Тафлотан® (2,5 мл) (Tafluprost)

МНН: Тафлупрост
Производитель: Сантен АО, по лицензии Дайчи Санкио Ко. Лтд, Япония
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Тафлупрост
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016263
Информация о регистрации в РК: 05.02.2021 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 9231/10/11/15/19/20/21
Информация о регистрации в РБ: 22.06.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ТАФЛОТАН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тафлупрост

Дәрілік түрі, дозалануы

Көзге тамызатын дәрі, 15 мкг/мл, 2,5 мл

Фармакотерапиялық тобы

Сезім мүшелері. Офтальмологиялық препараттар. Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер. Простагландин аналогтары. Тафлупрост.

АТХ коды S01EE05

Қолданылуы

  • ашық бұрышты глаукомасы және офтальмогипертензиясы бар пациенттерде

көзішілік қысым жоғары болғанда

  • келесі пациенттерге монотерапия ретінде:

  • терапияның бірінші желісінің препараттарына жеткіліксіз реакциясы бар

  • терапияның бірінші желісіндегі препараттарға төзімсіз немесе осы препараттарға қарсы көрсетілімдері бар

  • бета-блокаторларға қосымша ем ретінде

ТАФЛОТАН  ≥ 18 жастан асқан ересектерге көрсетілген.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тафлупросттың әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Емдеуді бастамас бұрын пациенттер кірпіктің шамадан артық өсуі, қабақ терісінің қараюы және нұрлы қабықтың жоғары пигменттелуі мүмкін екендігі туралы хабардар болуы тиіс. Осы өзгерістердің кейбірі перманентті болуы және тек бір көзді емдеу кезінде көздердің сыртқы түрінде айырмашылықтар болуы мүмкін.

Нұрлы қабық пигментациясының өзгеруі баяу жүреді және бірнеше ай бойы байқалмауы мүмкін. Көздің түсінің өзгеруі негізінен нұрлы қабығы аралас түсті пациенттерде байқалды, мысалы, егер көздер қоңыр-көк, сұр-қоңыр, сары-қоңыр немесе жасыл-қоңыр болса. Егер тек бір көз ғана емделсе, өмір бойы гетерохромия қаупі бар.

Тафлупрост ерітіндісі тері бетімен бірнеше рет байланысатын аймақтарда түктің өсу ықтималдығы бар.

Тафлупросты неоваскулярлы, жабық бұрышты, тарбұрышты немесе туа біткен глаукома жағдайларында қолдану тәжірибесі жоқ. Афакия, пигменттік немесе псевдоэксфолиативтік глаукомасы бар пациенттерді тафлупростпен емдеудің шектеулі тәжірибесі бар.

Афакиясы, артифакиясы, көзбұршақтың артқы капсуласы зақымдалған немесе алдыңғы камераның линзалары бар пациенттерді немесе макуланың немесе ирит/увеиттің кистоидты ісінуінің даму қаупінің белгіленген факторлары бар пациенттерді тафлупростпен емдеу кезінде сақ болу ұсынылады.

Ауыр демікпесі бар пациенттерге препаратты қолданудың ешқандай тәжірибесі жоқ. Сондықтан осы топтағы пациенттерді сақтықпен емдеу керек.

Әдетте офтальмологиялық препараттарда консервант ретінде қолданылатын бензалконий хлориді нүктелік кератопатияны және/немесе уытты ойықжаралы кератопатияны тудырады деп хабарланды. Құтыдағы ТАФЛОТАНпрепаратының құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, препаратты көздің құрғауы бар пациенттерде жиі немесе ұзақ қолдану жағдайларында, сондай-ақ мөлдір қабық зақымданған жағдайларда мұқият мониторинг жүргізу қажет.

ТАФЛОТАН көзге тамызатын дәрінің құрамындағы бензалконий хлориді  де көзді тітіркендіруі мүмкін. Препараттың жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасуын болдырмау керек. Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастаңыз және инстилляциядан кейін 15 минуттан соң қайтадан салыңыз. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіретіні белгілі.

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуі екіталай, өйткені препаратты көзге тамызғаннан кейін тафлупростың жүйелі концентрациясы өте төмен. Сондықтан тафлупростың басқа медициналық өнімдермен ерекше айқаспалы өзара әрекеттесуін зерттеу бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Тафлупросты тимололмен бір мезгілде қолданғанда айқаспалы өзара әрекеттесудің ешқандай белгілері байқалмады.

Арнайы сақтандырулар

Бала туу мүмкіндігі бар әйелдер / контрацепция

ТАФЛОТАН препаратын егер контрацепцияның адекватты шаралары қабылданбаса, бала көтеретін жастағы әйелдер мен бала туу мүмкіндігі бар әйелдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік

Тафлупрост жүктілікке және/немесе шаранаға/жаңа туған нәрестеге зиянды фармакологиялық әсер етуі мүмкін. ТАФЛОТАН препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды, бұл анық қажет болған жағдайларды қоспағанда (емдеудің басқа нұсқалары болмаған жағдайда).

Бала емізу

Тафлупрост немесе оның метаболиттерінің адамның емшек сүтіне шығарылатыны белгісіз. ТАФЛОТАН® препаратын бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тафлупрост автокөлікті басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді. Кез келген басқа офтальмологиялық дәрілерді қолданғандағыдай, препаратты тамызған кезде көздің көруінің қысқа мерзімді бұлыңғырлануы мүмкін және бұл жағдайда пациент автокөлікті басқарудан немесе механизмдермен жұмыс істеуден бұрын көздің көру қабілеті толық қалпына келгенге дейін күтуі тиіс.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ұсынылған доза - ТАФЛОТАН көзге тамызатын дәрінің бір тамшысын зақымданған көздің  (көздердің) конъюнктивалық қабына күніне бір рет кешке.

Дозаны қатаң түрде күніне бір рет енгізу керек, өйткені жиі қолдану көзішілік қысымды төмендету әсерін азайтуы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Педиатриялық популяцияда қолдану

18 жасқа дейінгі балаларда тафлупростың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Қолжетімді деректер жоқ.

Егде жастағы пациенттерге қолдану

Егде жастағы пациенттерді емдегенде дозаны өзгертудің қажеті жоқ.

Бүйрек/бауыр функциясының бұзылуы кезінде қолдану

Бүйрек/бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге тафлупростың әсері бойынша деректер жоқ, сондықтан пациенттердің осы санатын емдегенде сақ болу керек.

Енгізу әдісі мен жолы

Ерітіндінің ықтимал ластануының алдын алу үшін пациенттер құтының аппликаторының ұшының қабаққа, көз айналасындағы теріге және кез келген басқа беттерге тиюіне жол бермеуі тиіс.

Қабақ терісінің қараю қаупін азайту үшін пациенттер теріден артық ерітіндіні сүртіп тастауы керек. Көзге тамызатын басқа дәрілерді қолданғандағыдай, мұрын-көзжас окклюзиясы - препаратты тамызғаннан кейін қабақты жай жабу ұсынылады. Бұл көз арқылы енгізілетін медициналық препараттардың жүйелі сіңірілуін төмендетуі мүмкін.

Жергілікті әсер ететін бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолданған кезде оларды қолдану арасындағы аралықтар 5 минуттан кем болмауы тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Ішке қабылдағаннан кейін артық дозалануы екіталай.

Артық дозаланғанда емдеу симптоматикалық болуы тиіс.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Өте жиі (> 1/10)

  • конъюнктиваның/көздің гиперемиясы

Жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін)

  • көздің қышуы, көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, кірпіктердің өзгеруі (кірпіктердің ұзындығының ұзаруы, қалыңдауы және санының артуы)

  • көздің құрғауы, кірпік түсінің өзгеруі, көзде бөгде заттың болуы сезімі, қабақтың эритемасы

  • көрудің бұлдырауы, көзжас ағудың күшеюі, көру өткірлігінің төмендеуі,

  • фотофобия, нұрлы қабық пигментациясының артуы, беткейлік нүктелі кератит (БНК)

  • бас ауыру

Жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін)

  • блефаралды пигментация

  • қабақтың ісінуі, астенопия, конъюнктиваның ісінуі, көзден бөлінді бөлінуі

  • блефарит, алдыңғы камераның жасушалары, көзде ыңғайсыздық сезімі, алдыңғы камерадағы жарқыл

  • конъюнктиваның пигментациясы, конъюнктиваның фолликулы, аллергиялық конъюнктивит

және көзде қалыптан тыс сезім

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

  • ирит/увеит, қабақ іркістерінің тереңдеуі, макулалық ісіну/кисталы макулалық ісіну

  • демікпенің асқынуы, ентігу

Кейде көзге тамызатын дәрі құрамындағы фосфатты пайдаланумен астасқан мөлдір қабықтың едәуір зақымдануы бар кейбір пациенттерде мөлдір қабықтың кальцификациясы жағдайлары туралы хабарланған.

Респираторлық бұзылулар

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес): демікпенің өршуі, ентігуТері және тері асты шелі ауруларыЖиі емес (≥1 / 1000-нан <1/100-ге дейін): қабақтың гипертрихозы

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпарат тық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстандағы «Cантен» АҚ өкілдігі

Панфилов к-сі 98, 713-кеңсе, 050000 Алматы, Қазақстан

Телефон нөмірі– 250-39-17

Электронды пошта: santen.kaz@santen.com

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – тафлупрост, 15 мкг

қосымша заттар: бензалконий хлориді, глицерол, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий эдетаты, полисорбат 80, хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксиді (pH мәнін түзету үшін), инъекцияға арналған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір, түссіз ерітінді

Шығарылу түрі және қаптамасы

2.5 мл препараттан бұрандалы қақпағы бар полиэтилен тығын-тамшылатқышпен мөлдір полипропилен құтыға салынған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Алғашқы ашқаннан кейін - 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«Сантен Фармасьютикалз Ко., Лтд» компаниясының Шига зауыты,

348-3, Аза-Сува, Оаза-Шиде, Таго-чо, Инуками-гун, Сига 522-0314, Жапония

Тел.: +81-749-48-2900

Факс: +81-749-48-2901

Электронды пошта: -

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Сантен АҚ, Нииттюхаанкату 20, 33720 Тампере, Финляндия

Тел.: +358-3-2848111

Факс: +358-3-3181900

Электронды пошта: -

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстандағы «Cантен» АҚ өкілдігі

Панфилов к-сі 98, 713-кеңсе, 050000 Алматы, Қазақстан

Телефон нөмірі– 250-39-17

Электронды пошта: santen.kaz@santen.com

Прикрепленные файлы

9231_10_11_15_19_20_i.pdf 1.04 кб
Тафлотан_КАЗ.docx 0.05 кб
Тафлотан_рус.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ