылданса, сіңірілудің ұлғаюы байқалуы мүмкін. Тенофовир дизопроксил фумаратын лопинавирмен/ритонавирмен, атазанавирмен, күшейтілген ритонавирмен немесе дарунавирмен, күшейтілген ритонавирмен бірге қабылдайтын пациенттер тенофовир дизопроксил фумаратымен байланысты жағымсыз реакциялардың дамуы тұрғысынан бақылануы тиіс. Тенофовир дизопроксил фумаратымен байланысты жағымсыз реакция дамыған пациенттерге тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдауды тоқтату керек.

С гепатитіне қарсы вирусқа қарсы препараттар

Тенофовир дизопроксил фумараты мен EPCLUSA® (софосбувир/велпатасвир) препаратын немесе HARVONI® (ледипасвир/софосбувир) препаратын қатар қабылдау тенофовир әсерінің артқанын көрсетті.

Тенофовир дизопроксил фумаратын EPCLUSA препаратымен бірге қабылдайтын пациенттерде тенофовир дизопроксил фумаратымен байланысты жағымсыз реакциялардың мұқият мониторингі талап етіледі.

Тенофовир дизопроксил фумаратын HARVONI препаратымен бірге, АИТВ-1 протеаза тежегіштерінсіз/ритонавирсіз немесе АИТВ-1 протеаза тежегіші/кобицистат біріктірілімінсіз қабылдайтын пациенттерде, тенофовир дизопроксил фумаратына байланысты жағымсыз реакцияларына мониторинг жүргізу талап етіледі.

Тенофовир дизопроксил фумаратын HARVONI препаратымен, АИТВ-1 протеаза тежегішімен/ритонавирмен немесе АИТВ-1 протеаза тежегішімен/кобицистатпен біріктірілімде қабылдайтын пациенттерде баламалы ретровирусқа қарсы емді немесе С гепатитін емдеуді қараған жөн, себебі жағдайларда тенофовирдің жоғары концентрациясының қауіпсіздігі анықталмады. Егер қатарлас қабылдау қажет болып табылса, тенофовир дизопроксил фумаратымен байланысты жағымсыз реакциялардың мониторингі талап етіледі.

Бүйрек функциясына әсер ететін дәрілік препараттар

Тенофовир негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, тенофовир дизопроксил фумаратын бүйрек функциясын әлсірететін немесе белсенді өзекшелік секреция үшін бәсекелесетін дәрілік препараттармен қатар қабылдау сарысудағы тенофовирдің концентрациясын арттыруы және/немесе бүйрекпен шығарылатын басқа дәрілік препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. Мысалдарға цидофовир, ацикловир, валацикловир, ганцикловир, валганцикловир, аминогликозидтер (мысалы, гентамицин) және жоғары дозалар немесе ҚҚСП анағұрлым көп мөлшері жатады, және бұлармен шектелмейді.

Созылмалы В гепатитін емдеу кезінде тенофовир дизопроксил фумаратын HEPSERA (адефовир дипивоксилі) препаратымен бірге қабылдауға болмайды.

Арнайы ескертулер

Балалар

12 жасқа дейінгі және дене салмағы 40 кг-нан аз балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Бала туу әлеуеті сақталған әйелдер

Егер күтілетін пайда шарана үшін ықтимал қауіптен басым болса ғана ТЕЛДАЙ препаратын жүктілік кезінде қолдану керек. Бала туу әлеуеті сақталған әйелдер қабылдау басталғанға дейін жүктілікті тестілеу керек және оларға бүкіл емдеу бойы тиімді контрацепцияны пайдалану ұсынылуы тиіс. Егер жүкті болу жоспарлары болса немесе егер жүктілік ТЕЛДАЙ препаратын қабылдау кезінде бірінші триместрде расталса, басқа антиретровирустық схемаға көшумен салыстырғанда қабылдауды жалғастырудың қауіптері мен артықшылықтарын бағалау және баламалы схемаға көшу мүмкіндігін қарастыру керек.

Жүктілік

Егер ана үшін күтілетін пайда шаранаға төнетін ықтимал қауіптен басым жағдай ғана ТЕЛДАЙ препаратын жүктілік кезінде қолдануға болады.

Бала емізу

АИТВ жұқтырған әйелдерге АИТВ-ның берілуіне жол бермеу үшін ешқандай жағдайда өз балаларын емізбегені жөн.

Қолдану жөніндегі ұсынымдар

Телдай препаратын АИТВ инфекциясын емдеу тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы тиіс.

Берілген препараттың дозалануы В гепатитіне емес, АИТВ-1 үшін арналған.

Дозалау режимі

Ұсынылатын доза тамақтануға қарамастан, күніне бір рет 1 таблетканы құрайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

12 жасқа дейінгі және дене салмағы 40 кг-нан аз балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер

65 жастағы және одан асқан пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Ламивудин

Ламивудиннің дозалануы бүйректің жұмысына сәйкес реттеледі. Дозаларды түзету ережелері 1-кестеде келтірілген.

1-кесте. Креатинин клиренсіне сәйкес ересектер мен жасөспірімдерде (дене салмағы кемінде 25 кг) ламивудин дозаларын түзету

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Ламивудиннің ұсынылатын дозасы

50-ден астам

Күніне екі рет 150 мг немесе күніне бір рет 300 мг.

30 – 49

Күніне бір рет 150 мг.

15 – 29

Бірінші доза - 150 мг, содан кейін күніне бір рет 100 мг.

5 – 14

Бірінші доза - 150 мг, содан кейін күніне бір рет 50 мг.

Тұрақты (төрт сағаттық) гемодиализден немесе перитонеальді диализден кейін ламивудиннің ешқандай қосымша дозалануы талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан балаларда ламивудиннің дозасын нақты түзетуді ұсыну үшін деректердің жеткіліксіз болуына қарамастан, дозаны азайтуды және/немесе препаратты қабылдау аралығын ұлғайтуды қарастыру керек.

Тенофовир дизопроксил фумараты

Орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан адамдар тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдау кезінде дәрілік препарат әсерінің елеулі ұлғаюы байқалды. Осылайша, 300 мг-ден таблетка түріндегі тенофовир дизопроксил фумарат үшін қабылдау аралығы 2-кестеде келтірілген ұсынымдарды пайдалана отырып, креатинин клиренсінің базалық мәні 50 мл/мин төмен пациенттер үшін түзетілуі тиіс. Қабылдау аралығын түзету жөніндегі бұл ұсынымдар пациентке гемодиализ талап етілетін бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысын қоса алғанда, әртүрлі дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан АИТВ және гепатит вирусын жұқтырмаған пациенттерде бір дозаны қабылдауды модельдеудің фармакокинетикалық деректеріне негізделеді. Қабылдау аралығын түзету жөніндегі осы ұсынымдардың қауіпсіздігі мен тиімділігі орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттердегі клиникалық жағдайларда бағаланбады; осылайша, мұндай пациенттерде емдеуге деген клиникалық реакция және бүйректің функциясы мұқият бақылануы керек.

Жеңіл бүйрек жеткіліксіздігіне (креатинин клиренсі 50-ден 80 мл-ге дейін) шалдыққан пациенттер үшін 300 мг-ден таблетка түріндегі тенофовир дизопроксил фумараты үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл түріне шалдыққан пациенттерде креатинин клиренсінің белгіленген деңгейін, сарысудағы фосфордың мөлшерін, несептегі глюкоза мөлшерін және несептегі ақуыз мөлшерін тұрақты түрде бақылап отыру керек.

2-кесте. Креатинин әртүрлі клиренсі бар пациенттер үшін дозаны түзету

Креатинин клиренсі (мл/мин)а

Гемодиализде жүрген пациенттер

50-ден кем емес

30 – 49

10 – 29

300 мг дозалау үшін ұсынылатын аралық

Әр 24 сағат сайын

Әр 48 сағат сайын

Әр 72-96 сағат сайын

Әрбір 7 күн сайын немесе диализдің толық циклынан кейін (шамамен 12 сағат)b

а Мінсіз дене салмағын қолдана отырып есептелген.

b Аптасына үш рет гемодиализ емшарасын ескере отырып, әдетте күніне бір рет, әрқайсысы шамамен 4 сағаттан. Тенофовир дизопроксил фумаратын диализ аяқталғанға дейін қабылдауға болмайды.

Тенофовирдің фармакокинетикалық қасиеттері креатинин клиренсі кемінде 10 мл/мин гемодиализді пайдаланбайтын пациенттерде бағаланбады; осылайша, мұндай пациенттер үшін дозалау бойынша ешқандай ұсынымдар анықталған жоқ.

Балалар

Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан балалар үшін дозалау жөніндегі ұсынымдарды анықтау үшін деректер жоқ.

Қолдану тәсілі

Препарат пероральді қабылданады.

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер кеңесіне жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау  керек шаралар

Долутегравир

Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі

Жекелеген пациенттерде байқалатын ең ауыр жағымсыз реакция бөртпе мен бауырдың ауыр зақымдануын қамтитын аса жоғары сезімталдық реакциясы болды. Долутегравирді қабылдау кезінде ең жиі жағымсыз реакциялар жүрек айнуы (12%), диарея (18%) және бас ауыруы (13%) болды.

Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктеуге және олардың туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін айқындау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), деректер), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

2-кесте. Жағымсыз реакциялар

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Аса жоғары сезімталдық

Жиі емес

Иммунитетті қайта қалпына келтіру синдромы

Психикалық бұзылулар

Жиі

Ұйқысыздық

Жиі

Ерекше түстер көру

Жиі

Депрессия

Жиі

Мазасыздық

Жиі емес

Суицидтік ойлар*, суицидтік әрекеттер*

* әсіресе депрессия немесе психикалық ауруы бар пациенттерде

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Бас ауыруы

Жиі

Бас айналуы

Асқазан-ішек бұзылыстары

Өте жиі

Жүрек айнуы

Өте жиі

Диарея

Жиі

Құсу

Жиі

Метеоризм

Жиі

Іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы

Жиі

Асқазан тұсының ауыруы

Жиі

Асқазан аймағындағы жайсыздық

Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Гепатит

Сирек

Бауырдың жедел жеткіліксіздігі

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Жиі

Бөртпе

Жиі

Қышыну

Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Артралгия

Жиі емес

Миалгия

Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы реакциялар

Жиі

Қажығыштық

Зертханалық және құрал-аспаптық деректер

Жиі

Аланинаминотрансфераза (АЛТ) және/немесе аспартатаминотрансфераза (АСТ) белсенділік деңгейінің жоғарылауы

Жиі

Креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігінің артуы

** төменде «Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасын» қараңыз

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі

Долутегравирді қабылдаудың бірінші аптасында қан сарысуында креатинин концентрациясының жоғарылағаны байқалды, ол 48 апта бойы сақталды. Бастапқы мәнінен орташа өзгеріс емнің 48 аптасынан кейін 9.96 мкмоль/л құрады. Креатинин деңгейінің жоғарылауы негізгі емнің әр түрлі режимдерімен салыстырылмалы болды. Бұл өзгеріс клиникалық тұрғыдан маңызды болып саналмайды, өйткені ол шумақтық сүзіліс жылдамдығының өзгергенін көрсетпейді.

В немесе С гепатиті түріндегі қатар жүретін инфекция

III фазадағы зерттеуге бауыр функциясының бастапқы биохимиялық көрсеткіштері қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 5 еседен аспаған жағдайда В және/немесе С гепатитінің коинфекциясы бар пациенттерге қатысуға рұқсат етілді. Жалпы, В және/немесе С гепатитінің коинфекциясы бар пациенттердегі қауіпсіздік бейіні В немесе С гепатиті түріндегі қатарлас инфекциясы жоқ пациенттерде байқалатынға ұқсас болды, дегенмен АСТ және АЛТ көрсеткіштері нормасынан ауытқу жиілігі ем алатын барлық топтарда В және/немесе С гепатитінің коинфекциясы бар пациенттердің қосалқы тобында жоғары болды. Долутегравирмен емнің басында В және/немесе С гепатитінің коинфекциясы бар кейбір пациенттерде, әсіресе бұрын В гепатитінің емі тоқтатылған пациенттерде иммунитетті реактивациялау синдромына сәйкес келетін бауырдың биохимиялық көрсеткіштерінің жоғарылағаны байқалды.

Иммунитетті реактивациялау синдромы

Ауыр иммундық тапшылығы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ) басталған кезде симптомсыз немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға қабыну реакциясы туындауы мүмкін. Аутоиммундық аурулар туралы да хабарланды (мысалы, Грейвс ауруы және аутоиммундық гепатит); алайда, басталу уақыты анағұрлым құбылмалы болды және бұл оқиғалар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан кейін туындауы мүмкін.

Ламивудин

Жиі

- бас ауыруы, ұйқысыздық

- жүрек айнуы, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, диарея

- бөртпе, алопеция

- артралгиялар, бұлшықет бұзылулары

- қажу/әлсіздік, қызба, дімкәстану

- гиперлактатемия

- жөтел, назальді симптомдар

Жиі емес

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

- бауыр ферменттері (АСТ, АЛТ) белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы

Сирек

- лактоацидоз

- тері асты шелмайының қайта таралуы/ жинақталуы – липодистрофия) - бұл реакцияның антиретровирустық препараттарды біріктіріп қолдануды қоса алғанда, мультифакторлы этиологиясы бар

- панкреатит (препаратты қабылдаумен байланысы анықталмаған), сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы

- гепатит

- рабдомиолиз (қаңқа бұлшықетінің жедел некрозы)

- ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі)

Өте сирек

- сүйек кемігінің эритроидті өскінінің аплазиясы

- парестезиялар

- шеткері нейропатия (препаратты қабылдаумен байланысы анықталмаған)

- лактоацидоз

Антиретровирустық ем кезінде дене салмағының жоғарылауы және қандағы липидтер мен глюкоза концентрациясының жоғарылауы байқалуы мүмкін.

Ауыр иммун тапшылығы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық емнің басында симптомсыз немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға қабыну реакциясы дамуы мүмкін. Аутоиммундық бұзылулар (мысалы, Грейвс ауруы) иммунитеттің реактивациясы жағдайында да сипатталған; алайда аурудың басталуы әр түрлі болуы мүмкін және мұндай реакциялар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан соң пайда болуы мүмкін.

АИТВ инфекциясының үдеуі және/немесе ұзаққа созылған антиретровирустық ем қабылдаған, әсіресе бір немесе бірнеше қауіп факторлары (кортикостероидтарды, бисфосфонаттарды қабылдау, алкогольді теріс пайдалану, ауыр иммуносупрессия, дене салмағының жоғары индексі) бар пациенттерде остеонекроз жағдайлары туралы хабарламалар бар. Остеонекроздың жиілігі белгісіз.

Тенофовир дизопроксил фумараты

Өте жиі

- гипофосфатемия1

- бас айналу

- диарея, құсу, жүрек айну

- бөрту

- астения

Жиі

- бас ауыру

- іштің ауыруы, іштің кебуі, метеоризм

- трансаминазалардың жоғары деңгейі

- шаршау

Жиі емес

- гипокалиемия1

- панкреатит

- рабдомиолиз1, бұлшықеттің босаңдығы1

- жоғарылаған креатинин, проксимальді бүйрек тубулопатиясы (оның ішінде Фанкони синдромы)

Сирек

- лактат-ацидоз

- бауырдың майлы дегенерациясы, гепатит

- ангионевроздық ісіну

- остеомаляция (сүйектегі ауырсыну ретінде байқалады және жиі сынудың себептерінің бірі болып табылады)1, 2, миопатия1

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, жедел тубулярлы некроз, нефрит (оның ішінде жедел интерстициальді нефрит)2, нефрогенді қантты емес диабет

1 Жағымсыз әсері проксимальді бүйрек тубулопатиясы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Бұл ауру болмаған кезде тенофовир дизопроксилімен байланысты деп есептелмейді.

2 Жағымсыз әсері постмаркетингтік зерттеу кезінде анықталды, бірақ рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер немесе тенофовир дизопроксиліне кеңейтілген қол жеткізу бағдарламасы кезінде байқалмады. Жиілік санаты рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер және кеңейтілген қол жеткізу бағдарламасы (n = 7,319) шеңберінде тенофовир дизопроксилін қабылдаған пациенттердің жалпы саны негізінде статистикалық есептеулер бойынша белгіленді.

Жеке жағымсыз әсерлердің сипаттамасы

АИТВ-1 және В гепатиті

Бүйрек функциясының бұзылуы. Тенофовир дизопроксил фумараты бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін болғандықтан, бүйрек функциясын қадағалау ұсынылады. Проксимальді бүйрек тубулопатиясы әдетте өтеді немесе тенофовир дизопроксилін қабылдауды тоқтатқаннан кейін оның ауырлығы төмендейді. Алайда, кейбір пациенттерде тенофовир дизопроксилі тоқтатылуына қарамастан креатининнің төмендетілген клиренсі толық қалпына келген жоқ. Бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар пациенттерде (мысалы, бастапқы жағдайда бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар, АИТВ-инфекциясының кеш сатыларында немесе нефроуытты препараттармен қатар ем алатын) тенофовир дизопроксилін тоқтатқаннан кейін бүйректің толық емес қалпына келу қаупі жоғары болады.

АИТВ-1.

Диданозинмен өзара әрекеттесуі. Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, себебі бұл диданозиннің жүйелік әсерінің 40-60% - ға артуына әкеледі, бұл диданозинмен байланысты жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Панкреатит және лактат-ацидоз, кейде өліммен аяқталатын жағдайлар туралы сирек хабарланды.

Метаболизм көрсеткіштері. Антиретровирустық ем кезінде дене салмағының, сондай-ақ липидтер мен қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы мүмкін.

Иммунитетті реактивациялау синдромы.

Ауыр иммундық жеткіліксіздігі бар АИТВ- жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық емдеуді бастау кезінде асимптоматикалық немесе қалдық оппортунистік патогендерге қабыну реакциясы пайда болуы мүмкін. Аутоиммундық бұзылулар (мысалы, Грейвс ауруы және аутоиммунды гепатит) туралы да хабарланды; осыған қарамастан, аурудың басталу уақыты әр түрлі болады және бұл реакциялар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан кейін пайда болуы мүмкін.

Остеонекроз. Остеонекроз жағдайлары, әсіресе жалпы танылған қауіп факторлары, АИТВ-инфекциясының кеш сатысы немесе біріктірілген антиретровирустық емнің (БАРЕ) ұзақ әсер етуі бар пациенттерге қатысты хабарланды. Бұл құбылыстың жиілігі белгісіз.

В гепатиті

Емдеу кезінде гепатиттің өршуі. Тенофовир дизопроксилімен ем қабылдаған пациенттердің 2.6% - ында емдеу кезінде АЛТ деңгейінің жоғарылауы, қалыптың жоғарғы шегінен 10 еседен артық және бастапқы деңгейден 2 еседен артық жоғарылауы байқалды. Емдеу кезінде бауырдың функциясын үнемі бақылап отыру ұсынылады.

Емдеуді тоқтатқаннан кейін гепатиттің өршуі. В гепатитін емдеуді тоқтатқаннан кейін В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттерде гепатиттің өршуінің клиникалық және зертханалық белгілері пайда болды.

Балалар

АИТВ-1

Тенофовир дизопроксилімен емделген балаларда байқалған жағымсыз әсерлер ересектерде тенофовир дизопроксилдің клиникалық зерттеулерінде байқалғандарға сәйкес келді.

Балаларда сүйектің минералды тығыздығының төмендеуі туралы хабарламалар болды. АИТВ-1 жұқтырған балалар арасында тенофовир дизопроксиліне ауыстырылған субъектілерде байқалған сүйектердің минералды тығыздығының Z-критерийлері ставудин немесе зидовудин бар емде қалған субъектілерде байқалған өлшемдерден төмен болды.

Созылмалы В гепатиті

Тенофовир дизопроксилін алатын жасөспірімдерде байқалған жағымсыз әсерлер ересектердегі тенофовир дизопроксилінің клиникалық зерттеулерінде байқалғанға сәйкес келді.

Сүйектің минералды тығыздығының төмендеуі В гепатиті вирусын жұқтырған жасөспірімдерде байқалды. Тенофовир дизопроксилі фумаратын алған субъектілерде байқалған сүйектердің минералды тығыздығының Z-критерийлері төмен болды.

Пациенттердің басқа да ерекше санаттары

Егде жастағы пациенттер. Тенофовир дизопроксилін 65 жастан асқан пациенттер арасында зерттеу жүргізілген жоқ. Егде жастағы пациенттер бүйрек функциясының төмендеуіне бейім, сондықтан осы популяцияның тенофовир дизопроксилін емдеу кезінде сақ болу керек.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер. Тенофовир дизопроксилі нефроуыттылыққа әкелуі мүмкін болғандықтан, Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдайтын бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттерде бүйрек функциясын мұқият бақылау ұсынылады.

Hepsera препаратымен емдеуге ламивудинге резистентті және рефрактерлі пациенттер Тенофовир дизопроксил фумараты препаратымен ем алған Hepsera препаратымен ем алған ламивудинге резистентті және рефрактерлі ВВГ жұқтырған пациенттерде тенофовир дизопроксилін қабылдаудан туындаған жаңа жағымсыз әсерлер анықталған жоқ.

Декомпенсацияланған бауыр ауруына шалдыққан пациенттер. Тенофовир дизопроксил фумараты препаратымен ем қабылдаған декомпенсацияланған бауыр ауруына шалдыққан ВВГ жұқтырған пациенттерде тенофовир дизопроксилін қабылдаудан туындаған жаңа жағымсыз әсерлер анықталған жоқ.

Күмәнді жағымсыз реакциялар туралы есептілік

Дәрілік затты тіркегеннен кейін күмәнді жағымсыз реакциялар туралы есептілік маңызды мәнге ие және дәрілік заттың пайда/қауіп арақатынасына мониторингті жалғастыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау қызметкерлерінен кез-келген күмәнді жағымсыз реакциялар туралы ұлттық есеп беру жүйесі арқылы хабарлауды сұрайды.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған әрбір таблетканың құрамында:

белсенді зат - 50 мг долутегравир (52,6 мг натрий долутегравирге баламалы), 300 мг ламивудин және 300 мг тенофовир дизопроксил фумараты (245 мг тенофовир дизопроксиліне баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Geolus KG 802)4,5, гидроксипропилцеллюлоза (Kiucel EXF), натрий кроскармеллозасы (Ac-Di-Sol), магний стеараты (Лигамед MF-2М), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 101), маннитол (Pearlitol 25C), натрий крахмалының гликоляты, повидон (Kollidon 30), натрий стеарил фумараты (Aiubra PG100), тазартылған су, изопропилді спирт, Опадрай II Қызғылт сары 85F530128 (поливинил спирті (Е 1203), титанның қостотығы (Е 171), макрогол/ПЭГ (Е 1521), тальк, темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172)).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «Н» өрнегі және екінші жағында «D 17» өрнегі бар қызғылт сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, балалардың ашып алуынан қорғайтын қақпағы бар құтыға салады.

Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Өндіруші / қаптаушы

HETERO LABS LIMITED,

Unit – III, Formulation Plot n. 22-110, IDA,

Jeedimetla, Hyderabad, 500 055 Телангана штаты, Үндістан

+91 40 23095105 (факс)

+91 40 23096171/172/173/174 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА) ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Бостандық ауд.,

Әл-Фараби даңғ. 13, Тел.: +7 (727) 3115362, +7(727) 3115352

regulatory-pvg.kz@camberglobal.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Бостандық ауд., Әл-Фараби д-лы 13, Тел: +7 (727) 3115362, +7(727) 3115352, regulatory-pvg.kz@camberglobal.com

Прикрепленные файлы

Телдай__ЛВ_ру_(3)_—_ОК.docx 0.07 кб
Телдай__ЛВ_ру_(1)(kk).docx 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники