ТеваГрастим (30 МЕ/0,5мл)

МНН: Филграстим
Производитель: Тева Фармацевтические Предприятия Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Filgrastim
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019511
Информация о регистрации в РК: 11.06.2018 - 11.06.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 9 939.93 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ТеваГрастим

Халықаралық патенттелмеген атауы

Филграстим

Дәрілік түрі

Тері астына және көктамыр ішіне енгізуге арналған 30 ХБ/0.5 мл және 48 ХБ/0.8 мл ерітінді

Құрамы

0,5 мл немесе 0,8 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 0.30 (30 ХБ) немесе 0.48 (48 ХБ) филграстим,

қосымша заттар: мұзды сірке қышқылы, полисорбат 80, сорбитол, натрий гидроксиді, иньекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Колонияны стимуляциялаушы факторлар.

АТЖ коды L03A A02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Филграстимды көктамыр ішіне (к/і) және тері астына (т/а) енгізген кезде оның сарысулық концентрациясының дозаға байланыстылығы оң болатындығы байқалады. Препаратты тері астына тиісті дозаларда енгізгеннен кейін оның қан сарысуындағы концентрациясы 8-16 сағат ішінде 10 нг/мл-ден асып кетеді. Қанда таралу көлемі шамамен 150 мл/кг құрайды. Тері астына, сондай-ақ көктамыр ішіне енгізгеннен кейін филграстимнің организмнен шығарылуы 1-ші ретті кинетикаға сәйкес өтеді. Филграстимның сарысудан жартылай шығарылуының орташа мәні сау адамдарда да, сондай-ақ ісігі бар науқастарда да 3,5 сағатқа жуықты құрайды. Клиренс жылдамдығы шамамен 0,6 мл/мин/кг құрайды. Филграстимның 20 мкг/кг дозасымен үздіксіз 24 сағаттық к/і инфузия жасағанда, бақыланған кезең ішінде жиналып қалу белгілерінсіз, 11–20 күн ішінде қанда тепе-тең концентрацияға жетеді. Сүйек кемігін аутологиялық ауыстырудан кейін сауығып кеткен науқастарға 28 күн бойы үздіксіз инфузия жасағанда препараттың жиналып қалу және жартылай шығарылу кезеңінің арту белгілері қатар жүрген жоқ.

Фармакодинамикасы

ТеваГрастим шығу тегі биологиялық препарат болып табылады. Адамның гранулоцитарлы колония стимуляциялаушы факторы (Г-КСФ) – атқаратын қызметі белсенді нейтрофилдердің түзілуін және олардың сүйек кемігінен шығуын реттейтін гликопротеин. Құрамында r-metHuG-CSF (филграстим) бар ТеваГрастим, оны енгізгеннен кейін алғашқы 24 сағаттың ішінде-ақ, моноциттер санын аздап көбейте отырып, шеткергі қанда нейтрофилдер санын едәуір арттырады. Ауыр созылмалы нейтропениясы бар кейбір науқастарда филграстим бастапқымен салыстырғанда айналымдағы эозинофилдердің және базофилдердің санын аздап арттыруы да мүмкін. Ұсынылған дозалар аралығында нейтрофилдер санының өсуі препарат дозасына байланысты болады. ТеваГрастимді енгізген кезде адам организмінде түзілетін нейтрофилдер қызметі қалыпты немесе күшейген, бұл хемотаксис пен фагоцитозды зерттегенде білінді. Емдеуді аяқтағаннан кейін шеткергі қандағы нейтрофилдер саны 1-2 күн ішінде 50%-ға төмендейді және кейінгі 1-7 күн ішінде қалыпты деңгейге оралады.

ТеваГрастим цитоуыттық химиялық емдеуден кейін нейтропенияның және фебрильді нейтропенияның жиілігін, ауырлығын және ұзақтығын едәуір азайтады. ТеваГрастим, кейін сүйек кемігін ауыстыруға ұласатын миелоаблативті емнен кейін емделушілерде қызба және жұқпалы асқынулар жиілігіне ықпалын тигізбей және қызба кезеңінің ұзақтығын азайта отырып, жедел миелолейкозда индукциялық химиялық емдеуден кейін, сондай-ақ сүйек кемігін ауыстыруға ұласатын миелоаблативті емнен кейін фебрильді нейтропенияның ұзаққа созылуын, антибиотиктермен емдеу және госпитализациялау ұзақтығын едәуір қысқартады.

ТеваГрастимді өздігінен, сондай-ақ химиялық емдеуден кейін қолдану гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың шеткергі қан ағысына шығуын мобилизациялайды. Қанның шеткергі бағаналы жасушаларын (ҚШБЖ) аутологиялық немесе аллогендік ауыстыруды цитостатиктердің жоғары дозасымен емдеуден кейін, немесе оған қосымша ретінде жүргізуге болады. ҚШБЖ ауыстыру, геморрагиялық асқынулар қаупін және тромбоцитарлы массаны құю қажеттілігін азайта отырып, қан түзілудің қалпына келуін жылдамдатады.

ТеваГрастимді аллогендік ҚШБЖ шоғырланған реципиенттерде қолдану, аллогендік сүйек кемігін ауыстырумен салыстырғанда, гематологиялық көрсеткіштердің өте тез қалыпқа келуіне әкеледі. Тромбоциттердің қалыпты саны қалпына келеді және тромбоцитопенияны бақылап отыру қажеттілігі жоғалады.

Ауыр созылмалы нейтропениясы (іштен туа болған, дүркін-дүркін немесе идиопатиялық) бар балаларда және ересектерде ТеваГрастим шеткергі қанда нейтрофилдер санын тұрақты түрде арттырады, жұқпа және онымен байланысты асқынулар жиілігін төмендетеді.

Филграстимды АИВ жұқпасы бар емделушілерге тағайындау нейтрофилдердің қалыпты деңгейін сақтауға жағдай жасайды, ол вирусқа қарсы және/немесе миелосупрессивтік емді жоспарлы жүргізуге мүмкіндік береді. ТеваГрастиммен емдеген кезде АИВ репликациясының арту белгілері білінген жоқ.

Басқа да гемопоэтикалық өсу факторлары сияқты, ТеваГрастим адамның эндотелиальді жасушаларының пролиферациясын in vitro стимуляциялайды.

Қолданылуы

- миелоидтық емес қатерлі ауруларда, цитоуыттық дәрілермен химиялық ем қабылдаған науқастарда фебрильді реакция қатар жүретін нейтропенияның пайда болу жиілігін және ұзақтығын төмендету үшін

- кейін сүйек кемігін ауыстыруға ұласатын миелоаблативтік ем қабылдаған науқастарда нейтропенияның ұзақтығын және оның клиникалық салдарын қысқарту үшін

- шеткергі қан гемоциттерінің аутологиялық ізашар жасушаларын (ШҚГІЖ) шоғырландыру үшін, соның ішінде миелосупрессиялық емдеуден кейін; миелосупрессиядан немесе миелоаблациядан кейін осы жасушаларды енгізу арқылы гемопоэздің қалпына келуін жылдамдату үшін

- нейтрофильдік гранулоциттердің мөлшерін арттыруға бағытталған ұзақ ем кезінде, іштен туа болған, мерзім сайын немесе қатерлі нейтропениясы бар (нейтрофильдік гранулоциттердң абсолюттік саны 1 мм3-де <500) және сыртартқысында ауыр немесе қайталанған жұқпалары болған ересектер мен балаларда жұқпалы асқынулардың жиілігін төмендету және ұзақтығын қысқарту үшін

- қанның шеткергі бағаналы жасушаларын (ҚШБЖ) ауыстырғанда

- аутологиялық ШҚГІЖ аллогендік ауыстыру үшін сау донорларда ҚШБЖ мобилизациялағанда

- персистерлеуші нейтропенияда (нейтрофилдердің абсолюттік саны 1,0 Х 109 /л-ден төмен), нейтропенияны бақылау үшін басқа шаралар жеткіліксіз болған кезде АИВ жұқпаның сатысы кеңінен жайылған науқастарда бактериялық жұқпалар қаупін төмендету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Айрықша талаптар

Цитоуыттық химиялық емдеу

Ұсынылатын доза – тәулігіне 1 рет дене салмағының әр кг-на шаққанда 0,5 млнХБ (5 мкг).

Алғашқы дозаны цитоуыттық химиялық емдеуден кейін кем дегенде 24 сағаттан соң енгізген жөн. ТеваГрастимді күн сайынғы теріастылық инъекциялар немесе күн сайынғы қысқа (30-минуттық) көктамырішілік инфузия арқылы 5% глюкоза ерітіндісінде енгізуге болады.

Теріастылық енгізу жолы дұрысырақ.

ТеваГрастимді нейтрофилдер саны күтілетін барынша аз шамадан асқанға дейін және қалыпты мәндегі диапазонға жеткенше күн сайын енгізеді. Көлемді ісікке, лимфомаға және лимфолейкозға байланысты цитоуыттық химиялық ем қабылдап жүрген науқастарда емдеу ұзақтығы 14 күнге дейін. Жедел миелолейкозды индукциялық және консолидациялық емдеуден кейін ТеваГрастиммен емдеу ұзақтығы 38 күнге дейін арттырылуы мүмкін. ТеваГрастиммен емдеу ұзақтығы цитоуыттық химиялық емдеудің типіне, дозасына және қолданылатын үлгісіне байланысты болады.

Нейтрофилдер санының әдетте өткінші артуы ТеваГрастиммен емдеуді бастағаннан кейін 1-2 күннен соң байқалады. Тұрақты емдеу әсеріне қол жеткізу үшін ТеваГрастиммен емдеуді нейтрофилдер саны күтілетін ең төмен шамадан асқанда және қалыпты деңгейге жеткенше жалғастыру қажет. Нейтрофилдер саны күтілетін ең төмен шамаға өткенше емдеуді мезгілінен бұрын тоқтатпау керек.

Кейін сүйек кемігін ауыстыруға ұласатын миелоаблативтік ем қабылдап жүрген науқастар

Бастапқы дозасы – тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 1 млнХБ (10 мкг) - 30-минуттық немесе үздіксіз 24 сағаттық көктамырішілік инфузия немесе үздіксіз 24 сағаттық теріастылық инфузия түрінде тағайындалады. Инфузиялық ерітінді дайындау үшінТеваГрастимді 20 мл 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтады.

ТеваГрастимнің алғашқы дозасын химиялық емдеуден кейін кем дегенде 24 сағаттан соң және сүйек кемігін ауыстырғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей енгізген жөн.

Нейтрофилдер саны барынша төмендегеннен кейін тәуліктік дозасы нейтрофилдердің санының динамикасына байланысты былайша түзетіледі:

Нейтрофилдер саны

ТеваГрастим дозасы

3 күн қатарынан 1,0×109/л-ден астам

Тәулігіне кг-ға шаққанда 0,5 млнХБ-ге (5 мкг) дейін төмендетеді

Кейінгі 3 күн қатарынан 1,0×109/л-ден астам

ТеваГрастимді тоқтатады

Егер емдеу кезінде нейтрофилдердің абсолюттік саны 1,0×109/л-ден аз деңгейге дейін төмендесе, препарат дозасын жоғарыда көрсетілген сызбаға сай қайтадан арттырады.

Миелосупрессивтік немесе кейін ҚШБЖ аутологиялық транфузияға ұласатын миелоаблативтік ем қабылдап жүрген емделушілерде шеткергі қанның бағаналы жасушаларының мобилизациясы

ҚШБЖ мобилизациясы үшін өздігінен жүргізілетін ем ретінде – тәулігіне әр кг-ға шаққанда 1 млнХБ (10 мкг) 24 сағаттық теріастылық инфузия немесе 5-7 күн қатарынан тәулігіне 1 рет теріастылық инъекция жолымен. ТеваГрастимді инфузия үшін 20 мл 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтады. Әдетте 5-ші немесе 7-ші күні бір немесе екі лейкаферез жеткілікті болады. Қосымша лейкаферез жағдайында ТеваГрастимді осындай дозада тағайындауды лейкаферез аяқталғанша жалғастыру қажет.

Миелосупрессивтік химиялық емнен кейін ҚШБЖ мобилизациясы үшін - тәулігіне әр кг-ға шаққанда 0,5 млнХБ (5 мкг) күн сайын теріастылық инъекция арқылы, химиялық емдеуді аяқтағаннан кейін алғашқы күннен бастап нейтрофилдер саны барынша күтілетін шамаға өткенше және қалыпты мәнге жеткенше. Лейкаферезді нейтрофилдер саны <0,5×109/л-ден >5,0×109/л-ге дейін өсу кезеңінде жүргізген жөн. Қарқынды химиялық ем қабылдамаған науқастарға бір лейкаферез жеткілікті болады. Жекелеген жағдайларда қосымша лейкаферез жүргізу ұсынылады.

Аллогендік трансплантация үшін сау донорларда ҚШБЖ мобилизациясы

Ұсынылатын дозасы – тәулігіне әр кг-ға шаққанда 1 млнХБ (10 мкг) 24 сағаттық теріастылық инфузия немесе 4-5 күн қатарынан тәулігіне 1 рет теріастылық инъекция жолымен. Лейкаферезді 5-ші күннен бастап жүргізеді және қажет болған жағдайда 6-шы күнге дейін реципиенттің дене салмағының әр кг-на шаққанда 4×106 CD34+-жасуша алу мақсатында.

Ауыр созылмалы нейтропения (АСН)

Іштен туа болған нейтропенияда

Ұсынылатын бастапқы доза тері астына бір реттік және бірнеше енгізуге бөлінген, тәулігіне әр кг-ға шаққанда 1.2 млнХБ (12 мкг) құрайды.

Идиопатиялық немесе мерзім сайын болатын нейтропенияда

Ұсынылатын бастапқы доза тері астына бір реттік және бірнеше енгізуге бөлінген, тәулігіне әр кг-ға шаққанда 0.5 млнХБ (5 мкг) құрайды.

Дозаны реттеу

ТеваГрастимді нейтрофилдер санын 1.5×109/л диапазонында сақтау үшін қолданған және дозасын түзеткен жөн. Емдік әсерге жеткеннен кейін нейтрофилдердің осы деңгейін сақтау үшін тиімді ең аз дозаны белгілеген жөн. Бір-екі апта емдегеннен кейін, емделушінің емге реакциясына қарай, бастапқы дозаны екі еселеуге немесе жартысына азайтуға болады. Әрбір 1-2 апта сайын нейтрофилдер санын 1.5-10×109/л диапазонында сақтау үшін дозаны түзетуге болады.

Ауыр жұқпалары бар емделушілерге дозаны өте тез арттырып отыратын үлгіні қолдануға болады. Емдеуге оң әсер берген емделушілердің 97%-да толық емдік әсер филграстимның тәулігіне әр кг-ға шаққанда 24 мкг-ға дейінгі дозасын тағайындағанда байқалады. ТеваГрастимнің тәуліктік дозасы әр кг-ға шаққанда 24 мкг-нан аспауы тиіс.

АИВ жұқпадағы нейтропения

Нейтрофилдер санын қалпына келтіру үшін

Бастапқы дозасы – күн сайын тері астына бір реттік инъекция түрінде тәулігіне әр кг-ға шаққанда 0,1 млнХБ (1 мкг), нейтрофилдер мөлшері (2,0×109/л-ден астам) қалыпқа келгенше дозаны тәулігіне әр кг-ға шаққанда барынша ең жоғары 0,4 млнХБ (4 мкг) дозаға дейін арттыру керек.

ТеваГрастимнің күн сайын ұсынылатын бастапқы дозасы – тері астына енгізу түрінде тәулігіне әр кг-ға шаққанда 0.1 млнХБ (1 мкг), нейтрофилдердің қалыпты саны (АНС> 2.0 x109/л) жеткенше тері астына енгізу түрінде тәулігіне әр кг-ға шаққанда ең жоғары 0.4 млнХБ (4 мкг) дейін титрлей отырып.

Нейтрофилдердің қалыпты санын сақтау үшін

Нейтропенияның соңында нейтрофилдердің қалыпты санын сақтау үшін препараттың тиімді өте төмен дозасын белгілейді. Күнара тері астына 30 млнХБ (300 мкг) (дене салмағына қарамай-ақ) енгізуді бастау керек. Нейтрофилдің 2,0×109/л-ден астам санын сақтау қажет, сондықтан ақырында емделушіде нейтрофилдер деңгейіне байланысты дозаны жекелей түзету қажет етілуі мүмкін. Әдетте бұл дозаны аптасына 3 рет енгізу жеткілікті, кейде нейтрофилдердің >2.0×109/л санын сақтау үшін ТеваГрастимді ұзақ уақытқа тағайындау қажет етіледі.

Дозалау жөнінде айрықша нұсқаулар

ТеваГрастимді егде жастағы науқастарға дозалау жөнінде арнайы нұсқаулар жоқ.

Туғанына 6 апталықтан бастап науқас балаларға дозалау жөніндегі нұсқаулар миелосупрессивтік цитоуыттық химиялық ем қабылдап жүрген ересектердегідей.

Бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі және бауыр қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Препаратты аутоиммундық нейтропениясы бар жаңа туған нәрестелерге қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (10%-дан астам)

- жүректің айнуы, құсу

- қан сарысуында γ–глутамилтрансфераза, сілтілік фосфатаза (СФ), лактатдегидрогеназа (ЛДГ), несеп қышқылы деңгейлерінің қайтымды уақытша жоғарылауы

Жиі(1-10%)

- қажығыштық, әлсіздік, бас ауыру

- іш қату, диарея, анорексия

- кеуденің ауыруы, қаңқа бұлшықеттерінің және жілік сүйектерінің ауыруы

- жөтел, тамақтың ауыруы және құрғауы

- алопеция, тері бөртпесі

Жиі емес (0,1-1,0%)

- әр жерге орныққан ауырулар

Өте сирек (0,01%-ден төмен)

- енгізген жерде аллергиялық реакциялар (бөртпе, ауыру) , көбіне алғашқы көктамырішілік инъекциядан кейін

- ревматоидты артриттің өршуі

- өкпе инфильтраттары, интерстициальді пневмония, өкпенің ісінуі

- Свит синдромы (жедел фебрильді дерматоз), тері васкулиттері (ТеваГрастиммен байланысы анықталған жоқ)

- несеп шығарудың бұзылуы

АИВ жұқтырған науқастар

Өте жиі (10%-дан астам)

- бұлшықеттердің және сүйектің ауыруы

Жиі (1-10%)

- көкбауырдың ұлғаюы (ТеваГрастиммен байланысы анықталған жоқ, өйткені симптом АИВ жұқтырған науқастардың көбіне тән)

Дені сау донорлар, ШҚГІЖ моюбилизациясында

Өте жиі (1-10%)

- бас ауыру, бұлшықеттің және сүйектің ауыруы, лейкоцитоз, тромбоцитопения

Жиі (10%-дан астам)

- қанда ЛДГ, СФ артуы, спленомегалия,

Жиі емес (0,1-1,0%)

- ауыр аллергиялық реакциялар, гиперурикемия, көкбауырдың ұлғаюы

Өте сирек (0,01%-дан төмен)

- қан түкіру, өкпе инфильтраттары, ревматоидты артриттің өршуі

АСН бар науқастар

Өте жиі (10%-дан астам)

- анемия

- көкбауырдың ұлғаюы, ол науқастардың аздаған бөлігінде өршуі мүмкін

- сүйектердің ауыруы және денеге жайылған бұлшықет-қаңқа ауыруы

- несеп қышқылының, лактатдегидрогеназаның және сілтілік фосфатазаның сарысулық концентрацияларының өткінші және клиникалық симптомсыз артуы

- тамақтанудан кейін қандағы глюкоза концентрациясының төмендеуі

Жиі (1-10%)

- бас ауыру

- диарея, бауырдың ұлғаюы

- остеопороз

- алопеция, бөртпе, тері васкулиті

- тромбоцитопения

- инъекция жасаған жердің ауыруы

Жиі емес (1%-дан төмен) - гематурия, протеинурия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа немесе оның компоненттеріне жоғары сезімталдық

- цитогенетикалық бұзылулары бар, іштен туа болған ауыр нейтропения (Костман синдромы)

- бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің терминальді сатысы

- цитоуыттық химиялық және сәуле емімен бір мезгілде тағайындау

- жүктілік және лактация кезеңі

- жаңа туған кезең (туғанынан 28 күнге дейін)

- миело-диспластикалық синдром және созылмалы миелолейкоз.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ТеваГрастимді миелосупрессивтік цитоуыттық химиялық препараттарды енгізген күні енгізудің қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Тез бөлінетін миелоидты жасушалар миелосупрессивтік цитоуыттық химиялық емдеуге сезімтал болғандықтан, ТеваГрастимді осы препараттарды енгізуге дейін немесе енгізгеннен кейін 24 сағаттық аралық ішінде тағайындамау керек. ТеваГрастим мен 5-фторурацилді бір мезгілде қабылдаған науқастардың аздаған бөлігі бойынша алдын ала алынған деректер нейтропенияның ауырлығы күшеюі мүмкін екендігін көрсетеді.

Клиникалық сынақтарда басқа гемопоэтикалық өсу факторларымен және цитокиндермен өзара әрекеттесуі әлі зерттелген жоқ.

Нейтрофилдердің шығуын стимуляциялаушы литий филграстимнің әсерін күшейтуі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесу зерттелген жоқ, бірақ оны жағымсыз салдарлары жөнінде де мәліметтер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Қатерлі жасушалардың өсуі

Адамның гранулоцитарлы колонияны стимуляциялаушы факторы миелоидтық жасушалардың in vitro өсуін тудыруы мүмкін. Осыған ұқсас әсерлер in vitro және кейбір миелоидты емес жасушаларға қатысты байқалуы мүмкін. ТеваГрастимнің миелодиспластикалық синдромы және созылмалы миелолейкозы бар науқастардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ, сондықтан осы ауруларда оны қолдануға болмайды. Емдеуді бастар алдында созылмалы миелолейкоз бен жедел миелолейкоздың бласттрансформациясы арасында мұқият дифференциялық диагноз жүргізу қажет болады.

ТеваГрастимді жедел миелоидтық лейкозы (ЖМЛ) бар науқастарға абайлап тағайындайды. 55 жасқа толмаған, цитогенетикалық профилі қалыпты, ОМЛ бар науқастарда ТеваГрастимнің тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Цитоуыттық химиялық ем қабылдап жүрген науқастарХимиялық ем жүргізген кезде жоғары цитостатиктер дозасын ұсынылған мөлшерден арттыру үшін ТеваГрастимді тағайындауға болмайды.

Лейкоцитоз

ТеваГрастимді 0.3 млнХБ-ден астам дозада (тәулігіне 3 мкг/кг) қабылдаған науқастардың 5%-дан азында лейкоциттер саны 100 Х 109/л-ге және одан астамға артты. Айқын лейкоцитозға байланысты ықтимал қауіпті ескере отырып, ТеваГрастиммен емдеу кезінде лейкоциттердің санын жүйелі түрде анықтап отыру керек. Егер күтілетін минимумнан өткеннен кейін ол 50 Х 109/л-ге артады, ТеваГрастимді дереу тоқтатқан жөн. Егер ТеваГрастим ШЖГІЖ мобилизациясы үшін қолданылса, оны лейкоциттер саны 70 Х 109/л-ден артқан жағдайда тоқтатады.

Жоғары дозалы химиялық емдеумен байланысты қауіп

Жоғары дозалы химиялық ем қабылдап жүрген науқастарды емдеген кезде аса сақ болған жөн, өйткені қатерлі жаңа түзілімнің бастапқыда жақсарғаны білінген жоқ, сол кезде химиялық препараттардың жоғары дозаларының айқын уыттылығы, жүректік, өкпелік, неврологиялық және дерматологиялық реакцияларды қоса есептегенде, болды (нақты химиялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды қараңыз).

ТеваГрастиммен монотерапия миелосупрессивтік химиялық емдеудің әсерінен болған тромбоцитопения мен анемияның алдын алмайды. Стандартты сызбаға сәйкес жоғары дозалы химиялық ем жүргізген кезде, науқас тромбоцитопения мен анемияның пайда болуының жоғары қаупіне ұшырайды. Тромбоциттер деңгейін және гематокритті жүйелі түрде бақылап отыру керек. Бір компонентті немесе ауыр тромбоцитопенияны жиі туындататын біріктірілген химиялық емдеу сызбасын қолданған кезде аса сақтық танытқан жөн.

ТеваГрастимнің жәрдемімен мобилизацияланған ШЖГІЖ қолдану миелосупрессивтік немесе миелоаблативтік химиялық емдеуден кейін тромбоцитопенияның айқындылығын және ұзақтығын азайтады.

ШҚГІЖ мобилизациясы

Кейін аутологиялық ШҚГІЖ трансплантациясына ауысатын миелосуппрессивтік немесе миелоаблативтік ем қабылдап жүрген емделушілерге

Мобилизациясы

ШҚГІЖ мобилизациясының екі әдісінің тиімділігіне салыстырмалы талдама деректері жоқ: ТеваГрастим миелосуппрессивтік еммен немесе тек ТеваГрастиммен ғана бірігеді. Сондықтан ШҚГІЖ мобилизациялау әдісін таңдаған кезде әр емделушіде емдеудің ақырғы мақсатына көңіл бөлінеді. Цитоуыттық дәрілермен мұның алдында жүргізілген ем

Бұрын белсенді миелосупрессивтік ем жүргізілген емделушілерде, мобилизацияланған ШҚГІЖ мөлшері тиісті ең төмен деңгейге (> 2,0 х 106 CD34+/кг) жетпеуі мүмкін, ал тромбоциттер саны барынша тез қалпына келмейді.

Кейбір цитостатиктердің ШҚГІЖ-ге қатысты ерекше уыттылығы болады және олардың мобилизациясына теріс ықпалын тигізеді. Мелфалан, кармустин (BCNU) және карбоплатин сияқты дәрілер, егер олар ШҚГІЖ мобилизациясына әрекетке дейін ұзақ уақыт бойы тағайындалса, оның тиімділігі төмендеуі мүмкін. Алайда мелфаланды, карбоплатинді немесе кармустинді ШҚГІЖ белсенділенуі кезінде ТеваГрастиммен бірге қолдану тиімді болып шықты. Егер ШҚГІЖ ауыстыру жоспарланса, емдеу курсының ерте сатысында бағаналы жасушалардың мобилизациясын жоспарлауы керек. Жоғары дозалы химиялық емдеу жүргізер алдында осындай науқастарда ізашар-жасушалар санына ерекше көңіл бөлген жөн. Егер мобилизация нәтижелері, жоғарыда келтірілген критерийлерге сәйкес, жеткіліксіз, ШҚГІЖ қолдануды қажет етпейтін ем альтернативті емдеу түрлерін қарастырған жөн.

Мобилизацияланған («егін») ізашар-жасушалар санына баға беру

ТеваГрастимнің жәрдемімен науқастарда мобилизацияланған ШҚГІЖ санына баға бере отырып, сандық анықтау әдісіне ерекше көңіл бөлген жөн. CD34+-жасушалар санына ағынды цитометриялық талдама нәтижелерінің әдістемеге байланысты айырмашылықтары бар, сондықтан әртүрлі зертханаларда алынған зерттеу нәтижелерін абайлап талдау керек.

Енгізілген CD34+-жасуша саны мен жоғары дозалы химиялық емдеуден кейін тромбоциттердің санының қалыпқа келу қарқыны арасындағы тәуелділікке статистикалық талдаманың күрделі, бірақ тұрақты байланыс екендігін көрсетеді.

ШҚГІЖ мобилизациясы тиімділігінің критерийлері – реципиенттің дене салмағының әр кг-на шаққанда кем дегенде 2,0 Х 106 CD34+-жасуша – қан көрінісінің талапқа сай қалпына келуі жөнінде жарияланған деректерге негізделген. Осы мәннен жоғары мобилизицияланған ШҚГІЖ алу қан көрінісінің өте тез қалпына келуімен қатар жүруі және керісінше жүруі мүмкін.

Аутологиялық ШҚГІЖ аллогендік трансплантациясы алдында сау донорларда ШҚГІЖ мобилизациялаған кезде

ШҚГІЖ мобилизациясы сау донорларда клиникалық артықшылықпен қаптамасыз етпейді және оны қолдану кейін бағаналы жасушаларды аллогендік аутотрансплантациялау мақсатында ғана қолданылуы мүмкін.

ШҚГІЖ мобилизациясы бағаналы жасушаларын донациялау үшін клиникалық және зертханалық көрсеткіштер бойынша, әсіресе ШҚГІЖ гематологиялық параметрлері және жұқпалы аурулардың бар болуы бойынша таңдау критерийіне сәйкес келетін донорларда ғана сәйкес келеді.

Филграстимды және лейкаферезді енгізгеннен кейін өткінші тромбоцитопения (тромбоциттер саны 100 Х 109 /л-ден төмен) емделушілердің шамамен 35%-да байқалады. Лейкаферездің бір емшарадан астамын жүргізу қажет болғанда емшараға дейін тромбоциттер деңгейі 100 Х 109 /л-ден төмен болған донорларға ерекше көңіл бөлген жөн. Лейкаферезді тромбоциттер деңгейі 75 Х 109 /л-ден төмен болғанда, сондай-ақ ұюға қарсы жүйе көрсеткіштері өзгерген немесе гемостаздың басқа да ақаулары бар донорларға жүргізуге болмайды.

Егер лейкоциттер деңгейі 70 Х 109 /л-ден асып кетсе, ТеваГрастимді тоқтатады немесе дозасын төмендетеді.

ШҚГІЖ мобилизациялау үшін ТеваГрастим қабылдап жүрген донорлар гематологиялық көрсеткіштері қалыпқа келгенше дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

ШҚГІЖ мобилизациясына ұшыраған донорлар үшін болар-болмас жағымсыз реакцияларды анықтау үшін ұзақ уақыт бақылау керек, солардың ішінде жасушалар клонының малигнизациясы жоққа шығарылмайды.

ТеваГрастимнің жәрдемімен мобилизацияланған аллогендік ШҚГІЖ реципиенттердегі арнайы сақтық шаралары

Қазіргі таңдағы қолда бар деректер ауыстырылған аллогендік ШҚГІЖ мен реципиент арасында иммунологиялық өзара әсердің, сүйек кемігін ауыстырған кездегіге қарағанда, «иесіне қарсы трансплантаттың» жедел немесе созылмалы реакциясының өте жоғары қаупі бар болуы мүмкін екендігін көрсетеді.

АСН бар науқастар Лейкозға немесе миелодиспластикалық синдромға трансформация

Ауыр созылмалы нейтропенияны анықтаған кезде, оларды апластикалық анемия, миелодисплазия және миелолейкоз сияқты гемопоэздің басқа да бұзылуларынан айыру үшін, аса сақтық танытқан жөн. Емдеуді бастағанға дейін қанға толық талдама жасап, лейкоцитарлық формуланы және тромбоциттер мөлшерін анықтаған, сондай-ақ сүйек кемігінің морфологиялық көрінісін және кариотипін зерттеген жөн.

Іштен туа ауыр нейтропениясы (Костман синдромы) бар, ТеваГрастим қабылдап жүрген кейбір (3%) науқастарда миелодиспластикалық синдром (МДС) және лейкоз байқалды. МДС және лейкоз – осы аурудың табиғи асқынуы; олардың ТеваГрастиммен емдеумен байланысы анық емес. Қайта тексерген кезде бастапқыдан цитогенетикасы қалыпты науқастардың шамамен 12%-да ауытқулар, соның ішінде моносомия 7 байқалды. Егер Костман синдромы бар науқаста цитогенетикалық бұзылулар пайда болса, ТеваГрастиммен емдеудің артықшылығына және емдеу ұзақтығының қаупіне мұқият баға беру қажет. МДС немесе лейкоз пайда болған кезде ТеваГрастимді тоқтатқан жөн. Іштен туа ауыр нейтропениясы (Костман синдромы) бар науқастарды ТеваГрастиммен ұзақ емдеу цитогенетикалық аномалияның, МДС пен лейкоздың пайда болуына итермелейтін-итермелемейтіні әлі де анық емес. Костман синдромы бар науқастарға жүйелі уақыт аралығында (шамамен әрбір 12 ай сайын) сүйек кемігіне морфологиялық және цитогенетикалық зерттеу жүргізу керек.

Қан формуласы

Тромбоциттер санын, әсіресе ТеваГрастиммен емдеудің алғашқы бірнеше апталары ішінде мұқият бақылаған жөн. Егер науқаста тромбоцитопения (тромбоциттер санының тұрақтылығы 100 Х 109/л-ден төмен) пайда болса, препаратты уақытша тоқтату немесе дозаны азайту жөніндегі мәселені қарастырған жөн. Қан формуласының тағы да мұқият бақылауды қажет ететін басқа да өзгерулері, соның ішінде анемия және миелоидтық ізашар-жасушалар мөлшерінің өткінші артуы байқалады.

Тағы басқалар

Өткінші нейтропенияның вирустық жұқпалар сияқты басқа да себептерін анықтау қажет. Көкбауырдың ұлғаюы ТеваГрастиммен емдеудің тікелей салдары болып табылады. Әдетте көкбауыр бастапқы кезде күрт ұлғаяды, содан кейін емдеу үдерісінде оның өлшемі тұрақталады. Дозаны азайтқан кезде көкбауырдың ұлғаюы баяулайды немесе тоқтайды. Алайда кейбір науқастарда спленэктомия қажет етілуі мүмкін. Көкбауырдың өлшемін жүйелі бақылап отыру керек. Көкбауырдың шамадан тыс ұлғаюын анықтау үшін ішке пальпация жасау жеткілікті.

Науқастардың аздаған бөлігінде гематурия мен протеинурия байқалды. Оларды бақылау үшін несепке жүйелі талдама жасаған жөн.

Препаратты аутоиммундық нейтропениясы бар науқастарға қолдану қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

АИВ жұқтырған науқастардағы сақтық шаралары

Қан формуласы

ТеваГрастиммен емдеудің алғашқы бірнеше аптасында нейтрофилдердің абсолюттік санын (НАС) бақылаған жөн. Кейбір науқастарда ТеваГрастимнің алғашқы дозаларынан кейін НАС-тің өте тез жоғарылағаны байқалуы мүмкін. Сондықтан алғашқы 2-3 күнде НАС-ті күн сайын есептеп отыру керек. Кейінгі 2 аптада НАС-ті есептеуді аптасына екі рет, кейін демеуші емнің бүкіл курсы бойы аптасына бір рет жүргізеді. Өйткені тәулігіне 30 ХБ (300 мкг) дозаны интермиттирлеп енгізген кезде НАС мәні инъекциялар арасындағы кезеңдер бойы едәуір өзгеріп отыруы мүмкін, нақты баға беру үшін ТеваГрастиммен инъекция жасаудың тура алдында НАС-ті есептеу үшін қан алу керек.

Миелосуппрессивтік препараттардың жоғары дозаларымен байланысты қауіп

ТеваГрастиммен емдеу миелосупрессивтік препараттардың әсерінен болған тромбоцитопенияны және анемияны жоққа шығармайды және алдын алмайды. Препараттың жоғары дозаларын немесе үлкен мөлшерін стандартты үлгіге сай ТеваГрастиммен біріктіріп қабылдаған кезде, науқас тромбоцитопения мен анемияның үлкен қаупіне ұшырауы мүмкін. Қанның жасушалық құрамын жүйелі түрде бақылап отыру керек.

Жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктерден пайда болған миелосуппрессия

Нейтропения оппортунистік жұқпаларда, мысалы, Mycobacterium avium-нен пайда болған немесе қатерлі жаңа түзілімдерде, мысалы, лимфомада сүйек кемігінің инфильтрациясы салдарынан пайда болуы мүмкін. Мұндай емделушілер, ТеваГрастиммен емделуден басқа, нейтропенияны емдеу үшін тиісті спецификалық ем жүргізуді керек етеді.

Басқа да ескертулер мен сақтық шаралары

Іштің жоғарғы сол жақ квадрантында ауыру сезімі пайда болған кезде клиникалық немесе ультрадыбыстық зерттеулер арқылы көкбауырдың ұлғайған-ұлғаймағанын немесе жарылған-жарылмағанын анықтаған жөн.

ТеваГрастимді орақжасушалы анемиясы бар науқастарға абайлап тағайындайды. ТеваГрастиммен емдеу кезінде қан формуласын жүйелі түрде бақылап отырған және тромбоэмболиялық асқынулардың пайда болуы, көкбауырдың ұлғаюы және негізгі аурудың қиындай түсуі мүмкін екендігін ескерген жөн.

Сүйек патологиясы және остеопороз қатар жүретін, ТеваГрастиммен 6 айдан астам үздіксіз ем қабылдап жүрген науқастарда сүйек затының тығыздығына бақылау жасау қажет.

ТеваГрастимнің гемопоэздің миелоидты өскіндерінің ізашар-жасушаларының мөлшері елеулі төмендеген кездегі тиімділігі зерттелген жоқ. ТеваГрастим ең алдымен нейтрофилдердің ізашар жасушаларына тікелей әсер ету арқылы нейтрофилдер санын арттырады. Сондықтан ізашар жасушаларының мөлшері төмендеген (мысалы, қарқынды түрде сәулемен емдеу немесе химиялық емдеу жүргізілген) науқастарда нейтрофилдер санының жоғарылау дәрежесі төмен болуы мүмкін.

ТеваГрастимнің “иесіне қарсы трансплантат” реакциясына (ИҚТР) ықпалы анықталған жоқ.

ТеваГрастим эксципиент ретінде концентрациясы 50 мг/мл сорбитол бар. ТеваГрастимді фруктоза жақпаған жағдайда абайлап тағайындайды.

Өкпе тарапынан, мысалы, жөтел, ентігу сияқты патологиялық симптомдардың пайда болуы, өкпе инфильтрациясының рентгенологиялық белгілерімен бірге температураның жоғарылауы және өкпе қызметінің нашарлауы ересектерде жедел респираторлы дистресс-синдромның білінісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ТеваГрастимді тоқтату және тиісті ем тағайындау керек.

Зерттеудің көзбен көріп бақылайтын әдістерінің нәтижелерінің интерпретациясында ТеваГрастиммен емдеген кезде сүйек кемігі белсенділігінің артатындығын ескеру қажет.

Балаларға қолданылуы

ТеваГрастимнің тиімділігі және қауіпсіздігі балаларда, 6 апталық жастан бастап, цитоуыттық химиялық ем қабылдап жүрген ересектердегідей. ТеваГрастимнің жаңа туған, созылмалы ауыр нейтропениясы бар нәрестелердегі тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ. ТеваГрастиммен ұзақ уақыт емдеу іштен туа болған, мерзім сайын немесе идиопатиялық ауыр нейтропениясы бар балаларға НАС 0,5 Х 109 /л-ден аз болғанда және ауыр жұқпалы аурулары бар балаларда НАС арттыру және онымен байланысты жиілігі мен ұзақтығын төмендету үшін қолданылады.

Егде жастағыларға қолданылуы

ТеваГрастимнің тиімділігі мен қауіпсіздігі 60 жастан асқан сау донорларда анықталмаған.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

ТеваГрастимнің автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне аздаған ықпалы бар. Препараттың жағымсыз әсерін ескеріп, зейінді жұмылдырумен байланысты әрекеттерді (көлікті басқаруды және әртүрлі механизмдерді пайдалануды) жасамаған жөн.

Артық дозалануы

Артық дозаланғандағы ТеваГрастимнің әсері анықталған жоқ.

Препаратты тоқтатқаннан кейін айналымдағы нейтрофилдер саны әдетте 1-2 күн ішінде 50%-ға төмендейді, содан кейін 1 - 7 күннен соң қалыпты күйіне оралады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тері астына немесе көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді даттанбайтын болат инесі бар бір реттік шыны еккішке 0.5 мл немесе 0.8 мл-ден құйылған.

Инесі бар 1 еккіш пластик контейнерге салынған.

1 контейнер медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

 

Сақтау шарттары

2оС-ден 8оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2,5 жыл

ТеваГрастимнің сұйылтылған ерітіндісін тоңазытқышта 2°С-ден 8°C- ге дейінгі температурада 24 сағаттан асырмай сақтауға болады.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ТЕВА Фармацевтикалық Кәсіпорны Лтд», Израиль

Тіркеу куәлігінің иесі

ТЕВА Фармацевтикалық кәсіпорны Лтд, Израиль

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «ТЕВА Фармацевтикалық Кәсіпорны Лтд» компаниясының өкілдігі

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы 13,

Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 кеңсе 302, 305

Телефон, факс (727) 311-10-66; 311-10-68

E-mail Teva@teva.co.il

 

Прикрепленные файлы

297134531477976935_ru.doc 135.5 кб
887991181477978089_kz.doc 166.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники